1.
|
3-бап
|
3-бап. Мемлекеттік мерекелер
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
|
2012 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толды.
Осы оқиғаны құрметпен атап өту үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 1 бұйрығының 1-тармағын орындау мақсатында 7 мамыр – Отан қорғаушы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесін белгілеу ұсынылады.
|