Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп астана қаласы 2010 жыл Мазмұны



бет2/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#133852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Уәкіл атына 2009 жылы түскен хаттарына келсек, шағымданушылар жалпы адам құқықтары саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды жеткілікті біліп, оларға сілтеме жасайтынын атап өткен жөн. Бұл азаматтардың құқықтық сауттылығының артуының және тиісті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың құқықтық қорғау жұмысы күшеюінің куәсі екені сөзсіз.


1.2. Уәкіл жұмысының түрлері мен әдістері
Азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы хаттарды қарау, құзырлы органдарға тиісті сұратулар әзірлеу және жіберу және олар бойынша шара қолдану Уәкіл функцияларын жүзеге асырудың негізгі механизмдері болып табылады.

Сұратулардың көпшілігі , бұрынғыдай Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жіберілген.



Есепті кезеңде уәкіл мекемесінің сұратуларына белгіленген мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны жалпы санының 8,3 % құрайды. Осындай жауаптар жиі Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен келеді (31 ден 10).
Уәкілдің мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратуларының кестесі


Органның атауы

Сұратулар саны

Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны

Бас прокуратура


335

29

Ішкі істер министрлігі

143

4

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

75

2

Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті

62

5

Әкімдіктер

91

4

Әділет министрлігі

120

7

Қаржы министрлігі

7

2

Денсаулық сақтау министрлігі

16

4

Білім және ғылым министрлігі

17

2

Сыртқы істер министрлігі

7

1

Қорғаныс министрлігі

5




Ауыл шаруашылығы министрлігі

2




Туризм және спорт министрлігі

1




Көлік және коммуникация министрлігі

1




Төтенше жағдайлар министрлігі

2




Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

31

10

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

2




Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

4




Ақпараттандыру және байланыс министрлігі

3

1

Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі

7

1

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

4




Республикалық ұлан

1




«Самұрық-қазына» ұлттық әл ауқат қоры

1

1

Соттар

4

2

Мемлекеттік мұрағат

8

1

Банктер

2




Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдары

5

1

Өзге де ұйымдар

6

2

Қазақстан адвокаттары одағы

1




Барлығы

963

79

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның мекемесі іске асыратын еліміздегі адам құқықтары саласындағы ахуалдың мониторингісі қауқарсыз әлеуметтік топтар ұсталатын әртірлі объектілерге барумен байланысты.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының пенитенциарлық мекемелеріне сапармен шығулар болды.

Аталған кезеңде, Уәкіл жанынан құрылған, құқық қорғау органдары мен құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдерінен тұратын, Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жабық типтегі мекемелерде ұсталғандардың, айыпталушылардың және сотталғандардың құқықтарын сақтау мониторингімен айналысты. Жұмыс тобы форматында барынша өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда, 17 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ ЕС – 164/ 3 түзеу мекемесінде орын алған төтенше жағдайға ( дене мүшелеріне жаппай зақым келтіру) байланысты Әділет министрлігінің ҚАЖК төрағасының ақпараты тыңдалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жоғарыда аталғанның мағынасында «Алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтарын сақтаудың жағдайы мен мәселелері туралы» Арнайы баяндама әзірленіп, ҚР Президентінің Әкімшілігіне жолданды.

Уәкіл мекемесінің қызметкерлері мүгедектер құқықтарының бұзылуы туралы БАҚтағы ақпаратқа байланысты «Қазақстандық су қараңғылар» қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу өндірістік кәсіпорнына барып қайтты. Тексеру нәтижелері бойынша Бас прокуратураға хат жіберілді.



Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңнаманы жетілдіруге және оны халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына сәйкестендіруге ықпал ету Уәкіл қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Мәселен, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдері туралы, наным бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заң жобаларына, Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сараптамалық қорытындылар әзірленген.

Уәкіл мекемесі есеп беру жылы ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатамен өзара белсенді іс қимыл жасады.

Имидждік және құқықтық ағарту қызметіне аса назар аударылды.

Уәкілдің қолдауымен «Қазақстан Республикасында азаптауларға жол бермеу: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу» халықаралық конференция өтті, оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, халықаралық және отандық құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бұл форум Қазақстанда Еурокомиссияның және Халықаралық түрме ұйымдарының көмегімен іске асырылған азаматтарды бостандығынан айыру және шектеу орындарына қоғамдық бақылау, үлттық алдын механизмінің қазақстандық үлгісін әзірлеу жөніндегі екі пилоттық жобалардың қорытындысын жасады. Бұндай қоғамдық бақылауды құруға өткен жылы ратификацияланған Азаптауларға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамамен нұсқама берілген.

Одан басқа, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Бас прокуратурамен, Сыртқы істер министрлігімен, БҰҰдың Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына және оны Қазақстанның ратификациялағанына 15 жыл толуына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырды.

Форум барысында соңғы екі онжылдықта бала құқықтарын қамтамасыз ету саласында прогресске қол жеткендік атап көрсетілген және Қазақстанда Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жолындағы қазіргі заманғы талаптар қаралды. Маңызды іс шараларға Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстанның заңнамасында және құқық қолдану практикасында іске асыру жолдары» тақырыбында ҮІІ Тамыз оқуларын жатқызуға болады.

Уәкіл қыркүйекте Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдауға байланысты «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

Одан басқа, мекеме қызметкерлері азаматтардың коммуналдық қызметке құқықтарына байланысты мәселелер бойынша, Өзбекстанда сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі, балалар құқықтарына байланысты мәселелер бойынша БАҚқа жарияланымдар берді.

Есепті кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үш ақпараттық бюллетені басып шығарылды және оның дербес веб-сайтын жаңарту жүзеге асырылды.

Осы бағытта ағарту қызметі маңызды рөл атқарады. Мысалы, мекеме қызметкерлері Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, Қаржы министрлігінің, Бас прокуратура, әлеуметтік мекемелер, сондай ақ қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері үшін дәріс берді.

Уәкіл мекемесінің әкімшілік жұмысы мағынасында 2009 жылы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары әзірленді.

Мекеме қызметкерлерінің аттестациясы мен функционалдық міндеттері қайта қаралды.

Уәкіл мекемесі есеп беру жылы қызметкерлер үшін екі оқу семинарын ұйымдастырды, сондай ақ мемлекеттік тілді оқыту курстары жүргізілді.

2009 жылы сәуір айында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үш бос орынға байқау өткізілді, оның нәтижесінде мекеме штаты құқық қорғау және әлеуметтік жүйелерде қажетті жұмыс тәжірибелері бар білікті мамандармен толықты.

Үкімет республикалық бюджетті қалыптастыру барысында Уәкіл мекемесінің штат санын аумақтардағы өкілдерді енгізу есебінен ұлғайту туралы ұсынысты қолдады, бұл «2009- 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті түрде бекітілді.

Бірақ, экономикалық дағдарысқа байланысты бұл мәселенәі іске асырылуы белгісіз уақытқа шегіндірілді.

БҰҰдың Ұлттық құқықтық қорғау институтының мәртебесін Адам құқықтарын қорғаумен және қолдаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаларға («Париж қағидалары») сәйкес келтіру қажеттігі бар екені анық, олар жеткілікті қаржыландыруды, оңтайлы штат ресурстарын, сондай-ақ Омбудсменнің халыққа қол жетімділігін көздейді.


1.3. Уәкілдің шара қолдану актілері
Уәкіл қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаға сәйкес ол есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметке 7 хат жолдаған. Уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстанға БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысы Манфред Новактың инспекторлық сапары алдында мемлекеттің түзеткен ұстанымын әзірлеу қажеттігіне байланысты хат жолдаған.

ҚР Үкіметіне қоғамда кең талқыланған мәселелер бойынша хаттар жіберілді.

Мысалы, банктердің кепілге алынған баспананы сот тәртібінен тыс алып қоюымен байланысты заңсыз әрекеттеріне азаматтардың шағымдарының көбею үрдісіне назар аударылды.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселе Әділет министрлігінде қаралған, оның жауабына сүйенсек, осы норманың қолданыстағы бұрын жасалған шарттарға тарайтын етіп несие алушының тиісті елді мекендегі жалғыз баспанасын сотсыз сатуға тыйым салу туралы мәселе ойластырылуда.

Үкімет алдына қойылған басқа да маңызды мәселе кейбір банктердің несие алушылардың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландырудан бас тартуы болды. Атап айтқанда, несие алушылардың өтініштерін жекелеп қарау туралы ұсыныстарын қолдау, әлеуметтік қауқарсыз несие алушылардың мұқтаждарына және сақтандыру компанияларының банктермен қосылуымен байланысты мәселелерді шешу ұсынылды.

БҰҰдың Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің сессиясында қаралуы жоспарланған Қазақстан Республикасының Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакті аясында қабылдаған міндеттемелерді орындауы туралы баяндама шеңберінде БҰҰдың лайықты баспанаға құқық жөніндегі арнайы баяндаушысы Ракель Рольниктің үстіміздегі жылы инспекторлық сапармен келуін дайындалуға жауапты үйлестіруші органды белгілеу туралы ұсыныс берілді.

Қазақстан негізінде ұлттық және діни шыдамдылық пен толеранттық жататын этникааралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі екенін ескере отырып, Уәкіл еліміздің оқу орындарында хиджаб кию туралы мәселені шешу жөнінде ведомствоаралық деңгейде шара қабылдауға бастамашы болды, бұл соңғы жылдары елімізде көп пікірталастар туғызып отырған мәселеге айналды.

Қазақстанның халықаралық актілерден туындайтын міндеттемелріне сүйене келе, мемлекеттің және оның Басшысының қылмыстық саясатты гуманизациялау және сотталғандарды ұстаудың лайықты жағдайларын жасау жөніндегі көпқырды қызметі мағынасында, Үкіметке ҚАЖнің бар объектілерін қайта салу және жаңа объектілерін салуға бюджеттік қаражат бөлу кезінде назар аудару туралы өтініш айтылды.

Қазақстан қоғамының барлық әлеуметтік топтарының өмір деңгейін ұдайы арттырып отыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мағынасында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорны жұмысшыларының еңбек және әлеуметтік мәселелерін шешу қажеттігімен байланысты хат жіберілді.

2009 жылы мемлекеттік органдарға түскен шағымдар, БАҚтағы ақпараттарға негізделген, сондай ақ өз бастамасымен 8 ұсыныс, соның ішінде, Бас прокурордың атына (3), Әділет министріне (2), Денсаулық сақтау министріне (1), Ішкі істер министріне (1), Алматы қаласының әкіміне (1) дайындалып жіберілді.

Аталған ұсыныстар мүгедектердің, жаппай саяси қуғын сүргін құрбандары мен одан зардап шеккендердің, сотталғандардың, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын, сондай ақ денсаулық сақтау және жеткілікті өір деңгейіне құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.

Осылайша, Уәкілге Ресей Федерациясынан келіп түскен шағымдар негізінде Бас прокуратураға іргелес мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп қазіргі кезде Қазақстан азаматы болып табылмайтын шағымданушыларды саяси қуғын-сүргін құрбандары, одан зардап шеккендер деп тану тәртібін реттеу туралы мәселені шешу туралы өтініш жіберілді.

«Қазақстандық су қараңғылар» қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу өндірістік кәсіпорнына мониторинг жасау үшін бару нәтижелері бойынша жоғарыда аталған органға осы мамандандырылған мекемеде орын алған заң бұзушылықтарға прокурорлық шара қолдану туралы хат жіберілді.

Әділет министріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеу және енгізу мәселесін қарау қажеттігі туралы ұсыныстар жіберілді.

Одан басқа , 2009 жылы 16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының ЕС – 164/ 3 мекемесінде орын алған төтенше жағдайға (жаппай дене мүшелеріне зақым келтіру) байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өтті, Әділет министріне жіберілген тиісті ұсыныс соның нәтижесі болды.



Денсаулық сақтау министріне Алматы қаласында вирустық гепатитті тегін диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметті алу бойынша қалыптасқан ахуалды жою жөнінде шара қолдану туралы ұсыныс жіберілген.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің азаматтық мәселелерді қарау кезінде жол берілетін құқық бұзушылықтарды жою қажеттілігіне Ішкі істер министрінің, сондай ақ Алматы қаласы әкімінің назары «Алтын бесік» шағын ауданы және Казречка көшесі тұрғындарының белгілі мәселелеріне аударылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Уәкілдің ұсынысын алған лауазымды тұлға оны түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарап, қарау нәтижесі туралы хабарлауға міндетті. Сонымен қатар, жауаптар ұдайы уақытылы, тиісті адамның қолымен және тиісті дәлелдемелермен келмейтінін атап өткен жөн.

Жалпы, жоғарыда көрсетілгендей, 2009 жылы Уәкілдің шара қолдану актілерінің жалпы санынан көпшілігі ҚР Үкіметіне жіберілген, бұл өз кезегінде, ортақ мәселелермен біріккен азаматтардың топтарымен маңызды мәселелерді шешу қажеттігіне байланысты болды.


1.4. Уәкілдің консультативтік- кеңестік органдардың жұмысына қатысуы
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын бекітуіне байланысты, 2009 жылды Қазақстанның құқықтық дамуында айтарлықтай жаңа кезеңнің басталуы ретінде қарауға болады.

Осы көп мерзімді құжатта еліміздің Ата заңының талаптарына сәйкес мемлекеттің жалпы даму, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нәтижелілік, жариялылық және есептілік қағидаларына негіздеп, мемлекеттік басқарудың сапалық тұрғыдан жаңа моделін орнату жөніндегі жалпы стратегиясы мағынасында ұлттық құқықтық жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары жазылған.

Концепцияға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі маңызды механизм болды, оның қызметінің тиімділігін ұдайы арттыру қажет.

Осыған байланысты, аталған бағдарламалық құжат жан жақты ойластырылып, Омбудсмен мүшесі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат кеңесінде қабылданғанын атап өту қажет.

Уәкіл сонымен қатар, консультативтік кеңестік органдардың – ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Қазақстанның ЕЫҚҰда төрағалық етуі мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына, Парламент Сенаты мен Мәжілісі комитеттерінің отырыстарына, конференцияларға, семинарларға және басқа да форумдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, атап айтқанда Жоғарғы Соттың, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет министрліктерінің қорытынды алқаларына қатысуға аса мән береді.

Ведомствоаралық комиссиялардың (заң жобалау жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, адамдарды заңсыз әкелу, әкету және саудалау мәселелері жөніндегі, Үкімет жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөіндегі кеңес, Сыртқы істер министрлігі жанындағы халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі комиссия) жұмысында Уәкіл мүддесін Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы білдірді.

Обудсмен жанында заң жобаларын кез келген дайындық сатысында зерделеу жөніндегі кеңестік талдау функциясы бар сараптамалық кеңес жұмыс істейді.

Осыған байланысты, есептік кезеңде адам мен азаматтың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған, республика ратификациялаған халықаралық шарттар мен қабылданған заңдарды тізіп атаған жөн, олар Уәкіл мекемесінің қатысуымен әзірленген.

Қазақстан Республикасының заңдарымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Факультативтік хаттама, ТМД мемлекеттерінің еңбек мигранттары мен олардың отбасыларының құқықтық мәртебесі туралы конвенция, БҰҰның мемлекеттірдің және олардың мүліктерінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясы, Спортта допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенция ратификацияланды.

Есепті жылы республикада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бір тұтас заң пакеті қабылданды. Осылайша, «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мәселесін жүйелі негізде шешуге, қазіргі заманғы емдеу әдістерін қолдануға, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру механизмін жақсартуға мүмкіндік береді.

Осы құжат бұрын қолданыста болған 11 заңның орнын толтыра отырып, Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің 156 нормативтік құқықтық актісін қабылдауды көздейді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білікті заңгерлік көмек көрсетумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң азаматтардың білікті құқықтық көмекке конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Гендерлік теңдік туралы – ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдері туралы», «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу туралы» қабылданған заңдардың қоғам үшін маңызы зор.

Халықаралық стандарттар ескеріле отырып, «Босқындар туралы» Заң әзірленіп Мемлекет басшысы қол қойды, ол аталған санаттағы адамдардың және пана іздеп жүргендердің құқықтық жағдайын реттейді, сондай ақ «Кейбір заң актілеріне босқындар мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы» Заң, ол республика аумағында босқындар жағдайын құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Азаматтардың жеке өмірінің қолсұқпаушылығына Конституциямен кепілдік берілген құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша шаралар қабылдауға аталған мәселелер бойынша республиканың кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді көздейтін қабылданған заң бағытталған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті адамдардың және оған теңестірілгендердің құқықтық жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң мемлекеттік қызметкерлер үшін кейбір заңнамалық шектеулерді алып тастауды көздейді.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне тұрғын үй коммуналдық сала мәселелері бойынша қабылданған өзгерістер азаматтардың тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтарының мемлекеттік кепілдерін нығайтуға бағытталған.



«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң төлемақы көлемін арттыруды және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың өзге де қосымша шараларын белгілеуді көздейді.

Елімізде үш буынды сот жүйесін құруға және іс жүргізу заңнамасын Конституцияға және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістермен сәйкес келтіру мақсатына «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет