«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы жана №105-v қр заңы



Дата25.02.2016
өлшемі86.5 Kb.
#22527
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы жана № 105-V ҚР Заңы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы жана № 105-V ҚР Заңы (бұдан әрі - Заң) 2013 жылғы 2 шілдесінен бастап күшiне енді.

Осы Заңның қабылдануына сәйкес Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыруды әрі қарай жетілдірудің параметрлері, бағдарлары анықталған.

Орталықтан зейнетақылық төлемдерді тағайындау бойынша өзгерістер Заңның 11 бабымен реттемеленген, ол Республикадағы әйелдердің зейнеткерлік жасының кезеңмен ұлғаюының датасын ғана анықтап қоймай, соған қоса халықты әлеуметтік қорғау нормаларын жақсартуды да көздейді.

Сонымен, 11 бабтың 1 тармақшасымен әйелдердің зейнеткерлік жасының кезеңмен ұлғаюы белгіленген:


Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2 тармақшасында төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгі кезеңде кемiнде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

ерлердің – жалпы жұмыс өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда;

әйелдердің – жалпы жұмыс өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар екендігі белгіленген.
3 тармақшасында 53 жасқа жасқа толған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар бала туған (асырап алған) әйелдердің жасына байланысты зейнетақы тағайындау құқығы белгіленген:

«5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердің осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар» (еңбек өтіліне барабар мөлшерде).


Осыған қоса, «ЗТМО» РМҚК-ның субъект ретінде жүзеге асыратын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк монополияға жататын қызмет түрлері белгіленген Заңның 20-бабы жайлы айта кету қажет.

Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, бiржолғы және өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;

3) салымшы зейнетақы төлемдерiне құқық алу кезінде нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындау;

4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алу;

5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;

6) жеке сәйкестендiру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтару;

7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке оның өтініші бойынша қайтару;

8) агенттердiң Орталықтың шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) солардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыру және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсыну;

9) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органның төлемдердi тағайындауы үшiн зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыру;

10) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендiрiлген есепке алу;

11) зейнетақы жарналарын және (немесе) солар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара iс-қимыл жасау;

12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыру;

14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;

15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерi.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


Заңның 24 бабына сәйкес зейнетақы жарналарын, кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу міндетті болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Кәсiптерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiнде көзделген қызметкерлердiң пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен жүзеге асырады және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Заңның 34 бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі ұйымдастырылатын болады (Заңның 73 бабының 1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрады).

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға тыйым салынады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының органдарын, олардың функциялары мен өкілеттіктерін, олардың шешімдерді қалыптастыруы мен қабылдауының тәртібін осы Заң, Қазақстан Республикасының Үкіметі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы және ішкі құжаттары айқындайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде уәкілетті органның өкілі кіреді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және осы Заңға сәйкес өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқаруға қажетті іс-қимылдарды жасауды басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзi таңдап алған сенiм білдірілушінің іс-әрекеті үшiн оны өзі жасағандай жауап бередi.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және тұжырымдау;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдардың тізбесі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және осы тізбені мақұлдау;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің отырыстары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде белгіленген мерзімдерде өткізіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің шешімі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт болып табылатын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы жинақтары салымшыларының (алушылардың) құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылар (алушылар) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейтін зейнетақы қағидаларын әзірлейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет