«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына



Дата03.03.2016
өлшемі117.96 Kb.
#35896




№ исх: ДГЗ-4/15168 от: 01.09.2011

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

тұжырымдама
1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

ТҚЖ жүйесі тұрғын үйді сатып алуды мен алмастыруды, тұрғын үйді салуды, жөндеу мен жаңғыртуды қоса алғанда, тұрғын үй шарттарын жақсарту үшін қарыз алу мақсатында жеке жинақ ақшаны қорландыруға қол жетімді қаржыландыру тетігін, банктікоперациялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарда ипотекалық қарыз алу үшін алғашқы жарнаны енгізуді, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларға байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеуді білдіреді.

ТҚЖ жүйесі несие капитал нарығынан тыс және тиісінше қаржы нарығының сыйақы ставкалары конъюктурасының пайыздық саясатынан біршама тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл жинақ ақша салымдары бойынша, сол сияқты төмен пайыздар төлей отырып, кредиттерді төмен пайыздық ставка бойынша беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың нысаналы жүйесінің болуы Қазақстан Республикасының тұрғын үй секторының дәйекті дамуына әкеледі.

Нарықтың негізгі индикаторлары 2010 жыл ішінде былайша өзгерді. Тұрғын үй құрылысына инвестиция 2009 жылмен салыстырғанда 3,0%-ға 320 млрд. теңгеге дейін, құрылыс жұмыстарының көлемі – 3,0% ға 1 877 млрд. теңгеге дейін және тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу – 6 408 мың. шаршы метрге дейін 0,1%-ға өсті. 2011 жылдың қаңтар-сәуірінде 2010 жылдың осындай кезеңдегі көлемімен салыстырғанда тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 35,9%-ға өсті, құрылыс жұмыстарының көлемі –3,4%-ға, ал тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу керісінше 23,9%-5а азайды.

Экономикалық өсу, халықтың табысының артуы, энергия ресурстары нарығындағы оң конъюнктура жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал етті. 2011 жылғы сәуірде республика бойынша орташа 1 шаршы метр жаңа үйдің бағасы 148,4 мың. теңгені құрады және 2010 жылдан бастап одан бергі кезеңде 8,1%-ға, көп қабатты үйлердің бағасы тиісінше – 109,2 мың. теңге және 8,3%-ға көтерілді.

ТҚЖ жүйесі салымшыларының қорлануы бойынша депозиттік базаның көлемі 2010 жылдың басынан бастап 2011 жылдың мамырына дейін 26,2 млрд. теңгеден 47,4 млрд. теңгеге дейін (немесе 81%-ға) өсті. Нәтиже ретінде тұрғын үй жинақ жүйесінің ҚР халқының ЕДБ-ға салымдар нарығындағы үлесі 1,37%-дан 2,01%-ға дейін өсті.

Ипотекалық нарықта банктердің белсенділігінің төмендеуі орын алды, бұл ЕДБ-ның ықтимал қарыз алушыларға қоятын талаптарының қатаңдауы себебінен олардың қымбаттап кетуіне, сондай-ақ банктерде ұзақ мерзімді қорландырудың болмауына байланысты халық тарапынан ипотекалық өнімге деген сұраныстың төмендігі себеп болды. Мәселен, екінші деңгейдегі банктердің құрылыс салуға және тұрғын үй сатып алуға берілген кредиттер көлемі 2010 жылы 2,5%-ға 815,7 млрд. теңгеге дейін, ал 2011 жылдың қаңтар - сәуірінде – 1,4%-ға 804,6 млрд. теңгеге дейін азайды.

ТҚЖ жүйесінің кредиттік қоржынының көлемі 2010 жылдың басынан бастап 2011 жылдың мамырына дейін 46,4 млрд. теңгеден 71,9 млрд. теңгеге дейін өсті (немесе 55%-ға). Нәтиже ретінде тұрғын үй жинақ жүйесі қоржынының банктердің тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға берілген кредиттерінің жалпы көлеміндегі үлесі 5,5% -дан 8,9%-ға дейін өсті.

Алайда тұрғын үй құрылысының өсуінің төмен қарқыны нарықтың жеткіліксіз дәрежедегі жандануын айғақтайды. Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзі болып табылатын құрылыс салушылардың өз қаражаттарының жетіспеуі бұрынғыша инвестициялық белсенділікті кідіртіп отырған басты себеп болып қала бермек.

Банк жүйесіндегі халықтың салымдарын және тұрғын үй жинақ жүйесінің салымшыларының жинақтары бойынша депозиттік базаның көлемінің жоспарланып отырған ұлғаюын болжамды бағалау негізінде халықтың салымдары нарығындағы тұрғын үй жинақ жүйесінің үлесі 2015 жылға дейін 3,3%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Халықтың тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға берілген кредиттер бойынша үлестің ұлғаюы тұрғын үй жинақ жүйесінің негізгі нысаналы бағдарларының бірі болып табылады. Тұрғын үй жинақ жүйесінің нарықтағы үлесі 2015 жылдың аяғына 8,2% деңгейінде жоспарланып отыр.

Бәсекелестік ортаны талдау ипотекалық кредиттеу нарығы өсуде шектелген, бұл екінші деңгейдегі банктерде ұзақ мерзімді қорландырудың болмауына байланысты. Халық депозиттері нарығында азаматтардың бос қаражаты үшін жоғары бәсекелестік сақталып отыр.

Бұдан әрі ТҚЖ дамытуға жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның салыстырмалы тұрақтылығы, сондай-ақ елдің әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштерінің жақсаруы түрткі болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген факторлар клиенттері санының ұлғаюы, салымдар мен кредит беруге ағымдардың өсуі ТҚЖ жүйесінің көрсеткіштеріне оң әсер етуге тиіс. Клиенттері санының ұлғаюы, өз кезегінде, көрсеткіштің серпінінде – ТҚЖ жүйесінде қатысушылардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесін 2010 жылғы 2% -дан 2015 жылға 6%-ға жуық ұлғайтуда оң көрініс табады.

Осылайша, ТҚЖ жүйесі әлеуетінің толыққанды пайдаланылуы тұрғын үй құрылысын дамытудың бар және күтілетін проблемаларын кешенді шешуге және тұрғын үйдің кең ауқымды халыққа қол жетімді болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ТҚЖ жүйесі орта статистикалық халық үшін тұрғын үй салу қарқынын өсіру үшін уақытша кезеңді қамтамасыз ете отырып тұрғын үйді сатып алушылар мен сатушылар (құрылысшылар) арасындағы өзіндік бір буфер болып саналады. Осыған байланысты, Қазақстандағы қалыптасқан экономикалық ахуалда ТҚЖ жүйесін дамытуды ынталандыру өте маңызды.

Қазіргі таңда «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғаларға ғана алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді.

ТҚЖ жүйесін дамыту мақсатында тұрғын үй құрылыс жинақ банкілерге тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшы үшін мемлекеттік бағдарламалар және құрылыс компанияларды кредиттеуге қатысу үшін заңды тұлғалар және құрылыс компаниялар банк шоттарын ашу және енгізу мүмкіндігін беруі қажет.

8-баптың 6-тармағына сәйкес ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен алдын ала тұрғын үй қарыздары азаматтардың мынадай санаттарына:

1) балалары бар жас отбасыларға;

2) мемлекеттік қызметшілерге;

3) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне;

 4) мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне;

 5) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

Халықтың ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен қарыз берілген санаттары бойынша шектеулерді алып тастау тұрғын үй сатып алушыларының пулдарын қалыптастыру бөлігінде Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасындағы 2011 – 2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарламалар) қатысуды қамтамасыз ету мақсатында қажет, бұл халықтың қалың тобының осы Бағдарламаларға тұрғын үйді сатып алу мақсатында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қатысуға (ешқандай да бір шектеулерсіз) мүмкіндік береді.

Осы мақсатта санаттары бойынша шектеулерді алып тастау талап етіледі, бұл ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен берілетін қарыздар болуы мүмкін.

Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру мақсатында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) Бағдарлама шеңберінде бюджет қаражатын бөлді, ол Банктің өз қаражатымен жиынтығында аталған қарыздарды беру үшін пайдаланылатын болады.

Бюджет қаражатын және Банк қаражатын осылай пайдалану нәтижесінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша ТҚЖ жүйесінің қатысушылары үшін тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алудың осы тетік шеңберінде түпкілікті сыйақы ставкалары аталған қарыздар бойынша Банктің қолданыстағы сыйақы ставкаларымен салыстырғанда төмендетілетін және Банктің операциялық шығындары мен кредиттік тәуекелдер бағалауын ескере отырып, белгіленетін болады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтердi тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы № 406-IV Заңының қабылдануына байланысты қарыз алушы қарызды банктік шартты жасасқан күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн ішінде қайтарған кезде мемлекеттің сыйлықақысын қайтару шарттарын регламенттеу қажеттігі бар.

Бұл ретте, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысының мемлекеттің сыйлықақысын алу құқығы бөлігінде Заңның нормаларын бірыңғай қолдану мақсатында белгіленген бес жылдан үш жылға өзгерту ұсынылады, өйткені Заңның 3-бабының 9-тармағында, 8-баптың


4-тармағында, 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында және 12-баптың 3-тармағында салымшының мемлекеттің сыйлықақысын бес жыл өткен соң алуға құқығы бар деп көрсетілген.

Алайда, Заңның 8-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес салымшыға шарт сомасының Заңға сәйкес оған мемлекеттің сыйлықақысы кіргізілген тұрғын үй құрылыс жинағын төлеу шартта айқындалған қорлау мерзімі өткеннен кейін, бірақ тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасқаннан кейін арада үш жыл өту шартымен жүргізіледі.

Осылайша үш жыл қорланғаннан кейін тұрғын үй қарыздарын беру кезінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шарт сомасының құрамында салымшыға көрсетілген кезеңде есептелген мемлекет сыйлықақысын төлейді.

Аталған түрліше түсінуді ескере отырып, Заңның көрсетілген баптарына салымшы сол мерзім өткеннен кейін мемлекет сыйлықақысын алуға құқылы бірыңғай мерзімге келтіру мақсатында өзгерістер қажет.


3. Заң жобасын қабылдау мақсаты

Заң жобасының негізгі мақсаты тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері қызметінің түрлерін кеңейту және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін арқылы берілетін қарызға халықтың қалың бұқарасының қол жетімділігі, тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға жаңа көздер енгізу, осы арқылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жағдайды жақсарту болып табылады.



4. Заң жобасының реттеу мәні

Заң жобасының реттеу мәні тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің субъектілері арасында оның жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қатынастарды реттеу болып табылады. Алдымен, бұл тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріне тұрғын үй құрылысы саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды кредиттеу мүмкіндігін беру, халықтың қалың бұқарасына ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер беру есебінен алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздарын беру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Оны қабылдау тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін, тұрғын үй құрылысын дамытуға және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы халықтың қалың бұқарасына берілетін қарыздың қол жетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.


5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы екі баптан тұрады.

1-бап «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуді көздейді.

2-бап «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуді көздейді.


6. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымға мемлекеттің сыйлықақысын жыл сайынғы есептеуде көрініс табатын мемлекеттің қолдауымен халыққа өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған қарызды неғұрлым төмен пайыздық ставкамен алу мүмкіндігін беру мақсатында енгізілген. Осылайша, ол тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж неғұрлым көпшілік нысаналы топқа бағытталған, бұл экономикалық тәсілдермен әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді. Мемлекет қаржылық қолдау көрсетудің озат тетіктерін енгізе отырып, тұрғын үй құрылысын дамытуға қолайлы жағдайларды және халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенімін қамтамасыз етеді. Заң жобасын қабылдау тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне мынадай бағыттарды енгізуге мүмкіндік береді:

- тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің халықтың қалың тобына алдын ала (аралық) тұрғын үй қарыздарын беру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің ақшасын және өзге тартылған қаражатты пайдалануы;

- тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрғын үй қарыздарын беру рәсімдерін жеңілдету және өзіндік құнын төмендету, ол халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын қорландыруын ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды;

- Заңды тұлғаларға кейіннен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылатын тұрғын үй құрылысының мақсаттарына кредит беру. Сонымен қатар аталған жүйе салымшылары үшін тұрғын үй салынатын болады, оны сатып алуға құрылыс кезеңінде олар тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын нысаналы жинақтай алады, ол сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тартымдылығын және қол жетімділігін күшейтеді;

- бюджет қаражаты есебінен алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздары берілуі мүмкін тұрғындар санаттарын шектеуді алып тастау, бұл мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларында халықтың қалың тобының қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

- қарыз берген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарыз алушының тұрғын үй қарызын қайтару кезінде мемлекет сыйлықақысын қайтару жағдайларын регламенттеу.

Тұтастай алғанда ұсынылып отырған жаңалықтарды іске асыру тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің неғұрлым қолайлы жұмыс істеуіне және оны дамытуға әкеп соқтырады және нормативтік құқықтық актіні қабылдау қандай да бір теріс әлеуметтік, қаржы-экономикалық, экологиялық, құқықтық, криминологиялық және өзге зардаптарға әкеп соқтырмайды.


7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан Заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі.

Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан Заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтірудің қажеттігі жоқ.


8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы.


9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Германиядағы


80 жылдан астам осы қызметтерді жылжыту тәжірибесіне негізделеді. Бүгінгі таңда Словакия, Чехия, Венгрия, Люксембург сияқты басқа да Еуропа елдерінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ойдағыдай жұмыс істеуде.

Германияда келісімшарт жинақтауларының неғұрлым белгілі моделі – құрылыс жинақ кассалары қолданылады.

Бүгінде Германияда 25 құрылыс жинақ кассасы жұмыс істеуде. Олардың арасындағы ірісі – Швэбиш Халль құрылыс жинақ кассасы.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ел экономикасының да, халықтың күнделікті тыныс-тіршілігінің де ажырамас бөлігі болды, ол туралы мынадай деректер келтіруге болады.

Германия халқының тұрғын үй жинақ ақшасы туралы шарты бар үлесі шамамен 36%-ды құрайды, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы ағымдағы шарттардың саны 780,6 млрд. еуро жалпы шарт сомасына 30 млн. бірліктен астамды құрайды.

Тек 2010 жылдың өзінде салымдарға түсімдер – 27,5 млрд. еуроны, тұрғын үйді қаржыландыруға құрылыс жинақ кассасының төлемдері – 30,1 млрд. еуроны құрады.

Тұтастай алғанда соңғы 60 жылда Германияның құрылыс жинақ кассалары тұрғын үй салуға және жөндеуге 1,1 триллион Еуроға жуық төледі, құрылыс жинақ кассалары шамамен 13 млн. пәтерді қаржыландыруға қатысты (жаңа тұрғын үй/тұрғын үйді жаңғырту, жөндеу).

Шығыс Еуропада (Чехия, Словакия, Венгрия) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өз дамуын 1990 жылдардың басында алды.

Бүгінгі таңда Чехияда 6 құрылыс жинақ кассасы, Венгрияда 2, Словакияда 3 құрылыс жинақ кассасы жұмыс істейді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі осы елдерде салыстырмалы түрде арзан кредит алу мүмкіндігі ретінде ғана емес, ақшаны тиімді орналастыру және жинақтау ретінде де қарастырылады. Осы фактінің бір өзімен Чехия халқының 65%-ы, Венгрия халқының 10%-дан астамы және Словакия халқының шамамен 17%-ы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттары бар. Тұрғын үйді қаржыландыратын барлық институттарға кредит беру көлемімен салыстырғанда құрылыс жинақ кассасының төлемдері Словакияда 53%-ды, Чехияда шамамен 41%-ды құрады.

Германиядағы, Шығыс Еуропа елдеріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын дамыту тәжірибесінің негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:

- құрылыс жинақ кассалары пайыздық сыйақыны және пайыздық қатынаста тиімді кредитке құқықты қоса алғанда клиенттерге өздері жинаған қаражатты төлеуге кепілдік береді (бұл ретте пайыздық ставкалар нарықта жалпыға бірдей қабылданғандардан төмен);

- құрылыс жинақ жүйесінің 80 жылдан астам ойдағыдай жұмыс істеу тарихы бар екеніне сілтеме жасай алады;

- құрылыс жинақ кассасының бүкіл тарихында құрылыс жинақ ақшасының бірде бір салымшысы құрылыс жинақ кассасында өзінің қорландырған ақшасын бірде бір жоғалтпағаны;

- азаматтардың құрылыс жинақ кассаларында қорланған қаражатты жеке тұрғын үй құрылысына инвестициялауы құрылыс өнеркәсібін қолдайды және жұмыс орындарын қамтамасыз етеді;

- жеке меншік капиталдың белгілі бір үлесі бар болған кезде қаржыландыру құрылыс жинақ ақшасы сияқты орын алғанда кредит тәуекелін азайтады және қаржы нарығын тұрақтандырады.



10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Заң жобасын іске асыру қаржы шығындарын талап етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет