Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 50, 534-құжат
Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, осы қаулы қабылданған сәттен бастап екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен келiсiлген көрсетiлген Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
N 1284 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны
Кiрiспе
1. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асырудың негiзгi қорытындылары
1.1. Ақша-кредит саясатының құралдарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ елдерiнiң стандарттарына жақындату
1.2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
1.3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалаудың бiрыңғай органын құру және дамыту
1.4. Кредиттiк мекемелердi дамыту
1.5. Тұрғын үй ипотекалық кредит берудi оңтайландыру және кеңейту
1.6. Кредиттiк бюроны құру
1.7. Екiншi деңгейдегi банктерде жеке тұлғалардың салымдарына, мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiн дамыту
1.8. Сақтандыру нарығын дамыту
1.9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
1.10. Зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру
1.11. Почталық-жинақ жүйесiн дамыту
1.12. Даму институттары
2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басымдықтары
2.1. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарының контексiнде республиканың қаржы секторын дамытудың ұзақ мерзiмдi көкжиегi
2.2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеңiне арналған мақсаттары мен мiндеттерi
2.3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамыту
3. Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаты
3.1. Қаржы секторын мемлекеттiк басқаруды нығайту және оның сапасын арттыру
3.2. Мемлекеттiк органдар мен қаржы секторы институттарының өзара iс-қимылы
3.3. Теңдестiрiлген ақша-кредит және фискалдық саясаты және олардың негiзгi құралдарының тиiмдiлiгiн арттыру
3.4. Қазақстанда бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн дамыту және жетiлдiру
3.5. Қаржы нарығына және қаржы құралдарына қатысушыларға салық салуды жетiлдiру
3.6. Төлем жүйелерiн дамыту
3.7. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
3.8. Халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы хабардар болу деңгейiн арттыру және олардың қол жетiмдiлiгiн арттыру
3.9. Қаржы нарығы үшiн кәсiби кадрлар дайындау
3.10. ЕурАзЭҚ және басқа ықпалдасу одақтары шеңберiнде Қазақстан қаржы секторының халықаралық қарым-қатынастарын тереңдету
4. Қаржы секторын дамытудың негiзгi бағыттары
4.1. Кредиттiк ұйымдарды дамыту
4.1.1. Банк секторы
4.1.2. Банктiк емес ұйымдардың секторы
4.2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
4.3. Сақтандыру секторы
4.4. Валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы
4.4.1. Валюта нарығы
4.4.2. Бағалы қағаздар нарығы
4.5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде мiндеттерi және оны дамыту
5. Қаржы лизингi
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап, мыналарды:
қаржы секторын мемлекеттiк реттеудiң бағыттарын және тәсiлдерiн;
қаржы секторын дамытудың басым бағыттарын;
оларды iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды айқындау мақсатында әзiрлендi.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап әзiрлендi және қаржы секторын дамытудың негiзгi басымдықтарын, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттiк реттеудiң бағыттарын және тәсiлдерiн айқындайды.
Осы Тұжырымдаманың шеңберiнде айтылған мемлекеттiк саясаттың басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру жөнiндегi стратегиялық мақсатқа сәйкес қалыптастырылды. Бұл бағыттағы маңызды аспектi экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттiгiн қанағаттандыратын және еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететiн қаржы жүйесiнiң жұмыс iстеуi шарттарын қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы ұйымдарының және қаржы секторының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру қажеттiлiгi болып табылады.
Сонымен бiрге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың реттiлiгi және сабақтастығы принципi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң бұрын белгiлеген бастамашылығы ескерiлген.
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 753 Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын iске асырудың негiзгi қорытындылары қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасының негiзгi мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттiгiн қанағаттандыратын және еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететiн тұрақты және тиiмдi жұмыс iстейтiн қаржы жүйесiн қалыптастыру болды. Осыған байланысты Тұжырымдаманың мақсаттары мен мiндеттерiне сүйене отырып, мынадай негiзгi iс-шаралар жүзеге асырылды.
1.1. Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ елдерiнiң стандарттарына жақындату
Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ елдерiнiң стандарттарына жақындату мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мынадай негiзгi шараларды iске асырды.
1. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын тоқсан сайын қайта қарауды және белгiлеудi iс жүзiнде қолданылу енгiзiлдi, ол валюталық өтiмдiлiктi, инфляцияны және т.б. реттеу жөнiндегi негiзгi аспаптардың бiрi ретiнде пайдаланылатын болды.
Осылайша, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасы 9%, екiншi деңгейдегi банктерден тартылатын депозиттер бойынша 4% деңгейiнде қалыптасып отыр.
Ұлттық Банктiң операциялары бойынша ставкаларды арттыру нәтижесiнде банкаралық ақша нарығында және банктердiң кредиттерi бойынша ставкаларды арттыру күтiлуде, мұның өзi өз кезегiнде кредиттiк белсендiлiктiң және ақша агрегаттарының өсу қарқынын баяулатуға әкеп соқтыруға және, түпкi қорытындысында инфляцияның деңгейiн төмендетуге тиiс.
2. Ең төменгi резервтiк талаптарды есептеу әдiстемелерi жетiлдiрiлдi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 2006 жылғы 27 мамырдан бастап "Ең төменгi резервтiк талаптар туралы ереженi бекiту туралы" және "Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгiлеу туралы" жаңа редакциядағы қаулылары қабылданды.
Алдыңғы редакциямен салыстырғанда мiндеттемелер құрылымы бөлiгiнде өзгерiстер көзделедi, ол бойынша екiншi деңгейдегi банктер ең төменгi резервтiк талаптардың және есептiлiктi беру тәртiбiнiң нормативтерiн орындауға мiндеттi болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша екiншi деңгейдегi банктер үшiн банктiң iшкi мiндеттемелерiне 6 % және банктiң өзге де мiндеттемелерi үшiн 8 % деңгейiнде ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi белгiлендi.
Ең төменгi резервтiк талаптарды қатаңдандыру жөнiндегi көрсетiлген шаралар банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және елдiң iшкi борыш нарығын дамытуға оң әсер етедi деп ұйғарылып отыр.
1.2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
Ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына өту және елдiң валюта нарығын дамыту мақсатында неғұрлым тартымды және экономикалық жағынан ақтаған валюталық операцияларға қатысты жекелеген шектеулердi алып тастауға себепшi болған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 130 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Бiрiншi кезеңдi iске асыруды табысты аяқтау және капиталдың қозғалысына қойылатын шектеулердi алып тастаудың басталған процесiн жалғастыру үшiн экономикалық алғышарттарды сақтап қалу 2005 жылы екiншi кезең шеңберiнде валюталық режимдi белсендiрек ырықтандыруға мүмкiндiк бердi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 705 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған валюталық режимдi ырықтандыру жөнiндегi iс-шаралар 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгiзiлген "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында iске асырылды.
Заңды қолданысқа енгiзумен:
банктер мен сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын тiкелей инвестицияларды, шет елге инвестицияларды лицензиялау жойылды.
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы шет елге инвестициялауды жүзеге асыру тәртiбi айтарлықтай жеңiлдетiлдi;
заңды тұлғалардың шет елдегi шетелдiк банктерде шоттар ашуын лицензиялауды жою процесi басталды;
резидент еместерге қаржы қарыздарын беруге, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығына ақы төлеуге резидент еместердiң пайдасына аударымдарға қатысты лицензиялау жойылды.
Бұл ретте капиталдың жоғары шапшаңдығы және экономиканың iшкi және сыртқы күйзелiстерге осалдығы жағдайларында Үкiметтiң және Ұлттық Банктiң валюталық операцияларға заң жүзiнде ресiмделген арнайы рұқсат беру режимiн енгiзу құқығы арқылы экономикалық сипаттағы төтенше жағдайларға әсер ету аспабы сақталады.
1.3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалаудың бiрыңғай органын құру және дамыту
Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеу жүйесiн реформалау шеңберiнде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдеде қабылданған "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Заңы негiзiнде қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалайтын бiртұтас мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) құрылды.
1.4. Кредиттiк мекемелердi дамыту
Банк секторын одан әрi дамыту, сондай-ақ Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру мақсатында банк қызметi саласында мынадай iс-шаралар жүргiзiлдi.
1. Шағын бизнес пен микробизнестiң көлеңкеден шығуын ынталандыру мақсатында кредиттiк мекемелердi дамыту шеңберiнде банктерден, банк қызметiнiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттiк ұйымдардан тұратын кредит берудiң үш деңгейлi жүйесi жасалды, олардың қызметiн регламенттейтiн қажеттi заңнамалық актiлер қабылданды.
2. Микрокредиттiк ұйымдар жүзеге асыратын операциялар лицензияланатын қызмет түрлерiнен алып тасталды, мұның өзi микрокредит берудi дамытуға оң түрткi болды.
3. Банктiк қызметтер нарығындағы бәсекелестiктiң деңгейiн арттыру үшiн банктiк емес ұйымдарды реттеу жүйесiн ырықтандыру жөнiнде iс-шаралар өткiзiлдi, олар тұтастай алғанда олардың қызметiне, оның iшiнде лицензиялау, бөлiгiнде шамадан тыс мемлекеттiк ықпалды төмендету мәселелерiн көздейдi. Банктердiң филиалдарын, резидент банктердiң өкiлдiктерiн, резидент емес банктердiң өкiлдiктерiн ашуға Агенттiктiң (мiндеттi түрде хабарлау шартымен) алдын ала келiсiмiн беру рәсiмдерi жойылды, мұның өзi оларды ашудың рәсiмдерiн оңайлату болып табылады.
4. "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы әзiрленiп, қолданысқа енгiзiлдi. Осы Заңда банкке және онымен байланысты конгломераттың басқа да қатысушыларына әсер ететiн тәуекелдердi шектеу үшiн "банк конгломератын" реттеу енгiзiлдi, банктiң iрi қатысушысы және банк холдингi мәртебесiн алуға, оның iшiнде iрi қатысушының және банк холдингiнiң меншiктi құрылымының айқындылығына қойылатын талаптар күшейтiлдi, банктiң және банк холдингiнiң инвестициялық қызметi шектелдi, шоғырландырылған қадағалау туралы Заңның ережелерiн iске асыру үшiн қажеттi заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды. Бұл шаралар банк секторының және тұтастай алғанда Қазақстан қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге себепшi болады.
5. Банк жүйесi қызметiнiң айқындылығы мақсатында Банк қызметiнiң ашықтығын арттыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау туралы меморандум әзiрленiп, банктерге қол қоюға ұсынылды, мұнда банктiң нақты меншiк иелерi туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тiзбесi туралы, банктiң аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмiлелер туралы, банк бизнесiн дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердiң ашуы көзделедi.
Агенттiк Меморандумды екiншi деңгейдегi 17 банктiң қарауына жiбердi. 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Меморандумға екiншi деңгейдегi 16 банк қол қойды.
Бұл екiншi деңгейдегi банктер иелерi құрылымының айқындылығы мен жариялығының деңгейiн арттыруға себепшi болады және қаржы секторы тұрақтылығының деңгейiн арттырудағы маңызды аспектi болып табылады.
6. Қуатты қаржылық инфрақұрылымды жасауға және ұлттық қаржы жүйесiне деген сенiмдi арттыруға көмек көрсету мақсатында 2004 жылдың соңында Агенттiк Қаржы нарығында жүйелi тәуекелдер арта түскен кезде жедел iс-әрекеттер сызбасын әзiрледi және бекiттi.
Еуропалық Одақтың стандарттарын және Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң, Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығының, Бағалы қағаздар жөнiндегi комиссия халықаралық ұйымының халықаралық қадағалау стандарттарының одан әрi енгiзiлуiн ескере отырып, нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде қаржы ұйымдарының қызметiн, осы ұйымдардағы тәуекелдердi басқару жүйесiн, шоғырландырылған қадағалауды пруденциалдық реттеу бөлiгiнде қабылданды.
7. Қазақстанның банк секторын реттеудi халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiн "Капиталды және капитал стандарттарын есептеудiң халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurement аnd Capital Standards) (Базель II) Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң капиталдың барабарлығы келiсiмiне өтудi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс атқарылды.
1.5. Тұрғын үй ипотекалық кредит берудi оңтайландыру және кеңейту
Ипотекалық кредит берудiң және тұрғын үй жинақ ақшасының бұқара халыққа қолжетiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мiндеттердi шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды.
Көрсетiлген бағдарлама шеңберiнде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ (бұдан әрi - ҚИК) Қолжетiмдi тұрғын үйге ипотекалық кредит берудiң арнайы бағдарламасын қабылдады. Осы арнайы бағдарлама мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ҚИК-тiң банктермен және банктiк емес ұйымдармен одан әрi өзара іс-қимылдарының мәселелерiн регламенттейдi.
Тұтастай алғанда, ипотекалық кредиттер халыққа қолжетiмдiрек болды. Нәтижесiнде, жеке тұлғаларға 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде тұрғын үй сатып алуға берiлген қарыздар тиiсiнше 37,7 млрд. теңгеден 275,3 млрд. теңгеге дейiн артты. Бұл ретте, ипотекалық компаниялардың жиынтық несие қоржыны 2004 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 16,7 млрд. теңгеден 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 68,3 млрд. теңгеге дейiн артты.
Республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 7 ипотекалық ұйым жұмыс iстейдi. Ипотекалық ұйымдардың қызметiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштердiң артуы байқалды. Жиынтық активтердiң сомасы 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 75,3 млрд. теңгені құрады, жиынтық мiндеттемелер 62,0 млрд. теңгеге дейiн жеттi, меншiктi капиталдың мөлшерi 13,3 млрд. теңгенi құрады.
1.6. Кредиттiк бюроны құру
Банктiк қызмет көрсету деңгейiн арттыру, халықтың банкке және басқа да қаржы ұйымдарына деген сенiмi, қарыз алушылар мен банктердiң мүдделерiн қорғау жөнiндегi кепiлдiктердi жасау, кредиттiк қызметтер нарығында тәуекелдердi азайту мәселелерiн шешу үшiн 2004 жылы 6 шiлдедегi Заңымен қабылданған "Қазақстан Республикасында кредиттiк бюро және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикадағы алғашқы кредиттiк бюро құрылып, жұмыс iстейдi. Осылайша, белгiлi бiр дәрежеде кредиттiк қызметтер нарығының аса айқындылығы мен сенiмдiлiгi, кредит алған кезде ақпаратты жинауға байланысты кредиттiк ұйымдардан қарыз алушылар шығыстарының азаюы проблемалары шешiлдi.
1.7. Екiншi деңгейдегi банктерде жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiн дамыту
Салымшылардың мүдделерiн қорғаудың деңгейiн арттыру екiншi деңгейдегi банктерде депозиттерге кепiлдiк беру жүйесiнiң тиiмдiрек жұмыс iстеуi нәтижесiнде мүмкiн болды. Осы мақсаттарға орай үстiмiздегi жылы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерде депозиттерге мiндеттi түрде кепiлдiк беру туралы" Заңы қабылданды, ол мәжбүрлеп таратылатын банктiң салымшылары болып табылатын жеке тұлғаларға депозиттердi қайтарып беру жөнiндегi сөзсiз кепiлдiктердi айқындайды. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсынымдарына сәйкес кепiлдiк берген өтеудiң ең төменгi мөлшерi өстi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының салымдарына ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушылар 33 екiншi деңгейдегi банк болып табылады, халықтың банк секторына деген сенiмi артты, мұның өзi банктердiң депозит базасының ұлғаюына себепшi болды, 2004 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың банктердегi салымдарының көлемi 73,8%-ға ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына 596,8 млрд. теңгенi құрады. Осы кезеңде салымдарды қорғау жүйесi депозиттердi сақтандырудың негiзгi халықаралық стандарттарының барлығына дерлiк, атап айтқанда ХВҚ және Қаржы тұрақтылығының форумы ұсынған стандарттарға сәйкес келедi.
1.8. Сақтандыру нарығын дамыту
Елдiң сақтандыру нарығын дамыту саласында сақтандырудың бiрқатар мiндеттi түрлерi енгiзiлдi, сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры, мемлекеттiк аннуитеттiк компаниясы, экспорт-импорт кредиттерiн сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шетелдiң қатысу мүмкiндiгi кеңейтiлдi.
Нәтижесiнде, республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарында 37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, 12 сақтандыру брокерi және 30 актуарий жұмыс iстейдi.
Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтерi 2003 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткiштермен салыстырғанда 5,9 есе ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына 73,3 млрд. теңгенi құрады, сақтандыру резервтерi 2,5 есе ұлғайды (32,1 млрд. теңге).
Сақтандыру сыйақыларының көлемi 2006 жылдың 1 қаңтарына 67,1 млрд. теңгенi құрап, 2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көрсеткiштен 2,9 есе асып түстi. Бұл ретте, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемi 10,8 есе (13,0 млрд. теңге), ерiктi жеке сақтандыру бойынша - 4 есе (7,8 млрд. теңге) және ерiктi мүліктік сақтандыру бойынша 2,4 есе (46,3 млрд. теңге) ұлғайды.
Қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру сыйақыларының сомасы 26,7 млрд. теңгенi немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемiнiң 39,7 %-ды құрады, резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемiнiң 35,2 % берілді (2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша - 68,1 %).
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2 698,6 мың сақтандыру шартты қолданыста, оның 61,0 % мiндеттi сақтандыру түрлерi жөнiндегi шарттар құрайды. Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелердiң жалпы көлемi (сақтандыру сомасы) 13 883,8 млрд. теңгенi құрайды.
Қазiргi уақытта сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнде 31 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс iстейдi.
1.9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
Бағалы қағаздар нарығын дамыту және инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы халықтың (кәсiби емес инвесторлардың) ақшасын тарту тетiктерiн жетiлдiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Жаңа редакциядағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңы мен "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы қабылданды. Нормативтiк құқықтық базаны қабылдау қаржы құралдарына инвестиция жасау мүмкiндiктерiн кеңейттi, жаңа қаржы құралдары пайда болды.
Корпоративтiк бағалы қағаздар нарығындағы қолданыстағы шығарылымы бар акционерлiк қоғамдардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2 300 қоғамды құрады, нарықта 62 делдал-дилер, 18 тiркеушi, 11 кастодиан банк, зейнетақы активтерiне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым, 28 инвестиция қоржынын басқарушы жұмыс iстейдi.
Тiркелген үлестiк инвестициялық қорлардың саны 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде 2-ден 45-ке дейiн ұлғайды. Бұл ретте, қарастырылып отырған кезеңдегi үлестiк инвестициялық қорлардың жиынтық активтері 32 есе ұлғайып, 12 311 млн. теңгенi құрады.
1.10. Зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру
Қазақстанның барлық халқы үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру, салымшылардың және алушылардың құқықтарын қорғау, зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының спектрiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулысымен Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.
Бағдарламаны iске асыру кезiнде мынадай нәтижелерге қол жеткiзiлдi. 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстейдi, олардың республика өңiрлерiнде 77 филиалы мен 77 өкiлдiгi бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды 11 ұйым жүзеге асырады, олардың iшiнде 3 жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн дербес басқаруға лицензиясы бар.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарының (бұдан әрi - шот) саны 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде 41 % ұлғайып, 7 613 369 бiрлiктi құрады. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны жинақталған зейнетақының жалпы сомасы 479,9 млн. теңгеден тұратын 32 336 бiрлiктi құрады.
Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақылары 2006 жылдың 1 қаңтарына 648,6 млрд. теңгенi құрады, ол 2003 жылдың қаңтарынан бастаған кезеңде 2,4 есе ұлғайды. Зейнетақы активтерiн (комиссиялық сыйақыларды алып тастағанда) инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына бөлiнген "таза" инвестициялық табыстың сомасы 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 155,1 млрд. теңгенi құрады, мұның өзi 2003 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткiштен 2,0 есе артық. Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақының жалпы сомасындағы "таза" инвестициялық табыстың үлесi 23,91 % құрайды.
Сонымен қатар, 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң номиналдық табысының орта өлшемдi коэффицентi 2003 жылғы маусым мен 2006 жылғы маусымды қоса алғандағы кезеңге 18,92 %-ды құрады. Бұл ретте, көрсетiлген кезеңге жинақталған инфляция деңгейi 22,62 %-ды құрады.
Осылайша, маңызды мәселе жол берiлген тәуекел деңгейiне сәйкес зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кiрiстiлiктi арттыру болып қалады, сондықтан, осы бағыттағы жұмыс алдағы кезең шеңберiнде жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |