6. 5-міндет: теңгерімделген экономикалық ортаны ұстап тұру және экономикадағы кредиттік тәуекелдерді төмендету
1. Экономиканың нақты секторының ашықтығын арттыру.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар айқындылығы деңгейінің төмендігі, сондай-ақ корпоративтік басқарудың дамымай қалуы қаржы институттары үшін әлеуетті кредиттік тәуекелдер деңгейінің ұлғаюына әкеліп, қор нарығының дамуын тежейді, сондай-ақ мемлекеттің салық саясатының тиімді жүзеге асырылуына кедергі келтіреді.
Бұл ретте салық төлеудің толықтығы мен уақтылылығы бойынша тексеру рәсімдері ғана емес, сонымен қатар айқындылықты арттыру нәтижесінде бизнес алатын нақты пайданы көрсету арқылы ақпаратты шынайы ашуға кәсіпорындарды уәждемелеу қажет. Сонымен қатар дұрыс жолға қойылған корпоративтік басқару экономикадағы тәуекелдерді төмендету құралдарының бірі бола алады.
2. Қаржы нарығы субъектілерінің тарапынан нарықтық тәртіпті көтеру және корпоративтік басқаруды жетілдіру.
Қаржы нарығына қатысушылардың ақпаратты ашуы тұтынушылар үшін оның операциялық және қаржы көрсеткіштері, тәуекелге ұшыраушылығы, тәуекелді бағалау процестері және тиісінше, мекеме капиталының жеткіліктілігі туралы ақпарат негізінде қаржы институтын дербес таңдауға мүмкіндік жасайды, бұл болашақта клиенттердің бейілдігіне оң ықпал етеді.
Қаржы ұйымдары корпоративтік басқаруды жетілдіру процесін үнемі жүргізіп отыруға тиіс. Бұл ретте, банктерде директорлар кеңесі бекіткен және ашылатын ақпараттың сипатының анықтамасына банктің тәсілін сипаттайтын ақпаратты ашудың ресми саясаты, сондай-ақ оны ашудың барысына ішкі бақылау болуы тиіс. Оның үстіне, банктер ақпаратты ашудың негіздемесін және кезеңділігін қоса алғанда, оның заңдылығын бағалау процесін енгізуге міндетті.
Сонымен қатар, банктерде тәуекелдің әрбір түрі бойынша стратегияларды және процестерді; тәуекелді басқарудың тиісті функциясы бар ұйымның құрылымы мен схемасын; тәуекелдің есептілігі және/немесе өлшеу жүйесінің аясы мен сипатын; тәуекелді хеджирлеу және/немесе төмендету саясатын, сондай-ақ тәуекелді хеджирлеу немесе төмендету құралдарының тиімділігін үнемі бақылау стратегиясы мен процестерін қамтитын тәуекелді басқарудың саясаты болуға тиіс.
Ақпаратты ашу банктік тәуекелдер туралы нарықты ақпараттандырудың тиімді құралы болып табылады және түрлі институттарды анағұрлым тиімді салыстыруға мүмкіндік беретін ақпаратты ілеспелі және түсінікті ашудың тетігін қамтамасыз етеді. Ақпаратты ашу қаржы институтының қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтын дамыту.
Жеке бизнесті дамытуды ынталандыру бойынша, сондай-ақ бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша экономикалық саясаттың мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтын әрбір қатысушының тәуекелдерін, оның ішінде мына бағыттар бойынша қатаң шектей отырып одан әрі дамыту қажет:
мемлекеттік (мемлекеттің басымды даму бағдарламаларын, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды орындау мақсатында экономиканың нақты секторын ынталандыруға, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істеуін жалғастыру мақсатқа сай), оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы ұлттық басқарушы холдингтерінің қатысуымен қолдау;
жекешелік қолдау (Қазақстан Республикасының өңірлерінде шағын және орта бизнеске ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну үшін отандық және шетелдік бизнестің ірі өкілдері венчурлік қорларды немесе еншілес компанияларын құру қажет);
борышкерлерді санациялау (Қазақстан Республикасы Үкіметін анағұрлым белсенді тарта отырып, себебі қарыз алушының өздерінің, мысалы, ауыл шаруашылы тарапынан төлем қабілеттілігі проблемасы орын алады);
кредиторлар мен қарыз алушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, борышты өндіріп алудың соттан тыс тетігін заңнамалық деңгейде жетілдіру, бұл соттардың жұмысын жеңілдетуге ықпал етіп, борышты құнын жоғалтпастан қайтару мерзімін қысқартады (құжаттамалық және рәсімдік тұрғыдан нақты нысандандырылған сот тәртібіне қосымша, бірақ қарыздар бойынша міндеттемелердің орындалуы ұзақ).
4. Кредиттік шешім қабылдау барысында қарыз алушыны бағалау процесін күшейту.
Кредиттік шешім қабылдау барысында қарыз алушының жағдайын бағалау қарыз алушының өзінің деректерін бағалау негізінде ғана емес, сонымен қатар, бағаланатын факторлардың анағұрлым кең спектрін, мысалы, саладағы экономикалық ахуалды бағалауды, бәсекеге қабілеттілікті бағалауды және басқаларды қамтитын болады.
5. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың
күтілетін нәтижелері
Қаржы нарығын дамытудың түйінді көрсеткіштері бойынша 2020 жылға қарай мынадай нысаналы бағдарларға қол жеткізу жоспарланып отыр.
Банктердің активтері мұнай емес ЖІӨ-нің кемінде 80 %-ын, несие портфелі – мұнай емес ЖІӨ-нің кемінде 60 %-ын құрайды, бұл олардың экономиканы, әсіресе мемлекеттік даму бағдарламаларында қаржыландыруға қатысуын кеңейтуді болжайды. Осы мәндер шетел банктерінің қазақстандық нарыққа көлемді өктемдік саясатын шектеу, отандық қаржылық жүйені сақтау және отандық банктерге шетелдің қаржы институттарының кіруін толық ырықтандырудан отандық банктердің шығындарын төмендету үшін ең аз қажеттіліктер деп бағаланады.
Алайда банк секторы бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізілмейді деген тәуекелдер, ең алдымен, ірі отандық кәсіпорындардың, әсіресе мемлекеттің қатысуымен және сыртқы нарықтарда даму институттарының көлемді қарыз алуларымен байланысты. Нәтижесінде отандық банктік жүйе шағын және орта бизнес және халық үшін ғана сұранысқа ие болып қалып отыр, себебі олардың әлеуеті активтердің белсенділігін «көпіршіксіз» айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермейді.
Нарық бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2-2,5 есе ұлғаяды. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі халықтың бөлшек ерікті сақтандыруды, оның ішінде өмірді жинақтап сақтандыруды қамтуды кеңейту есебінен ұлғаятын болады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының өсуі тұтыну бағалары индексінің артуы және сақтандыру объектілері санының ұлғаюы есебінен қолдау табады.
Акциялар нарығын ЖІӨ-ге қатысты капиталдандыру «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру және жаңа IPO корпоративтік эмитенттермен жүргізу шартымен екі есе ұлғаяды.
Ислам банктерінің үлесі Қазақстан Республикасының банктік жүйесі активтері көлемінің 3-5 %-ын құрайды.
АӨҚО Азияның жетекші он қаржы орталығының тобына кіреді.
2020 жылға жоспарланып отырған қаржы нарығын дамытудың түйінді нысаналы көрсеткіштері қаржылық делдалдық тереңдігінің, тұтынушыларға көрсетілетін қаржы қызметтерінің көлемі мен сапасының қаржы секторының негізгі сегменттерінде шекара ашу жағдайларында шетелдік ойыншылармен бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін өсуін болжайды.
Қаржы жүйесін 2030 жылға дейін дамытудың түпкілікті көрсеткіштерін белгілеу ұсынылған қаржылық үлгі нәтижелеріне негізделетін болады. Сондықтан тиісті бағдарларды белгілеу 2020 жылы қол жеткізуге жоспарланып отырған нәтижелерге қол жеткізуге негізделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының міндеттерін қабылдау және іске асыру
Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіргеннен кейін және БЭК аумағында ортақ қаржы нарығы құрылғаннан кейін «қаржылық шекараны» ашу жағдайында 2020 жылдан кейін қаржы нарығының сегменттерін сапалы дамыту
үшін негіз қалайды. Тұтынушылардың ауқымды көлеміне қаржылық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Олардың қаржылық сауаттылығын арттыру, мүдделерінің қорғалуы және
қаржы нарығына қатысушылардың жинақтарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Осының барлығы Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған
30 елінің қатарына кіруі үшін қосымша жағдайларды қамтамасыз етеді.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қаржылық делдалдық тетіктерінің, оның ішінде әлемнің озық тәжірибесінің дамуына қарай түзетілетіндігін атап өткен жөн.
6. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру болжанып отырған нормативтік құқықтық актілердің және бағдарламалық
құжаттардың тізбесі
Тұжырымдаманы іске асыруды мына нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз ету болжанып отыр.
-
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
-
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).
-
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексі.
-
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі).
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы»
2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы»
2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Міндетті экологиялық сақтандыру туралы»
2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»
2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
-
Тиісті кезеңге бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспары.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |