Статикалық қысым жүйесінің герметикалық емес нормалары
|
км/сағ жылдамдыққа сәйкес сиретілген ауаның бастапқы көрсеткіші
|
200
|
700
|
км/сағ-тан аспайтын жылдамдыққа сәйкес 1 минут ішінде стрелканың төмен түсуі
|
2
|
5
|
20-кесте
Толық қысым жүйесінің герметикалық емес нормалары
|
км/сағ жылдамдыққа сәйкес қысымның бастапқы көрсеткіші
|
200
|
700
|
км/сағ-тан аспайтын жылдамдыққа сәйкес 1 минут ішінде стрелканың төмен түсуі
|
1
|
2
|
1097. Құбыр өткізгіштер конденсатты қарауға және оны төгуге оңтайлы орнатылатын ылғалдың жиналуынан қорғайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Статикалық және толық қысым жүйелерінің ішкі диаметрі тиісінше кем дегенде 6 және 4 мм болуы қажет. Барлық тұтынушылар қосылған әрбір статикалық жүйенің жер деңгейіндегі кешігу коэффициент автоматтандырылған басқару жүйелерінің (АБЖ) датчиктеріне қуат бергенде 0,4 секундтан және пилотаждық-навигациялық приборларға қуат бергенде 1,0 секундтан аспауы тиіс.
1098. Әуе қысымдарын қабылдау жүйелері анықталуы тиіс. Анықталу нәтижелері ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта келтіріп және жылдамдық өлшемдерінің пайдалану және шекті көрсеткіштерін белгілеген кезде ескерілуі тиіс.
Ескертпе: қабылдаудағы ауытқуы 25 метрден аспайтын және құралдармен өтелмеген статикалық қысым жүйелеріне қосылған биіктік өлшегіштер үшін әрбір пилоттың көз алдында түзетулер кестесі (графигі) орнатылған болуы тиіс.
1099. ӘК биіктік және аспаптық жылдамдықтың электр механикалық немесе электрондық индикаторларын негізгі аспаптар ретінде қолданған жағдайда екі аспаптық тақталарында аспаптық жылдамдықтың механикалық көрсеткіштері, ал бірінші пилоттың аспаптық тақтасында механикалық барометрлік биіктік өлшегіш сақталуы қажет. Бірінші пилоттағы барометрлік биіктік пен аспаптық жылдамдықты өлшеудің және индикациялаудың негізгі аспаптарында екінші пилоттың аспаптарынан тәуелсіз аталған ақпараттың және электр қуатының көздері болуы қажет.
1100. Толық және статикалық қысым құбыр өткізгіштері мен оларға қосылатын барлық негізгі және қосымша бұйымдарда: толық қысымды әкелетін штуцерлердің таңбасы - «Д» және статикалық қысымды әкелетін штуцерлердің таңбасы «С» болуы қажет.
1101. Фут өлшегішті орнатқан жағдайда оған бақылау жасауды биіктік өлшегіштерге қойылатын осыған ұқсас талаптарға сәйкес және осындай бақылау жүйесі (8.22.13) шеңберінде жүзеге асыру қажет.
164. ӘК координаттарын анықтау құралдары
1102. ӘК орнының координатын анықтауға арналған жүйелер қолданыстағы талаптарда берілетін түрлі ұшу кезеңдерінде трасса (дәліз) кіндіктемесінен рұқсат берілген ауытқулар шегінде ұшуды орындауға жеткілікті дәлдік пен сенімділікті қамтамасыз етуі қажет.
1103. ӘК орнының ағындағы координатын анықтау жолдық әуе жылдамдығы мен курсының, сонымен қатар әуе жылдамдығы мен курсының деректері және/(немесе) басқа да қажетті дәлдік пен сенімділікті қамтамасыз ететін деректер бойынша жүргізілуі керек.
1104. Бүкіл ұшу сапары барысында ӘК ағымдағы орнын индикациялау және автоматтандырылған басқару жүйесіне және/(немесе) командалық-пилотаждық және навигациялық-жоспарлық индикаторлар жүйесіне қажетті келісілген ақпаратты беру жүзеге асырылуы қажет.
1105. Радиотехникалық навигация жүйелерінің деректері бойынша есептелінген координаттарды түзету мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
165. Автоматтандырылған басқару құралдары
1106. Осы норманың 1123-тармағында жазылған талаптар жекелеген автоматтандырылған басқару құралдарына (автопилот, траекториялық басқару жүйесі, қозғалтқыш тартуының автоматы) да, сол сияқты олардың жиынтығына да таралады.
Ескертпе: «АБЖ» аббревиатурасы қолданған барлық жағдайда бұл осы талаптың тек АБЖ жүйесіне біріктірілген құралдардың жиынтығына ғана емес, сондай-ақ, осы нормалардың 1067-тармағында көрсетілген жеке алынған кез келген құралға да қатысты екендігін білдіреді.
1107. Автоматтандырылған басқару құралдары арқылы әрбір ӘК үлгісі үшін орындалатын функциялар оны пайдаланудың мақсаты мен ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Бұл ретте ӘК-де мынадай функциялардың орындалуы міндетті:
жантаю мен тангаж бұрыштарын тұрақтандыру және басқару;
курсты тұрақтандыру;
ұшудың барометрлік биіктігін тұрақтандыру.
1108. Автоматтандырылған басқару құралдарын басқару операциялары қарапайым болуы қажет, ал оларды жүзеге асыру бірінші пилотқа да, екінші пилотқа да, сондай-ақ ұшуды пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес қажетті іс-әрекеттер орындайтын экипаждың басқа да мүшелеріне қол жетімді болуы тиіс.
1109. Автоматтандырылған басқару құралдарын іске қосу, режимдерді ауыстыру және ажырату берілген режим енетін атқарушы құрылғылардың жұмыс істеп қалуы туралы ақпарат бойынша қалыптасатын тиісті сигнал берумен сүйемелденуі қажет. Бұл сигнал беру екі пилоттың да жұмыс орындарынан ажыратуға жеңіл болуы қажет.
Егер де автоматтандырылған басқару құралдары режимдерінің өз бетінше ауыспауы немесе оның өшіп қалуы, мысалы, штурвалдың кездейсоқ ауысуы, сондай-ақ автоматты түрде жүзеге асырылатын автоматтандырылған басқару құралдары режимдерінің өзгеруі мүмкін болатын жағдайда сигнал беру автоматтандырылған басқару құралдары режимінің қосылуы немесе өшірілуі пилоттармен дер кезінде анықталмауының алдын алу үшін жеткілікті түрде тиімді болуы қажет.
1110. Автоматтандырылған басқару құралдарын басқару органдарының ауысу бағыты талаптарға сәйкес келуі қажет. Ауысу бағыты басқару органдарында немесе оның жанындағы органдарда нақты белгіленген болуы тиіс.
1111. Автоматтандырылған басқару құралдарының іске қосылуы және ажыратылуы, сондай-ақ оның жұмыс режимдерінің ауыстырылуы абсолюттік шама бойынша 0,15-тен асатын қалыпты салмақ түсуінің (басқарушы әсерлерден болатын қалыпты салмақ артуды есептемегенде) артуына әкелмеуі тиіс.
1112. Автоматтандырылған басқару құралдары мен өзара іс-қимыл жасайтын жабдықтың түзету сигналдарды берулері АБЖ-ның ақауы бар жабдықпен жұмыс істеуін болдырмау үшін қолданылуы тиіс.
Осы мақсатта:
1) түзету сигналдарын алып тастаған кезде, кез келген мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі қажет:
автоматтандырылған басқару құралдарының ағымдағы жұмыс режимін сақтай отырып, жарамды жабдықпен жұмыс істеуге автоматтандырылған басқару құралдарының автоматты түрде ауысуы;
автоматтандырылған басқару құралдарының басқа бір жарамды режиміне автоматтандырылған басқару құралдарының автоматты түрде ауысуы;
автоматтандырылған басқару құралдарының автоматты түрде ажыратылуы;
2) түзету сигналдары жоқ болған жағдайда автоматтандырылған басқару құралдарының жарамсыз жұмыс режимінің іске қосылуын болдырмау үшін, оның оқшаулануын қамтамасыз ету қажет.
Ескертпе: автоматтандырылған басқару құралдарының құрамына кіретін бақылау құрылғысы арқылы өзара іс-қимыл жасайтын жабдықтың түзету сигналдарын қалыптастыруға жол беріледі.
1113. Автоматтандырылған басқару құралдары немесе оған кіретін жабдық істен шыққан жағдайда автоматтандырылған басқару құралдарының және оған кіретін жабдықтың жұмыс істеу қабілеттілігінің бұзылуын өзара қорғау қамтамасыз етілуі қажет.
1114. Автоматтандырылған басқару құралдары блоктарының (элементтерінің) дұрыс қосылмауын, сондай-ақ автоматтандырылған басқару құралдарына техникалық қызметті орындау барысында өзара іс-қимыл жасайтын жүйелердің, құрылғылардың немесе датчиктердің автоматтандырылған басқару құралдары дұрыс қосылмауын болдырмайтын шаралар қабылдануы қажет.
Автоматтандырылған басқару құралдары күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы автоматтандырылған басқару құралдарының кез келген істен шығуы (болуы мүмкін еместерін қоспағанда) кезінде және ұшуды пайдалану жөніндегі басқармасына сәйкес экипаждың іс-әрекеті кезінде талаптар орындалатындай етіп құрастырылған және реттелген болуы қажет.
Автоматтандырылған басқару құралдары істен шыққан кезде күш салудың ең жоғары қысқа мерзімі осы Нормалардың 17-тармағында көрсетілген шамадан аспауы қажет.
1115. Автоматтандырылған басқару құралдарының конструкциясы оның тез және сенімді ажыратылуын қамтамасыз етуі қажет. АБЖ ажыратылғаннан кейін ол ӘК пен қозғалтқыштардың басқару жүйесіне әсер етпеуі тиіс.
Ескертпе: автоматтандырылған басқару құралдары ажыратылғаннан кейін басқару жүйесімен іске қосылып тұра беретін автоматтандырылған басқару құралдарының кез келген бөлігі басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде қаралып, тиісті талаптарға сай қанағаттандыруы қажет.
1116. Автопилоттың тез ажыратылу органдары қозғалтқыштардың басқару иінтіректеріне (рычагтарына) қарама-қарсы жақтағы бірінші және екінші ұшқыштардың штурвалдарында орналасуы қажет. Қозғалтқыш тартуының автоматының тез ажыратылу органдары қозғалтқыштардың басқару иінтіректерінде (рычагтарында) орналасып, оларды қолмен ауыстыру үшін басқару органдарына қойылған қолмен Қозғалтқыш тартуының автоматын ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
1117. Автоматтандырылған басқару құралдары ақаусыз ӘК ұшуын автоматты түрде басқару кезінде ұшқыштарға Автоматтандырылған басқару құралдарын ажырату бойынша қандай да бір қосымша іс-әрекеттерсіз негізгі басқару иінтіректеріне (рычагтарына) ықпал ету арқылы басқаруды өзіне алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте басқару иінтіректеріне (рычагтарына) салынатын күш:
бойлық басқаруда - 50 кгс-тен;
көлденең басқаруда - 30 кгс-тен;
жолдық басқаруда - 90 кгс-тен аспауы тиіс.
Басқару иінтіректеріне (рычагтарына) қозғалтқыштармен салынатын күштің жиынтығы экипаждың оң бағасын алуы қажет. ӘК ұшуды пайдалану жөніндегі басқармасына аталған араласу жағдайы үшін экипажға арналған нұсқаулар қамтылуы қажет.
1118. Автоматтандырылған басқару құралдарын бойлық (жанама) арнада ӘК автоматты түрде және жанама (бойлық) арнада қолмен басқаруды бір мезгілде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бөлек арна бойынша ажыратуды қамтамасыз етуі қажет.
1119. Автоматтандырылған басқару құралдарының сипаттамалары өзі орнатылатын ӘК конструкциясының беріктік сипаттамаларымен келісілген болуы қажет және ол: туындаған жетек қызметінің күшінен және автоматтандырылған басқару құралдарының ықпалы нәтижесінде ӘК эволюциясынан ӘК конструкциясының қандай да бір бөлігінде барлық ұшу режимдерінде автоматтандырылған басқару құралдарын қолдануға жол берілетін дұрыс жұмыс істеуі кезінде де, сондай-ақ оның істен шыққан (түйіндескен қондырғының істен шығуын қоса алғанда) кезінде де қауіпті кернеулер туғызбайтындай етіп орнатылады.
1120. Ұшу барысында автоматтандырылған басқару құралдары іске қосылған ӘК басқаруды пилот өзіне алған кезде оған қиындықтар туғызатын шектерде өзгеруі мүмкін ӘК теңгеруі пилоттарға индикациялаумен басқару иінтіректерінде (рычагтарында) күштерді автоматты түрде ретке келтіруді жүзеге асыруды және/немесе тек қана автопилот ажыратылған кезде қалыпты салмақ түсудің артуы абсолюттік шама бойынша екі жағдайда да 0,15-тен аспайтындай күш салу бойынша пилотқа ӘК теңгеруге мүмкіндік беретін күш салу индикациясын қамтамасыз етуі қажет.
1121. Әрбір қозғалтқыштың басқару органдарынан қозғалтқыш тартқышы автоматының бөлек түрде қолмен ажыратылуын қамтамасыз ету қажет.
1122. Қозғалтқыш тартуының автоматының жұмысы кезінде қозғалтқыштардың басқару иінтіректерін (рычагтарын) ауыстыру және олардың динамикасы қозғалтқыштарды дайындаушының ұсынымдарына сәйкес болуы қажет.
1123. ӘК орнатылатын қалыпты салмақ түсуді өлшеуге арналған прибор немесе датчик аталған ӘК талап етілетін дәлдікпен қалыпты салмақ түсудің өлшенуін және индикациялануын қамтамасыз ететіндей ӘК-де орнатылуы тиіс.
166. Навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқару радиотехникалық жабдығы
1124. Осы бөлімнің талаптары мынадай борттық радиотехникалық жабдықтарға:
- шағын биіктіктердің радиобиіктік өлшегіштеріне;
- қону жүйелеріне;
- радиокомпастарға;
- әуе қозғалысын басқарудың радиолокациялық жауап беру жабдықтарына;
- жақын навигация жүйелеріне;
- бұрыш өлшегіш жүйелеріне;
- радиоқашықтық өлшегіштеріне;
- жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерлік өлшегіштеріне;
- метеонавигациялық радиолокаторларға;
- қашық (алыс) навигация жүйелеріне;
- радиотехникалық жабдықтың, навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың антенна-фидер құрылғыларына таралады.
1125. Навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығы осы Норманың талаптарына сәйкес болуы қажет.
Ескертпе: талаптар планер конструкциясының бір бөлігі болып табылатын және ӘК-пен бірге сертификатталатын навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығының анттенна фидер құрылысы элементтеріне қолданылмайды.
1126. Электр қуатының авариялық қуат көздерінен ең аз дегенде мынадай радиотехникалық жабдық түрлері жиынтықтары бірінің, егер олар бірнеше болса:
- Қону жүйесі, ILS қону аппаратураларының немесе қону жүйесінің аппаратурасы аталған ӘК үлгісі үшін міндетті болып табылмаса, онда тек қана маркерлік қабылдағыштың;
- радиокомпастың жұмыс істеуі қамтамасыз етілуі тиіс.
167. Навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығының құрамы
1127. ӘК жүргізуді талап етілетін дәлдікпен қамтамасыз ету үшін ӘК мынадай:
- шағын биіктіктердің радиобиіктік өлшегіштерін;
- қонудың радиотехникалық жабдығын;
- радиокомпасын;
- әуе қозғалысын басқарудың радиолокациялық жауап беру жабдығын;
- метеонавигациялық радиолокаторды қамтитын навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығы орнатылуы қажет.
1-ескертпе: метеонавигациялық радиолокатор болжанатын гидрометеорологиялық құбылыстар жоқ болатын трассалар мен маршруттарда көріністі ұшу қағидалары бойынша немесе приборлармен ұшу ережесі бойынша ұшуға арналған болса, онда оны ӘК-де орнатпауға да болады.
2-ескертпе: егер күтіліп отырған пайдалану жағдайларында курстық-глиссадалық маяктар бойынша қонуға бет алу көзделген болса, онда қону радиотехникалық жабдығы тек белгіленген қабылдағыштан ғана болуына жол беріледі.
1128. Егер жабдық құрамы және сипаттамалары бойынша навигацияның және қонудың қажетті дәлдігін және/(немесе) экипаждың рұқсат берілген күш жұмсауын қамтамасыз етуге байланысты талаптарын орындау үшін жеткіліксіз болса, онда талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін жабдық орнатылуы қажет. Бұл жабдықтар мыналар болуы мүмкін:
- жақын навигацияның радиотехникалық жабдығы;
- жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерлік өлшегіштері;
- қашық (алыс) навигацияның радиотехникалық жабдығы;
- VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы;
- DМЕ радиоқашықтық өлшегіштері;
- немесе навигация мен қонудың басқа да радиотехникалық жабдығы.
1129. Жақын навигацияның радиотехникалық жүйелерімен және жетектік радиостанциялармен жабдықталмаған ӘК әуе трассалары бойынша ӘК жүргізуді қамтамасыз ету үшін алыс навигацияның радиотехникалық жабдығы орнатылуы қажет.
1130. VOR, DМЕ радиомаяктарымен, «RBS» режимінде жер бетіндегі қайталама радиолокаторлармен жабдықталған ӘК трассалар бойынша ұшу үшін және осы трассаларда жақын навигациялық радиотехникалық жүйесі радиомаяктары және «ӘҚБ» режиміндегі қайталама радиолокаторлар жоқ болған жағдайда:
- (DМЕ) қашықтық өлшеу жүйесінің радиотехникалық жабдығы;
- (VOR) бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы;
- «RBS» режиміндегі ӘҚБ-ның радиолокациялық жауап беру жабдығы орнатылуы қажет.
168. Навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығына қойылатын талаптар
1131. Шағын биіктіктердің радиобиіктік өлшегіштері.
Радиобиіктік өлшегіш:
- қажетті дәлдікпен шынайы ұшу биіктігін өлшеуді;
- шын биіктік пен істен шыққан жабдықты көзбен шолу туралы ақпараттың берілуін, сондай-ақ осы ақпаратты басқа борттық жабдыққа электрондық сигналдар түрінде беру мүмкіндігін;
- экипажға алдын-ала белгіленген шын биіктікке дейін ӘК төмендегені туралы ескерту сигналдарын беруді қамтамасыз етуі қажет.
Радиобиіктік өлшегіш жантаю мен тангаждың барлық пайдалану жағдайларында, сондай-ақ ӘК-тің барлық мүмкін болатын конфигурациялары кезінде жоғарыда аталған функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
1132. Қонудың радиотехникалық жабдығы.
Қонудың жердегі курстық глиссадалық жүйелерімен қону жүйесінің және ILS жұмыс істеу барысында:
- аталған ӘК үшін белгіленген қону минимумына сәйкес радиомаяктық жүйелердің курсы мен глиссадасының желілеріне қатысты ӘК-нің дәлдікпен және биіктігіне дейінгі орнын анықтауды;
- экипаждың көзбен шолып индикациялауы үшін радиомаяктық жүйелердің курсы мен глиссадасының желілеріне қатысты ӘК-нің орны туралы ақпараттың және басқа бір жабдыққа электр сигналдарын, егер бұл сигналдар қолданылып жатқан болса, берілуін;
- көзбен шолу сигнал беру және дыбыстық сигнал беру түрінде маркерлік радиомаяктардан (МРМ) өту туралы ақпараттың берілуін, сондай-ақ осы ақпараттың басқа бір жабдыққа электр сигналдары түрінде берілу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Ескертпе: курстық-глиссадалық маяктары қону жүйесі (СП мен ILS) бойынша қонуға бет алу көзделмеген күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы ӘК курс пен глиссада желілеріне қатысты ӘК орнын анықтау және ол туралы ақпарат беру міндетті болып табылмайды.
Қону радиотехникалық жабдығының курстық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі әуеайлақтан салыстырмалы түрде 600 м биіктікте ұшу кезінде маяктан алыстығы кем дегенде 45 км болатын барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі қажет.
Қону радиотехникалық жабдығының глиссадалық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі әуеайлақтан салыстырмалы түрде 300 м биіктікте ұшу кезінде маяктан алыстығы кем дегенде 18 км болатын барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі қажет.
Курс пен глиссада желілерінен ауытқыған сигналдардың сапасы аталған ӘК үшін қабылданған, қонуға бет алудың барлық режимдерінде басқарудың қабылдауға тұрарлық сапасын қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
Курс пен глиссада желілері бойынша қонуға бет алып, маркерлік маяктардан өткен кезде: глиссаданың жантаю бұрышы 2,5с-тан 30С-қа дейін болғанда алыс МРМ-нен - 600±+200 м аймақта, ал жақын (орта) МРМ-нен -300±+100 м аймақта жарықпен сигнал берудің және/(немесе) дыбыстық сигнал берудің болуын қамтамасыз етуі қажет.
1133. Автоматты радиокомпас басқа жабдықпен бірге:
- радиостанцияның курстық бұрышының үздіксіз есебінің алынуын;
- радиостанцияға ұшудың және одан кері ұшудың жүзеге асырылуын;
- радиостанцияға пеленгтің және одан пеленгтің анықталуын;
- жер бетіндегі радиостанцияларды анықтайтын сигналдардың берілуін қамтамасыз етуі қажет.
Сигнал өрісінің кернеуі 70 мкВ/м құрайтын радиостанциядан қашықтықта радиостанцияның курстық бұрышы бойынша ауытқу радиостанцияның курстық бұрышына (00С және 1800С) + 50-тан, ал басқа радиостанцияның курстық бұрыштары +30С-тан аспауы қажет.
Жетектік радиостанциядан ұшып өткенде автоматты радиокомпастың тұрақсыз жұмысының аймағы ұшу биіктігінен аспауы қажет.
Ескертпе: Автоматты радиокомпастың навигацияның резервтік құралы болып табылатын ӘК-де АРК-ның тұрақсыз жұмысының аймағын 1,5 Н дейін ұлғайтуға жол беріледі.
1134. Әуе қозғалысын басқарудың радиолокациялық жауап беру жабдығы әуеайлақтардың трассалары мен аймақтарында жер бетіндегі қайталама радиолокаторлармен жұмысы кезінде жер бетіндегі радиолокаторлардың сауалы бойынша ең аз дегенде мынадай ақпаратты: ӘК-тің нөмірін, ұшу биіктігін, апат сигналын өзінде ұстайтын координаталық коды мен ақпараттық коды бар кодталған сигналдың сәуле шығаруын қамтамасыз етуі қажет. Жауап берудің қажетті режимдері («ӘҚБ» және «RBS») ӘК күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты анықталады.
Әуе қозғалысын басқарудың радиолокациялық жауап қатушы жабдығының қолданыс қашықтығы кем дегенде:
олардың регламенттелетін қолданыс аймағы қайталама радиолокаторлармен жұмыс істеу кезінде осы қашықтықты қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
1135. Дециметрлік диапазондағы жақын навигацияның (бұрыш өлшегіш әрі қашықтық өлшегіш) радиотехникалық жабдығы радиомаяктар қолданысы аймағында:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ӘК жүргізу үшін маякқа қатысты ӘК азимуты мен қашықтығын қажетті дәлдікпен анықтауды;
экипажға азимут, қашықтық туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Жақын навигация радиотехникалық жабдығының қолданыс аймағы кем дегенде:
олардың регламенттелетін қолданыс аймағы жер бетіндегі маяктармен жұмыс істеу кезінде, 9800 метрге дейінгі биіктіктерде осы қашықтықты қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
1136. (VOR) бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы.
VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы радионавигациялық маяктар қолданысы аймағында:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ӘК басқару үшін VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің маяктарына қатысты ӘК бұрыштық қалпын басқа бір жабдықпен бірге маякқа қарай және маяктан бері қарай бағыттарда қажетті дәлдікпен анықтауды;
экипажға ӘК бұрыштық қалпы туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Бұрыш өлшегіш жүйенің радиотехникалық жабдығының қолданыс аймағы кем дегенде:
регламенттелетін қолданыс аймағы жер бетіндегі маяктармен жұмыс істеу кезінде, ӘК бойлық кіндіктемесінен +30o және басқа бүйір пеленгтері үшін 0,8Д секторында осы қашықтықты қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
1137. (DМЕ) радиоқашықтықөлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ӘК басқару үшін қашықтық өлшегіш жүйесінің маяктарына қатысты ӘК-тің қашықтығын басқа бір жабдықпен бірге қажетті дәлдікпен анықтауды;
өзінің индикаторына және/немесе пилотаждық-навигациялық приборларына ӘК қашықтығы туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Қашықтық өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығының қолданыс аймағы кем дегенде регламенттелетін қолданыс аймағы жер бетіндегі маяктармен жұмыс істеу кезінде, 9800 метрге дейінгі биіктіктерде осы қашықтықты қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
1138. Жолдық жылдамдық пен шығу бұрышының доплерлік өлшегіштері.
Жантаю және тангаж бұрыштарының пайдалану көрсеткіштері бар ӘК кез келген нәрсенің бетімен (оның ішінде >2 балл толқын кезінде су бетімен) кем дегенде 10 м биіктікте ұшу барысында және оның эволюциясы кезінде:
ӘК жолдық жылдамдығы мен ығу бұрышын талап етілетін қажетті дәлдікпен және диапазондарымен анықтауды;
жолдық жылдамдық пен ығу бұрышы туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Ескертпе: жантаю бұрышы 300-тан асқанда «Есте сақтау» режиміне ауысуына жол беріледі.
1139. Метеонавигациялық радиолокаторлар.
Метеонавигациялық радиолокатор:
пайда болған гидрометеорологиялық құбылыстарды қауіпсіз қашықтықтан айналып өтуді қамтамасыз ететін қашықтықта ұшу үшін, осындай қауіпті құбылыстарды анықтауды;
бақыланып отырған жер бетіндегі бағдарларға немесе пайда болған гидрометеорологиялық құбылыстарға дейінгі бұрыштық қалып пен қашықтықты анықтауды қамтамасыз етуі қажет.
Радиолокатордың индикаторлары экипаж кабинасындағы жарықтың болуына байланысты кез келген жағдайларда радиолокатор ақпаратын бірінші ұшқыш та және екінші ұшқыш та пайдалана алатындай етіп құрастырылып, орнатылған болуы қажет және орнатылған орны аталған талаптарға сай болуы тиіс.
1140. Қашық (алыс) навигацияның радиотехникалық жабдығы. Қашық навигацияның радиотехникалық жабдығы жер бетіндегі радиомаяктар қолданысы аймағында:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ӘК жүргізу үшін, ӘК орнын қажетті дәлдікпен анықтауды;
ӘК орны туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |