Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Сымдардың бұрауларын төсеуге және қорғауға қойылатын талаптар



бет26/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37

157. Сымдардың бұрауларын төсеуге және қорғауға қойылатын талаптар
      1045. Сымдардың бұраулары оларды шешпестен аппаратураны және ӘК тексеріп отыруға, қызмет көрсетуге және реттеуге қиындық туғызбайтындай етіп төселуі қажет және элементтердің таңбасы жабылып қалмауы қажет.
      1046. ӘК қолданылатын сымдар ӘК барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайда олар төселетін орындарда пайда болуы мүмкін барлық жағдайларда қолдануға есептелген болуы қажет.
      1047. Механикалық әсерлер немесе сұйықтықтардың, булардың және ыстық ауаның әсерлері болуы мүмкін жерлерде орналасқан сым бұрауларының жекелеген учаскелерінің осыған тиісті қорғанысы болуы қажет. Бұраулардың өте майысатын жерлерінде арнайы және икемді сымдарды қолдану қажет.
      1048. Сымдарды өздігінен сөнетіндей етіп оқшаулау қажет. Сымдардың өздігінен сөну қабілеттілігін анықтау бойынша сынақ әдістемесі.
      1049. Сымдардың бұраулары гидравликалық, отын және май жүйелері құбырларынан жоғары төселуі қажет. Аталған жүйелерді тиісті түрде қорғай отырып, олардың агрегаттары маңында сымдар мен бұраулар учаскелерін құбырлардан төмен төсеуге жол беріледі. Бұрауларды төсеу барысында сымдардың оқшаулануын бұзуға жол бермейтін сымдардың бұраулары мен конструкция элементтері, түрлі жүйелердің блоктары, құбырлары арасы қажетті саңылаулармен қамтамасыз етілуі қажет.
      1050. Жекелеген жүйелер мен тарату құрылғыларының резервтік элементтерін қуаттандыратын сымдардың бір мезгілде бұзылуын азайту үшін олардың аралары бөліну қажет.
      Ұштық болып бітелген қимасы 4,0 мм2 және одан да кем сымдар үшін ұзындығы бойынша оның әрбір ұшынан кем дегенде үш рет қайтадан бітеп отыруға мүмкіндік беретін пайдаланушылық қор көзделуі қажет. Аталған қорды бұраулар бекітілген 3-4 нүктенің учаскесінде сымдар бітелген жерден бастап біркелкі етіп бөледі.
      1051. Бұраулардың жылжымалы учаскелері бұрауларға зақым келтірмей жөндеуаралық ресурс шегінде ӘК конструкциясы бөліктерінің еркін жылжуын қамтамасыз етуі қажет.
158. ӘК корпусына минустық сымдарды жалғау кезінде қойылатын талаптар
      1052. Минустық сымдар жалғанған орындарға су, отын, май, гидроқоспалар және т.б. сұйықтықтар тікелей әсер етпеуі қажет.
      1053. Минустық сымдарды жалғау конструкция беріктігінің кемуіне әкелмеуі қажет. Минустық сымдар жалғанған орындардағы корпустың қалыңдығы төменде 17-кестеде көрсетілген шамалардан кем болмауы қажет.
      Ескертпе: минустық сымдар жалғанған орындардағы корпус қалыңдығын жапсырмалар (накладкалар), шиналар және басқа детальдарды орнату есебінен арттыруға жол беріледі.
17-кесте



Сым қимасы, мм2

Корпустың қалыңдығы, мм

0,2-ден 1,50 дейін

1

1,50-ден 10,00 дейін

1,5

10,00-ден 25,00 дейін

2,5

25,00-ден 70,00 дейін

3

70,00-ден 95,00 дейін

4

      1054. Борттық желіде бір болтпен немесе бір клеммамен III санатты қабылдағыштар үшін үш ұштыққа дейін, сымдарының қимасы 1,5 мм2 аспайтын І және II санатты қабылдағыштар үшін екі ұштыққа дейін; жалғану орындарындағы +850С дейінгі температура кезінде сымдарының қимасы 4 мм2 аспайтын III санатты қабылдағыштар үшін екі ұштыққа дейін және І және II санатты қабылдағыштар үшін бір ұштыққа дейін бекітуге рұқсат етіледі және температурасы +850С-тан асатын кезде кез келген қимадағы сымдары барлар үшін бір ұштықтан аспайтындай етіп бекітуге жол беріледі.


      1055. ӘК ұштығы мен корпусы арасындағы ауыспалы кедергілердің шамасы 18-кестеде көрсетілген шамалардан аспауы қажет:
18-кесте



Сым қимасы, мм2

Ауыспалы кедергінің шамасы, мкОм

0,2-ден 2,50 дейін

600

2,50-ден 10,00 дейін

500

10,00-ден 26,00 дейін

400

35,00

300

50,00; 70,00

200

95,00

100

      Минустық сымдардың жерге қосылған нүктелері (клеммалары, болттары, гайкалары) қызыл түске боялуы қажет.


159. Электр қосқыштарды орнатуға байланысты қойылатын талаптар
      1056. Төменгі жиіліктегі электр қосқыштар оның конструкциясында көзделген барлық бекіту нүктелерін пайдалана отырып оларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін орындарда мықтап бекітілуі қажет.
      1057. Төменгі жиіліктегі электр қосқыштарды орнату бұрауларды қатты бұрамай-ақ қосқыш бөліктерінің мүшелерін біріктіруге және ажыратуға мүмкіндікті қамтамасыз ететіндей орындалуы қажет.
      Қосқыш бөліктері тоғысқаннан кейін олардың қосылғандығының бақылауышын қамтамасыз ету қажет.
      1058. Ұшу барысында іске қосылмаған жабдық үшін көзделген қосқыштарға бақылауыштары бар тығындауыштар орнатылуы қажет. Екі және одан да көп қосқыштарды орнату кезінде оларға бір-біріне тікелей жақын жерде кез келген қосқыштың басқа бір бөлікпен бірігуін болдырмайтын конструктивті шаралар қолданылуы тиіс.
      1059. Қосқышты орнататын орын қосқышқа ылғалдың тікелей түсуін болдырмайтындай таңдап алынуы қажет немесе қосқышқа ылғалдың осылай түсуін болдырмайтын қорғаныш көзделуі тиіс.
      1060. Бұраулар бойынша қосқыштарға ылғал түспес үшін бұраулар астынан келтіріледі немесе олардың ілмектері болуы қажет.
160. Ұшу-навигациялық жабдық
      1061. Осы бөлімнің талаптары навигациялық қонудың радиотехникалық жабдығын қоспағанда ұшу-навигациялық жабдыққа таралады. Бұл жабдықтарға (құралдарға) аспаптар, агрегаттар, құрылғылар, сондай-ақ күтіліп отырған барлық пайдалану жағдайларында ӘК жүргізу және басқару үшін қажетті жүйелер мен кешендер жатуы мүмкін.
      ӘК қауіпсіз ұшу талаптарын қанағаттандыру үшін ұшу-навигациялық жабдықтары орнатылады. Оның құрамы (номенклатурасы және мөлшері) күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларынан шыға отырып таңдалуы қажет.
      1062. ӘК орнатылатын әрбір жабдық түрлері үлгілерінің мөлшері ең төменгі болуы қажет. Сонымен қатар, навигациялық қонудың радиотехникалық жабдығымен бірге күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ұшуды орындауға жол беретін резервтеу (құрылымдық және/немесе функционалдық) қамтамасыз етілуі қажет.
      1063. Ұшу-навигациялық жабдық оған таралатын 1026-1027-тармақтың талаптарына сәйкес болуы қажет.
      1064. ӘК-те көзбен шолып ұшу кезінде мынадай жабдықтар:
      1) әрбір пилотта:
      - прибор жылдамдығының ең жоғары пайдалану приборының жылдамдығын (Vmaxэ) индикациялау аспабы немесе индикаторы;
      - барометрлік биіктік приборы немесе индикаторы;
      - жантаю және тангаж бұрыштарының аспабы немесе индикаторы;
      - сырғанау индикаторы;
      2) екі ұшқышқа ортақ:
      - автономды магниттік компас;
      - секунд көрсеткіші, сағатын, минутын және секундын көрсететін тілдері немесе цифрлық көрсеткіші бар сағат;
      - сыртқы ауа температурасының индикаторы орнатылуы қажет.
      Ескертпе: Бортинженерде сыртқы ауа температурасының индикаторы болған жағдайда сыртқы ауа температурасының индикаторын пилоттардың біреуінде орнатуға жол беріледі.
      1065. Аспаптар бойынша ұшу ережесі бойынша ұшуға арналған ӘК аталған жабдықтардан басқа мынадай жабдықтар:
      1) әрбір пилотта:
      - гироскопиялық немесе эквивалентте есептеуіш құрылғылармен тұрақтандырылған, магниттік және/немесе шын және/немесе келтірілген (магниттік немесе шын меридианға) курс аспабы немесе индикаторы;
      - тік жылдамдық аспабы (вариометр);
      - айналу бұрыш жылдамдығының аспабы;
      2) бірінші пилотта:
      - резервтік механикалық барометрлік биіктік өлшеуіш;
      3) екі пилотқа ортақ:
      - резервтік авиакөкжиек;
      - жантаю бұрышын пайдаланудағы рұқсатты шаманың сигнал беруі.
      Ескертпе: жантаю бұрышын пайдаланудағы рұқсатты шаманың сигнализаторын жантаю белгісін көрсетпестен орындауға рұқсат етіледі.
      1066. ӘК-те мынадай жабдықтар: (орнатылуы тиіс)
      1) әрбір пилотта:
      - М саны бойынша шектеуі бар ӘК ең жоғары пайдаланушылық М санының (Мmaxэ) индикациясы бар ағымдағы М санының приборы немесе индикаторы.
      Ескертпе: ең жоғары пайдалану приборының жылдамдығын және ең жоғары пайдалану М санын шектеуді ең жоғары пайдалану аспабы жылдамдығының көрсеткіші (индексі) арқылы индикациялауға жол беріледі.
      2) екі пилотқа ортақ:
      - ӘК құлауға жақындағаны туралы ескертетін табиғи немесе жасанды белгілері жоқ рұқсатты шабуылдау бұрышының индикациясы бар ағымдағы шабуылдау бұрышының индикаторы;
      - ӘК қалыпты салмақ артуы бойынша шектеулері жоқ ең жоғары пайдаланушылық салмақ артудың индикациясы бар қалыпты салмақ арту аспабы немесе индикаторы;
      - экипаж құрамында ұшуды басқарудан бос және навигацияны қамтамасыз ету міндеттерін (штурмандық функциялар) орындайтын адам жоқ болған жағдайда ұзақтығы 300 км-ден астам трассалар бойынша аспаптар бойынша ұшу ережесі жағдайларындағы ұшатын ӘК ӘК-тің орны координатасының индикаторы;
      - ең жоғары пайдалану аспабы жылдамдығының сигнализаторы (Vmaхэ);
      3) ӘК биіктіктері футтық өлшемдегі эшелондардың трассалары бойынша ұшқан жағдайда пилоттарда биіктіктің футтық шкаласы бар прибор (лар) немесе индикатор (лар) орнатылуы қажет.
      1067. ӘК-те автоматтандырылған басқару құралдары орнатылуы тиіс. Бұл құралдардың құрамына автопилот және қажет болған жағдайда траекториялық басқару жүйесі мен қозғалтқыштар тартымының автоматы кіреді. Ең жоғары крейсерлік ұшу биіктігі 4200 м-ден аспайтын жеңіл ӘК үшін осы тармақтың талаптары ұсынымдық сипатта болып табылады.
      Ескертпе: автоматтандырылған басқару құралдары деп жекелей алынған автопилотты, траекториялық басқару жүйесін және қозғалтқыштар тартымының автоматын, сондай-ақ олардың жиынтығын да атайды.
      1068. Аспаптармен индикацияланатын өлшемдерді бөлек индикациясы бар аспаптармен (индикаторлармен) де, сондай-ақ қосарланған индикациясы бар аспаптармен (индикаторлармен) де индикациялауға болады. Сонымен қатар:
      - механикалық аспаптарда бірінші пилоттағы барометрлік биіктікті және әрбір пилоттағы аспап жылдамдығын;
      - екі ұшқышқа ортақ жергілікті магниттік компастағы магниттік курсты бөлек индикациялау сақталу қажет.
      1-ескертпе: егер қосарланған индикациясы бар осы өлшемдерді индикациялау үшін жеке механикалық арна қолданылатын болса, онда механикалық аспаптардағы аспап жылдамдығын, сондай-ақ барометрлік биіктікті бөлек индикациялау міндетті емес.
      2-ескертпе: механикалық аспап деп толықтай механикалық аспапты, сондай-ақ аспаптың кез келген электр механикалық бөлігі істен шыққан кездегі өлшеу және индикациялау механикалық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі сақталатын электр механикалық аспаптарды да айтады.
      1069. Пилоттардың біреуі кез келген экипаж мүшесінің қосымша іс-қимылдарынсыз осы өлшемдердің өлшеу жүйелерінде кез келген жекелеген істен шығу жағдайлары туындаған кезде, сондай-ақ электр қуаттандырудың істен шыққандығына байланысты туындаған жағдайды пилотқа дереу хабарлай отырып жантаю, тангаж бұрыштарының және гироскопиялық курстың индикациясын қамтамасыз етуі қажет.
      1070. Егер жабдық талап етілетін басқару мен ӘК жүргізудің дәлдігін қамтамасыз етуге жеткіліксіз болса, онда күтілетін пайдалану жағдайларында аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін қосымша жабдық орнатылуы қажет.
      1071. Аталған механикалық аспаптардың (барометрлік биіктік аспап жылдамдығының және КИ үлгісіндегі магниттік компас аспаптарының) басқа жантаю, тангаж бұрыштарын, сондай-ақ барометрлік биіктікті және прибор жылдамдығын бейнелейтін аспаптар параметр өлшеу трактісінің, оның ішінде приборға келіп түсетін сигналдар бойынша электр қуаттандырудың істен шығуын білдіретін сигнал беруі болуы қажет.
      Ескертпе: радиомагниттік индикаторларда курстың істен шығуын білдіретін сигнал беруінің болмауына рұқсат етіледі.
      1072. Аспаптар бойынша ұшу ережесі жағдайларында ұшуға арналған 30-дан астам жолаушы сиятын ӘК, жерге жақындағанда мынадай жағдайларда пилоттарға сигналдар беруді қамтамасыз ететін құралдар орнатылуы қажет:
      - ӘК астындағы жерге төмен түсу жылдамдығы немесе жерге жақындау жылдамдығы осы режим үшін белгіленген шектеулерден асатын кезде;
      - осы режимдер үшін белгіленген шектеулерден асатын биіктікті жоғалтқанда немесе көтерілгеннен кейін төмен түсу жылдамдығы өзгергенде және екінші айналымға кеткен кезде;
      - қонуға бет алғанда СП-ИЛС жүйелері бойынша глиссадан ауытқуы белгіленген шектеулерден төмен болғанда;
      - қонуға болмайтын конфигурацияда рұқсат берілген биіктіктен ӘК төмен ұшқан кезде. Жерге қауіпті жақындау сигнал беру құралдарының іске қосылу табалдырықтарының шамасы ӘК ұсынылған қауіпсіз Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұшу режиміне шығару үшін әдеттен тыс басқару әдістерін қолдануды, сондай-ақ қалыпты салмақ артуды nу 1,5-тен немесе егер олар қалыпты салмақ артудың аз шамаларында келетін болса ұшуды пайдалану бойынша басшылық белгілейтін шектеулерден көтерілуін қажет етпейтіндей таңдап алынуы қажет.
      1073. Берілген барометрлік биіктіктің өлшеу және тұрақтандыру құралдары қолданыстағы тік эшелондау жүйесінде ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін және осы тармақтың "Тік эшелондау құралдарының техникалық сипаттамаларына қойылатын Нормативтік талаптарға" сәйкес келетін дәлдік және сенімділік сипаттамалары болуы қажет.
      Жоғарыда аталған талаптарды орындау үшін ӘК бортында:
      - барометрлік биіктікті өлшеудің кем дегенде үш дербес трактысы, олардың кем дегенде екеуі ұшу барысындағы автоматтандырылған бақылау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс;
      - эшелонның берілген биіктіктен ауытқуының бақылау және сигнал беру құралдары;
      - ӘҚБ жүйесіне барометрлік биіктіктің сигналын беру құралдары;
      - берілген биіктікті автоматты түрде және қолмен тұрақтандыру құралдары орнатылуы қажет.
      Ең жоғары крейсерлік ұшу биіктігі 4200 м-ден аспайтын ӘК үшін, сондай-ақ көзбен шолып ұшу ережелері бойынша ұшуға арналған ӘК үшін биіктікті өлшеудің екі дербес трактысын құруға, эшелонның берілген биіктіктен ауытқуының автоматты бақылау және сигнал беру құралдарынсыз, сондай-ақ берілген ұшу биіктігін автоматты түрде тұрақтандыру құралдарынсыз ұшуына жол беріледі.
      Ескертпе: статикалық қысымның түрлі жүйелерін пайдаланатын биіктікті өлшеу трактылары дербес деп есептеледі; статикалық қысымның екі жүйесіне ортақ пневмокранның болуы дербестіктің бұзылғандығын білдірмейді.
161. Курсты анықтау құралдары
      1074. Аспаптар бойынша ұшу ережесі бойынша ұшу жағдайларында ең аз дегенде гироскопиялық (тұрақтандырылған) курстың екі датчигі, магниттік курстың бір датчигі, автономиялық магниттік компас (КИ үлгісіндегі), сондай-ақ курстың магниттік және/немесе шын және/немесе келтірілген (магниттік немесе шын меридианға) индикаторы енуі қажетті курсты анықтау құралдарының құрамы әрбір пилотта болуы қажет. Түрлі дербес электрмен жабдықтау қосалқы жүйелерінен қуат алатын гироскопиялық (тұрақтандырылған) курстың екі датчигінен бірінші және екінші ұшқышқа курсты индикациялау жүзеге асырылуы тиіс.
      1-ескертпе: тек жергілікті әуе желілері (жолдары) бойынша ұшатын ӘК, егер ол істен шыққан жағдайда ұшу жағдайларының күрделенуіне қарағанда ұшуды жалғастырып, аяқтауды қамтамасыз ету ауыр болмаған жағдайда гироскопиялық (тұрақтандырылған) курстың бір датчигін орнатуға рұқсат етіледі.
      2-ескертпе: магниттік курсты басқа да әдістермен, мысалы, есептеу арқылы анықтауға рұқсат етіледі.
      1075. Курсты анықтау құралдары ӘК пайдаланудан күтіліп отырған жағдайларымен анықталатын қажетті дәлдік сипаттамалары бар берілген функцияларды орындауды қамтамасыз ететіндей орнатылуы қажет. Магниттік курс датчиктерін орнататын орындарда бастапқы девиация шамасы Жердің магниттік өрісінің көкжиектік құрамдас көрсеткіші 0,16-0,18 эрстедке тең болғанда +20-тан аспауы қажет. Қалдық девиация шамасы Жердің магниттік өрісінің көкжиектік құрамдас көрсеткіші 0,27-ден 0,06 эрстедке дейін болғанда кез келген курста +10-тан аспауы қажет. Пайдалану барысында қалдық девиацияны +20-қа дейін ұлғайтуға жол беріледі. ӘК арналған пайдаланушылық-техникалық құжаттамада ӘК пайдалану барысында белгіленген жоғары шекте девиацияны бір қалыпта ұстау әдістері келтірілген болуы қажет.
      1076. Электр жабдықтың және/немесе электр энергия қабылдағыштарының қосылуы, қозғалтқыштар жұмысы режимінің ұшудың тұрақтанбаған жылдамдығы бойынша учаскелерін қоспағанда өзгеруі, жантаю және тангаж бұрыштарының өзгеруі, сондай-ақ күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ӘК жылжымалы бөліктер мен басқару органдарының қозғалуы гиромагниттік курс ауытқуының ең жоғары рұқсат берілген қалдық девиация шамасы +20-тан артық ұлғаймауы қажет.
      1077. Жергілікті магниттік компас (КИ үлгісіндегі) компас қолданылатын жағдай үшін алдын-ала айтылған жабдықтың жұмыс көлемі мен қалпы кезінде оның қалдық девиациясы +100-тан аспайтындай етіп орнатылуы қажет. Аталған көрсеткіштер артып кеткен жағдайда компасты қолдануға екі ұшқыштың көз алдында тұратын девиация шамаларының кестесі тек ӘК болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      1078. Гироскопиялық құрылғылармен анықталатын курсты түзету үшін пайдаланылатын астрономиялық курс құралдарын қолдану қажет болған жағдайда астрокурс датчигі әуе кемесінде оның бетін ӘК конструкциясының кез келген элементтері көлегелемейтін, кильден басқа жерде орнатылуы тиіс. Датчик орнатылған орын шамдалдарды визирлегенде олардың ең аз мөлшерде бұрмалануын қамтамасыз етуі қажет.
162. Жантаю мен тангажды анықтау құралдары (авиакөкжиектер жүйесі)
      1079. Жантаю мен тангажды анықтау құралдарына ӘК кеңістіктегі орналасқан орнын анықтау мен индикациялауды және ақпараттың шынайылығына бақылау жасауды қамтамасыз ететін тік және индикаторлар датчиктері мен бақылау жүйесінің жиынтығы жатады.
      1080. Жантаю мен тангажды анықтау құралдарының құрамына ең аз дегенде екі негізгі авиакөкжиек пен резервтік авиакөкжиек енуі қажет. Негізгі авиакөкжиектердің индикаторлары ретінде командалық-пилотаждық индикаторлар қолданылуы мүмкін. Бірінші және екінші пилотқа жантаю және тангаж бұрыштарын индикациялау түрлі тік датчиктерден жүзеге асырылуы тиіс. Негізгі авиакөкжиектер электрмен жабдықтаудың электрден тәуелсіз қосалқы жүйелерінен (арналарынан) қуат алуы қажет.
      Авиакөкжиектер жүйесіндегі жабдықтың кез келген жекелеген істен шығуы, оның ішінде электрмен жабдықтау жүйесіндегі жабдықтың кез келген жекелеген істен шығуы бір авиакөкжиектің істен шығуынан аспауы қажет.
      1-ескертпе: Көзбен шолып ұшу қағидалары бойынша ұшуға арналған ӘК үшін резервтік авиакөкжиекті пайдалану міндетті емес.
      2-ескертпе: Негізгі авиакөкжиектердің индикаторлары ретінде автономды немесе дистанциялық авиакөкжиектер қолданылуы мүмкін. Датчиктер ретінде гиротіктер, курстық тіктер, екпін күш курстық тіктері, екпін күш жүйелері қолданылуы мүмкін.
      1081. Авиакөкжиектердің, оның ішінде дистанциялық авиакөкжиектердің датчиктері ӘК пайдаланудан күтіліп отырған жағдайларымен айқындалатын қажетті дәлдік сипаттамалары бар берілген функцияларды орындауды қамтамасыз ететіндей ӘК-ге орнатылуы тиіс.
      1082. Резервтік авиакөкжиекте жантаю және тангаж бұрыштарын индикациялаудың негізгі авиакөкжиектерді индикациялаумен ұқсас болу дәрежесі авиакөкжиектер көрсеткіштерін салыстыруды қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
      1083. Жантаю мен тангажды анықтау құралдарында түзету ажыратқыштарын қолдану қажет болған жағдайда авиакөкжиектердің әрқайсысы авиакөкжиекпен бірге жұмыс істейтін және ол сияқты электрмен жабдықтаудың қосалқы жүйелерінен (арналарынан) қуат алатын жеке тұрған түзету ажыратқышына қосылуы қажет.
      Ескертпе: егер түзету ажыратқышы авиакөкжиектен басқа өзге гироприборларды ажырату үшін де қолданылатын болса, онда авиакөкжиектің түзетуін ажырататын тізбектердің электр шешілімін қамтамасыз ету қажет.
      1084. Сигнал берусіз негізгі авиакөкжиектердің индикаторларында ӘК кеңістіктегі орналасу индикациясының тоқтатылуы немесе ӘК кеңістіктегі орналасу индикациясынан толықтай айрылуы апаттық жағдай ретінде қаралуы тиіс, бұл ретте апаттық жағдайларға қатысты талаптар орындалу қажет.
      Ұшу барысында бір сағатқа негізгі авиакөкжиектердің индикаторларында ӘК кеңістіктегі орналасу индикациясының тоқтатылуы жиі болып тұратын оқиға емес, болуы екіталай оқиға ретінде көзделуі қажет.
      1085. Резервтік авиакөкжиек экипаж тарабының қосымша іс-қимылдарынсыз және қадамдық қозғалтқыштармен айналысқа келтірілетін барлық генераторлардың істен шығуы кезінде электр қуаттандыру тізбектерінің коммутациялануынсыз оның электрмен қуаттандыруын қамтамасыз ететіндей электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуы қажет. ӘК-дегі резервтік авиакөкжиек ретінде +3600С диапазонда жантаю мен тангаждың өзгерген жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігін сақтайтын авиакөкжиек орнатылуы тиіс.
      1086. Аспаптар бойынша ұшуға арналған ӘК үшін авиакөкжиектерді бақылау индикаторлар мен датчиктердің автоматты сыртқы бақылау құрылғылары мен не талаптардың орындалуын қамтамасыз ететіндей сыртқы және ішкі бақылау құралдарының жиынтығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
      Ескертпе: Көзбен шолып ұшу ережесі бойынша ұшатын ӘК мен резервтік авиакөкжиектер үшін бақылау кіріктірілген бақылау құралдарымен ғана шектелуі мүмкін.
      1087. Аспаптар бойынша ұшу қағидасы бойынша ұшатын ӘК үшін негізгі авиакөкжиектер мен резервтік авиакөкжиектен осы Норманың 160-тарауының талаптарына сәйкес өлшемдерді тіркеудің борттық құрылғысында жазу үшін сигналдар түсіруді қамтамасыз ету ұсынылады.
      Ескертпе: датчиктерге тіркеу құрылғыларының әсерін болдырмай тастаған жағдайда, оның ішінде осы құрылғылардың істен шығуы барысында өлшемдерді тіркеу және бақылау үшін ортақ датчиктерді пайдалануға жол беріледі.
      1088. Сигнал беру жантаю бұрыштарын пайдаланудағы рұқсат берілген шектен асуын алдын алатындай болуы қажет және пилоттарға ӘК кеңістіктегі орналасуы туралы ақпаратты пайдалана отырып мүмкіндік беруі, жантаю бойынша белгіленген шектерден ӘК-нің шығуына жол берілмеуі тиіс.
163. Әуе өлшемдерін анықтау құралдары
      1089. ӘК-де әуе өлшемдерін анықтау құралдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құбыр өткізгіштері мен қалдық қабылдағыштарынан тұратын толық және статикалық қысымдарын қабылдаудың бір-бірінен тәуелсіз кем дегенде үш жүйесі орнатылуы қажет.
      1090. Қысым қабылдағыштарын фюзеляждың қаптамасына орнатқан жағдайда статикалық қысымды қабылдау жүйелерінің әрқайсысында олар қарама-қарсы борттарда екеуден орналасып, бір-бірімен бітеу жүйе құрайтындай құбыр өткізгіштерімен жалғасуы керек.
      1091. Толық және статикалық қысым қабылдау жүйелерінің бірі тек бірінші пилот пайдаланатын бұйымдарды қосу үшін ғана арналуы қажет.
      1092. Бірінші пилотқа оның жұмыс орнынан екінші пилоттың жүйесінен басқа, статикалық және толық қысым қабылдау жүйелерінің біріне барометрлік биіктікті, аспаптық жылдамдықты және тік жылдамдықты көрсететін өзінің аспаптарын ауыстыруға мүмкіндік қамтамасыз етілуі тиіс.
      1093. Қысымды қабылдау жүйелерінің қабылдағыштары (сыртқа шығарылатындары және фюзеляждың бортындағы) өлшенетін қысымдардың қателері өлшегенде ауытқуларға (аспаптар мен индикаторлар құралдарының қателерін қоспағанда) әкелетін:
      - жылдамдығы тиісті ӘК конфигурациясы үшін рұқсат берілген ең аз жылдамдықтан рұқсат берілген ең жоғары жылдамдыққа дейінгі диапазонда ағымдағы аспаптық жылдамдықтан 10 км/сағаттан немесе 3%-дан (қайсысы үлкен, соған байланысты) аспайтын орындарда орналасуы қажет, бұл ретте рұқсат берілген ең аз жылдамдық:
      1) көтерілу конфигурациясы үшін - V2
      2) ұшу конфигурациясы үшін - 1,3 Vcl;
      3) қону конфигурациясы үшін - екінші айналысқа кеткендегі рұқсат берілген жылдамдық;
      - биіктігі тиісті конфигурация үшін құлау жылдамдығының 1,3-нен (шасси және жалғас қанаттар түсірілген) құлау жылдамдығының 1,8-не (шасси және жалғас қанаттар жиналған) дейінгі жылдамдықтар диапазонында жылдамдықтың үдеуі әрбір 200 км/сағатқа +±10 м-ден аспайтын орындарда орналасуы қажет. Егер жылдамдықтың көрсетілген диапазоны 200 км/сағаттан кем болған кезде, оның ауытқу шегі +±10 метрден аспауы тиіс. Ұшудың өтпелі режимдерінде әуе қысымдары қабылдағыштары ауытқуларының өзгеру сипаты қолмен және автоматтандырылған басқару кезінде қиындық туғызбауы қажет.
      1-ескертпе: осы тармақтың талаптары бірінші және екінші пилоттың әуе өлшемдерінің негізгі аспаптарын қосуға арналған статикалық және толық қысымдардың негізгі жүйелеріне жатады.
      2-ескертпе: аэродинамикалық ауытқуларды өтейтін құралдары бар өлшеуіштерді қолданған жағдайда, аталған талаптар түзетулердің құрал есебінен кейін қалдық ауытқуларға жатады.
      1094. Қабылдағыштар бір-бірінен ұшу кезінде бір мезгілде екеуінің механикалық бұзылуын (мысалы, құстармен соқтығысуын) болдырмайтын ара қашықтықта орнатылуы тиіс.
      Мүмкін болатын мұздану жағдайларында қабылдағыштардың конструкциясы және олардың ӘК-де орналасуы қысым қабылдау жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
      1095. Экипаж қабылдағыштарды жылытатын электр құралдардың істен шыққандығы туралы оларға хабар беретін сигнал берумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жылыту құралының қосылмауын оның істен шыққандығы ретінде қарастыру қажет.
      1096. Қосылған тұтынушылары бар әуе қысымдарының қабылдау жүйесі атмосфераға шығатын орнынан басқа, 19 және 20-кестелерде көрсетілген герметикалығы бойынша талаптарға жауап беруі қажет.
19-кесте

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет