«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі149.24 Kb.
#175021




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 257 бұйрығына

1-қосымша   

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:


  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

  2. жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін (порталда ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;

ХҚКО-ға:

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;

ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде рәсімделіп, басып шығарылып.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізілсе, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



    1. ХҚКО-ға:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);

2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін порталға:

электрондық сұрау нысанындағы өтініш.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы, жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

ХҚКО-ның қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғыртып, көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларды қайтарады.

Өтініштің қабылдануын:

ХҚКО-ға - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаты болып табылды;

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) ұсыну кезінде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

ХҚКО бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды қызмет берушіге әрі қарай сақтау үшін тапсырады. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.

Порталда электронды сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бойынша қолма-қол беріледі.

Қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар


  1. Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш беру жолымен ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz;

ХҚКО-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kzорналастырылған.



  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

  2. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 .

«Қазақстан Республикасының

аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан



___________________________________________________________________'>___________________________________________________________________

(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама

Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

___________________________________________________________

(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)




Мұрағаттық мекенжай: Архивный адрес:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қала /облыс атауы, аудан атауы, ауылдық округінің атауы, елді мекен атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Өзгертілді:

Изменен на:



Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қала /облыс атауы, аудан атауы, ауылдық округінің атауы, елді мекен атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайдың тiркеу коды: Регистрационный код адреса:







Объектінің сипаттамасы:

Описание объекта:









Объектінің санаты:

Категория объекта:









Кадастрлық нөмiр: Кадастровый номер:







Өзгерістерді тiркеу күнi:

Дата регистрации изменения:









Негіздеме құжат: Документ основание:







Берілген күні: Дата выдачи:











__________________________________________________________________

(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы анықтама

Справка о присвоении адреса объекту недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

___________________________________________________________

(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)




Тұрақты/ алдын ала тiркеу жекенжайы:

Постоянный/предварительный адрес регистрации:



Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қала /облыс атауы, аудан атауы, ауылдық округінің атауы, елдімекен атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса:







Объектінің сипаттамасы:

Описание объекта:









Объектінің санаты:

Категория объекта:









Кадастрлық нөмiр: Кадастровый номер:







Тiркеу күнi:

Дата регистрации:









Негіздеме құжат: Документ основание:







Берілген күні: Дата выдачи:








___________________________________________________________________

(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы анықтама

Справка об упразднеии адреса объекту недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

___________________________________________________________

(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)




Тұрақты/ алдын ала тiркеу мекенжайы:

Постоянный/предварительный адрес регистрации:



Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қала /облыс атауы, аудан атауы, ауылдық округінің атауы, елді мекен атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса:







Объектінің сипаттамасы:

Описание объекта:









Объектінің санаты:

Категория объекта:









Кадастрлық нөмiрі: Кадастровый номер:







Жойылу күні: Дата упразднения:







Негіздеме құжат: Документ основание:







Берілген күні: Дата выдачи:






«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


Нысан





Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың бас сәулетшісіне________________________

__________________________________

(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)

__________________________________

(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

мекенжайы__________________________ (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)

байланыстары________________________

(электрондық мекенжайы, тел.)





Өтініш
_______________________________________________________________

________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

___________________________________________________________________

(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)

____________________________________________________________________

мекенжай(ын) нақтылауды, беруді, жоюды сұраймын.

(қажеттісінің астын сызыңыз)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20__ жылғы «___» _________

_____________________

(Қолы)


«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


нысан
__________________________________________

(Тегі, аты, болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

____________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:



  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________

Телефоны:___________________



Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет