Қазақстан республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналғАН


ДАМУДЫҢ СЦЕНАРИЙЛІК НҰСҚАЛАРЫ



бет2/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#5651
1   2   3   4   5   6

2. ДАМУДЫҢ СЦЕНАРИЙЛІК НҰСҚАЛАРЫ

Әлемдік экономиканың даму үдерісінің, әлемдік экономика серпінінің, мұнайға әлемдік баға деңгейінің өзгеруіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты дамудың үш ықтимал сценарийі қаралды.



1-нұсқада (пессимистік сценарий) орта мерзімді перспективада әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауына қатысты барынша пессимистік болжамдар көзделуде.

Осы сценарий бойынша мұнайдың әлемдік бағасының (Brent) 2012 – 2016 жылдары бір барреліне 40 АҚШ долларына дейін төмендеуі, сондай-ақ 2012 жылы металдар бағасының 2009 жылдың ең аз деңгейіне дейін төмендеуі, 2013 жылдан бастап одан әрі шағын өсуі болжанады.

Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарыз алу үшін жабық болады.

2-нұсқа (базалық) әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың тұрақтануын болжайды.

2012 жылы мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне орташа 80 АҚШ доллары деңгейінде болады, 2013 – 2016 жылдары бір барреліне орташа баға 70 АҚШ доллары деңгейінде болады.

Орта мерзімді кезеңде металдардың әлемдік бағасы сәл төмендеу мүмкіндігімен қол жеткен деңгейінде сақталады.

3-нұсқа бойынша (оптимистік сценарий) мұнайдың әлемдік бағасы 2012 – 2016 жылдары бір барреліне орташа 100 АҚШ доллары деңгейінде болады. Металл бағалары сәл өсу үрдісін көрсететін болады.

Жыл басыннан бастап елдің экономикасының даму үрдістерін және әлемдік экономикадағы ахуалды есепке ала отырып, 2-шi базалық нұсқа болжам құрастыру кезінде негiзге алынды, оның бастапқы параметрлері ағымдағы күтуден сәл ауытқи отырып барынша ықтимал болып табылады.



3. 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Елдің 2012 – 2016 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Стратегиялық жоспарды сәтті іске асыру Қазақстан экономикасының тұрақты өсуіне және әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының кіріс деңгейі жоғары елдер қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан азаматтарының әл-ауқат деңгейін көтеру және жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2015 жылға дейін 15 мың АҚШ долларына дейін арттыру қажет. Бұл үшін ЖІӨ-нің нақты жылдық өсу қарқынын 7%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте экономиканың қосымша өсімі шикізаттық емес саланың қарқынды дамуы есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сондықтан ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2015 жылға қарай 12,5%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсатты орындау қажет. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай – кем дегенде 1,5 есе, агроөнеркәсіп саласында – кем дегенде 2,0 есе ұлғайту қажет.

Ұзақ мерзімді кезеңде инфляциялық үдерістерді тұрақтандыруға 2012 – 2016 жылдары жылдық инфляция деңгейін 6,0-8,0% дәлізінде ұстап қалуға ықпал ететін болады.

Елдің негізгі бес бағыты бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмендегі барлық құжаттарына қосылған стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделіп отыр.
2012 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2011 – 2015 жылдардағы экономиканың 7% өсуiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарында мақұлданған нысаналы индикаторлардың негізінде әзірленді.

Қазақстан Республикасының табыстары деңгейi жоғары елдердiң тобына кiруі мақсатында және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаттың деңгейiн жоғарылату үшін 2016 жылы ЖІӨ мөлшері жан басына шаққанда 18 мың АҚШ долл. дейiн жеткізілетін болады.


3-сурет


2016 жылға дейін жан басына шаққандағы ЖІӨ болжамы
Экономикалық өсудiң нысаналы параметрлерінің кірісі мемлекеттiк және жеке секторлардың инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандырумен қамтамасыз етіледi.

2012 – 2016 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орта есеппен жылына 6,7 %-ды құрайды. Ол белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталды жинақтаудың өсуін қамтамасыз етеді.

2012 – 2016 жылдары тұтынудың өсуі орташа есеппен жылына 8,1 % құрайды. Бұл ретте үй шаруашылығындағы тұтыну мемлекеттік тұтынумен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқында өсетін болады.

Үкімет жалпы алғанда ЖІӨ компонентері өсуінің мынадай параметрлерін қамтамасыз етеді.

1-кесте
2012 – 2016 жылдардағы экономиканың өсу параметрлері, алдыңғы жылға қарағанда, %-бен


Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Тұтыну

109,6

107,5

108,3

107,5

107,8

соның ішінде: жеке

110,2

109,0

108,6

108,2

108,5

мемлекеттік

108,0

101,5

107,5

105,0

105,0

Инвестициялар

106,1

104,7

109,2

108,2

105,1

Тауарлар мен қызметтер экспорты

100,5

102,9

105,2

106,6

104,9

Тауарлар мен қызметтер импорты

101,1

101,5

109,4

107,4

103,7

2012 жылы нақты ЖІӨ-ның өсуi көрcетiлген бастапқы параметрлерді ескере отырып 6,9 %-ды, 2013 жылы – 6,2 %-ды, 2014 жылы – 7,1 %-ды, 2015 жылы -7,4%-ды, 2016 жылы - 6, 2%-ды құрайды.

2012 – 2016 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 4,8% құрайды, тамақ өнімдерін өндіру өсімі жылына шамамен – 10,2% құруы тиіс.

4-сурет


Қазақстан Республикасында 2010 – 2014 жылдарға арналған агроөнеркәсiп кешенiн дамыту жөніндегі бағдарламаны iске асыру iшкi нарықтың қажеттiліктерiн жабу және экспорт тауашаларын иелену үшiн сапалы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмімен және азық-түлiк өндiрiсiмен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

2012 – 2014 жылдары өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық орташа мөлшердегi өсуi 7,3 % құрайды. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсу қарқынының ұлғаюына тау-кен өндiру (5,7%) және өңдеу өнеркәсiбі (10,2%) салаларының өсуiне ықпал ететін болады.

5-сурет


Мұнай және газ министрлігінің болжамдары бойынша мұнай өндіру көлемін кейіннен 2016 жылы 102,0 млн. тоннаға дейін арттыра отырып, 2012 жылы 83,0 млн. тоннаны құрады.

2015 жылдың соңына қарай мұнай және газ секторының дамуы шеңберінде 18 ірі жоба жоспарланады, оның 9 салалық бағдарлама, 9 – Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылады. Жобалар мәліметтері бойынша жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 1 379,6 млрд. теңгені құрайды.

2012 – 2016 жылдары металургия өнеркәсібіндегі орташа жылдық өсу қарқындары 11,8 %-ды құрайды. Металургияның дамуы (машина жасау, химия өнеркәсібі және т.б.) сыртқы сауданы арттыру мен әртараптандыру экономиканың аралас салаларын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 1 640 607 млн. теңгені, 54 845 жұмыс орнын құрайтын 43 жоба енгізілді.

2012 – 2016 жылдары химия өнеркәсібіндегі өндірістің жылына орташа 10,4%-ға өсуі жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірісті құру, қолданыстағы кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту есебінен қамтамасыз етілуі қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010 – 2014 жылдары химия өнеркәсібінің 11 жобасы енгізілді.

Машина жасау өнеркәсібінің өндірісі 2012 – 2016 жылдары орташа 12,2%-ды құрайды. 2016 жылдың соңына дейін 22 жоба, соның 17 жобасы салалық бағдарлама бойынша, 5 жоба Индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған.

Ауыл шаруашылығында машина жасаудың 2 есе, мұнай және газ саласындағы машина жасаудың 2,5 есе, тау-кен саласында машина жасаудың 2,7 есе, электр техникасы саласында машина жасаудың 1,7 есе артуы есебінен 2016 жылдың соңына қарай жалпы қосымша құн 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе артады.

2012 – 2016 жылдары электр энергетикасы саласында өндірістің өсуі жылына орташа 4%-ды құрайды.

Қатты отындағы жаңадан іске қосылатын өндіру қуаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2015 жылға қарай көмір өндіру көлемін 131 млн. тоннаға, 2020 жылы 152 млн. тоннаға арттыру көзделеді.

2010 – 2020 жылдары көмір өндіру саласын дамытуға 3,4 млрд. АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр.

2012 – 2016 жылдары құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық өсімі 1,5 % деңгейде күтіледі.


6-сурет

Қазақстан Республикасында 2011 – 2014 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барлық қаржыландыру көздері есебінен көлемі 24,3 млн. ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нақты сектор салаларының оң серпінін ескере отырып 2012 – 2016 жылдары сауда көлемі қарқындарының орташа жылдық өсуі 8,9 % деңгейде болжанып отыр.

7-сурет


2012 – 2016 жылдары көлік қызметі көлемінің жылдық орташа өсімі 7,5%-ды құрайды.


8-сурет


Көлік қызметтерінің өсуін қамтамасыз ету үшін 2017 жылға қарай жүк айналымының көлемі болжамды деректер бойынша 428,8 млрд. тонна-км (тасымалданған жүк көлемі 3 млрд. тоннаға дейін), жолаушылар айналымы 224,3 млрд. жолаушы-км (тасымалданған жолаушылар көлемі 18,6 млрд. адам) құрайды.

Ақпарат және байланыс қызметінің өсімі 2012 – 2016 жылдары болжамдар бойынша 8,4 % деңгейде қалыптасады.

9-сурет


Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру ақпараттық инфрақұрылымды қоса алғанда, осы сектордың үлесін 2014 жылы ЖІӨ-де 3,8 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан экспортын құрайтын негізгі тауарларға әлемдік сұраныстың артуы және сыртқы сауда саясаты бойынша қабылданып жатқан шаралармен бірге экономика өсімі қарқындарының ұлғаюы экспорт пен импорт көлемінің ұлғаюына ықпал ететін болады.

Сыртқы сауда айналымы 2012 – 2014 жылдары жылына орташа 7,8%-ға немесе 2012 жылы 116,7 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 166 млрд. АҚШ долл. өседі.

Экспорт 2012 жылы 75,7 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 105,8 млрд. АҚШ долл. өседі.

Экономиканың өсуімен қатарлас сұраныстың өсуі 2011 жылы импорттың 40,9 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 60,2 млрд. АҚШ долл. дейін өсуіне ықпал ететін болады.

10-сурет


Экспорттың импорттан артуы ағымдағы шоттың оң сальдосы факторларының бірі болады, ол 2016 жылы болжам бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларына жетеді.


11-сурет

2012 2016 жылдарға арналған төлем балансының болжамы*

* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамы


Төлем балансының параметрлері ақша-кредит саясаты параметрлерімен және орта мерзімді кезеңге арналған елдің макроэкономикалық дамуының параметрлерімен үйлеседі.

2012 – 2016 жылдары инфляцияның жылдық мәні (желтоқсан, алдыңғы жылдың желтоқсанына қарағанда) 6,0-8,0% деңгейінде бағаланады.

Экономиканың 7%-дық өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметтік жаңғыртумен қатар шешіледі.

Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық және кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.



Жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 6,2%-дан 2016 жылы 5,4%-ға, ал кедейлік деңгейінің 6,1%-ға дейін төмендеуі болжанады.

2012 – 2016 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы қосымшада көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет