Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы № 264 бұйрығы
Қазақстан Республикасының әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеу тізбегінде № 3817 2005 жылдың 31 тамызында тіркелген
« Ұялы байланыс қызметтерін көрсету
ережесін бекіту туралы»
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және « Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы» Қаазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1104 қаулысы іске асыру
мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (Сейтімбеков А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С. Оразалиновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Бектасов
Келісілген:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
________________ Н.Дүтбаев
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі төрағасының
«Ұялы байланыс қызметтерін
көрсету ережесін бекіту туралы»
2005 жылғы 2 тамыздағы
№ 264-Ө бұйрығымен бекітілген
Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ұялы байланысы қызметтерін ұсынудың осы Ережелері (бұдан әрі -Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Ереже Қазақстан Ресупбликасының аумағында ұялы байланыс қызметтерін ұсыну бойынша ұялы байланыс операторы мен ұялы байланыс қызметін пайдаланушылардың (абоненттердің) арасындағы қатынастарды реттейді.
3. Осы Ережелерде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) абонент – аталған мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды берілген жағдайда осындай қызметтерді ұсыну туралы келісім-шарт жасалған ұялы байланыс қызметтерін пайдаланушы;
2) абоненттік нөмір – басқа абоненттік құрылғыларды қосу кезінде ұялы байланыс операторының жүйесіне қосылған абоненттік құрылғы сәйкестендірілетін және абонентке ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың келісім- шартын жасау кезінде абонентке берілетін телефон нөмірі;
3) pre – paid пакеттер – белгілі тарифтік жоспарға алғашқы теңгерімді бағдарлама еткен абоненттік нөмір;
4) абоненттік құрылғы (абоненттік станция) – ұялы байланыс операторының жүйесіне қосылатын, радиоарналар бойынша тұтынушы берген ақпаратты табыстау немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастырушы техникалық жеке пайдалану құралы;
5) абоненттік нөмірді автоматты түрде анықтау - шығыс қосылымын іске асыратын абоненттің абоненттік нөмірін кіріс қосылымы кезінде абоненттік құрылғының дисплейінде көрсететін қызмет;
6) телефон картасының активтенуі - абоненттің байланыс операторына телефон картасындағы ұялы байланыс операторының жүйесіне енудің жасырын жеке әріптік-сандық кодын жариялауы және ұялы байланыс операторының телефон картасының жарамдылығын және байланыс қызметтерін пайдалану құқығын растауы;
7) дауыстық пошта – кіріс қосылысы кезінде басқа абоненттердің дауыстық хабарламаларын автоматты тәртіппен қабылдау және жинақтау, сондай-ақ үндендіру мүмкіндігін беретін ұялы байланыс қызметі;
8) ерікті бұғаттау- ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы келісім шарт бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуды 6 айға дейін тоқтата тұру мүмкіндігін абонентке ұсынатын оператордың қызметі;
9) шақыруды жеткізу – кіріс қосылысы қаларалық немес халықаралық байланыс арналары арқылы, оның ішінде басқа байланыс операторларының арналарын қолдану арқылы жүзеге асырылатын ұялы байланыс қызметі.
10) ұялы байланыс операторының жүйесіне кіру – ұялы байланыс жүйесін ұялы байланыс қызметтеріне қол жеткізу үшін пайдалану мүмкіндігі;
11) ұялы байланыс операторының қызмет көрсету аймағы – лицензияға және аппаратураның техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ұялы байланыс операторы ұялы байланыс қызмет көрсетуге өкілетті болатын аумақ;
12) сәйкестендіргіш – абонентті сәйкестендіру үшін пайдаланылатын құжат немесе ақпарат;
13) абонентті сәйкестендіру картасы – абонентті сәйкестендіретін және абонентті байланыс операторының қызметіне қол жеткізуді іске асыратын абоненттік құрылғының бөлігі болып табылатын, микропроцессорлық модуль, жеке қол жеткізілім карточкасы (SIM/ R-UIM карта және т.б.)
14) конференц-байланыс – үш және одан артық абоненттік қондырғылар арасындағы қосылысты ұсыну;
15) дербес шот – төлемдердің түсуі және абоненттің ұялы байланыс қызметтерін тұтынуы бойынша операцияларын есепке алуда көрсетуге арналған байланыс операторының сараптамалық есебінің регистрі;
16) халықаралық роуминг – абонент болған елде шетелдік байланыс операторы ұсынатын телефон байлынысының қызметі;
17) шақырысты күту – басқа әңгімелесуден қолы бос емес абонентке шақырысты қабылдау мүмкіндігін беретін және шақырылатын бос емес абонентті қысқа тондық дыбыспен хабардар ететін қызмет түрі;
18) әңгімелесудің (қосылыстың) төленетін ұзақтығы – радиотелефондық қосылысты пайдалану арқылы ұсынылған ұялы байланыс қызметтеріне төленетін ақыны анықтау кезінде негізге алынған уақыт аралығы;
19) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте берілген ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
20) ұялы байланыс желісіне қосылу – абонентке ұялы байланыс желісіне кіруді ұсыну жөніндегі ұялы байланыс операторының қызметі;
21) талап-тілек –Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған абонент құқықтарын бұзуды жою жөніндегі абонент білдірген ауызша немесе жазбаша талап;
22) шақырысты қайта мекен-жайлау – түсетін кіріс қосылыстарын басқа абоненттік нөмірге бағыттау мүмкіндігін беретін ұялы байланыс қызметі;
23) радиотелефондық қосылыс – олардың біреуі немесе екеуі де ұялы байланыс желісінің абоненті болып табылатын абоненттердің ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін екі абоненттік құрылғылардың арасындағы байланысты орнату;
24) радиотелефондық әңгімелесу – радиотелефондық қосылысты пайдалану арқылы абоненттер арасында ауызша ақпарат алмасу;
25) есеп айырысу кезеңі – абоненттің ұсынылған ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеуге есеп айырысу кезеңі аяқталғаннан кейінгі отыз күнтізбелік күн;
26) роуминг –роумингтік келісім негізінде өз операторының қызмет көрсету аймағының шектерінен тыс автоматты түрде немесе әкімшілік тәртіппен ұсынылатын ұялы байланыс қызметі;
27) ұялы байланыс желісі – коммутация құралдарымен және радиосигналдарды қабылдау-беру жабдығының көмегімен абоненттік құрылғылардың қосылысын орнатуға жағдай жасайтын техникалық құрылыстар мен жабдық кешенінен тұратын Қазақстан Республикасын телекоммуникациясының бірыңғай желі категориясы;
28) ұялы байланысы – ақпаратпен екі жақты алмасу үшін арналған басым көпшілігінде радиотолқындар арқылы берілетін сөйлесу түріндегі электр байланысының түрі;
29) қысқа хабарлар қызметі – ұялы байланыс операторының жүйесінде ақпаратты абоненттік құрылғыға қабылдау және басқа абоненттік құрылғыға жіберу мүмкіндігін беретін ұялы байланыс қызметі;
30) тарифтік бірлік – тарифтік жоспардың шарттарына сәйкес төленуге тиісті радиотелефондық қосылыстың минималды ұзақтығы;
31) тарифтік жоспар - байланыс операторымен белгіленетін және барлық байланыс тұтынушыларына және абоненттерге ұсынылатын ұялы байланыс қызметтерінің кешеніне сәйкес тарифтердің тізімі;
32) телефон картасы – байланыс қызметтерін ұсынатын бірліктердегі немесе теңгедегі сома, абоненттің байланыс операторының жүйесіне кірудің жасырын жеке кодына ие телефон картасының активтену тәртібі мен мерзімі және қолданылу мерзімі көрсетілген байланыс операторы бөлшек саудаға шығаратын картоннан, пластиктен немесе басқа материалдан жасалған сақтаушы;
33) ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың техникалық мүмкіндігі – абонентке олардың көмегімен қажетті байланыс қызметі ұсынылуы мүмкін болатын радиожиіліктік ресурстың, радиоарналардың және жұмысқа қабілетті техникалық байланыс құралдары мен құрылғылардың қолда болуы;
34) ұялы байланыс жүйесіне кіруді ұсынудың техникалық мүмкіндігі - радиожиіліктік ресурстың, радиоарналар мен абоненттік сыйымдылықтың бос нөмірлерінің және байланыс арналарының қолда болуы;
35) абоненттің хабарлауы - ұялы байланыс қызметтерін алуға байланысты ұялы байланыс операторына абоненттің атынан табысталатын жазбаша хабарлауы;
36) ұялы байланыс операторының хабарлауы – абонентке ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға байланысты бағытталатын байланыс операторының жазбаша, сондай-ақ дауыстық немесе мәтіндік (байланыс операторының құралдарын және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы) хабарлауы;
37) шақырысты ұстау – абонентке басқа шығыс қосылысын жасау үшін телефондық қосылысты ұстап тұру мүмкіндігін беретін ұялы байланыс қызметі;
38) ұялы байланыс қызметтері– ақпаратты (радиосигналдарды) қабылдау, өңдеу, жеткізу және табыстау бойынша ұялы байланыс операторы қызметінің өнімі;
39) есептік уақыт аралығы – ұялы байланыс қызметтері мен басқа да қызметтер ұсынылып, есепке алынған күнтізбелік ай;
40) қосылудың есептік кестесі – абоненттік құрылғының бірдейлендірілген деректемелерін қоса алғандағы абонент қосылыстарының деректемелер базасы;
41) абоненттің электрондық анықтамасы- абоненттің тіркелген деректері бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректердің бірыңғай ақпарат көлемі.
2-тарау. Ұялы байланыс операторы мен абоненттің арасындағы қарым-қатынас.
4. Ұялы байланыс жүйесі байланыс операторы жүйесінің абоненттері мен телекоммуникациялар жүйесінің әр санаттағы абоненттері арасындағы шығыс және кіріс қосылыстарын орнатуды қамтамасыз етеді және сапасы бойынша Қазақстан Республикасының стандарттарына, техникалық нормаларына және сертификаттарына сәйкес келуі керек.
5. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету кезінде пайда болатын ұялы байланыс операторының абонентпен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тілдерінде жүзеге асырылады.
6. pre-paid пакеттерін сату кезінде оның ішінде абоненттік нөмірді беруде ұялы байланыс қызмет операторы ұялы байланыс қызметін көрсету жөнінде келісім-шарт жасасады, онда абоненттің жеке басы туралы мәліметтер көрсетіледі (фамилиясы, аты, әкесінің аты, абонент нөмірі, құжаттары, жеке куәлігі, мекен-жайы, СТН) және сонымен бірге pre-paid пакеттерін қайта сату кезінде оны жаңа иесісінің атына қайта тіркеу қажет.
7. Абонент қолданыстағы стандарттармен, техникалық нормалармен рұқсат етілген әдістермен ақпаратты табыстау үшін шығыс және кіріс қосылысын қолдана алады.
Ұялы байланысты пайдалану, анықтамалық-ақпараттық және басқа қызметтерге қол жеткізу үшін ұялы байланыс жүйесіне абоненттік станциялар қосылады, олар арқылы деректер жіберу және телематикалық қызметтердің (факсимильдік аппарат, модем және т.б.) шеткі абоненттік құрылғылары, автожауап берушілер, сигнализация қондарғылары қосылуы мүмкін.
8. Абонентке ұялы байланыс қызметтері оның абоненттік құрылғысының стандартты техникалық талаптарына жауап бергенде және ұялы байланыс операторы желісі абонентінің активтелген картасының бірдейленуіне сондай-ақ түрлі стандарттағы ұялы байланыс желісі операторларымен белгіленген қосымша талаптары болған жағдайда көрсетіліді.
9. Ұялы байланыс қызметін пайдаланушының абоненттік қондырғысы сертификация туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптегі сертификацияға жатады.
10. Ұялы байланыс пайдаланушысымен абоненттің тікелей өзара әрекеттесетін құрылымдық бөлімшелердегі ұялы байланыс операторының жұмыс тәртібі ұялы байланыс операторымен белгіленеді және байланыс пайдаланушылары мен абоненттеріне мәлімет жеткізіледі.
11. Ұялы байланыс қызметтері барлық абоненттер үшін бірдей қызмет көрсету шарттарына және тарифтік жоспарларға сәйкес ақы төлеуді қамтамасыз ете отырып, қолма қол ақшамен және (немесе) қолма қол ақшасыз есеп айырысу арқылы барлық дерлік абоненттерге ұялы байланыс операторымен ұсынылады.
12. Ұялы байланыс операторының абоненттерге көрсететін ұялы байланыс қызметтерінің тізімі байланыс саласындағы өкілетті органмен берілген лицензиямен және байланыс операторы иеленетін телекоммуникация желісінің техникалық мүмкіндіктерімен анықталады.
13. Ұялы байланыс қызметтері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық дерлік абоненттерге ұсынылатын ақылы және ақысыз қызметтерді қоса алғанда, түрлі стандарттар бойынша ұялы байланыстың негізгі қызметтері (негізгі пакет);
2) абоненттің қалауы бойынша қосымша ұялы байланыс қызметтері болып бөлінеді.
14. Негізгі ұялы байланыс қызметтеріне келесі қызметтер жатады:
1) жедел шақырыстарды қоса алғандағы негізгі телефон байланысы, қысқа хабарлар жіберу, мәліметтер форматындағы ақпараттық хабарларды тарату, конференц-байланыс;
2) түрлі стандарттағы басқа ұялы байланыс желілерінің абоненттерімен, олардың Қазақстан Республикасының аумағында немесе басқа елдерде лицензияларға ие операторларымен шарттары бойынша ұялы байланыс;
3) телекоммуникация желісінің шегінде құрылатын автоматтық байланыс.
15. Қосымша ұялы байланыс қызметтеріне:
1) орындалуы абоненттің байланыс операторының желісіне кіруін (қосылуын) ұсыну үшін қажет болатын міндетті қызметтер, атап айтсақ:
желінің абоненттік нөмірін беру;
абоненттік құрылғыны, абонентті бірдейлендірілген картасын бағдарламалау және қайта бағдарламалау;
абоненттік құрылғыны тестілеу (абоненттің ұялы байланыс операторы желісіне өзінің абоненттік құрылғысымен қосылуы кезінде);
2) ұялы байланыс операторымен және халықаралық роумингпен бекітілетін тарифтік жоспарларда тізілімі көрсетілуі мүмкін абоненттің өтініші бойынша ұсынылатын басқа қызметтер.
16. Ұялы байланыс қызметтері белгіленген тәртіпте тіркелген абоненттің өтініші бойынша байланыс операторымен ұсынылады.
17. Ұялы байланыс операторы абонент пайдаланған байланыс операторының желісіндегі ұялы байланыс қызметтерін, олардың қолданылу уақыттарын, басқа абоненттердің телефон нөмірлерімен қосылыстары туралы ақпараттарды автоматты түрде есептеуді есептік кестеге енгізе отырып жүзеге асырады.
Сонымен қатар абоненттің тарифтелмеген қосылыстары, автоматты және әкімшілік роуминг, телекоммуникациялардың ортақ пайдаланымдағы телефон желісінің абоненттік құрылғыларымен радиотелефондық қосылыстары, оған қоса қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері де есепке алынады.
Ұсынылған байланыс қызметтері туралы ақпарат және қосылыстардың есептік кестесі ұялы байланыс операторымен кезекті есептік кезең аяқталғаннан кейінгі үш жыл мерзім ішінде сақталады.
18. Ұялы байланыс операторы байланыс қызметтері түрлерін ұялы байланыс технологияларының дамуына және байланыс операторы жүйесінде тиісті жабдықтардың болуына сәйкес өзгертуі мүмкін.
19. Ұялы байланыс операторының желісіндегі абонентке бекітілген абоненттің сәйкестендіргіштері абоненттік нөмір, пароль, абоненттің бірдейлендірілген картасының нөмірі және абоненттік құрылғылардың өндірушісімен қарастырылған және (немесе) ұялы байланыс операторымен анықталған басқа стандарттағы желілердің байланыс операторларымен белгіленген талаптарға сәйкес бірге немесе жеке дара қолданылатын басқа да сәйкестендіргіштер болып табылады.
20. Абоненттің сәйкестендіргіштері абонентке ұсынылатын қызметтердің номенклатурасын анықтау, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету, ұялы байланыс операторының қызметтеріне ақы төлеу кезінде қолданылады.
3-тарау. Ұялы байланыс қызметін көрсету туралы келісім шарт жасасудың ерекшелігі.
21. Ұялы байланыс қызметтерін ұсыну туралы келісім шарт Қазақстан Республикасының аазаматтық заңнамасымен анықталған тәртіпте жасалады және оған келесі шарттар кіреді:
1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректері (нөмірі, күні, елді мекен, тіркеу орны, басшылардың аты-жөні, қосылған бағаға салық бойынша есепке алынғандығы туралы куәлік);
2) жеке тұлғалар үшін – аты-жөні, абонент нөмірі, мекен-жайы, жеке басын куәландыратын куәлігінің нөмірі мен берілген күні, СТН;
3) pri-paid пакеттерін қайта сатқан жағдайда міндетті түрде жаңа иесісінің атына қайта тіркеу туралы талап;
22. Пайдаланушыларға ұялы байланыс қызметтерін алу үшін:
1) ұялы байланыс операторы өкілінің(делдалы) қатысуымен ұялы байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі келісім шартты толтыру және оған қол қою;
2) ұялы байланыс операторымен карталарды таратуға рұқсат берілген өкілетті тұлғалардан тарифтік жоспарға бағдарламаланған бастапқы балансқа ие абоненттің бірдейлендірілген картасын сатып алу және ұялы байланыс операторының нөміріне шығыс қосылысын жасау қажет.
23. Абоненттерге шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтама және басқа да қызметтерге ақысыз тәулік бойы қосылу мүмкіндігін ұсынылады.
24. Ұялы байланыс операторы абоненттің ұсынысы бойынша ұялы байланыс қызметтерінің анықталған тізімдемесін қарастыратын тарифтік жоспарды ұсынады, мұндағы ұялы байланыс операторлары жүйесінің нөмірленуіне сәйкес келетін абоненттік нөмір немесе бірнеше нөмір абоненттік қондырғылардың санына сәйкес беріледі.
25. Ұялы байланыс операторы келісім шарт жасасқан кезінен бастап 24 сағаттан кешіктірмей ұялы байланыс қызметтерін ұсынады. Алдын ала ақы төлеу көзделетін тарифтік жоспарлар бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсыну тек төлем жасалғаннан кейін ғана, осы ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы келісім шарт пен азаматтық заңнамада белгіленген тәртіпте және шарттарда жүзеге асырылады.
26. Ұялы байланыс операторлары абоненттерге ұсынылатын тарифтік жоспарларды қалыптастырады. Тарифтік жоспарлардың, оларды пайдалану шарттарының, оларға кіретін ұялы байланыс қызметтері мен оларға белгіленген тарифтердің тізбесі ұялы байланыс операторымен анықталады және абоненттерге хабарланады.
27. Ұялы б айланыс операторы тарифтік жоспарларда :
1) ұялы байланыс қызметтерінің тарифтерін;
2) ұсынылатын ұялы байланыс қызметтерінің тізбесі;
3) абоненттің белгіленген тарифтік жоспарға кіретін ұялы байланыс қызметтерінің белгілі арақатынасын таңдау мүмкіндігі;
4 абонентке белгілі тарифтік жоспарларды пайдалануға мүмкіндік беретін белгілі бір ұялы байланыс қызметтерін алуға бағдарламаланған абоненттік құрылғылардың ең аз мөлшері;
5) тиісті тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі басқа да шарттар.
28. Ұялы байланыс операторы абонентке ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың техникалық мүмкіндіктері болмаған жағдайда ғана ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жасасқан шарттан бас тарта алады.
29. Ұялы байланыс қызметтерін ұсыну туралы келісім шарт мынадай жағдайларда өзінің іс-әрекетін тоқтатады:
1) егер абонент ұялы байланыс қызметтері ұсынылған тарифтік жоспардың жойылған немесе өзгертілген кезінен кейінгі отыз күнтізбелік күннің ішінде абонент белгілі бір қолданыстағы тарифтік жоспардың өзгеруі туралы хабардар болған жағдайда басқа тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетуге ауыспаса;
2) егер абонентке оның ұсынылған байланыс қызметтері үшін ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты жиырма күнтізбелік күннің ішінде есеп айырысулардың несиелік тәртібі бойынша байланыс қызметтері тоқтатылса;
3) ұялы баланыс операторымен белгіленген абоненттің дербес шотында ақша қаражаттары біткен кезінен кейінгі алты күнтізбелік айдың ішінде абонент есеп айрысудың аванстық тәртібі бойынша өз дербес шотын толтырмаса;
4) байланыс операторларымен қарастырылған телефон карталарын қолдану арқылы есеп айырысу тәртібін пайдаланушы абоненттің соңғы активтенген телефон картасының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бастапқы баланстың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін телефон картасын активтендірмесе;
5) ұялы байланыс қызметін көрсету туралы келісім шартта қаралған басқа да жағдайларда.
30. Егер абонент жазбаша түрде шартты бұзу туралы жарияласа, абоненттің шарттан бір жақты бас тартуына байланысты шарт бұзылған болып саналды. Бұл жағдайдағы байланыс қызметтерін ұсынудың іс жүзінде тоқтатылуы байланыс операторымен абоненттің өтінішін тіркеу кезінен бастап жүргізіледі.
Абонентке көрсетілетін ұялы байланыс қызметінің тоқтатылуы оны қарыздарын төлеудегі міндеттерін өзгертпейді.
4-Тарау. Ұялы байланыс қызметін ұсыну шарттары
31. Ұялы байланыс операторы:
1) Байланыс саласындағы өкілетті органның қызметкерлерін өздерінің байланыс объектілеріне қызметтік куәліктерін көрсетуі бойынша белгіленген тәртіпте тексеріс жүргізуге жіберуі;
2) құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша абонентке ұялы байланыс қызметін көрсетуді (шарт әрекетін тоқтатусыз) отыз тәуліктік күнтізбелік мерзімге дейін уақытша тоқтату. Егер де тарифтік жоспарда қарастырылған уақыт мерзімінде ұялы байланыс қызметінің тоқтатылған уақыты сәйкес келсе абонент бұл жағдайда абоненттік төлемнен және басқа да ай сайынғы төлемдерден босатылады. Абонент қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылуы және оның себебі туралы ұялы байланыс операторымен жазбаша хабарланады;
3) байланыс қызметтерін пайдаланушыларына ұсынылатын байланыс қызметтері туралы толық ақпарат ұсыну;
4) байланыс қызметтерін пайдаланушылармен ұялы байланыс қызметін көрсету туралы шарт жасасу;осы Ережемен және ондағы кез келген өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпаратты байланыс қызметтерін пайдаланушыларына қай жерде танысу керектігін жеткізу;
5) егер де ол бөлінген абоненттік нөмірімен ұялы байланыс желісі стандарттарында қаралған болса ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың қолданыстағы кезеңінде абонентке абоненттің бірдейлендірген картасын, абоненттік қондырғыны ұсыну;
6) абоненттің абоненттік қондырғысын ұялы байланыс операторының желісіне қосу;
7) ұялы байланыс желісінің жұмысын лицензиямен және техникалық нормативтермен сәйкестігін қамтамасыз ету;
8) ұялы байланыс қызметін көрсету туралы шартқа көрсетілген ұялы байланыс қызметін көрсету;
9) ұялы байланыс қызметін көрсету туралы шартта белгіленген мерзімде ұялы байланыс қызметтерін көрсету;
10) ұялы байланыс операторының желісіне қосылған абоненттік қондырғының және (немесе) абоненттің бірдейлендірген картасының зақымдануы (жойылуы) немесе жоғалуы (ұрлануы) туралы абоненттен жазбаша немесе ауызша хабарлама (ауызша хабарлама жасаған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша хабарлама ұсыну) түскен жағдайда ұялы байланыс қызметін көрсетуді уақытша тоқтату;
11) абоненттің жазбаша хабарламасы кезінде ұялы байланыс операторының кінәсінен байланыс болмаған жағдайда абоненттік төлемнің есебі қайта жүргізіледі;
12) ұялы байланыс операторы желісін пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсету барысында байқалған кемшіліктерді жою;
13) егер де ұялы байланыс операторы желісінің құрал-жабдығының істен шығуы салдарынан абонентке ұялы байланыс қызметін көрсетпеген жағдайда жасалған шығынды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеу;
14) ұялы байланыс операторының желісіндегі желі жұмыстарының тоқтауына әкеп соққан ірі авариялар туралы ақпаратты және аварияны жоюдың болжамды мерзімі туралы байланыс пайдаланушылары мен абоненттеріне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау;
15) байланыс құрал-жабдығына профилактикалық қызмет көрсетуге байланысты оның жартылай немесе толық ажыратылуы және осындай жұмыстардың жүргізілу мерзімі туралы абоненттерге мәлімдеу;
16) абоненттерге ұялы байланыс қызметтеріне тарифтердің өзгергені туралы, кешенді тарифтік жоспарлардың өзгергендігі туралы, жеке ақылы байланыс қызмет көрсетулерінің тоқтатылуы туралы, жаңа тарифтік жоспарлардың енгізлуі туралы қолданысқа енгізілгенге дейінгі отыз күнтізбелік күнде хабарлау;
17) абоненттің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша жауап жіберу;
18) абонентке (келесі есептік кезеңнен бастап) ұялы байланыс қызметінің есебін шартта көрсетілген мекен-жайға жеткізу;
19) абонентке ұялы байланыс қызметтері үшін артық алған ақшалай қаражаттарын қайтаруға немесе оларды байланыс қызметтеріне алдын ала төленді деп санау;
20) қосымша ақысыз келісім шартты қайта рәсімдеуді жүргізу:
жеке тұлғалар үшін - аты-жөнін, тегін, әкесінің атын, тіркелу орнын өзгертуіне;
заңды тұлғалар үшін – ұйымдық-құқықтық формаларын, ұйымның фирмалық атауының, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік деректемелерінің, почталық мекен-жайының және орналасу орнының өзгеруіне, атқарушы органның өзгеруіне байланысты жүргізіледі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде қаралған басқа жағдайларда;
21) pri-paid пакеттерінің иелері енгізілген абоненттердің электрондық анықтамасын жүргізу, сондай-ақ абоненттердің кіріс және шығыс қосылыстары туралы ақпаратпен біріктірілген есептік кесте жүргізу( күні, уақыты,сөйлесу ұзақтығы, абоненттік құрылғылардың сәйкестендірілген деректері);
-
түрлі ұялы байланыс операторлары абоненттерінің арасындағы әртүрлі қысқа хабарламаларды беру мүмкіндігін қамтамсыз ету;
-
ұялы байланыс операторының біреуінен басқасына көшуі кезінде абонентік нөмірдің техникалық мүмкіндігінің сақталуын қамтамасыз ету;
-
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес абоненттердің жеке деректерін құпия сақтау;
-
ұялы байланыс желісін ұялы байланыс операторымен ұсынылатын байланыс қызметтері туралы және ұялы байланыс операторы жөніндегі хабарламаға сәйкес қатаң түрде тек тікелей тағайындалуы бойынша қолдану;
32. Ұялы байланыс операторымен ұсынылатын ұялы байланыс операторы жөніндегі және байланыс қызметтері туралы мынадай мәліметтер болады:
1) байланыс операторының фирма атауы, оның пошталық мекен-жайы, оның байланыс пайдаланушыларымен және абоненттермен өзара әрекет ететін құрылымдық бөлімшелерінің атауы, олардың орналасқан жері, жұмыс тәртібі мен байланыс телефондары;
2) өкілетті органмен байланыс операторына берілген лицензияның (лардың) нөмірі және қолданылу мерзімі;
3) ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың шарттары мен тәртібі;
4) ұялы байланыс қызметттерін ұсынудағы шектеулер;
5) тарифтік жоспарлар, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтері мен ұялы байланыс қызметтерін ұсынудағы жеңілдіктер;
6) ақысыз ұялы байланыс қызметтерінің тізімі;
7) ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеудің мерзімдері мен нысандары;
8) абоненттердің өтініштерін қараудың тәртібі;
9) абоненттің талап-тілектерін қараудың тәртібі;
10)ұялы байланыс жүйесінде қолдануға рұқсат етілген абоненттік қондырғылар тізімі және оларды тіркеу тәртібі;
11) анықтама және жөндеу қызметтерінің телефон нөмірлері;
12) басқа қажетті ақпарат.
Аталған ақпарат көрнекі және қол жетерлік нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде байланыс пайдаланушылары мен абонентермен өзара әрекет етуші байланыс операторларының қызметтері арқылы байланыс пайдаланушылары мен абоненттерге жеткізіледі.
33. Байланыс операторы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, бір жақты тәртіппен байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі шартты бұзуға құқылы емес.
34. Байланыс операторы абоненттің өтінішінсіз ақы үшін көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуға құқылы емес. Абоненттік қондырғының клавиатурасынан қосымша қызметтерді активтендіруге, сондай-ақ бір тарифтік жоспардың шектерінде тарифтерді өзгерту мүмкіндігін қарастыратын тарифтік жоспарлар бойынша байланыс қызметтерінің тарифтерін өзгертуге жол беріледі. Мұндай жағдайда Абоненттің байланыс операторына абоненттік қондырғының клавиатурасы арқылы қосымша байланыс қызметтерін алу немесе байланыс қызметтерінің тарифтерін өзгерту туралы өтініш жасауы, және осы өтінішті байланыс операторының қабылдауы абоненттің байлыныс қызметін ұсыну немесе байланыс қызметтері үшін тарифтерді өзгерту туралы жазбаша өтінішіне теңестіріледі.
35. Байланыс операторы кешендерге – тарифтік жоспарларға біріктірілген қызметтерді есепке алмағанда, бір қызмет түрлерін ұсынуды басқа қызметтерді міндетті түрде ұсыну талабымен байланыстыра алмайды.
36. Байланыс операторы тәулік уақытын есепке алумен, күндізгі және түнгі тарифтерді енгізе келе ұсынылатын байланыс қызметтерінің түрлі бағасын белгілей алады.
37. Байланыс жүйелерінің нөмірлеу жоспарының өзгеруіне байланысты абоненттік нөмірлерді ауыстыру байланыс операторымен осындай ауыстырудың себебі туралы абоненттерді алдын ала хабарлай келе қосымша төлемді өнідірусіз жүзеге асырылады. Абоненттік нөмірлердің жаппай өзгеруі кезінде байланыс операторы пайдаланушыларды алдын ала бұқаралық ақпарат құралдары арқылы отыз күн бұрын хабардар етеді.
38. Қажет болған жағдайда абонент:
1) байланыс операторынан келесі ақпаратты алуға:
ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың мәні, мазмұны мен ерекшеліктері туралы;
көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы мен байланыс операторы желісінің қызмет көрсету аймағы туралы;
байланыс операторының желісінде жұмыс істеуге арналған сертификатталған абоненттік құрылғылардың түрлері, радиотелефон аппаратын пайдаланудың ерекшеліктері туралы;
ұялы байланыс қызметтерін ұсыну шартын жасаудың тәрітібі туралы;
тапсырыс берілетін және алынатын байланыс қызметтеріне төлем жасау тәртібі, көрсетілген ұялы байланыс қызметтері үшін есеп айырысулардың ерекшеліктері туралы;
өтініштерді, талап-тілектерді тапсыру мен оларды қараудың тәртібі туралы, ұялы байланыс оператор қызметтерінің жұмыс тәртібі туралы;
2) ұялы байланыс жүйесін радиотелефон әңгімелесулерін жүргізу үшін, рұқсат етілген жүктемелердің шектерінде осы Ережелермен белгіленген кез келген әдіспен ақпаратты табыстау үшін пайдалануға;
3) байланыс операторына ағымдағы айдың 25-күніне дейін тиісті жазбаша өтініш тапсырып, егер тарифтік жоспардың ауысуы байланыс операторы белгілеген нөмірленумен байланысты емес болса, бір тарифтік жоспарды басқасына ақысыз ауыстыру жүзеге асырылады. Қолданыстағы тарифтік жоспардың орнына абонент тапсырыс берген тарифтік жоспар бойынша байланыс қызметтері кезекті календардық айдың бірінші күнінен бастап ұсынылады;
4) егер тарифтік жоспардың ауыстырылуы нөмірлеуді өзгертумен байланысты болса ауыстыруға дейін бір күннің ішінде байланыс операторына тиісті жазбаша өтінішті тапсырып қосымша ақыға, бір тарифтік жоспарды басқасына ауыстыру жүзеге асырылады. Қолданыстағы тарифтік жоспардың орнына абонент тапсырыс берген тарифтік жоспар бойынша байланыс қызметтері тиісті өтінішті тапсырғаннан кейінгі келесі күні ұсынылады;
5) ұялы байланыс операторымен келісім-шартта қарастырылған шарттарға сәйкес байланыс операторының жүйесіндегі абоненттік нөмірді ауыстыру жүзеге асырылады;
6) байланыс операторына тиісті жазбаша өтінішті ұсынып, абонент қолданатын тарифтік жоспарға сәйкес абоненттік құрылғылар мен берілген абоненттік нөмірлердің қолданылатын санын арттыруға немесе азайтуға, ұялы байланыс операторы жаңа абоненттік құрылғыны қосу кезінде егер де ол ұялы байланыс стандарты талаптарында қаралған болса абоненттік қондырғыны тестілеуді жүргізеді;
7) есептеудегі қате болған, абоненттің өтнішінсіз ақылы байланыс қызметтерін ұсынылған, сондай-ақ байланыс операторының кінәсі бойынша байланыс әрекет етпеген кезеңде абоненттік төлемді қайта есептеген жағдайда байланыс қызметтерін пайдалану үшін төлемдерді қайта есептеуді талап етуге, сонымен қатар осы қызметтерді пайдалану үшін төленген сомаларды қайтаруды талап етуге;
8) көрсетілген байланыс қызметтерінің сапасына, байланыс операторының қызметтері мен қызметкерлерінің жұмысындағы кемшіліктерге, есептеу кезіндегі қателіктерге наразылық білдіруге;
9) қосымша ұялы байланыс қызметтерін ұсыну туралы өтініш беруге;
39. Абонент:
1) абоненттік құрылғыны қолдану тәртібін сақтауы;
2) белгілі аумақта (әуежай, ұшақ және т.б.) қолданылатын талаптарды, сондай-ақ кедергілер немесе қауіпті жағдайды туғызатын жағдайлардағы (медициналық мекемелер, отынды сақтау және тиеу аумақтары, жарылыс жұмыстарын өткізу жерлері және т.б.) шектеулерді сақтауы;
3) ұялы байланыс қызметі туралы шартта белгіленген мерзімдерде және уақытында, ұсынылған байланыс қызметтері үшін төлемдерді енгізуге;
4) абоненттік құрылғының (абонентті бірдейлендірілген картасының) зақымдалуы (жойылуы), жоғалуы (ұрлануы) туралы, тез арада жазбаша немесе ауызша түрде байланыс операторына оны ерікті бұғаттау үшін хабарлау керек. Оператордың бұғаттау кезіне дейін Абонент жоғалған абонентті бірдейлендірілген картасының ұялы байланыс қызметін төлеу бойынша барлық міндеттеріне жауапты.
Байланыс операторына ауызша хабарлау кезінде абонент өзінің абоненттік номерін хабарлайды.
5) ұялы байланыс операторына пошталық хат-хабарды қабылдау мекен-жайының өзгеруі туралы кідіріссіз жазбаша түрде хабарлауы қажет.
40. Абонент абоненттік құрылғысының клавиатурасынан активтендірген қосымша қызметтер активтендіру кезінен бастап ұсынылады.
41. Абоненттің шарттан бас тартқан жағдайында абонент байланыс операторына бас тарту кезіне дейін ұсынған байланыс қызметтері үшін ол көтерген іс жүзіндегі шығындарды (абоненттік төлем, ұсынылған байланыс қызметтері үшін төлем және т.б.) қайтарады. Сондай-ақ абонент бұл туралы жазбаша бір ай алдын ала хабарлауы қажет.
42. Абонент абоненттік құрылғыны осы Ережеде және келісім-шартта қарастырылмаған басқа мақсатта пайдалана алмайды.
5- тарау. Ұялы байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар
43. Бірдей тарифтік жоспарлар бойынша ұсынылатын қызметтердің бағалары барлық абоненттер үшін бірдей болып табылады. Радиотелефондық қосылыс үшін төлем, егер ол жүзеге аспаса, өндірілмейді.
44. Ұсынылатын ұялы байланыс қызметтерінің тарифтері ұлттық валютамен белгіленеді.
45. Абоненттің радиотелефондық қосылысты төлеуі үшін байланыс операторы жүйесінің есептік аппаратурасының радиотелефондық қосылыс туралы деректері негіз болып табылады.
46. Абонент пайдаланған байланыс қызметтері, оларды пайдаланудың уақыты, олардың ұзақтығы мен бағасы туралы, басқа абоненттердің абоненттік нөмірлерімен барлық шығыс қосылыстары туралы ақпарат ағымдағы есептік кезеңде өтеусіз ұсынылады.
47. Ұялы байланыс қызметтерін пайдалану кезінде қосылыстың ұзақтығы шақырылатын абоненттік нөмір бойынша байланыс операторы жүйесінің автожауап берушілерінен басқа кез келген тұлғаның немесе абоненттік құрылығының немесе басқа байланыс операторының базалық абоненттік станциясының жауап берген сәтінен бастап тоқтату (абоненттік құрылғының клавиатурасында сөйлесудің аяқталуы тетігін басу) сәтіне дейін есептелінеді. Жауап беру сигналы шақырылатын абоненттің жауабына теңестірілетін және тиісті қосылыстың тарификациялауының басталуын білдіретін абоненттік құрылғыларға жататындары:
1) шақырылатын абоненттік құрылғыға қызмет көрсететін басқа байланыс операторының коммутациялық абоненттік станциясы;
2) байланыс операторы жүйесінің нөмірді анықтаушысын есепке алмағанда, автоматты нөмір анықтаушысына ие абоненттік құрылғы;
3) автожауап берушімен жабдықталған абоненттік құрылғы;
4) факсимильді аппарат;
5) модем.
48. «Конференц-байланыс», «шақырысты күту» қызметтерін қолдану кезінде шақырушы абонент байланыстың барлық қатысушыларымен қосылыстардың құнын төлейді.
49. «Шақырысты қайта мекен-жайлау» қызметін пайдалану кезінде абонент қолданылатын тарифтік жоспарға сәйкес байланыс операторының қызметтеріне ақы төлейді.
50. Автоматты және әкімшілік роуминг кезінде абонент шақырыстың жеткізілуінің құнын төлейді.
51. Ұялы байланыс операторы осы Ереженің 44 тармағының талаптарын ескере отырып сөйлесулерді тарификациялау үшін тарифтік бірлікті, оның құнын және толық емес тарифтік бірліктің есепке алынуы мен төленуінің тәртібін белгілейді. Радиотелефондық қосылыстың ұзақтығын есептеу байланыс операторы бекіткен тарифтік бірлікке сәйкес жүргізіледі және осы тарифтік бірліктің шектерінде көп жағына қарай дөңгелектенеді.
52. Кез келген радиотелефондық қосылыстың тарификациялануы осы кездегі қолданылатын тарификациялау бірлігінің бағасы бойынша жүзеге асырылады.
53. Радиотелефондық қосылыстың құны қосылыстың орнаған сәтіндегі тарифтік бірліктердің саны бойынша сөйлесудің ұзақтылығынан және қосылу аяқталғанға дейін анықталады.
54. Абонент алған ұялы байланыс қызметтерінің және басқа қызметтердің құны есептік кезең бойынша, яғни барысында байланыс қызметтері көрсетілген (жұмыс атқарылған) уақыт кезеңі бойынша сомаланады.
55. Абоненттің байланыс қызметтеріне ақы төлеуі тиісті тарифтік жоспар және келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады, бұл жағдайда абоненттің таңдауына қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың нысандары қолданылады.
56. Абонент таңдаған тарифтік жоспарға сәйкес байланыс операторы есеп айырысулардың келесі тәртібін жүзеге асырады:
-
Есеп айырысулардың несиелік тәртібі;
-
Есеп айырысулардың аванстық тәртібі.
57 . Есеп айырысудың несиелік тәртібінде абонент байланыс қызметтерін несиеге пайдалан а алады және оларды есептік кезеңнің барысында төле йді. Байланыс операторы ұялы байланыс операторының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес абонентке ай сайын шотты ұсынады.
58. Есеп айырысулардың аванстық тәртібінде абонент байланыс операторының қызметтерімен тек байланыс операторының шотына байланыс қызметтерін төлеуге жеткілікті сомалардың түсуінен кейін ғана пайдалану құқығына ие болады. Байланыс операторы оның шотына оператор анықтайтын сомалардың түсуіне дейін абонентке байланыс қызметтерін ұсынбайды. Байланыс қызметтерін аванстық есеп айырысу тәртібімен алу кезінде авонентте байланыс операторының алдында берешек пайда болуы мүмкін. Ол дербес шотта ақша қаражаттарының аяқталған сәтінде абонент байланыс операторы оның табиғи аяқталуына дейін үзбейтін радителефондық сөйлесуді жүргізетіндігіне байланысты пайда болады. Осының нәтижесінде пайда болатын абоненттің оператордың алдындағы берешегі келесі аванстық төлемдердің есебінен өтеледі;
Абоненттік нөмір абоненттің дербес шотында ақша қаражаттарының біткен сәтінен кейінгі алпыс күнтізбелік тәуліктің барысында абонентте сақталады. Абонентке оның дербес шотынан ақша қаражаттарын қайтару байланыс қызметтерінің Шартын бұзғаннан кейін жүргізіледі. Абонентке тиісті ақшалай қаражаттарды қайтару абоненттің қайтару туралы өтнішін тіркеу сәтінен кейінгі отыз күнтізбелік күнінің ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
59. Байланыс опрераторы көрсетілген ұялы байланыс қызметтері мен басқа қызметтер үшін артық алған ақшалай қаражаттар болған жағдайда байланыс операторы абонентке оның жазбаша өтінішінің негізінде есеп айырысудың қолма қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысандарын қолдана келе артық алынған ақша қаражаттарын қайтаруға немесе оларды байланыс қызметтерін төлеуді авансылау ретінде есепке алуға міндетті.
60. Егер абоненттік құрылғының және(немесе) абоненттің бірдейлендірген картасының байланыс операторы жүйесінен айырылуы абоненттің осы Ережелерді бұзуымен байланысты емес жағдайлар бойынша жүзеге асырылса, абонент барлық жағдайларда айырылу уақытына сәйкес келетін уақыт кезеңіндегі абоненттік төлемді және басқа ай сайынғы төлемдерден босатылады. Абоненттің абоненттік қондырғысының және(немесе) абоненттің бірдейлендірген картасының оператор жүйесінен айырылуы бір айдан көп болса бұл жайында ұялы байланыс операторына жазбаша хабарлануы қажет.
61. Абонент пайдаланған ұялы байланыс қызметтері мен есеп айырысу кезеңінің ішіндегі алынған қызметтердің құны туралы ақпарат байланыс операторымен осы Ереженің 17 тармағындағы белгіленген мерзімнің ішінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |