Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата23.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#499627
  1   2   3   4   5   6   7
ИМП аттестации каз0409093851 (5)



№ 20-1-20-7/2435-И от 09.04.2024 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
 
ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2024 ЖЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ 
РӘСІМІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ХАТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана, 2024 



Кіріспе
 
Педагогтердің кәсіби қызметі үнемі жаңаруды және шеберлікті 
жетілдіруді, тәжірибені дамытуды, құзыреттілік деңгейін арттыруды талап 
етеді. Бұл мәселені шешудің маңызды құралдарының бірі – педагогтерді 
аттестаттау.
Аттестаттаудың мақсаты: педагогтердің біліктілік деңгейінің 
біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу немесе 
педагогтердің кәсіби қызметін бағалау негізінде олардың атқаратын 
лауазымдарына сәйкестігін растау. 
Аттестаттау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары білуі 
қажет заңнамалық актілердің тізбесі: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс; 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы; 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы; 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы; 

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 
27 қаңтардағы № 83 бұйрығы; 

«Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 
жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы; 

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және 
халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының 
(ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби 
шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 
жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар 
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 
жылғы 17 тамыздағы № 371 бұйрығы; 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығы; 



Педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту мақсатында Оқу-ағарту 
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) педагогтерді аттестаттау рәсімінің 
әдістерін толығымен қайта қарады, Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен 
бекітілген 
Педагогтерді 
аттестаттауды 
өткізу 
қағидалары 
мен 
шарттарына өзгерістер енгізілді және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 
жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығымен бекітілді (ҚР ӘМ нормативтік 
құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 2 сәуірде
№ 34217 болып тіркелді (бұдан әрі – Қағидалар).
Автоматтандыруды 
енгізуге 
байланысты 
Педагогтерді 
аттестаттаудан өткізу қағидалары 2 кезеңге: автоматтандыру енгізілгенге 
дейін (бұйрыққа 1-қосымша) және автоматтандыру енгізілгеннен кейін 
(бұйрыққа 2-қосымша) бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет