143. Әуе винті қалақтарының қадамын басқару
961. Өзгерген қадамның әрбір әуе винті айналу жиілігінің (қадамының) жекелеген реттегішімен жабдықталуы тиіс. Әуе винті қалақтарының қадамы қолмен басқарылған жағдайда басқару рычагы топпен орнын ауыстыруға және әрбір бұрамды жеке-жеке басқаруға, сондай-ақ барлық бұрамдарды бір мезгілде басқаруға жол берілуі тиіс.
962. Флюгерлік жай-күйдегі әуе винті қалақтарын ауыстыру флюгирлеудің жекелеген жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Әуе винті қалақтарын флюгирлеу жүйесі ӘК басқа жүйелеріне байланысы жоқ жергілікті сұйықтықты (май, отын) немесе пневматикалық қорегі және жалпы желіден электрмен жабдықтаудың авариялық көздеріне автоматты түрде қосудың электр қорегі болуы тиіс.
Жүйе қуатты қондырғының қалыпты жұмысы уақытында әуе винті қалақтарын әдейі емес флюгирлеуді болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
963. Автоматты түрді қамтитын әуе винті қалақтарын флюгирлеу жүйесінен басқа, қолмен істелетін флюгирлеуді қамтитын әуе винті қалақтарын мәжбүрлі флюгирлеу құралдары болуы тиіс.
964. Флюгирлеу жүйесі әуе винттерінің қалыпты жұмысын бұзбауы тиіс және майдың кез келген температуралары, пайдаланудың күтілетін жағдайлары кезінде мүмкін болатын жүктелімдер мен тербелістер жағдайында ұшудың барлық биіктіктерінде және жылдамдықтарында дұрыс жұмыс істеуі тиіс.
965. Автоматты құрылғы әуе винті қалақтарын флюгирлеу жүйесін қосуға алып келмейтін автоматты құрылғының оның жүйені қамтуға тиістілерден айырмашылығының барлық жағдайларында расталуы тиіс, мысалы автоматты құрылғы:
1) қол жетімді шектерде қуатты қысқа мерзімді азайту;
2) төмендетілген режимдегі қозғалтқыштың жұмысымен ӘК-ке қондыру;
3) қол жетімді теріс және нөлдің маңындағы жүктелімдердің ұшу кезінде ӘК тигізетін ықпалы жағдайларында флюгирлеуді болдырмауы тиіс.
966. Флюгирлеу жүйесі, егер қозғалтқышты басқару иінтірегі қозғалтқыш істен шыққан жағдайда автоматты қосылуға тиісті режимдерге сәйкес жағдайда болса, іс-қимылға әрқашан дайын болуы тиіс және экипаж мүшелерінің арнайы іс-әрекеттерінсіз қалақтардың винттерін флюгирлеуді қамтамасыз етуі тиіс.
967. Флюгирлеу жүйесі флюгерлік жағдайдан винт қалақтарын шығаруды қамтамасыз етуге, қозғалтқыштың одан арғы қалыпты жұмысы үшін қайталап іске қосуға жол беруі тиіс.
968. ӘК қуатты қондырғы кері қимылдайтын тартқыш режиміне көшудің кері қимылдайтын винтті пайдалану кезінде қозғалтқыштарды "өзіне" қарай басқару рычагының қозғалысы жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Қуатты қондырғыны қозғалтқышта симметриялы орналасқан винттің кері қимылдау жүйесі істен шыққан жағдайда, егер мұндай істен шығу жағдайға әкелетін болса, кері қимылдайтын тартым режиміне көшіруді болдырмайтын қорғау құралдары көзделуі тиіс.
969. Винт қалақтарын аралық тіректермен басқару, оларды симметриялық орналасқан қозғалтқыштарға қосу және ажырату бір мезгілде жүргізілуі тиіс және бір қозғалыспен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа винт қалақтарын аралық тіректермен басқару мүмкіндігі әрбір винтке жеке-жеке көзделуі тиіс. Флюгирлеу жүйесін әдейі қосуды болдырмайтын құралдар көзделуі тиіс.
970. ӘК-те бұрамның кері қимылдайтын тартымын басқару жүйесін қосу туралы сигнал беру орындалуы тиіс.
971. Әуе винттерінің қалақтарының флюгирлеу жүйесінде қолданылатын май сораптарының қозғалтқыштары олардың жұмыстарына берілген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін автоматты түрде тоқтатылуы тиіс. Сондай-ақ флюгирлеу процесі орындалғаннан кейін оларды қолмен тоқтату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Сорап қозғалтқышы қорегінің электр тізбектерінде қозғалтқыш істеп тұрған кезде жанып тұруға тиісті белгі беретін шам орнатылуы тиіс.
144. Қозғалтқышты ажыратып тастау құрылғысы
972. ӘК-те әрбір қозғалтқыш үшін ажыратып тастау құрылғысы көзделуі тиіс. Егер қозғалтқышта электрмен басқарылатын қозғалтқышты ажыратып тастау құралдары орнатылса, онда оларды электрмен жабдықтау пайдаланудың күтілетін жағдайларында, электрмен жабдықтаудың авариялық көздеріндегі ерекше жағдайды қоса алғанда, қамтамасыз етуі тиіс, ал өрттен қауіпті бөліктерде орналастырылған, ажыратып тастау құрылғыларымен басқарылатын электр өткізгіші отқа төзімді сымдармен орындалуы тиіс немесе отқа төзімді оқшауламасы болуы тиіс.
973. Қозғалтқышқа отын беруді ажырататын құрылғылардың жұмыс істеуі басқа қызмет көрсету жұмыстарын (мысалы, отынды өртке қарсы қолданылатын шүмекпен бір қозғалтқышқа беруді ажыратып тастау кезінде басқа қозғалтқыштардың жұмысы бұзылмауға немесе қандай да бір шектейтін жүйелердің жұмыс істеуіне әкелуге тиіс) бұзушылыққа алып келмеуі тиіс.
974. Ажыратып тастайтын құрылғылардың еріксіз жұмыс істеуінен қорғаныс құралдары көзделуі тиіс.
145. Кері қимылдайтын құрылғыны басқару жүйесі
975. Қуатты қондырғының кері қимылдайтын құрылғысымен қозғалтқыштың кері қимылдайтын құрылғысын басқару жүйесімен бірлесіп талабын қанағаттандыруы тиіс, сондай-ақ тиісті әуеайлақтық қоректену көздерінен ӘК жұмыс істемейтін қозғалтқыштағы кері қимылдайтын құрылғының іс-қимылына сынамасын жүргізуге мүмкіндік береді.
976. Қозғалтқыштардың кері қимылдайтын құрылғыларымен басқару органдары әрбір қозғалтқышты жеке-жеке және барлық қозғалтқыштарды бірге кері қимылдайтын құрылғымен және тартыммен басқару мүмкіндігі жүзеге асырылатындай топтастыруға және орналастыруы тиіс.
977. Кері қимылдайтын құрылғымен басқару жүйесі кері тартымды көбейту үшін қозғалтқышты басқару иінтірегін «өзіне» қарай, ал кеміту үшін - «өзінен» кері жылжыту қажет болатындай етіп орындауы тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны қосуды болдырмайтын қорғау құралдары, егер мұндай істен шығу авариялық жағдайға әкелетін болса, симметриялы орналастырылған қозғалтқыштардың біреуіне ғана көзделуі тиіс.
978. Ұшу экипажының ақпараты үшін сигнал беру құралдары:
1) кері қимылдайтын тартқыш режимдерінде қозғалтқыш жұмысының барлық уақыты ішінде кері тартқыш жағдайында кері қимылдайтын құрылғының болуы туралы;
2) қозғалтқышты тікелей тартым режимдеріндегі жұмысы кезінде кері қимылдайтын құрылғының құлпы кенеттен ашылғандығы туралы және ұшу экипажы кері қимылдайтын құрылғыны қосқан кезде кері қимылдайтын құрылғы құлпының ашылғандығы туралы көзделуі тиіс.
979. ӘК кері қимылдайтын құрылғымен басқару органдары кері қимылдайтын құрылғыны аз болғанда, анық көрсетілген операциялардың екі жеке операциясын орындау қажеттігін талап ететіндей болып орындалуы тиіс:
1) «газы аз ұшудағы» немесе «газы аз жердегі» жағдайда тіке тартымды тіркегішімен жинау;
2) кері қимылдайтын құрылғы мен шығуды кері қимылдайтын тартым режиміне қосу.
980. Кері қимылдайтын құрылғыны пайдалану ұсынылатын және рұқсат етілетін ұшуды пайдалану бойынша басшылықта ұшу жағдайлары мен режимдері келісілуі тиіс.
146. Қосымша қуатты қондырғыны басқару жүйесі
981. Қосымша қуатты қондырғыны басқару жүйесі экипаждың кабинасынан қашықтықты болуы тиіс және мыналарды:
1) қосымша газ турбиналық қозғалтқышты іске қосуды және ажыратып тастауды;
2) қосымша газ турбиналық қозғалтқыш режимін өзгертуді, егер бұл оның конструкциясында көзделген болса;
3) қосымша газ турбиналық қозғалтқыш жұмысының берілген режимін қолдауды;
4) ұшуды пайдалану бойынша басшылық рұқсат еткен режимдер мен жағдайларда жүйелерді жабдықтау үшін қосымша қуатты қондырғы энергияны (ауаны, электр энергиясы мен қуатты) таңдап алуды қамтамасыз ететін құрылғыларды қосуды және ажыратып тастауды қамтамасыз етуі тиіс.
982. Қосымша газ турбиналық қозғалтқыш іске қосу жүйесі басқарушы органға (іске қосу кнопкасына, тумблерге және т.б.) ықпал ету жолымен автоматты түрде қосылуы тиіс. Егер басқару қалқаншасы қосымша қуатты қондырғы ауа жинағышында және жұту қондырғысында болса, онда қалқаншаның жабық кезінде қосымша газ турбиналық қозғалтқыш іске қосуды болдырмайтын құралдар көзделуі тиіс.
147. Басқару жүйесінің сынақтары
983. Басқару жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс сенімділігін бағалау үшін талаптарға сәйкес мүмкін болатын істен шығуға талдау жүргізілуі тиіс. Талдау қолда бар құралдарды пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларында қуатты қондырғылар мен қосымша қуатты қондырғы қозғалтқыштарын басқаруды қамтамасыз етуін белгілеуі тиіс. Бұдан басқа текшеде және ӘК басқару жүйелеріне сынақтар өткізілуі тиіс.
984. ӘК басқару жүйесінің жердегі және ұшудағы сынақтары:
1) басқару жүйесімен берілген функцияларды орындауды бағалауды;
2) қозғалтқыштың жұмысын бақылайтын (аспаптар, сигнал бергіштар мен көрсеткіштер) жүйелерді бағалауды;
3) әуе бұрамының қалақтарын флюгирлеу жүйесін қолмен қосуды тексеруді;
4) турбовинттік қозғалтқыштағы әуе бұрамының қалақтарын автоматты флюгирлеу жүйесінің жалған жұмыс істеуінен қорғалатын құрылғыларды бағалауды;
5) ӘК тиісті жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін одан қажетті энергияны таңдап алу кезінде қосымша қуатты қондырғы басқару жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексеруді қамтуы тиіс.
148. ӘК өрттен қорғау
985. ӘК аралас бөліктерінде өрттің туындауы мен таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жанып жатқан жерді табу және оны жою үшін мыналар көзделуі тиіс:
1) өрттің туындауы мен таралуының алдын алудың сындарлы шаралары;
2) өрттен қауіпті бөліктерде жанып жатқан жерді және өртті табу және ол туралы экипажға сигнал берудің жүйелері мен аспаптары;
3) өрттен қауіпті бөліктерде өрт сөндіру жүйелері;
4) жанатын сұйықтықтар мен олардың буларының ӘК олардың жиналуы мүмкін жерлеріне жинақталуын болдырмауға арналған дренаждар;
5) экипаждың, жолаушылар мен жүк кабиналары бөліктеріндегі өрттен қорғау құралдары.
Көрсетілген құралдардың тиімділігі сынақтармен тексерілуі тиіс. ӘК ұшар алдында өрт дабылының жүйелері мен өрт сөндіру жүйелерінің электр тізбектерінің жарамдылығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етуі тиіс.
ӘК өрт қауіпі бар бөліктер мыналар:
1) қуатты қондырғы қозғалтқыштарының бөліктері;
2) қосалқы қуатты қондырғылардың бөліктері;
3) отынмен жұмыс істейтін электрлік немесе жылытқыш қондырғылар орналастырылған бөліктер болып табылады.
Бұдан басқа конструкцияның, агрегаттардың немесе тораптардың қандай да бір элементтердің бұзылуының немесе зақымдануының салдарынан, сондай-ақ жалын шығаратын кездер болған кезде жанатын сұйықтықтардың аға бастауының салдарынан өрттің туындау мүмкіндігі бар бөліктер өрт қауіпі бар бөліктер болып табылуы мүмкін.
Өрт сигнал беру мен өрт сөндіру жүйесін электрлі басқару жүйесі пайдаланудың күтілетін жағдайларында, мұндай жағдайда электрмен жабдықтаудың апаттың көздеріне автоматты қайта қосылатын ерекше оқиғаны қоса алғанда, электр қорегімен қамтамасыз етілуі тиіс.
986. Өрттің туындауы мен таралуының болдырмаудың конструктивті шаралары.
ӘК оның жекелеген бөліктеріндегі өрт қаупінің дәрежесіне байланысты от өтпейтін, отқа төзімді, жануы қиын немесе өздігінен сөнетін материалдар қолданылуы тиіс.
Жоғарғы температурасы 2000С-тан асуы мүмкін қондырғылар мен агрегаттар орналастырылған бөліктердің желдеткіштері болуға және ӘК жанатын сұйықтығы бар басқа бөліктерінен өрт қалқандарымен немесе экрандарға бөлінуі тиіс.
Жанатын сұйықтықтардың ағуы мүмкін бөліктерде осы сұйықтықтарды сіңіріп алатын материалдарды пайдалануға және сақтауға болмайды.
Өрт қаупі болып табылмайтын, бірақ жанатын сұйықтықтардың аға бастауы және ауада олардың жалындайтын қоспаларын түзуі мүмкін бөліктерде қалыпты пайдалану жағдайлары кезінде жанар қоспаларымен қосылысатын конструкция элементтерінің температурасы осы сұйықтық пен оның буларының өздігінен жалындау температурасына жетпеуі тиіс. Отынмен және олардың буларымен араласатын орындарда конструктивтік элементтердің ең жоғары температурасы 2000С аспауы тиіс.
Жиналған шассимен қонуға мәжбүр болған кезде өрттің туындау мүмкіндігін азайту үшін отты өшіру заттарын өрт қауіпті бөліктерге беру үшін өрт өшіру жүйесін автоматты қосудың авариялық құралдары көзделуі тиіс.
Осы құралдар авариялық қону кезінде олар бұзылғаннан (қосылғаннан) кейін өрт сөндіру жүйелерінің жұмысына қолайсыз әсер етуге тиіс емес.
Ауамен тез тұтанатын сұйықтықтың булары ұдайы келетін немесе отын жүйелерінің элементтері бар ӘК барлық бөліктері жарылыс қаупі бар ортаның үлгісі бойынша қаралуы және сыныпталуы тиіс. Ортаның үлгісін айқындау негізі үшін бөлікте ағудың немесе 16-кестеде көрсетілгенге сәйкес бөлікте отынның тұрақты келуінің есебінен отын мен оның буларының пайда болу ықтималдығын бағалау нәтижесі қолданылады:
16-кесте
Орта үлгісі
|
(Р) ағу ықтималдығы немесе бөліктің сипаттамасы
|
I
|
Отынның немесе оның буларының тұрақты немесе кезеңмен келуі
|
II
|
Р>10-5
|
III
|
10-5>Р>10-7
|
IV
|
Р<10-7
|
V
|
Өрт қаупі бар бөліктер
|
Электр жабдығына қойылатын талаптарға арналған ортаның үлгісі қаралып отырған бөліктегі (температура, қысым, жабдық жұмысы) пайдалану жағдайларын ескере отырып, кешенді түрде бағалау және конструктор қабылдаған отын буларының (желдеткіш, дренаж және т.б.) жарылыс қауіпті концентрациясының ықтималдылығын азайту шаралар жолымен белгіленеді. Жарылыс қауіпті орталары бар бөліктерде белгіленген жабдық ортаның белгіленген үлгісіне сәйкес талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
987. Өрт сигнал беру жүйесі тез әрекет етуі тиіс. Өрт қаупі бар бөліктерде отпен жасалатын табиғи текшеде жасалатын сынақтар кезінде өрттің туындау сәтінен бастап үш секундтан аспайтын уақыт ішінде өрт туралы сигнал беруді қамтамасыз ететін өрт сигнал берулердің саны көзделуі тиіс. Бұл жүйе экипажға өрттің тоқтауы туралы ең қысқа мерзімде сигнал беруі тиіс.
988. Өрт қауіпті бөлікке орналастырылған сигнал беру жүйесі 1026-тармақтың талаптарына сәйкес сынақтан өтуі тиіс. Жалған сигнал беру ықтималдығы аз жиіліктен аспайтын оқиғаға жататындығын көрсетуі тиіс.
989. Өрт қауіпті бөліктерге орналастырылған өрт сигнал берудің электр өткізгіші отқа төзімді сымдармен орындалуы тиіс немесе отқа төзімді оқшауламасы болуы қажет.
990. Өрт сигнал бергіші және қызып кету туралы сигнал бергіші майдың, отынның, судың және гидрожүйелердің жұмыс сұйықтықтарының ықпалына сезімтал болуы тиіс. Өрт қауіпті бөліктерде орналастырылған өрт және қызып кету туралы сигнал бергіштер кем дегенде 5 минут ішінде 1100+500С температурамен олардағы жалынның ықпалына шыдауы тиіс.
Өрт сигнал беру жүйелерінің дабылдық құрылғысы "Өрт" жалпы сигнал беретін арнайы табло және өрттің туындау орнын нақты көрсететін жарықтық сигналдары бар өрт қауіпті бөліктеріндегі мнемоникалық схема түрінде экипаждың кабинасына орналастырылуы тиіс. Көрсетілген дабыл құрылғысы экипаждың жұмыс орнынан жақсы көрінуі тиіс. Өрт туралы жарықты сигнал беруші дыбыс сигнал берумен немесе сөзбен айту ақпараттарды қосарласа қайталауы қажет.
Өрт сигнал беру жүйелерінде ұшуды пайдалану бойынша басшылыққа сәйкес олардың жарамдылығын тексеруді қамтамасыз ететін бақылау тәсілі көзделуі тиіс.
991. ӘК орнатылған өрт сөндіру жүйесінде әрбір өрт қауіпті бөлікке от сөндіру затын орталықтандырылған немесе автономды берудің кем дегенде екі тең бағалы кезектері болуы тиіс.
Экипаждың және жолаушылардың кабиналарында өрт сөндіруге арналған қолмен басқарылатын өрт сөндіргіш орнатылуы тиіс.
«В» сыныпты жүк бөліктерінде орнатылған өрт сөндіру жүйесі 1008-тармақтың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Қозғалтқыштардың ішкі май немесе суфлирленген қуысына отсөндіргіш заттардың беретін өрт сөндіруші жүйелері қолданылған жағдайда от сөндіру затын берудің бір кезекті өрт сөндіруші тәуелсіз жергілікті жүйелерін қолдануға рұқсат беріледі.
Өрт сөндіру жүйесінің әрбір кезегіндегі өрт сөндіру затының саны, от сөндірушілердің бәсеңдету және затты бөлу жылдамдығы бәсеңдету сәтінен бастап 3 секундтан аспайтын мерзім ішінде қажетті от сөндіру концентрациясын жасауды және оны кем дегенде 2 секунд сақтауды, қорғалатын бөліктегі өртті сөндіруге жеткілікті болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл от сынақтарымен, ал алдын ала (от сынақтарына дейін) бір өрт сөндіру жүйесінің бір кезегіндегі от сөндіру заты санының жеткіліктілігімен анықталуы мүмкін.
Өрт сөндіру жүйесінде 114В2(С2F4Вr2), 13В1(СF3Вr) және 12В1(СF2С1Вr) от сөндіру құралы ретінде хладондарды от сөндіру құралы ретінде қолданған жағдайда есептік от сөндірудің көлемдік концентрациясы тиісінше 4,5; 8,7 және 7,5% құрауы тиіс.
Ескертпе: талап етілген от сөндіру құралының санын есептеу үшін PH = 1013 гПа және tH=+500C кезінде 1 кг затты алатын көлемді қабылдауға болады, ол 114В2 - 102 л, 13В1 - 175 л үшін, 12В1 - 160 л үшін жасалатын болады.
От сөндірушілері өрт туындаған жағдайда және авариялық қону кезінде ӘК зақымдану мүмкіндіктерінен барынша қорғалатын орындарда орналастырылуы тиіс. Сонымен бірге олар жерде қарау үшін қол жетімді және оларда қысымның немесе от сөндіру затының болуын бақылауға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.
От сөндіргіштер беріктік жағдайлары бойынша ішкі қысымы қалыптағыдан артық көтерілген жағдайда, үзіліп кетуден қорғауға арналған сақтандырғыш клапандармен (мембраналармен) жабдықталуы тиіс. От сөндірушілердің сақтандырғыш клапандары олар жұмыс істеген жағдайда, отсөндіргіш затын оттың сыртына шығару үшін сыртқы атмосфералы труба құбырларымен қатынасуы тиіс. Шығарумен бірге сақтандырғыш клапаны арқылы бәсеңдету туралы сигнал беру үшін сигнал берудің очкосын жасауға ұсыныс беріледі.
От сөндіргіштердің бәсеңдеткіш (пиропатрондары) және сақтандырғыш құрылғысы (мембраналары) қатты соққы жүктемелері мен тербелістерден өздігінен жұмыс істеп кетуі тиіс емес. Отсөндіргіштер орнатылған аймақта ауаның температурасын бәсеңдеткіш және сақтандырғыш құрылғылардың өздігінен жұмыс істеп кетуіне әкелетін мәннен кем болуы тиіс.
От сөндіргіш затты өрт қауіпті бөлікке берудің (қозғалтқыштардың ішкі қуыстарынан басқа) бірінші кезегі өрт сигнал беру жүйесі жұмыс істеп тұрған кезде автоматты түрде қосылуы тиіс. Кейінгі барлық кезектерде қосуды жұмыс орындарындағы экипаж мүшелері қолымен жүргізуі тиіс. Автоматты қосылатын кезек үшін оның қолымен қосу мүмкіндігі көзделуі тиіс. Экипаж кабинасында өрт сөндіру жүйесінің әрбір кезегіндегі от сөндірушілердің жұмыс істеуі туралы дабылы болуы тиіс.
Өрт сөндіру жүйесінің негізсіз қосылуы қуатты қондырғы қозғалтқышының, оның жүйелерінің немесе осы өрт қауіпті бөлікке орналасқан басқа агрегаттардың қалыпты жұмысын бұзуға алып келуі тиіс емес.
Өрт сөндіру жүйелерін автоматты қосудың апатты құралдары барлық от сөндірушілерден өрт қауіпті деп танылған бөліктерге өрт сөндіру құралын беруді қамтуы тиіс.
Өрт сөндіру жүйесін электрмен басқаруда электр тізбектерінің тұтастығын тексеру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
Өрт сөндіру кезінде экипаждың мүшелері орындайтын операциялардың бірізділігі ұшуды пайдалану бойынша басшылық бөліміне сәйкес көрсетілуі тиіс.
992. Өрт сөндірудің стационарлық жүйелері үшін от сөндіру құралдары ретінде: хладон 114В2, хладон 13В1 және хладон 12В1 ұсынылады. Басқа от сөндіру құралдарын қолданған кезде, олар жоғарыда көрсетілген хладондардың от сөндіру тиімділігінен кем емес немесе тең от сөндіру тиімділігін иеленуі тиіс және тот баспаған активтерді қолдану жағдайларында көзделген персоналдарға, экипаж мүшелеріне және жолаушыларға қызмет көрсету үшін қауіпсіз болуға, сондай-ақ ұзақ сақтау және пайдалану кезінде тұрақты қасиеттерін сақтауы тиіс.
149. Қуатты және қосалқы қондырғыларды өрттен қорғау
993. ӘК қуатты және қосалқы қондырғыларының қозғалтқыштық бөліктерін конструктивті орындау өрт пайда болған қозғалтқыштың бөлігінде өрттің туындауы және оны өшіру оны пайдалану режимдерінің барлық диапазонындағы көрші қозғалтқыштың қалыпты жұмысын бұзбайтындай болуы тиіс.
Әрбір қозғалтқыштың бөлігінде отқа төзімді немесе жоғары температураның ықпалынан қорғалатын мынадай:
1) бөліктегі ӘК басқаратын жүйелердің элементі және қуатты қондырғыны басқару жүйелері;
2) өрт сөндіру жүйесінің труба құбырлары мен тозаңдату құрылғылары;
3) бұзылуы жоғары температураның ықпалынан болатын өрт кезіндегі ауа өткізгіштер мен басқа элементтер өртті күшейтуге алып келуі мүмкін;
4) құрамында жанар-жағар сұйықтығы бар труба құбырлары немесе сыйымдылықтар;
5) өрт кезінде және одан кейін жұмыс істеуге тиісті барлық жүйелердің электр өткізгіші элементтер болуы тиіс. Өрт қауіпті бөліктерде магниттік қорытпалардан және басқа жанатын материалдардан жасалған, өшіруге бағынуы қиын, қозғалтқыштың корпустық бөлшектері мен оның агрегаттарын қоспағанда, бөлшектерді қолдануға жол берілмейді.
Өрт қалқандары от өтпейтін материалдардан жасалуы тиіс. Өрт қалқаны труба құбырларының, басқару тартқышының, электр сымдарының өтетін жері жалынның өтуін герметизациялануға, ал олардың арматуралары - отқа шыдамды материалдардан орындалуы тиіс.
Бөлікте өрт қалқанының сыртында орналасқан салдары ұшудың күрделі жағдайларынан да қиын, ерекше оқиғалардың туындауына алып келуі мүмкін элементтер соңғысынан осындай қашықтыққа орналасуы және осы элементтер 5 минут ішінде 1100+500С температурамен жалындаған өрт қаупі бар бөлік жағынан қалқаға ықпалы бар өрт кезінде қауіпті зақымдар алмайтындай материалдардан жасалуы тиіс.
Труба құбырларымен әрбір қозғалтқышқа отын әкелу отын келтіруді тоқтататын өртке қарсы шүмек орнатылуы тиіс. Осы шүмекті орнататын орын шүмекті жапқаннан кейін қозғалтқыш шығаруы мүмкін отынның ең төменгі санына жинақталатындай етіп таңдалуы тиіс. Шүмек пен труба құбыры оған дейін өрт қауіпті бөлікке орналасуы тиіс емес және мүмкіндігінше авариялық қону кезінде бұзылудан қорғалуы тиіс. Экипаж кабинасында шүмектің жағдайы индикациялануы тиіс.
Қозғалтқыштың бөліктерінде және оның жұту трубасында қозғалтқышты сәтсіз іске қосқан кезде және басқа да пайдалануда болуы мүмкін жағдайларда отынның жинақталып қалатын бітелу аймағының түзілуі болмауы және отынды қажетті дренаждау көзделуі тиіс.
ӘК қабының артына енгізілетін дренажы трубалар дренаждалған жанатын сұйықтықтар қозғалтқыштардың ауа жинағышына, қозғалтқыштардың гонджолдарына және ӘК өрт қауіпі бар аймақтарына түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.
Қозғалтқыштың 2000С-тан астам температураға дейін қыздыратын агрегаттары мен конструктивтік элементтерінің үстіңгі беті бар бөліктерінің 964-тармақтың талаптарына сәйкес суытқыш (желдеткіш) жүйесі болуы тиіс. Қозғалтқыштар бөліктерінің ауалық суытқыш (желдеткіш) жүйесі бір бөліктен екінші бөлікке жалынның таралуына жол бермеуі қажет.
Өшіру барысында суытқыш ауаны беруді жаппастан өртті өшіру қамтамасыз етілмейтін бөліктерде суытқыш жүйесі өрт өшіру жүйесінің өрт сөндіргіштері қолданысқа қосылған сәтте (толық немесе ішінара) автоматты түрде жабылуы тиіс.
Қозғалтқыштың ішкі қуыстарының атмосферамен қатынасы үшін труба құбырларына шығару орны олардан май, ыстық газ, ал авариялық жағдайларда жалынның да тасталуын ескеріп таңдалуы тиіс.
994. ҚҚ қозғалтқыштары мен қосалқы (энергетикалық және жылытқыштық) қондырғылар қозғалтқыштарының бөліктері өрт сигнал берулермен, ал қажет болған жағдайда талаптарына жауап беретін осы бөліктердегі қызып кету туралы сигнал беру жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
995. Егер қозғалтқыштың бөлігі жеке-жеке өрт сигнал беруі бар «суық» (компрессордың маңы) және «ыстық» (жану камерасының, турбинаның және реактивтік шүмектің маңы) аймақтарға көлденең өрт қалқанымен бөлінген болса, онда осы аймақтардағы өрт сөндіру жүйесі бөлектенген де және бірлескен де болуы мүмкін.
Қозғалтқышты май қуысындағы от сөндіргіш құралымен жабдықтау кезінде осы жүйені қолданысқа қосуды экипаж тиісті дабылдың жұмыс істеуі бойынша қозғалтқышты ажыратып тастағаннан кейін бірден жүргізуі тиіс. Қозғалтқыштың ішіндегі өрт сөндіру жүйелеріндегі от өшіру заттарының саны және оны труба құбырлары арқылы бөлушілерге (қысым және аймақ бойынша бөлу) беру жағдайын нақты текшеде арнайы отты сынақтардың нәтижелері бойынша анықтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |