Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы



Дата20.06.2016
өлшемі222.34 Kb.
#149576
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ


"Егемен Қазақстан" 03.07.2014 ж. № 129 (28353); "Казахстанская правда" от 03.07.2014 г. № 129 (27750); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң мемлекеттiң мүлiктi, оның iшiнде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөнiндегi бiржолғы акция өткiзуiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкiн декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүлiктi жария еткенi үшiн алым – осы Заңда белгiленген, мүлiктi жария етудi өткiзгенi үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлем;
      2) мүлiктi жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген не тиiстi емес тұлғаға ресiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi;
      3) мүлiктi жария етудi өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiктi (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi комиссия;
      4) мүлiктi жария ету субъектiлерi (бұдан әрi – жария ету субъектiлерi) – мүлкiн осы Заңда белгiленген тәртiппен жария ететiн Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
      5) тиiстi емес тұлға (бұдан әрi – басқа тұлға) – алған кiрiстерiн жасыру мақсатында жария ету субъектiсiнiң кiрiстерiнен сатып алынған мүлiктiң меншiк иесi ретiнде әрекет еткен тұлға;
      6) мүлiктi жария ету туралы декларация (бұдан әрi – арнайы декларация) – жария ету субъектiлерiнiң осы Заңда белгiленген жағдайларда мемлекеттiк кiрiс органдарына қағаз жеткiзгiште тапсыратын декларациясы.
      Жария ету субъектiлерi арнайы декларацияны мемлекеттiк кiрiс органына:
      1) келу тәртiбiмен;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.
      Арнайы декларацияны тапсыру тәсiлiне қарай:
      1) келу тәртiбiмен – мемлекеттiк кiрiс органы арнайы декларацияны алған күн;
      2) пошта арқылы – мемлекеттiк кiрiс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгi қойылған күн мемлекеттiк кiрiс органына ұсынған күн болып табылады.
      Арнайы декларацияның нысанын, оның iшiнде онда көрсетiлуге жататын мәлiметтердi, оны толтыру тәртiбiн салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылық етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
      Бұл ретте жария ету субъектiсi осы Заңда белгiленген арнайы декларацияны тапсыру тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн, сондай-ақ жария етiлетiн мүлiкке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттiк кiрiс органы себебiн көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бередi.
      Мемлекеттiк кiрiс органы жария ету субъектiсiне жазбаша бас тартуды жiбермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның күшi 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздерiне тиесiлi болған және өздерi алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектiлерiне қолданылады.
      2. Осы Заңның күшi осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге заңды күшiне енген, орындалмаған:
      1) 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң осы тармақшада көрсетiлген баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлiктi жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасауда олар кiнәлi деп танылған соттың үкiмi;
      2) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысы бар тұлғаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3-бап. Мүлiктi жария ету ерекшелiктерi



      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлiк:
      1) ақша;
      2) бағалы қағаздар;
      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi (бұдан әрi – қатысу үлесi);
      4) оған құқық немесе ол бойынша мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiгiнен басқа);
      5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
      6) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жария етуге жатады.
      Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектiсiмен өзiне тиесiлi материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi бар басқа да ұйымдарға мүлiктi (трасты) сенiмгерлiк басқаруға берiлген мүлiк те жария етiлуге жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген:
      1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттiң конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауiпсiздiгiне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделерiне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртiбiне, сот төрелiгiне және жазаларды орындау тәртiбiне қарсы қылмыстарды жасау;
      2) экологиялық, көлiктiк, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда), оның iшiнде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;
      3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкiлердi, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;
      4) инсайдерлiк ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлiк жария етуге жатпайды.
      3. Сонымен қатар:
      1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлiк;
      3) кредиттер ретiнде алынған ақша;
      4) мемлекет пайдасына берiлуге жататын мүлiк;
      5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру шеңберiнде құрылысы бюджет қаражаты есебiнен аяқталған жылжымайтын мүлiк объектiлерiндегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.
      4. Осы Заңның мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiк болып айқындалатын мүлiкке ұқсас мүлiк Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк болып танылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi

      Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету үшiн құжаттарды беру мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
      Өзге де мүлiктi жария ету үшiн құжаттарды беру мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және жария ету мерзiмi өткенге дейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аяқталады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      5-бап. Осы Заңмен ұсынылатын кепiлдiктер



      1. Жария ету субъектiлерi:
      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, егер бұл әрекеттер жария етiлген мүлiктi сатып алуға (сатып алу көздерiн қалыптастыруға), пайдалануға не оған билiк етуге байланысты болса, 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190 (тыйым салынған қызмет түрлерiнен басқа), 191, 193 (1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақшаны немесе мүлiктi жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықтан;
      2) егер бұл әрекеттер жария етiлген мүлiктi сатып алуға (сатып алу көздерiн қалыптастыруға), пайдалануға не оған билiк етуге байланысты болса, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптары бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаның активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның кiрiстерi және мүлкi туралы декларацияны, оның iшiнде жұбайының (зайыбының) тапсырмағаны немесе осындай декларациялардағы мәлiметтердi толық емес, анық емес түрде бергенi, оның iшiнде жұбайының (зайыбының) бергенi үшiн тәртiптiк жауапкершiлiктен босатылады.
      2. Мүлiктi жария ету фактiсi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi жүргiзу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәлiметтер сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзу, жария ету субъектiсiне және (немесе) басқа да адамға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртiптiк iс жүргiзу үшiн негiз ретiнде пайдаланыла алмайды.
      3. Мүлiктi жария ету фактiсi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi жүргiзу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәлiметтер, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қылмыстық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс шеңберiнде және (немесе) тәртiптiк терiс қылықта осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құқық бұзушылықты жасауда жария ету субъектiсiнiң кiнәлi екендiгiне дәлелдемелер ретiнде пайдаланыла алмайды.
      4. Жария ету субъектiсi құжаттардың көшiрмелерiн және (немесе) оларды дәлелдемелер ретiнде қылмыстық iске, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қоса тiркеу үшiн мүлiктi жария ету фактiсiне байланысты мәлiметтердi ұсынуға құқылы. Осы дәлелдемелердi қоса тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
      5. Мүлiктi жария етудi жүргiзу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктiк және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Мұндай мәлiметтер мен құжаттардың сақталу және оларға қолжетiмдiлiк режимiн тек мүлiктi жария етудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, ұйымдар ғана қамтамасыз етедi. Мүлiктi жария етудi жүзеге асырмайтын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар мұндай мәлiметтер мен құжаттарға рұқсат алуға құқылы емес. Мұндай мәлiметтер мен құжаттар жария ету субъектiсiнiң өзiнiң сұрау салуы бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда ғана талап етiлуi мүмкiн.
      6. Арнайы декларациядағы мәлiметтердiң құпиялылығына осы Заңда көзделген кепiлдiктi қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган арнайы декларациялар мен құжаттардың және (немесе) арнайы декларацияға қоса берiлетiн мәлiметтердiң орталықтандырылған сақталуын жүзеге асырады.
      7. Мүлiктi жария ету рәсiмiн өткiзуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ мәлiметтердi алған және (немесе) өздерiне белгiлi болған мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерi, оның iшiнде комиссия мүшелерi мұндай мәлiметтер мен ақпараттарды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, көрсетiлген органдар мен ұйымдарда жұмыс iстеу кезеңiнде, сонымен қатар өздерi жұмыстан шығарылғаннан кейiн де таратуға құқылы емес.
      Жария ету рәсiмiн өткiзу шеңберiнде алынған мәлiметтердi жоғалту, не мұндай мәлiметтердi жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      8. Мүлiктi жария еткен жария ету субъектiсiне қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, тәртiптiк терiс қылықтар бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс және тәртiптiк iс қозғалмайды, ал қылмыстық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзу және тәртiптiк iс жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтатылуға жатады.
      9. Осы Заңда көзделген кепiлдiктер тек жария етiлген мүлiк шегiнде ғана ұсынылады және жария ету субъектiсi және (немесе) басқа тұлға 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн жасаған әрекеттерге қолданылады.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

      1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):
      1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны;
      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттерi шет мемлекетте тiркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тiркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерiн (бұдан әрi – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндiрiлiп алынады.
      2. Алым:
      1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен жария етiлетiн ақша сомасының
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның iшiнде басқа тұлғаға ресiмделген, арнайы декларацияда көрсетiлген мүлiк құнының он пайызы мөлшерiнде төленедi.
      3. Мынадай:
      1) мемлекеттiк кiрiс органдары арнайы декларацияны қабылдаудан бас тартқан;
      2) жария еткенi үшiн алымды төлеу бойынша мiндеттемелер болмаған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргiзiлмейдi.
      Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      7-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына


              сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының
              аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етудi
              ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы
              ережелер

      1. Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгiленбесе, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету комиссияға жария ету субъектiлерiнiң мынадай құжаттарды:


      1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi жүргiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);
      2) өтiнiш беру кезiнде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшiрмесiн;
      3) объектiнiң құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестiгi тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексерудi жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
      4) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын беруi арқылы жүргiзiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды жария ету субъектiлерi жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi бойынша комиссияға ұсынады.
      3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi жария ету мерзiмi iшiнде жария ету субъектiлерiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы нақ сол бiр жылжымайтын мүлiкке қайтадан өтiнiш беруге құқығы жоқ.
      4. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетiле отырып, мынадай:
      1) осы Заңда белгiленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
      2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазарту мен түзетулер болған;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.
      Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшiн негiз болған себептер жойылған кезде осы Заңда белгiленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету мерзiмi iшiнде жария ету субъектiсi қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
      5. Өтiнiштi комиссия өтiнiш берiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
      6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етудiң жүргiзiлуiн ұйымдастыру қағидаларын, жария етiлген мүлiктi тiзiлiмге енгiзу тәртiбiн және оның нысанын, комиссия туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      7. Осы Заңда белгiленген талаптар сақталған кезде комиссия осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiмде:
      1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарады;
      2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi жария ету субъектiсiне бередi;
      3) мәлiметтердi жария етiлген мүлiктiң тiзiлiмiне енгiзедi.
      8. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк осы Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде осындай мүлiктi жария етуден бас тартуды комиссия шешiм қабылдау арқылы жүзеге асырады.
      9. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк комиссия жария ету туралы шешiм шығарған күннен бастап жария етiлген болып саналады.
      10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк жария етiлген жағдайда мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге қажеттi құжаттарды ресiмдейдi.
      11. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етiлген жылжымайтын мүлiк бойынша ұсынылған мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етiлген жылжымайтын мүлiктi ресiмдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектiлерi дербес көтередi.
      12. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектiсi туралы ақпаратты комиссия жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға ұсынады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және жүргiзу


              тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда (бұдан әрi – екiншi деңгейдегi банктер), Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде жеке ағымдағы банктiк шот (бұдан әрi – ағымдағы шот) ашады.


      2. Ақша мынадай тәртiппен:
      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етiлуге жатады.
      Шетел валютасының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайды;
      2) екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етiлетiн ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етiлуге жатады.
      Бұл ретте алым мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейiн төленуге тиiс.
      3. Жария етiлетiн ақшаны ағымдағы шотқа енгiзген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектiсiне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгiзiлген (аударылған) ақша сомасының мөлшерiн растайтын анықтама бередi.
      4. Ағымдағы шотқа ақша енгiзiлгенiн (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшiрмесi немесе осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген жағдайда – алым төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi қоса берiлген арнайы декларацияны тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етiлдi деп саналады.
      5. Жария ету субъектiлерi өз қалауы бойынша жария етiлген ақшаларға, оның iшiнде:
      1) қазақстандық қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздарға;
      2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен оларға билiк етуге құқылы.
      6. Ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
      Ақшаны жария ету рәсiмiмен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектiлерi дербес көтередi.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      9-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары


              жерлердегi, оның iшiнде басқа тұлғаға ресiмделген
              мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

      1. Жария ету субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi, оның iшiнде басқа тұлғаға ресiмделген мүлкi (ақшадан басқа) мынадай:


      1) осы Заңда белгiленген тәртiппен алымды төлеу;
      2) жария етiлетiн мүлiктiң атауын, оның құнын және орналасқан жерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.
      Бұл ретте төленген алым арнайы декларацияда көрсетiлген жария етiлген мүлiктiң құнынан есептелген алым мөлшерiне мiндеттi түрде сәйкес болуға тиiс.
      2. Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәлiметтер:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) жария ету субъектiсiнiң мүлiкке не басқа тұлғаның мүлiктi жария ету субъектiсiне бергенге дейiнгi оған меншiк құқығын белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса берiледi.
      Бағалы қағаздарды, қатысу үлесiн жария еткен жағдайда жария ету субъектiсi меншiк құқығын растайтын шет мемлекеттiң тиiстi органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкiн;
      3) шет мемлекеттiң қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектiсiне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлiкке меншiк құқығын өтеусiз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      4) алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      5) жария ету субъектiсiнiң қалауы бойынша қоса берiлетiн, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәлiметтер арнайы декларацияға қоса берiледi.
      Арнайы декларацияға қоса берiлетiн құжаттар және (немесе) мәлiметтер қазақ немесе орыс тiлiнде ресiмделген болуға немесе нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасы болуға тиiс.
      3. Осы бапта көрсетiлген мүлiк жария ету субъектiсiнiң тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етiлдi деп саналады.
      4. Ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы және анықтығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi жария ету рәсiмiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектiлерi дербес көтередi.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектiсiне


               ресiмделген Қазақстан Республикасының аумағындағы
               мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

      1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектiсi басқа тұлғаға немесе жария ету субъектiсiне ресiмделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы.


      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi жария ету жария ету субъектiсiнiң тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргiзiледi.
      3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәлiметтер:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) жария етiлетiн мүлiкке жария ету субъектiсiнiң меншiк құқығын белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      3) басқа тұлғаның жария ету субъектiсiне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлiктi өтеусiз немесе өзге де нысанда меншiк құқығын бергенi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      4) жария ету субъектiсiнiң қалауы бойынша қоса берiлетiн, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәлiметтер қоса берiледi.
      4. Басқа тұлғаға ресiмделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектiсiнiң меншiк құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiк жария ету субъектiсiнiң тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етiлдi деп саналады.
      6. Ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы және анықтығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi жария етудiң рәсiмiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектiлерi дербес көтередi.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10-1-бап. Жария ету субъектiсiне салықтық рақымшылық


                 жасау

      1. Салықтық рақымшылық жасау жария етiлген ақшаны, жария етiлген мүлiктi (құрылысты) сатып алу үшiн қаражатты қалыптастыру көзi болып табылатын жария ету субъектiсiнiң кiрiсiне, сондай-ақ мүлiктi жария еткенге дейiн пайдаланудан (билiк етуден) түскен кiрiстерге (бұдан әрi – жария ету субъектiсiнiң кiрiсi) осы Заңда көзделген тәртiппен жария ету субъектiсi мүлiктi жария ету кезiнде қолданылады.


      2. Салықтық рақымшылық жасау деп осы Заңмен белгiленген тәртiппен мүлiк пен ақшаны жария еткен жағдайда – жария ету субъектiсiнiң 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi кезеңде алған кiрiсi жөнiнде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектiсiнiң салық мiндеттемесiн тоқтату түсiнiледi.
      3. Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке табыс салығының мөлшерi:
      1) өтiнiште немесе арнайы декларацияда көрсетiлген жария етiлген мүлiктiң (ақшадан басқа) құнының
      2) арнайы декларацияда көрсетiлген ақша сомасының
      3) мүлiктi жария еткенге дейiн оны пайдаланудан (мүлiкке билiк етуден) алынған кiрiс мөлшерiнiң он пайызы мөлшерiнде айқындалады.
      4. Жария ету субъектiсiнiң салық мiндеттемесi осы бапта белгiленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.
      5. Ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы және анықтығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
      Салықтық рақымшылық жасау рәсiмiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектiлерi дербес көтередi.
      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      11-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына


              сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының
              аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ету

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк
              объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың
              ерекшелiктерi

      Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      13-бап. Мүлкiн жария еткен жария ету субъектiлерiн
              жауаптылықтан босату

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      14-бап. Қылмыстық iстердi қозғаудан бас тарту, қылмыстық
              iстердi және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
              iстердi тоқтату

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      14-1-бап. Мүлiктi репатриациялау

      Осы Заңда көзделген кепiлдiктердi беру, егер тиiстi мүлiк оны жария еткен күнi:


      1) ақшаны жылыстатуға қарсы күрестiң қаржылық шараларын әзiрлеу тобының (ФАТФ) ұсынымы орындалмайтын және (немесе) толық дәрежеде орындалмайтын;
      2) салық салу мақсаттары үшiн ақпарат алмасу жөнiндегi нормаларды қамтитын халықаралық шарт жасалмаған мемлекетте (аумақта) орналасқан жағдайларды қоспағанда, арнайы декларацияда көрсетiлген мүлiктi Қазақстан Республикасының аумағына қайтару фактiсiне байланысты болмайды.
      Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      15-бап. Осы Заңда белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн


               жауаптылық

      1. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерiнiң осы Заңда белгiленген талаптар мен кепiлдiктердi бұзуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылығына әкеп соғады.


      2. Жария ету субъектiлерiнiң осы Заңда белгiленген талаптар мен шарттарды бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мүлiктi және (немесе) кiрiстi жария ету нәтижелерiн жоюға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      16-бап. Комиссия қабылдаған шешiмдерге қатысты құқық


              мирасқорлығы және өкiлдiк

      Комиссияның мүдделерiн, оның iшiнде комиссия қызметiнiң тоқтатылған кезiнен бастап мүдделерiн бiлдiрудi жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.


      Құқық мирасқорына мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешiм шығарған мүлiкке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкiлеттiктерi ауысады.

      17-бап. Шағым жасау тәртiбi

      Комиссияның, мемлекеттiк кiрiс органының шешiмдерiне, сондай-ақ мүлiктi жария етудi өткiзу кезiндегi өзге де әрекеттерге (әрекетсiздiкке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      17-1-бап. Арнайы ережелер

      Осы Заңның ережелерi, қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi жария етуге (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы мiндеттемелердi, сондай-ақ «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының және оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн қоса алғанда, ешқандай түрде ешқандай да ерекшелiктердi көздемейдi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн қозғамайды және шектемейдi.
      Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                            Н. Назарбаев.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, 


оралмандарға және Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың 
мүлiктi жария етуiне байланысты     
рақымшылық жасау туралы» Қазақстан   
Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 213-V Заңына 1-қосымша        
__________________________
(өтiнiш берiлетiн орган)
__________________________

Мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған
ӨТIНIШ
(екi данада толтырылады)

      Т.А.Ә._________________________________________________________


_____________________________________________________________________
      ЖСН____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тұрғылықты жерi________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат:
      түрi _____________________, сериясы ___________________________
      № _________ берiлген күнi _____________________________________
_____________________________берген.      

Жария етiлетiн мүлiктiң тiзбесi

Мүлiктiң құны
(мың теңге)

Орналасқан мекен-жайы




























Мүлiктiң жиынтық құны







      Өтiнiшке мынадай құжаттарды (атауы, сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бердi) қоса беремiн:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(күнi, айы, жылы) (өтiнiш берушiнiң қолы) (өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)__________________________________________________________________________________________________________________________________________
        (өтiнiштi қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)__________________________________________________________________________________________________________________________________________
                     (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)

      М.О. Өтiнiш қабылдаған күн:


      20 ___ жылғы «____» _________

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, 


оралмандарға және Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың 
мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық
жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы 
Қазақстан Республикасының Заңына    
2-қосымша                

Жария ету үшiн ағымдағы банктiк шотқа ақша
енгiзiлгенiн/аударылғанын растау туралы
АНЫҚТАМА

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Анықтама берiлген күн 20___жылғы «___»_________

Банк/Ұлттық пошта операторы _________________________________________


_____________________________________________________________________
          (банктiң/Ұлттық пошта операторының толық атауы)
жария ету субъектiсi ________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат
_____________________________________________________________________
       (№, кiм және қашан берген), тұрғылықты жерi, ЖСН)
20____ жылғы «___» ___________ ағымдағы банктiк шотқа _______________
_____________________________________________________________________
        (цифрлармен және толық жазылады, валютаның түрi)

сомасында ақша енгiзгенiн/аударғанын куәландырады.

Т.А.Ә./Қолы _________________________________________________________
               (Банктiң/Ұлттық пошта операторының уәкiлеттi адамы)

Мөр бедерi (болған жағдайда)_________________________________________


                               (Банктiң/Ұлттық пошта операторының)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет