Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет49/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Михаил Николаевич Скаткин

Михаил Николаевич Скаткин кеңестің көрнекті ғалым-педагогы КСРО Педагогика ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. Оның дидактикаға ұсынған принциптер жүйесі ғылымилық пен коммунистік идеялылық, оқытуды коммунизм құрумен байланыстыру, саналылық, жеке тұлға мен ұжымның мүддесін үйлестіру болды. М.Н.Скаткиннің іргелі еңбектерінің бірі – «Қазіргі дидактика мәселелері».


Қазіргі дидактика мәселелері


Автордан

Орта білім берудің мазмұны мектеп түлектерінің білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыруына байланысты құрылған еді. Ендігі, міндетті жалпы орта білім беру, мектеп түлектерінің еңбек әрекетіне араласуын талап етеді. Осы мәселелер білім мазмұнының міндеттерінде қалай іске аспақ?


Көпшілікті мектептегі оқудың оқушыларға жүк түсіріп, шаршауға шалдықтыратыны алаңдатады. Оны қалай жеңілдету керек? Бағдарламалар мен оқулықтарға кіретін жалпы және политехникалық білім беруге қажетті мазмұнды қалай таңдауға болады?
Коммунистік құрылысқа өзіндік бастамасы және шығармашылық қабілеті бар жұмысшылар керек болғандықтан, мектеп оқушыларын шығармашылық тұрғыдан ойлауға оқыту қажет. Мектепте қалыптасқан оқыту үдерісі, оқушылардың дайын білімді қабылдауына құрылғандықтан, олар соны қайталайды. Олардың шығармашылық тұрғыдан ойлануы үшін олардың танымдық әрекеттерін қалай белсендіру керек?
Оқудың сапасы оқушының оқу қызметіне қатысуына байланысты қалыптасады. Олар неғұрлым оқу қызметін жақсы игеретін болса, соғұрлым олардың оқу еңбегі сапалы болады. Оқуға ынта-ықыласы жоқ оқушыларды оқытудың қиындығын мұғалімдер біледі. Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру үшін мұғалім қандай құралдарды қолдануы тиіс?
Бұл кітапта осындай ізденістер туралы айтылады. Автор біртұтас дидактикалық білімді баяндауды мақсат етпейді, олар педагогика курстары мен жоғары оқу орнының дидактикасы мен техникумдардың оқу құралдарында берілген. Кітапта көкейкесті дидактика мәселелері мен жалпы қауымға қызығушылық тудыратын мәселелер қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет