Қазақстан республикасындағы екінші деңгейлі банктердің Қаржылық жағдайын талдау



Дата24.02.2016
өлшемі217.5 Kb.
#12280
ЫДЫРЫС Е.Ж.

Қорқыт Ата Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, э.ғ.к.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2013 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының банк саласында 38 банк қызмет атқарып келеді, оның ішінде: жарғылық қорындағы 100 %-дық мемлекеттік қатысуы бар банк – 1; шетелдік қатысуымен қызмет ететін банктер – 17; еншілес екінші деңгейлі банктер – 14. Оның ішінде 32 банктің өз филиалдық желілері бар, мұндағы жалпы филиалдарының саны 378 құрап отыр.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) құрылымында банк секторының алатын орны ерекше (кесте 1).
Кесте 1

Қазақстан Республикасының экономикасындағы банк секторының алатын рөлі




Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млрд. теңге

27571,9

30347

34291

2. Банк активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы, %

46,5

45,7

45,1

3. Қарыздық қоржынның ЖІӨ-ге қатынасы, %

38,0

38,4

38,9

4. Клиенттер салымдарының ЖІӨ-ге қатынасы, %

28,3

28,1

28,7

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]



Мәселен, 2013 жылдың көрсеткіштері көрсеткендей 34291 млрд. теңге болатын жалпы ішкі өнімге шаққандағы банк активтерінің қатынасы 45,1% құрасы, қарыздық қоржынның қатынасы – 38,9%, клиенттер салымдарының қатынасы – 28,7% болып отыр. Бірақ, дегенмен де алдыңғы 2011 жылмен салыстырғанда банк активтерінің қатынасы шамамен 0,6%-ға төмендеп отырса, қарыздық қоржынның қатынасы – 0,5%-ға өскендігін байқауға болады. Мұның төмендеуінің басты себебін – соңғы 2 жыл бойы жалпы ішкі өнімнің 24,4%-ға ұлғаюымен түсіндіруге болады.

Соңғы екі жыл ішіндегі Қазақстан Республикасы банк секторының жиынтық активтерінің жалпы көрсеткіштерін келесі кестеден көруге болады (кесте 2).

Кестеден көріп тұрғандай, 2014 жылдың басында екінші деңгейлі банктердің активтері 20659,0 млрд. теңге құрады, яғни 2013 жылдың басымен салыстырғанда 2676,9 млрд. теңгеге немесе 14,9%-ға өсіп отыр. Оның ішінде: ҚР екінші деңгейдегі банктерінің қолма-қол ақшалар мен корреспонденттік шоттардағы ақшалардың 474,3 млрд. теңгеге немесе 32,1%-ға, банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операцияларының 1 723,9 млрд. теңгеге немесе 14,8%-ға, өзге активтердің 482,0 млн. теңгеге немесе 22,5%-ға ұлғаюы есебінен 1 581,8 млрд. теңгеге немесе 11,4%-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 461,7 млрд. теңге болды.


Кесте 2

Қазақстан Республикасы банк секторының жиынтық активтерінің құрылымы




Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

Өсімі,

%


млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

Қолма-қол ақшалар, тазартылған асыл металдар, корреспонденттік шоттар

1479,3

8,2%

1 953,6

9,5%

32,1%

Басқа да банктерде орналастырылған салымдар

520,2

2,9%

465,0

2,3%

-10,6%

Бағалы қағаздар

1891,2

10,5%

1 916,6

9,3%

1,3%

Банктік зайымдар және «кері РЕПО» операциялары

11624,2

64,6%

13 348,2

64,6%

14,8%

Капиталға жұмсалға инвестициялар

325,3

1,9%

351,7

1,7%

8,1%

Басқа да активтер

2141,9

11,9%

2 623,8

12,7%

22,5%

Барлық активтер (резервтерді (провизияларды) есепке алмағанда)

17982,1

100,0%

20659

100,0%

14,9%

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес резервтер (провизиялар)

-4102,1

-22,8%

-5 197,3

-25,2%

26,7%

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен салымдар бойынша резервтер (провизиялар)

-2,5

0,0%

-3,6

0,0%

44,2%

Бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар)

-54,0

-0,3%

-54,9

-0,3%

1,7%

Банктік қарыздар мен "Кері РЕПО" операциялары бойынша резервтер (провизиялар)

-3715,2

-20,7%

-4 643,9

-22,5%

25,0%

Еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға резервтер (провизиялар)

-116,2

-0,6%

-116,0

-0,6%

-0,2%

Басқа банктік қызмет бойынша және дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)

-214,2

-1,2%

-378,9

-1,8%

76,9%

Активтердің барлығы

13 880,0

-

15 461,7

-

11,4%

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

Жылдың басымен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктер активтерінің құрылымында елеулі өзгерістер байқалмады. Активтер құрылымындағы негізгі үлесті банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операциялары алады - 64,6%, қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар, корреспонденттік шоттарға - 9,5%, бағалы қағаздарға - 9,3% тиесілі. Жылдың басында тиісінше банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операцияларына - 64,6%, қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар, корреспонденттік шоттарға - 8,2%, ал портфельдегі бағалы қағаздарға - 10,5% тиесілі болған еді.

Қазақстан Республикасы банк секторының соңғы екі жыл ішіндегі несиелендіру құрылымында елеулі өзгерістер орын ала қойған жоқ. Әдеттегідей, қарыздық қоржынның басты үлесі заңды тұлғаларға берілген зайымдарына тиесілі болып тұр (кесте 3).
Кесте 3

ҚР банк секторының қарыздық қоржыны құрылымы




Көрсеткіштің атауы

01.01.2013 ж.

01.01.2014 ж.

Өсімі,

%-бен


сомасы,

млрд. теңге



жиынтығы, %-бен

сомасы, млрд. теңге

жиынтығы,

%-бен


Қарыздардың баланстық құны,

оның ішінде:



12 804,2

100,0%

14 582,5

100,0%

13,9%

Негізгі борыш

11 657,9

91,0%

13 348,2

91,5%

14,5%

Дисконт, сыйлықақы

-26,5

-0,2%

-47,7

-0,3%

80,2%

Есептелген сыйақы

1 172,6

9,2%

1 282,0

8,8%

9,3%

Оң/теріс түзету

0,2

0,0%

0,1

0,0%

-48,4%

ХҚЕС бойынша провизиялар

3 715,2

29,0%

4 643,9

31,8%

25,0%

Провизияларды қоспағанда, қарыздардың баланстық құны (қарыздардың таза құны)

9 088,9

71,0%

9 938,6

68,2%

9,3%

Банктік қарыздар ( негізгі борыш ),

оның ішінде:



11 657,9

100,0%

13 348,2

100,0%

14,5%

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарга қарыздар

148,2

1,3%

121,1

0,9%

-18,2%

Заңды тұлғаларга қарыздар

7 050,9

60,5%

7 472,9

56,0%

6,0%

Жеке тұлгаларга қарыздар, оның ішінде

2 530,4

21,7%

3 297,1

24,7%

30,3%

Тұрғын үй салуга және сатып алуга,

оның ішінде:



934,7

8,0%

988,6

7,4%

5,8%

- ипотекалық тұрғын үй қарыздары

832,6

7,1%

891,8

6,7%

7,1%

Тұтынушылық қарыздар

1 446,3

12,4%

2 241,1

16,8%

55,0%

Өзге де қарыздар

149,4

1,3%

67,4

0,5%

-54,9%

Шагын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар (ҚР резиденттері)

1 870,7

16,0%

2 342,2

17,5%

25,2%

«кері РЕПО» операциялары

57,7

0,5%

114,8

0,9%

99,1%

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

ҚР банк секторының несие портфелі (негізгі борыш) жылдың басымен салыстырғанда 11657,9 млрд. теңгеге немесе 14,5%-ға ұлғайып, есепті күні 13 348,2 млрд. теңге болды.

Заңды тұлғаларға қарыздар 2013 жылдың басынан бастап 422,0 млрд. теңгеге немесе 6,0%-ға ұлғайып, 7 472,9 млрд. теңге болды. Жеке тұлғаларға қарыздар 766,6 млрд. теңгеге немесе 30,3%-ға ұлғайып, есепті күні 3 297,1 млрд. теңге болды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар жылдың басынан бастап 471,6 млрд. теңгеге немесе 25,2%-ға ұлғайып, 2 342,2 млрд. теңге болды.

Екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің құрылымында ең көп үлесті заңды тұлғаларға қарыздар алады - 56,0%, бұл орайда, жеке тұлғаларға қарыздар үлесі - 24,7%, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар - 17,5%, «Кері РЕПО» операциялары - 0,9%.

Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар жылдың басынан бастап 12,2%-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8 745,9 млрд. теңге немесе несие портфелінің 65,5%-ы болды (кесте 4).
Кесте 4

ҚР банк секторының қарыздық қоржыны сапасы




Көрсеткіштің атауы / күні

01.01.2013 ж.

01.01.2014 ж.

Өсімі,

%-бен


негізгі борыш

сомасы, млрд. теңге



жиынтығына %-бен

негізгі

борыш


сомасы, млрд. теңге

жиынтығына %-бен

Банктік қарыздар, оның ішінде:

11657,9

100,0%

13 348,2

100,0%

14,5%

Негізгі борыш және/немесе есептелген смйақм бойынша мерзімі өткен берешек жоқ қарыздар

7 796,6

66,9%

8 745,9

65,5%

12,2%

1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

211,0

1,8%

209,9

1,6%

-0,5%

31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

128,7

1,1%

91,5

0,7%

-28,9%

61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

48,4

0,4%

142,7

1,1%

194,8%

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

3 473,2

29,8%

4 158,2

31,2%

19,7%

ХҚЕС бойынша провизиялар

3 715,2

31,9%

4 643,9

34,8%

25,0%

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды ХҚЕС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті

107,0%

-

111,7%

-

4,4%

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар несие портфелінің 1,6%-ы, 31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар - 0,7%, 61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар - 1,1% болды. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар жылдың басынан бастап 19,7%-ға ұлғайып, есепті күні 4 158,2 млрд. теңге немесе несие портфелінің 31,2%-ы болды. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес несие портфелі бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) жылдың басынан бастап 25,0%-ға ұлғайып, 4 643,9 млрд. теңге немесе ЕДБ жиынтық несие портфелінің 34,8%-ы болды.

Бұл орайда, ХҚЕС бойынша провизиялардың 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарға қатынасы 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 111,7% болды.

Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 1 509,5 млрд. теңгеге немесе 12,7%-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 384,1 млрд. теңге болды. Клиенттер салымдарының ағымдағы жылдың басынан бастап ұлғаюы 1 312,1 млрд. теңге немесе 15,4% болды. Банк жүйесі бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар 18,3 млрд. теңгеге немесе 1,8%-ға азайды (кесте 5).


Кесте 5

Қазақстан Республикасы банк секторының жиынтық міндеттемелерінің құрылымы




Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

Өсімі,

%


млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

Банкаралық салымдар

161,9

1,4%

283,7

2,1%

75,2%

Банктік операциялардың бірқатар түрлерін жүргізетін банктер мен ұйымдардан алынған зайымдар

263,3

2,2%

92,9

0,7%

-64,7%

ҚР Үкіметінен алынған зайымдар

317,8

2,6%

325,7

2,4%

2,5%

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған зайымдар

33,8

0,3%

24,8

0,2%

-26,8%

Клиенттер салымы

8 532,9

71,9%

9 844,9

73,6%

15,4%

Арнайы мақсатты еншілес ұйымдардың салымдары

0,6

0,0%

0,6

0,0%

0,0%

Айналымға шығарылған бағалы қағаздар

996,5

8,4%

978,2

7,3%

-1,8%

Бағалы қағаздармен жүргізілген «РЕПО» операциялары

640,0

5,4%

804,3

6,0%

25,7%

Басқа да міндеттемелер

927,8

7,8%

1 029,0

7,7%

10,9%

Барлық міндеттемелер

11 874,6

100,0%

13 384,1

100,0%

12,7%

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелерінің құрылымындағы ең көп үлесті клиенттердің салымдары - 73,6% және айналысқа шығарылған бағалы қағаздар алады - 7,3%.

ҚР резиденттері еместер алдындағы ҚР екінші деңгейдегі банктерінің міндеттемелері 1 246,4 млрд. теңге немесе ЕДБ жиынтық міндеттемелерінің 9,3%-ы болды.

Клиенттердің салымдары жылдың басынан бастап 1 312,1 млрд. теңгеге немесе 15,4%-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9 844,9 млрд. теңге (ЕДБ жиынтық міндеттемелерінің 73,6%-ы) болды. Заңды тұлғалардың салымдары 2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 777,7 млрд. теңгеге немесе 15,2%-ға ұлғайып, 5 895,5 млрд. теңге болды. Жеке тұлғалардың салымдары 534,3 млрд. теңгеге немесе 15,6%-ға ұлғайып, есепті күні 3 949,4 млрд. теңге болды. Клиенттердің шетел валютасындағы салымдары қарастырылып отырған кезеңде 992,9 млрд. теңгеге немесе 37,2%-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 664,8 млрд. теңге болды.

ҚР банк секторының баланс бойынша меншікті капиталы ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 72,3 млрд. теңгеге ұлғайып, есепті күні 2 077,6 млрд. теңге болды.

Банк секторының баланс бойынша меншікті капиталының құрылымындағы негізгі үлесті жарғылық капитал алады.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк секторының реттеуіш меншікті капиталының мөлшері 2 347,4 млрд. теңге болды. Жылдың басында осы көрсеткіш 2 072,3 млрд. теңге болған еді (кесте 6).
Кесте 6

Қазақстан Республикасы банк секторы меншікті капиталының жеткіліктілігі




Көрсеткіштер атауы

01.01.2013 ж.

01.01.2014 ж.

млрд. тг.

%

млрд. тг.

%

1-деңгейдегі капитал, млрд. теңге

1 561,3

75,3%

1 691,0

72,0%

2-деңгейдегі капитал , млрд. теңге

510,0

24,6%

663,1

28,2%

3-деңгейдегі капитал , млрд. теңге

1,0

0,0%

1,7

0,1%

Барлық есептелген меншікті капитал

2 072,3

100,0%

2 347,4

100,0%

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к1-1

11,6%

-

11,0%

-

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к1-2

13,6%

-

13,5%

-

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к2

18,1%

-

18,7%

-

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері есепті күні к1-1 - 11,0%; к1-2 - 13,5%; к2 - 18,7% болды. Бұл ретте, жылдың басында капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері к1-1 - 11,6%; к1-2 - 13,6%; к2 - 18,1% болған еді.

Өтімділігі жоғары активтердің мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 676,4 млрд. теңге немесе жылдың басымен салыстырғанда 241,8 млрд. теңгеге немесе 9,9%-ға ұлғайған ЕДБ жиынтық активтерінің 17,3%-ы болды (кесте 7).
Кесте 7

Қазақстан Республикасы банк секторының меншікті капиталы жеткіліктілігі




Көрсеткіштер атауы

01.01.2013

01.01.2014

к4 ағымдағы өтімділік коэффициенті (тіп мәні 0,3)

0,803

0,901

к4-1 мерзімді өтімділік коэффициенті (тіп мәні 1)

5,033

5,210

к4-2 мерзімді өтімділік коэффициенті (тіп мәні 0,9)

2,944

2,992

к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенті (тіп мәні 0,8)

2,206

2,254

Өтімділігі жоғары активтер

2434,6

2676,4

Өтімділігі жоғары активтердің жиынтық активтерге қатынасы (%)

17,5%

17,3%

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

Ағымдағы өтімділік коэффициенттері есепті күні к4 - 0,901; к4-1 - 5,210; к4-2 - 2,992; к4-3 - 2,254 (кем дегенде к4 - 0,3; к4-1 - 1,0; к4-2 - 0,9; к4-3 - 0,8 нормативтері кезінде) болды.

Есепті кезеңде табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің жиынтық активтерге қатынасы (КОА) 1,77%, табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің баланс бойынша меншікті капиталға қатынасы (КОБ) 13,15% болды. Бұл ретте өткен жылдың ұқсас күнінде КОА 1,88%, КОЕ 28,11% болған еді (кесте 8).

Кесте 8


Қазақстан Республикасы банк секторының кірістілігі


ҚР банк секторының кірістері мен шығыстары

01.01.2013 ж.

01.01.2014 ж.

Сыйақы алуға байланысты кірістер

1 085,2

1 326,5

Сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

612,3

635,8

Сыйақы алуға байланысты таза кіріс

472,9

690,7

Сыйақы алуға байланысты емес кірістер

4 174,4

2 958,2

Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыстар

4 395,8

3 341,1

Сыйақы алумен байланысты емес таза кіріс (шығын)

-221,4

-382,9

Табыс салығы төленгенге дейінгі таза кіріс (шығын)

251,5

307,8

Табыс салығын төлеу жөніндегі шығыстар

29,4

46,6

Табыс салығы төленгеннен кейінгі таза кіріс (шығын)

222,1

261,2

ҚР банк секторы кірістілігінің көрсеткіштері

Табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің жиынтық активтерге қатынасы (КОА)

1,88%

1,77%

Табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің баланс бойынша меншікті капиталға қатынасы (КОЕ)

28,11%

13,15%

Сыйақы (мүдде) алуға байланысты кірістердің жиынтық активтерге қатынасы

8,12%

8,99%

Кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) алуға байланысты кірістердің жиынтық несие портфеліне қатынасы

8,92%

9,50%

Сыйақы (мүдде) төлеуге байланысты шығыстардың жиынтық міндеттемелерге қатынасы

4,88%

4,98%

Таза пайыздық маржа

4,21%

5,60%

Таза пайыздық спрэд

2,06%

2,83%

Е С К Е Р Т У - кесте ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалынған [1]

Есепті күні таза пайыздық маржа - 5,60%, таза пайыздық спрэд - 2,83% болды. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көрсетілген көрсеткіштер тиісінше 4,21% және 2,06% болған еді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2003 жылдарындағы қаржылық көрсеткіштері





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет