Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы



бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі341.61 Kb.
#183814
  1   2   3
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi N 156 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24

МАЗМҰНЫ


      Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "почтаны", "почтаның" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 596 Заңымен, мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

1 бөлiм. Жалпы ережелер

      1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
      2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органдарының атынан);
      РҚАО-ның ескертпесi!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3) көлiк инфрақұрылымы объектiлерi – темiржол, трамвай жолдарын, жеңiл рельстiк, монорельстiк жолдар мен iшкi су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, эстакадаларды, көпiрлердi, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерiн, метрополитен желiлерiн, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, байланыс, навигация және көлiк құралдарының қозғалысын басқару жүйелерiнiң объектiлерiн, магистральдық құбырды, сондай-ақ көлiк кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
      4) көлiк кәсiпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi қызметпен айналысатын заңды тұлға;
      5) көлiктiк логистика – тасымалдың (тасымалдаудың) әрбiр кезеңiнде жүктер қозғалысының мониторингiн қамтитын, әртүрлi көлiк түрлерiн (темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушiден (өндiрушiден) жүк алушыға дейiнгi тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөнiндегi тасымалдау процесiне қатысушылардың өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      1-бапты 5-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      6) Қазақстан Республикасының көлiгi – Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе көлiгi, қалалық рельстiк көлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлiгi;
      7) қалалық рельстiк көлiк – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлiк түрi (метрополитен, трамвай, жеңiлрельстiк, монорельстiк көлiк);
      8) метрополитен – көлiктiң өзге түрлерiнiң желiлерiнен және жаяу жүргiншiлердiң оларға өту жолынан оқшауланған (бөлiнген, бiр деңгейдегi қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтiк маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстiк көлiк түрi;
      9) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
      10) тiкелей аралас қатынас – бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау;
      11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган – көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Көлiк туралы заңдар

      Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
      Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн көлiк құралдары мен олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiн техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнде қолданылатын, белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлерде айқындалады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29. № 209 Заңдарымен.

      2-1-бап. Көлiктiк логистика қағидаттары

      Көлiктiк логистика қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) заңдылық
      2) клиенттердiң қажеттiлiктерiне бағдарлану;
      3) қауiпсiздiк;
      4) сақталу;
      5) рәсiмдердiң тұтастығы;
      6) тең қолжетiмдiлiк;
      7) жаһандық көлiк-логистика жүйесiне кiрiгу.
      Ескерту. 1-бөлiм 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы

      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иелiктен шығаруға жатпайды.
      Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншiгi болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.
      Магистральдық темiржол желiсi жекешелендiруге жатпайды және кейiннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық темiржол компаниясына беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен ұлттық басқарушы холдингке берiледi.
      Мемлекет меншiгiндегi магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық темiржол желiсiнiң өзге де объектiлерi кейiннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық темiржол компаниясына беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен ұлттық басқарушы холдингке берiледi.
      Халықаралық маңыздағы мәртебесi бар теңiз порттары жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берiлуi мүмкiн.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгiнде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 35-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен


             суларды беру тәртiбi

      Республикадағы көлiк жерлерi болып:


      - жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;
      - жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.
      Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.
      Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару
жүйесi

      5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу

      Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
      Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою мақсатында мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың қарауындағы темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су және әуе көлiгiн пайдалану мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.12.29 № 209, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару

      Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;
      көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу;
      инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
      республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның iшiнде жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетiлетiн қызметтерге деген қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау;
      көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
      мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2004.07.09 № 596 Заңымен, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау

      Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың


             көлiк саласындағы өкiлеттiгi

      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.


      Жолаушылар көлiгiнiң республикаiшiлiк тұрақты маршруттарында жолаушыларды тасымалдауларды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, тиiстi тасымалдауларды ұйымдастырған жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар уәкiлеттiк берген органдармен осы маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуы тиiс.
      Метрополитенмен жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыруды метрополитен орналасқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      Метрополитенде қозғалыс қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн және техникалық құралдардың күтiп-ұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

      9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет


             негiздерi

      Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.


      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.
      Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттiк органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
      Метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
      Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгiнде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
      Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2001.12.15. № 272 Заңымен, 2001.12.24. № 276 Заңымен, 2004.07.09. № 596 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Тарифтер

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының 4-бөлiгiнде көзделгеннен басқа реттерде) белгiленедi.
      Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi,


             почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау,
             көлiктiк-экспедициялық
             қызметтердi жүзеге асыру

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн  тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:


      - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсатқа ие болуға;
      - клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;
      - сәйкестiктi растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;
      - клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;
      - жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
      - қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      - көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;
      - жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;
      - арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерiнiң құзыреттерi шегiнде мемлекеттiк органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен өтеледi);
      - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде белгiленген  тәртiппен өзiнiң жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi.
      Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.
      Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:
      - өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;
      - тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;
      - келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың  ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.
      Клиент:
      - тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;
      - жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;
      - тасымалдау ережелерiн орындауға;
      - жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс
етуге мiндеттi.
      Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгiленген уақыттан кешiкпей тасымалдау басталғанға дейiн жөнелту пунктiне келуге мiндеттi. Жөнелту пунктiне келу уақыты билетте көрсетiледi.
      Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi.
      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.
      Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338, 2003.05.08 № 414, 2006.12.29 № 209; 04.07.2013 № 132-V (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Көлiктiң алуан түрi қатысатын тiкелей


              аралас қатынас

      Темiржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгi көлiктiк логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлiк инфрақұрылымын пайдалана отырып, тiкелей аралас қатынастар жүйесiн құрайды.


      Тiкелей аралас қатынас кезiндегi көлiк ұйымдарының өзара қатынастары, сондай-ақ осы тасымалдауды ұйымдастырудың тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнiң ұйымдары арасындағы тiкелей аралас тасымалдау туралы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелерге сәйкес жасалатын келiсiмдерде белгiленедi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 N 338; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың


              жекелеген санаттарының жолақысын төлеу
              жөнiндегi жеңiлдiктер

      Жолаушының мынадай құқықтары бар:


      - кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;
      - сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
      - әуе көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;
      - әуе көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
      - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
      - өзiмен бiрге 2 жасқа дейiнгi бiр баланы әуе көлiгiнде, оған жеке орын бермей тегiн алып жүруге;
      - халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлiгiнде 2 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттi оның толық құнының 50 процентiн төлей отырып, сатып алуға;
      - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлiгiнде 2 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттi оның толық құнының 50 процентiн төлей отырып, сатып алуға.
      Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:
      - жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;
      - көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      Әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi. Әуе кемесiнiң салонына кiргiзiлетiн қол жүгiнiң жалпы салмағын және оның шектi көлемiн тасымалдаушы белгiлейдi.
      Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
      Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.
      Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.
       Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338, 2005.09.29 № 77 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.15 № 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет