Ұсынылатын әдебиеттер бойынша балқыту арқылы және қысыммен пісіру процесінің физикалық мәнін анықтаңыз. Сонымен қатар, пісірудің осы екі түрі реттік сатылар қатарынан тұратынына мән аудару қажет. мысалы, балқыту арқылы пісіруде: негізгі және қосымша металлды сұйық науа түзумен қыздыру және балқыту; қосылыс (жік) сұйық металын металлургиялық өндеу және т.б.
Сұйық науаның бар болуы пісіру процесін күрделендіреді, себебі металдың балқу температурасына дейін қызған кезде тотығу және булану процесі болады. Науаның тұрақты құрамын сақтау үшін науаны тотықтыру және легирование жасау қажет. Бұл процестердің күрделілігі себебі науа көлемінің аздығы және металдың сұйық қалыпта аз болуы. Пісіру науа металының кристалдану сипаттамасын қарастырыңыз.
Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:
- Балқыту арқылы пісірудің физикалық мәнін баяндаңыз.
- Қысым арқылы пісіру процесінің мәні неде?
- Пісіру деформациясы және кернеуінің пайда болу себептері, оларды жою әдістері.
- Пісіру түсінігі және анықтау әдістері.
Ең алдымен доғалы пісіру түрлерін зерттеу, электр доғасында болатын процестерге мән аудару қажет.
Доғалы пісіруге арналған тоқ көзі мен құрылғысын зерттеу қажет. Электропісіру кезінде қоректендіруді арнайы трансформаторлардын ауыспалы тоғынан, ал электротүрлендірушідін тұрақты тоғынан жүргізеді. Доғалы пісіруді қоректендіру үшін түсетін сыртқы мінездемесі бар көздерді қолданады. Пісіру тәртібі пісіру қосылыстарының сапасын анықтайды. Ең маңыздысы тоқ күшін дұрыс таңдау болып табылады. Аз тоқ толық пісірілмеуге, көп тоқ балқымауға әкеледі. Тоқ күші пісірілетін металдың құрамы мен қалыңдығына, электрод диаметріне, тоқ түріне және ұсынылатын әдебиетте берілген формула бойынша, жіктің кеңістікте орналасуына байланысты таңдалынады.
Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:
- Доғада болатын қандай процестер арқылы бөлшек жиегі және негізгі металл балқытылатының түсіндіріңіз .
- Электродпен балқытылатын доғалы пісірудің қандай әдістерін сіз білесіз? Бұл әдістерді қай кезде қолданатының түсіндіріңіз.
- Орташа көміртекті болатты пісіру үшін сапалы элекродты сылақ пен флюсты арнауын түсіндіріңіз.
- Тұрақты және ауыспалы тоқта доғалы пісірудің электрлі сұлбасын келтіріңіз. Тоқ күшін реттеу қалай жүргізіледі?
- Неге пісіруге арналған тоқ көздерінде қысқаша тұйықталу тоғы шектелген? Бұл сипаттама графикалық түрде қалай беріледі?
- Бір фазалы пісіру трансформаторын төмендететін сұлбаны сызыңыз.
- Доғалы автоматты пісірудің мәнін, артықшылығын және қолдану аймағын баяндаңыз.
- Қорғаушы газдар ортасында электродоғалы пісіру қандай артықшылықтарын береді? Бұл пісіруді қолдану әдістері мен аймағы.
- Плазмалы пісірудің мәні неде? Оны қолдану аймағы.
- Электроқожды пісіру мәнін баяндаңыз. Оны қолдану аймағы.
- Вакуумда электронды сәулемен пісіру мәнін сипаттаңыз. Оны қолдану аймағы.
- Металды газды кесу мәнін баяндаңыз.
1.4.4 Қысыммен пісіру амалдары
Ұштастықты пісіру кезінде электродтармен қысылған металл бөлшектерін жібіту және қыздыру, металл арқылы тоқ жылу бөлуі арқылы іске асады. Пісіру аймағында жылу бөлу тоқ күшімен, тоқтың өту ұзақтығымен және бөлшектерді бөлетін шектің кедергілігімен, яғни, пісіру тәртібі және металл қасиетімен анықталады.
Ұштастықты пісіру түрлерін, олардың технологиялық тәртібін, қолданатын жабдығын қарастырыңыз. Ұштастықты пісіру түрін таңдау құрылым жұмысы шартынан шығады. Материал қасиеті мен оның өлшемі пісіруге арналған машина түрін таңдауын анықтайды. Машина түрін таңдауда пісірілетін материалдың жылуөткізгіштігі мен электрокедергілігі маңызды ролб ойнайды. Мысалы, алюминий және олардың қоспасын пісіру үшін үлкен көлемді өткінші тоқ импульсін беретін, конденсаторлы машинаны қолданған жөн.
Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:
- Ұштастыра пісірудің үш түрінің сұлбасын сызыңыз және олардың мәнін сипаттаңыз.
- Неге ұштастыра пісіру кезінде күші көп тоқ қажет? Ұштастыра нүктелі пісіруге арналған машина жұмысының сұлбасын түсіндіріңіз.
- Ұштастыра пісірудің әр түрлі түрлерін қолдану аймағы.
- Нүктелі пісіру кезінде бөлшектердің қосылуы қалай жүреді? Электродты қысымның ролі. Нүктелі және роликті пісіру кезінде металл қалдықтары неге түзіледі?
- Ұштастық машиналарының негізгі элементтерін атаңыз.
- Қысыммен, үйкеліспен салқын пісіруде және ультрадыбыстық пісіруде қосылыстар түзілу процесін түсіндіріңіз.
- Аккумуляторлы энергиямен пісіру мәнің баяндаңыз. Оны қолдану аймағы.
- Вакуумдағы дифузиялық пісіру мәнін баяндаңыз.
1.4.5 Арнайы жабындарды салу
Үстінен балқыту жұмыстары пісіру өндірісінің жеке аймағы болып табылады. Үстінен балқыту тұтқырлы болаттан жасалған көлік бөлшектері бетіне арналған, бөлшектің қызмет мерзімін ұзартуға әсер ететін мықтылау қабатын алуға мүмкіндік береді. Көліктің ескірген бөлшектерін қалпына келтіруде үстінен балқытуды қолданады. Үстінен балқыту кезінде әр түрлі қатты қорытпалар қисының беретін арнайы металл электодтары кең қолданыс алды; флюс қабаты астынан құбырлы сыммен автоматты үстінен пісіруді қолдану қымбат тұратын металлургиялық жабдықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді (жаймалау біліктері).
Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:
- Үстінен балқытудың физикалық мәнін, түрлерін және қолдану аймағын түсіндіріңіз.
- Қатты қорытпалармен үстінен балқытудың мәні неде, осы қорытпалардың түрлері.
- Балқитын және балқымайтын электродпен қолдан доғалы үстінен балқытуды сипаттаңыз; оларды қолдану аймағы.
- Автоматты және жартылай автоматты доғалы үстінен балқытудың мәні неде. Оларды қолдану аймағы.
- Бұйымның металдану мәнін, металдану түрлерін және оларды қолдану аймағын баяндаңыз.
Пісіру жігі металының кристалдануын, пісіру жігінің әр түрлі жерлеріндегі қасиеттердің біркелкі еместігін қарастырыңыз. Сонымен қатар, пісірудің жылу тәртібін таңдау (қыздыру көзі мен пісіру тәртібі түрі) негізінен металдың құрылымық айналуы және бұйым қалындығы сипатамасына байланысты. Жік маңайы аймағында және пісіру кезіндегі жіктегі құрылымдық айналу қорытпалардың химиялық құрамымен байланысты. Қорытпа күрделі болған сайын, оны пісіру технологиялық процесі де күрделенеді. Болатты пісіру күрделілігі ондағы көміртек саны көбеюінің өсуіне қарай көбейе түседі, себебі олардың шыңдау құрылымға, саңылаулылққа, жарықшалылыққа бейімділігі өседі. Ондай жағдайда пісіруге дейін немесе пісіруден кейін металды қыздыруды қолдану қажеттілігі туады.
Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:
- Болатты пісірілетіндігін қалай анықтайды?
- Болатты пісіру кезінде қандай құрылымдық айналулар өтеді және олар қалай пісіру қосылыстарының механикалық қасиетеріне әсер етеді?
- Көміртекті және легирді болатты доғалы пісірудің ерекшеліктері қандай?
- Жоғары легирді пісіру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- Шойынды пісірудің күрделілігі неде? Шойынды пісірудің салқын және ыстық әдістерін сипаттаңыз.
- Алюминді және мысді қорытпаларды пісіру ерекшеліктері неде?
- Титанды, молибденді, ниобиді және циркониді пісіру ерекшеліктерін баяндаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |