Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Халық ағарту комитетінде станцияны ұйымдастыру



бет22/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Халық ағарту комитетінде станцияны ұйымдастыру. 1919 жылдың мамыр айында «Балалар еңбегі және демалысы» қоғамының негізгі қызметкерлері ұсынған жобаны Халық ағарту комитеті қарастырып, «Халыққа білім берудің бірінші тәжірибелік станциясы туралы» құжатты бекітті.
Бастапқыда оның алдына өте ауқымды міндеттер қойылды, онда: «Халыққа білім берудің бірінші тәжірибелік станциясы республиканың мәдени құрылысына түрлі мәдени жұмыстар жүргізуге көптеген тәжірибелер ұйымдастырады...( техниканы қоса) - деп көрсетілген болатын.
Станция жұмысы осы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға кірісті. Жұмысының бір бөлігі – өлкенің экономикасын, ауылшаруашылығын және техникасын құру (ауылшаруашылық тәжірибе учаскесі, кірпіш заводы, көмірді күйдіру және т.б.), - оның қарамағынан алынып, ауыл шаруашылық бірлестігіне берілді.
Қорыта келе, тәжірибелік станцияның жұмысы халыққа білім беру мәселесінің төңірегіне шоғырланды. Шағын тұйқ ұжымдағы балаларды ұйымдастыру «Балалар еңбегі және демалысы» қоғам жұмысының ауқымында жүргізілді. «Халыққа білім берудің бірінші тәжірибелік станциясы халыққа білім беру мәселелерін, ауылдық және қалалық жердегі әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты. Бірінші тәжірибелік станция «Сетлемент», «Балалар еңбегі және демалысы» қоғамының тәжірибесін пайдаланып, тұрғындармен бірге балалар тәрбиесімен айналысты. Станцияның жұмыс бағыты педагогикалық орта теориясына арналды. Педагогикалық үдерістерді зерттеу кең ауқымдағы жұмыстың бірі саналды. Педагогикалық үдеріс станцияның түсінігінде түрлі элементтердің өзара әрекеттесуін білдірді: 1) әлеуметік-экономикалық және физика-географиялық орта (сол ауданның); 2) педагогикалық ықпалға түсетін, обьектінің қызметі мен психофизикалық ерекшеліктері: мектепке дейінгі және мектеп оқушылары, жасөспірімдер, ересектер және олардың қауымдастығы; 3) педагогтың қызметі. Педагогикалық үдеріске ықпал ететін факторлар және олардың орта арқылы өзгеруіне мектептің көмегі; станцияның педагогикалық тәжірибесіне орай, балалардың күн тәртібін анықтап, оны тұрғындармен жүргізілетін жұмыста пайдалану мәселелері қарастырылды.
Станция мекемелеріндегі жұмыс жүйесінің элементтері: түрлі жастағы балалармен педагогикалық жұмыс жүргізу, ауқымды практика өткізу; үзіліссіз курстық жұмыстар жүргізу, педагогтың өз тәжірибесін бақылауға, білімін толықтыруға көмектеседі; тәжірибе материалдарын есепке алып талдау, ғылыми негіздеу, ортаның және баланың психофизикалық ерекшеліктерін зерттеу; станцияның тәжірибесін көпшілікпен жұмыста қолдану, педагогтар мен тұрғындар арасында насихаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет