§5. Бақылау ұшуы және жермен жүру
304. Егер осы үлгідегі ӘК үшін ПҚ-да өзгеше айқындамаса, ӘК-нің бақылау ұшуы (айналып ұшу) жерде орындалуы мүмкін емес жүйелер мен бұйымдардың жұмысын тексеру үшін, сондай-ақ ұшуда үш айдан астам үзілістен кейін әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы куәліктің (сертификаттың) қолданылу мерзімін ұзарту үшін жүргізіледі. ӘК бақылап ұшуды талап ететін міндетті жағдайлардың тізбесі пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
Пайдаланушы уәкілетті орган белгілейтін шектеулерді ескере отырып, міндетті жағдайлардың құрамына кірмейтін басқа жағдайларда да бақылау ұшуын орындау туралы шешім қабылдайды. Бақылау ұшуы Ұшу жөніндегі нұсқаудың, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес орындалады. Уәкілетті орган рұқсат берген мұндай біріктіруден басқа өндірістік тапсырмалар орындала отырып бақылау ұшуларын біріктіруге рұқсат етілмейді.
305. ТҚКЖ жөніндегі ұйым бақылау ұшуын жүргізудің жеке бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, онда бақылау ұшуының мақсаты, шарттары мен режимдері, тексеруге жататын параметрлер, сондай-ақ экипаж құрамы мен бақылау ұшуына қатысатын басқа қатысушылары көрсетіледі.
306. Бақылау ұшуына оның бағдарламасына сәйкес ТҚКЖ жөніндегі ұйымның – ӘК иесінің және басқа ұйымдар қатыса алады.
307. ӘК бақылау ұшуына дайындау ПҚ талаптарына және өндірістік тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады. ӘК-ге жедел қызмет көрсетуге арналған карт-нарядта және борт журналында: «Ұшақ (тікұшақ) бақылау ұшуына дайындалды. Ұшуға рұқсат беремін» деп жазылады. Карта-нарядта «Бақылау ұшуынын алдында» деген белгі болуы тиіс.
308. Бақылау ұшуында экипаж бен ұшуға қатысушы мамандар АТ жұмысына үнемі бақылау жүргізеді, бағдарламада көзделген хаттамаларда тексерілетін жүйелердің (бұйымдардың) параметрлерін (жұмыс ерекшеліктерін) тіркейді. Бақылау ұшуына әрбір қатысушы АТ жұмысында олар нормадан ауытқуларды анықтаған кезде бұл туралы ӘК командиріне дереу баяндайды, ауытқулардың болжамды себептері мен ұсынылатын іс-қимылдар туралы өзінің қорытындысын хабарлайды, ӘК командирінің рұқсатымен авиациялық техниканың қалыпты жұмысын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Ұшуда анықталған іркілістер мен ақаулар туралы борт журналында және бақылау ұшуында картасына жазылады.
309. Бақылау ұшуынан кейін ӘК-ге техникалық қызмет көрсету көлемі, жұмыстарды жүргізу мен техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі ПҚ талаптарында және өндірістік тапсырмада айқындалады. Көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған карта-наряд және оған қосымшада «Бақылау ұшуын орындағаннан кейін» деген белгі болуы тиіс.
310. Бақылау ұшуының нәтижелерін өңдеу оның бағдарламасына сәйкес деректерді толық жазу мен талдаудың қолданыстағы технологияларын қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау ұшуының нәтижелерін өңдеу материалдарын сараптауды пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым айқындайтын мамандар жүргізеді.
Сарапшылар АТ жұмысында ауытқулардың жоқ екендігін растаған жағдайда ТҚКЖ жұмыстарын орындап, ақауларды жоғаннан кейін ӘК-нің жарамдығы туралы қорытындыны жұмыстың тікелей басшысы мен олардың сапасына жалпы бақылауға жауапты маман береді.
Бақылау ұшуынан кейін орындалған ТҚКЖ жұмыстарына белгіленген тәртіппен карта-наряд, ӘК-нің борт журналы ресімделеді және бақылау ұшуының картасында тиісті жазбалар жүргізіледі.
311. Бақылау ұшуының ӘК командирі қол қойған картасы, бақылау ұшуына дейін және кейін орындалған ТҚКЖ жұмысына ресімделген карта-нарядтар негізінде әуе кемесінің формулярына көрсетілген ұшу туралы деректердің жазбасын жүргізіледі.
312. ӘК-нің бақылау жермен жүруі тұрақта орындалуы мүмкін емес жүйелер мен бұйымдардың жұмысын тексеру үшін жүргізіледі. ӘК-нің бақылау жермен жүруін талап ететін міндетті жағдайлардың тізбесі пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
Пайдаланушы ПҚ-да белгіленетін талаптар мен шектеулерді ескере отырып, міндетті жағдайлардың құрамына кірмейтін басқа жағдайларда да бақылау жермен жүруін орындау туралы шешім қабылдайды. Бақылау жермен жүруін азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ұйымдастыру (бұдан әрі - АА ҰЖҰ), ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, осы Қағиданың және оны жүргізу жөніндегі бекітілген бағдарламаның талаптарына сәйкес орындалады.
313. Пайдаланушы бақылау жермен жүруінің жеке бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, онда бақылау жермен жүруінің мақсаты, шарттары мен режимдері, тексеруге жататын параметрлер, сондай-ақ экипаж құрамы мен бақылау жермен жүруіне қатысатын басқа қатысушылары көрсетіледі.
Бақылау жермен жүруінің бекітілген бағдарламасы бақылау жермен жүру тапсырмасымен бірге ӘК экипажына беріледі.
314. ӘК-нің бақылау жермен жүруін дайындау ПҚ талаптарына, бақылау жермен жүру бағдарламасына және өндірістік тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады. ӘК-ге жедел қызмет көрсетуге арналған карта-нарядта және борт журналында: «Ұшақ (тікұшақ) бақылау жермен жүруге дайындалды. Жермен жүруіне рұқсат беремін» деп жазылады.Карта-нарядта «Бақылау жермен жүру алдында» деген белгі қойылады.
315. Бақылау жермен жүру бағдарламасының орындалғаны және оның нәтижелері туралы борт журналында жазылады.
Бақылау жермен жүруінен кейін ӘК-ге техникалық қызмет көрсету көлемі, жұмыстарды жүргізу мен техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі ПҚ талаптарында және өндірістік тапсырмада айқындалады. Көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған карта-нарядта және оған қосымшада «Бақылау жермен жүруді орындағаннан кейін» деген белгі қойылады. Бақылау жермен жүру бағдарламасын орындағаны туралы экипаждың қорытындысы бар ол карта-нарядқа қоса беріледі.
ТҚКЖ жұмыстарын орындап, ақауларды жойғаннан кейін ӘК-нің жарамдығы туралы қорытындыны жұмыстың тікелей басшысы мен олардың сапасына жалпы бақылауға жауапты маман береді.
12-тарау. Авиациялық техниканы игеру
§1. Авиациялық техниканы игеру жөніндегі жұмыстарды дайындау және жүргізу
316. Пайдаланушының, ТҚКЖ жөніндегі ұйымның жаңа АТ игеруі ұшуды қамтамасыз етудің барлық қызметтерінің ӘК-нің қауіпсіз ұшуын қамтамасыз етуге және оларды тиімді пайдалануға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін орындау болып табылады.
АТ игеру жөніндегі жұмыстар пайдаланушылар үшін ӘК-нің жаңа үлгілерін, (қазіргі игерілген АТ модификациясын қоса алғанда), арнайы жабдық пен авиациялық техниканың жай-күйін бақылау құралын алу кезінде жүргізіледі.
Пайдаланушыны, ТҚКЖ жөніндегі ұйымды игерілетін АТ пайдалануға дайындау мерзімі жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға дайындауға қатысушы ұйымдардың келісімінде айқындалады.
317. Жаңа АТ игеруге дайындау кезіндегі типтік жағдайда пайдаланушы, ТҚКЖ жөніндегі ұйым кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, онда орындауға қажетті тапсырмалар, ұшуды қамтамасыз етудің барлық қызметтері үшін жоспарланған жұмыстарды жүргізу мерзімі, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге орындауға жауапты лауазымды адамдар, олардың орындалғаны туралы баяндамалардың мерзімі айқындалады. Іс-шаралар құрамына:
1) мамандарды қайта үйретуді;
2) ИАҚ қажетті құрылымдық өзгерістерді;
3) өндірістік базаны (ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықты) дайындауды;
4) жаңа АТ пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін нақтылауды, жаңа техникалық құралдарына, материалдарға, қосалқы бөлшектерге және құжаттамаға қажеттіліктерді қанағаттандыру мәселелерін практикалық шешуді;
5) ИАҚ, ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметінің АТ игеру үшін айтарлықтай ерекше факторларын (базалық орналасу ерекшеліктері, техникалық жарақтануы, климаттық жағдайлары) анықтауды және дайындау бағдарламасында есепке алуды көздейтін жұмыстарды қамтиды.
§2. Авиациялық техниканы бақылауға бағынысты пайдалану
318. АТ бақылауға бағынысты пайдалану:
1) оған арналған ресурстар мен жұмыс істеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігін айқындау мен растау;
2) ТҚК режимдері мен техникалық пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау кезінде берілген нәтиже алуға кепілдік беретін дәлелдердің түпкілікті негіздемелері жоқ жаңа шешімдердің қолданылуын және тиімділігін тексеру мақсатында жүргізіледі.
319. АТ бақылауға бағынысты пайдалану АА ғылыми-зерттеу ұйымдарының және басқа ведомстволарының әдістемелік нұсқауымен уәкілетті орган бекіткен және пайдаланушымен және АТ әзірлеушілермен келісілген шешімдер (бағдарламалар, нұсқаулар) бойынша жүргізіледі.
Пайдаланушының АТ бақылауға бағынысты пайдалануды бастау алдында оның бөлімшелері мен мамандарын, бақылауға бағынысты пайдалануды регламенттейтін құжаттарды зерделеу мен тиісті жұмыстарды қамтамасыз етуді айқындайтын құжаттарды әзірлеу жүргізіледі.
3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін жөндеу
§1. Авиациялық техниканы жөндеуді жоспарлау, тапсырыс берушілерге тапсыру және зауыттық оны жөндеуге қабылдауы
320. Жөндеуаралық ресурсын (оның ішінде бірінші жөндеуге дейінгі) немесе жұмыс істеу мерзімін аяқтаған АТ, сондай-ақ ақауларын мен сынықтары себебінен пайдаланудан мерзімінен бұрын алынған, жөндеуден кейін мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды АТ жөндеуге жатады.
321. ӘК-ні жөндеу үшін (авиахимжұмыстары, санитарлық жұмыстар үшін және т.б.) жөндеу жүргізушіге келіп түскен белгіленген жабдықты, ұшу шарты бойынша борттағы жабдықты (үрмелі авариялық құтқару құралдары мен т.б.) жөндеу жүргізуші қабылдайды және жөндейді.
322. ӘК-нің орнатылған, жөндеуге келіп түскен қозғалтқыштар пайдалану құжаттамасына көзделген жағдайларда консервациялауға жатады.
§2. Авиациялық техниканы зауыттарда жөндеу
323. Жөндеуге қабылданған ӘК жөндеу қорының тұрағына орналастырылады, қажет болғанда арқандап байлайды, консервациялайды, пломбалайды және күзетке тапсырылады. Жөндеу қорының ӘК-ге техникалық қызмет көрсету жөндеу жүргізушінің пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жөндеу қорын, жөнделген ӘК, қозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды есепке алу мен сақтауды жөндеу жүргізуші қамтамасыз етеді.
324. АТ жөндеу, кіріс бақылауын, бөлшектеуді, дефектациялауды (диагностикалауды), техникалық жай-күйінің кондициондығын қалпына келтіруді, құрастыруды және сынауды қоса алғанда, оның барлық үдерістері нақты үлгідегі АТ жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаудың талаптарына (үлгі технологияларына) сәйкес жүзеге асырылады.
Үлгі технологиясында көзделмеген жөндеу жұмыстары жөндеу жүргізуші әзірлейтін, метрологиялық сараптауға және нақты үлгідегі АТ жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаудың әзірлеушісімен келісуге жататын технологиялық құжаттар бойынша орындалады.
325. АТ жөндеу жүргізу кезінде:
1) бюллетендердің талаптарына сәйкес АТ пысықтауларды орындау;
2) жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаудың және басқа жөндеу құжаттамасының талаптарын толық орындау;
3) жөндеу жүргізуге тиісті жұмыстарды орындауға ресімделген құжатымен дайындығы бар мамандарды (ИТР және жұмысшылар) ғана жіберу;
4) технологиялық құжаттамада рұқсат етілген материалдар мен техникалық құралдарды жөндеу үдерісінде пайдалану;
5) орындалатын жұмыстардың (операциялардың) сапасын бақылау; жөнделген АТ кешенді қарап тексеру, жөндеу объектілерінің техникалық жай-күйінің анықталған кемшіліктерінің жойылуын бақылау қамтамасыз етіледі.
326. АТ жөндеу кезінде жарамды және уақтылы тексерілген өлшеу құралдары мен технологиялық жабдық, таңбаланған құрал қолданылады. Меншікті дайындалған жабдық, өлшеу және бақылау құралдары мен олардың құжаттамалары қолдануға жіберер алдында метрологиялық сараптаудан және аттестаттаудан өтеді.
327. ТҚКЖ ұйымы жүзеге асыратын АТ жөндеу сапасын бақылау:
1) жөндеу жүргізудің технологиялық үдерісіне;
2) материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жабдықтың, өлшеу құралдарының, құралдың жай-күйіне;
3) технологиялық құжаттамаға;
4) өндірістік-бақылау құжаттамасын, формулярларды (паспорттарды), жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған нарядтар мен ведомостарды ресімдеуге қолданылады.
328. Жөнделген ӘК, өнеркәсіптен немесе тапсырыс берушіден алынған бұйымдарды (жаңа және бұрынғы пайдаланылған) дайындаушы кәсіпорынның техникалық шарттарына және үлгі пайдалану мен жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес орнатуды, оларды монтаждаудың дұрыстығын қамтамасыз етуді, реттеу және басқа жұмыстарды орындауды, АТ бұйымдарының жөндеуаралық ресурсын қамтамасыз етуді жөндеу жүргізуші жүзеге асырады.
329. Жөнделген АТ-да жөндеу жүргізуші техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес консервациялау мен буып-түю жөніндегі жұмыстарды орындайды.
330. Жөнделген ӘК (бұйым) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұшуға жарамдылық нормаларына, жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес сынақтарға (тексерулерге) сәйкестігіне тексеруге жатады. Өндіріс жағдайлары мен жөндеуді игеру дәрежесіне қарай жекелеген жағдайда ұшуды сынауларды қоспағанда, бұйымдар мен жүйелерді сынау көлемі нақты үлгідегі АТ жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқауды әзірлеушімен келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.
331. Жөндеу сапасы мен технологиялық үдерістердің тиімділігін бағалау үшін жөндеу технологиясында көзделген сынақтарға қосымша ретінде кезеңділікпен АТ бұйымдарына технологиялық сынақтар, сондай-ақ оларды бақылау бөлшектеуі жүргізіледі.
§3. Зауыттың авиациялық техниканы жөндеуге беруі және тапсырыс берушінің оны қабылдауы
332. Күрделі жөндеуден өткен АТ-ға сенімділік пен кепілдікті міндеттемелер көрсеткіштерінің оны дайындау кезінде белгіленген номенклатура қолданылады.
Жөндеу жүргізушінің кепілдік міндеттемелері жөндеуден кейін АТ бұйымдарының пайдалану құжаттамасына (формулярлар, паспорттар, затбелгілер) енгізіледі.
333. Жөндеу жүргізуші қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес жиынтықталған, жерде және ұшуда сыналған, пайдалануға жарамды деп танылған, нөмірлік және басқа құжаттама бойынша ресімделе отырып, жөнделген ӘК-ні тапсыруға ұсынады. ӘК, оның қозғалтқыштарында және жиынтықтаушы бұйымдарда шартта, қосымша тапсырыстарда және ӘК-ні жөндеу кезеңінде уәкілетті органның жедел пысықтаулар мен бір реттік қарап тексерулер туралы нұсқауларында (тапсырыс берушінің қосымша тапсырыстарды ресімдеуі арқылы) көзделген жұмыстар орындалады.
334. ӘК-ні қабылдау кезінде тапсырыс берушінің өкілдері шарттың талаптарын, пайдалану құжаттамасының талаптарын басшылыққа алады және мыналарды тексереді:
1) шарттың талаптары мен қосымша тапсырыстардың орындалу толықтығын;
2) нөмірлері бойынша және кеме құжаттамасының болуын және ресімделуін;
3) ӘК-нің жабдығы мен мүлкінің жиынтықтығы;
4) уәкілетті органның мерзімді пысықтаулар мен біреттік қарап тексерулер туралы нұсқауларының орындалуын;
5) ӘК-нің техникалық жай-күйін, бұйымдар мен жүйелердің жұмыс қабілетін және жұмыс істеуінің дұрыстығын.
Тапсырыс берушінің экипажы ұшу сынақтарының хаттамасымен, жөндеу кезінде орындалған пысықтаулармен, ӘК-ні жөндегеннен кейін бақылау ұшуын орындаған жөндеуді жүргізуші экипажының ескертулерімен байланысты ӘК-нің ерекшеліктерімен танысады, әуе құжаттамасының болуы мен ресімделуін, ӘК-нің жүйелері мен жабдығының жұмыс қабілетін және жұмыс істеу дұрыстығын тексереді, егер уәкілетті органның нормативтік құжаттамаларында көзделсе, бақылау ұшуын жүргізеді.
335. Жөндеуді жүргізуші ӘК-нің беру және оны тапсырыс беруші қабылдауы кезінде жөндеу жүргізуші мен тапсырыс берушінің өкілдері:
1) тапсырыс беруші экипажының ӘК бақылау ұшу (айналып ұшу);
2) ӘК мен арнайы аппаратураны қабылдау-тапсыру (қабылдау-тапсыру актісі);
3) қосымша тапсырыстар бойынша жұмыстарды орындау актісіне қол қояды.
336. Орындалған жөндеу, пайдалануға жарамдылығы, жөндеуаралық және кепілдікті ресурс, жұмыс істеу мерзімі туралы, қорытындыны жөндеу ӘК массасы мен орталықтау туралы мәліметті жүргізуші ӘК формулярына енгізеді.
ӘК-ні алғашқы жөндеу кезінде жөндеу жүргізуші планердің күш элементтерінің формулярын (төзімділік картасын) толтырады және тапсырыс берушіге береді. Көрсетілген жазбалар мен жөндеу жүргізушінің қызметкерлері ӘК құжаттамасына енгізетіндер жөндеу жүргізушінің қажетті өкілеттіктері бар лауазымды адамдарының қолдарымен расталады, бұл жөндеу жүргізушінің құжаттарында айқындалады.
337. Жөнделген ӘК белгіленген жерге ұшып келуі үшін ӘК-ні жөндеу жүргізуші қабылдау кезінде ресімделген қабылдау-тапсыру актісі негіз болып табылады.
338. ТҚК мен жөнделген, тапсырыс беруші қабылдаған ӘК-нің белгіленген әуеайлаққа ұшып келуін дайындауды тиісті карта-нарядты ресімдей отырып, жөндеу жүргізуші жүргізеді. Бұл ретте ӘК-ні отынмен мен маймен толтыру шығыстарында ӘК-ні жөндеуге қабылдау кезінде құйылған ЖЖМ мөлшері ескеріледі.
339. Жөнделген АТ көлік құралдарымен жөнелту кезінде жөндеуді жүргізуші оны қаптауды, тиеуді, бекітуді қамтамасыз етеді. Жөндеу жүргізушіге контейнермен жеткізілген ӘК-ні контейнерсіз жөнелтуге рұқсат берілмейді.
Егер тараптардың келісімінде өзгеше айқындалмаса, жөндеу жүргізушіден тапсырыс берушіге келіп түскен АТ-ны тиеу мен ӘК-ні құрастыруды тапсырыс беруші қамтамасыз етеді. Оның экипажы: құрастырғаннан кейін ӘК-нің бақылау ұшуын да қамтамасыз етеді.
АТ жөнелтушіге олар жөнелткен объектілерді тасымалдауға байланысты шағымдары болған жағдайда тапсырыс беруші наразылық қою үшін оның өкілін шақырады.
340. Жөнделген АТ-ны жөндеу жүргізуші тапсырыс берушіге (тиесілігі бойынша) немесе оның нұсқауы (тапсырмасы) бойынша басқа кәсіпорынға жөнелтеді. АТ жөнелту туралы жөндеу жүргізуші тапсырыс берушіге (алушыға) белгіленген нысандағы хабарлама жібереді.
341. Жөндеу жүргізуші жөнелткен АТ тапсырыс берушінің (алушының) белгіленген жерге келіп түскен кезде үш күн мерзімде жөнелтушіге оны алғаны туралы хабарлама жібереді.
342. Жөндеуден келіп түскен ӘК-ні одан әрі пайдалану дайындауды АТ пайдаланушы/иесі нақты үлгідегі ӘК үшін пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізеді. Бұл ретте, ӘК-ге белгіленген тәртіппен азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәлік (сертификат) ресімделеді.
343. Жөндеуді жүргізуші жеткізген өнім жөндеу жүргізушінің кепілдіктеріне сәйкес келмеген жағдайда тараптардың өзара қарым-қатынастары наразылық-шағымдану жұмысының тәртібін регламенттейтін жекелеген нормативтік құжаттармен реттеледі.
Жөндеу жүргізуші мәлімделген кепілдікті міндеттемелерге және белгіленген кепілдікті ресурстарына сәйкес өзі тапсырыс берушіге жеткізілген өнімді қалпына келтіреді немесе ақауы бар өнімді ауыстырады және егер оның техникалық нормалардан анықталған ауытқуларында тапсырыс берушінің кінәсі болмаса және жеткізушінің кінәсі анықталса, келтірілген залалды өтейді. Бұл ретте жөндеу жүргізуші өз жеткізушілеріне егер көрсетілген жағдайларда тиісті негіздемелер анықталған жағдайда, наразылық қояды.
344. ӘК-нің тұрып қалуын азайту мақсатында тапсырыс беруші зауыттың пломбыларын бұзбай жөндеу жүргізушінің кепілдігіндегі ақауы бар АТ дербес қалпына келтіреді. Көрсетілген жағдайда жөндеу жүргізушіге кейіннен наразылық қою және қажет болғанда оның өкілін наразылық актісін ресімдеуге шақыру үшін негіздемелер сақталады. Бұл ретте, жөндеу жүргізуші тапсырыс берушінің талабы бойынша АТ қалпына келтіру (жұмсалғандардан қалпына келтіруге) үшін қажетті жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды жібереді (сұрауды алған күннен сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын мерзімде) және тапсырыс берушіге жөнелту деректемелерін хабарлайды.
345. АТ-ны кепілдіктен кейінгі пайдалану кезеңінде АТ иесі ақауы бар өнімді дербес қалпына келтіре алмаған жағдайда жөндеу жүргізуші оны иесінің (тапсырыс берушінің) есебінен қалпына келтіреді.
346. Жөндеу жүргізуші өзінің кепілдікті ресурстары шегінде жеткізілген өнімнің сапасы мен жұмыс қабілеті үшін жауапты болады. Жөндеу жүргізушінің көрсетілген жауапкершілігі ол басқа жеткізушілерден алған және тапсырыс берушіге берілген, жөндеу жүргізуші жиынтық өнімге орнатқан АТ бұйымдарына да қолданылады. Соңғы жағдайда жөндеу жүргізушінің жауапкершілігі авиациялық техниканың жиынтық бұйымының кепілдігімен шектеледі.
Жөндеу жүргізушінің кепілдікті міндеттемелерді жүзеге асырудың мынадай мерзімі белгіленеді (егер тараптардың келісімінде өзгеше айқындалмаса):
1) тапсырыс берушінің телеграфтық шақыруы бойынша жөндеу жүргізуші өкілінің келуінің шекті мерзімі (адресатқа шақырылғаны туралы жеделхат тапсырылған сәттен бастап (тапсырылғаны туралы хабарламамен) есептеледі) – тапсырыс беруші көрсеткен пунктке рейстік көлікпен жол жүруге (ұшу) уақытты қоса отырып төрт тәулік;
2) кепілдікті АТ-ны және кепілдіктен шыққан АТ-ны қалпына келтіру мерзімі (жөндеу жүргізуші өкілінің тапсырыс берушіге келу сәтінен бастап есептеледі) – бес тәулік (кепілдікті АТ үшін және кепілдіктен шыққан АТ үшін жарамдылық мерзімі).
§4. Ағымдағы жөндеу
347. АТ ағымдағы жөндеу оны жекелеген бұзылуларын немесе ақауларын жоюдан тұрады. ӘК-ні ағымдағы жөндеуді және АРЭО жөндеуді ИАҚ мамандандырылған бөлімшелер, ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар немесе тиісті даярлығы бар жекелей тағайындалатын мамандар жүргізеді.
348. АТ ағымдағы жөндеу жалпы және үлгі ПҚ талаптарына сәйкес немесе пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін технологиялар бойынша ПҚ-да қажетті технологиялық нұсқаулар болмаған жағдайда жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін жөндеу технологиялары құзыретті ұйымдармен және уәкілетті органмен келісіледі.
Қажеттілігі өзінің конструкторлық-өндірістік кемшіліктерінен туындаған АТ ағымдағы жөндеуді пайдаланушының қабылданған шағымдарын қанағаттандыру тәртібімен АТ әзірлеуші мен дайындаушы жүзеге асырады.
ӘК-ге орнатуға арналған бөлшектерді дайындау материалы мен оны өңдеу шарттары көрсетіле отырып, сызбасы (нобайы) бар тапсырыстар бойынша ғана жүргізеді.
Бөлшектерді үлгілері бойынша ғана дайындауға рұқсат етілмейді.
349. Жер үстінде қызмет көрсетудің арнайы қолданылатын құралдарын дайындау, тексеру және жөндеу ПҚ талаптарына сәйкес, ал олар болмаған жағдайда – пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
17-тарау. ТМД елдерінен басқа елдерде шығарылған азаматтық әуе кемелерінде ұшуға жарамдылықты сақтау тәртібі
§1. Жалпы ережелер
350. Осы Қағиданың 17-тарауында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жіберуші персонал – ӘК немесе оның компоненттерін ТҚ-дан кейін пайдалануға рұқсат беруге техникалық қызмет көрсетуші ұйым уәкілеттік берген авиациялық персонал;
2) компонент – авиациялық қозғалтқыш, ауа бұрандасы, құрамындағы бұйымдар немесе ӘК басқа да құрамдас бөліктері.
3) ұйым – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған уәкілетті органның қарамағындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы құрылым.
4) жедел техникалық қызмет көрсету – ӘК ұшуға даярлау бойынша атқарылатын ТҚК жұмыстары. Жедел ТҚК-ге: тоқтап қалуды табу және жою; компоненттерін алмастыру (бұндай компоненттерге қозғалтқыш та, ауа бұрандалары да жатады); ТҚК бойынша жоспарлы жұмыстарды қамтуы мүмкін (еңбекті қажет ететін терең бақылауды қажет етпейтін көзге көрінетін бүлінулер/бұзылыстарды анықтау үшін қарап тексерулерді қоса). Оған тез ашылатын панель/люктер арқылы кіруге мүмкіншілік болатын конструкцияның ішкі элементтеріндегі, борттағы жүйелерінде және күшпен орнатылатын жұмыстарды; сонымен қатар аса бөлшектеуді қажет етпейтін және құралдар мен саймандардың қарапайым түрлерімен атқарылуы мүмкін ауыр емес модификациялар мен ағымдағы жөндеуді қамтуы мүмкін.
5) кезеңді техникалық қызмет көрсету – ауырлығы және оларды атқару шарттарының талаптары бойынша «жедел техникалық қызмет көрсету» критерийлеріне жауап бермейтін техникалық қызмет көрсету жұмыстары;
6) ұшуға жарамдылығын сақтау – ӘК пайдалану мерзімінің ішінде ӘК-ң ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы талаптарына сай болуын және оның ұшуды қауіпсіз атқаруына дайындағын қамтамасыз ететін үдерістер жиынтығы.
7) рәсімдер – басқарушы және технологиялық құжаттарда баяндалған нормативтік ережелер мен нұсқаулар. ТҚК мақсаттары үшін рәсім ұғымы рәсімнің екі түрін қамтиды: ұйымның авиациялық персоналы адамдарының және/немесе бөлімшелерінің қарым-қатынастарының қағидалары мен тәртібін белгілейтін ұйымдастырушылық рәсімдері; және ТҚК бойынша қызметтер мен жұмыстардың әр түрлерінің атқарылу технологияларын белгілейтін технологиялық рәсімдер.
8) басқарушы персонал – ӘТ ТҚК бойынша барлық жұмыстарды ресурстық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыруға оларға жүктелген міндеттеріне сай өкілеттілігі жеткілікті ұйым персоналының құрамындағы уәкілетті тұлғалар.
9) техникалық қызмет көрсету – бақылау-қалпына келтіру жұмыстары, тексерулер, алмастырулар, ақауларды жою сияқты бірге де, бөлек те атқарылатын жұмыстарды қоса алғанда, ӘК ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз етуде қажет болатын жұмыстарды жүргізу, сонымен қатар модификация мен жөндеуді практикалық жүзеге асыру. Техникалық қызмет көрсету ТҚК туралы куәлікті ресімдеуді қажет етеді және оған мынадай сияқты жердегі қызмет көрсету түрлері жатпайды: жолаушылар салонын жинау мен қызмет көрсету, борттық тағамды тиеу, перронда және тоқтаған кездегі жұмыстар (ӘК-ні сүйемелдеу және сүйреу, дәретханаларда қызмет көрсету, отын, су және т.б. құю, жерде желдету, қозғалтқыштарды жүргізу, багаж бен жүкті өңдеу, жерде энергиямен қамтамасыз ету, мұздануға қарсы өңдеу және т.б.).
10) ауыр әуе кемесі – ең жоғары ұшу салмағы 5700 кг-дан жоғары ұшақтар мен көп қозғалтқышты тікұшақтар жататын ӘК сыныбы.
Достарыңызбен бөлісу: |