Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Cәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
О.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен - металлургия институты
Технологиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасы
Сарыбаев Е.Е., Бортебаев С.А.
ПІСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫ
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
(5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына арналған)
Алматы 2017
ЖОК 621.791
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Е.Е. Сарыбаев, С.А. Бортебаев «Пісіру өндірісінің технологиясы мен жабдықтары». Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау (5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына арналған). – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2017. 1– 38 б.
Әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасының Білім жән еғылым министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламасы бойынша, сонымен қатар инженер-механиктің біліктілік сипаты талаптарына және 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының мемлекеттік стандартына сай құрастырылды. Сондай-ақ, бұл әдістемелік нұсқау басқа да техникалық мамандықтар мен техникалық колледж оқушыларының пайдалануына болады. Мұнда жұмысты орындау тәсілдері, оның теориялық негіздері мен есептеу формулалары, кестелер, техникалық әдебиеттерді пайдалану ұсыныстары келтірілген.
Іс-тәжрибелерді құрастырғанда ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының зертханалық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулары пайдаланылды.
Көрнекті материал – 29. Кесте – 4. Әдебиеттер тізімі – 8 атау.
Пікір беруші: М.Р. Шаутенов, БММ м Б кафедрасының профессоры.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға арнап бекіткен Типтік оқу жоспары бойынша басылды.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2017 ж.
КІРІСПЕ
5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» (сала бойынша) мамандығының оқу жоспарында «Пісіру өндірісінің технологиясы мен жабдықтары» пәні арнаулы пәндерге жатады.
Курстың мазмұны, оқу шеберінің пісіру техникасы мен технологиясын тәжрибеде қолдануымен байланысты мәселелерді қамтиды. Бұл әдістемелік нұсқауда пісірудің негізгі түрлері мен пісіру тәсілдері, пісіру жалғастары, жіктері, пісіру материалдары және пісіру жұмыстарын қауіпсіз орындауға арналған саймандар қарастырылған.
Пісіру технологиясын оқып зерделеу барысында зертханалық жұмыстар маңызды рөл атқарады. Зертханалық жұмыстарды жүргізгенде студенттер қауіпсіздік техникасының ережелерін, өртке қарсы шараларды, қолданылатын жабдықтар мен аспаптардың жұмыс істеу әдісін, пісіру ережесін игереді.
Зертханалық іс-тәжірибелерді жүргізу әдістемелері, есептеу формулалары, анықтамалық кестелер келтірілген. Зертханалық іс-тәжірибелердің құрылымы бірдей. Әрбір жұмысты орындағанда, осы жұмыста қолданылатын жабдықтар мен аспаптар, жұмыстың мақсаты мен жұмыс жүргізу тәртібі қамтылады.
Зертханалық іс-тәжірибелер, көрсетілген үлгімен есептеме жасаумен аяқталады. Бұл іс-тәжрибелерді орындаумен қатар, студенттер жұмыс соңында келтірілген бақылау сұрақтарына жауап беруге дайын болуы керек.
Зертханалық жұмыстар пәнді оқу кезінде алған теориялық мәліметтерді бекіту және болашақ мамандарды дербес зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |