Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



Дата06.07.2016
өлшемі139 Kb.
#181088


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1.52/02-2014




ПОӘК

«Стандарттау» пәнінен студентке арналған пәннің бағдарламасы


11.09.2014 ж.

№ 2 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология

(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Стандарттау» пәнінен


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы ___________ 29.08.2014 ж., С. Төлеубекова, «Стандарттау және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.

2 ТАЛҚЫЛАҒАН

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Стандарттау және биотехнология» кафедрасының отырысында
«29» ___08____2014 ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Ж. Кәкімова
2.2 Инженерлі-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
«05» ___09____2014 ж., № 1 хаттама
Төрайымы_____________С. Төлеубекова
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде шығаруға мақұлданған және ұсынылған


«11» ___09___2014 ж., № 1 хаттама
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы,

проректор ___________ Г. Искакова

4 «18» __09__2013 ж. № 1 БАСЫЛЫМНЫҢ ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны





1

Жалпы ережелер

4

2

Пәннің мазмұны мен сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды үлестіру

5

3

Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар

6

4

Курстың форматы

7

5

Курстың саясаты

7

6

Бағаларды қою саясаты

8

7

Әдебиеттер

9



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер

Төлеубекова Сандуғаш Сайлауқызы, т.ғ.к., аға оқытушы

«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы

Қатынасу ақпараты тел.35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинет

Сабақ өткізілетін орындары - № 301 аудитория

Пән бойынша кредитердің саны - 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

Техникалық реттеу саласындағы негізгі түсініктер. Техникалық реттеудің мақсаттары, принциптері. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы. Стандарттаудың даму тарихынан қысқаша мәліметтер. Стандарттаудың әдістемелік негіздері. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сипаттамасы. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау. Техникалық реттеу саласындағы орнатылған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау және қадағалау.


1.3 Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін білім алушыларға теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру.
1.4 Осы курсты оқудың негізгі мәселесі - стандарттау саласындағы негізге алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе жүзінде қолдануды үйрену.
1.5 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар келесілерді:

Білуі керек:

- техникалық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерді;

- стандарттау жөніндегі әдістемелік материалдарды, стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау және бақылау жүйесін білуі керек.

- стандарттаудың тарихы мен қазіргі жағдайы туралы, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары туралы, стандарттаудың басқа пәндермен қатынасы жөнінде түсініктерге ие болуы керек;



Игеруі керек:

- стандарттардың ақпараттық көрсеткіштерімен жұмыс істеуді.



Меңгеру керек:

- стандарттаудың мақсаттарын, мәселелерін, принциптерін, әдістерін және функцияларын.



Істеуі керек:

- стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді.



Ойлау керек:

- стандарттау саласындағы үкіметтің саясатын.



Болу керек:

- техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік стандарттар, заңнамалық және нормативтік актілер, шет елдердің ұлттық стандарттары, басқа да нормативтік құжаттар.



Алу керек:

- кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметінің дамуына және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қажетті мамандардың кәсіптік қасиеттерін.


1.6 Курстың пререквизиттері: жоқ.

1.7 Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Метрология,

1.7.2 Сертификаттау,

1.7.3 Квалиметрия,

1.7.4 Сапа менеджмент жүйелері.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАР БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ ҮЛЕСТІРУ

1 кесте


Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

дс

стс

сөжо

сөж


1

2

3

4

5

Кіріспе

1







2,5

Кіріспе. Стандартау негіздері. Сапа туралы түсінік




2

1

2,5

Стандарттау саласындағы терминдер мен анықтамалар

1







2,5

Стандарттаудың даму тарихы




2

1

2,5

Стандарттаудың заңнамалық негізі

1

2

1

2,5

Техникалық реттеудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы. Үкіметтің құзыреті

1




1

2,5

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құрылымы




2

1

2,5

Техникалық реттеудің уәкілетті органы, оның стандарттау саласындағы құрылымы мен функциялары

1




1

2,5

Техникалық комитеттер




1

1

2,5

Техниқалық регламенттер

1

2

1

2,5

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар

1

2

1

2,5

1

2

3

4

5

Мемлекеттік стандарттар. Мемлекеттік стандарттарды қайта-қарау, жою тәртібі

1




1

2,5

Стандарттардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар




2

1

2,5

Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз ету

1




1

2,5

Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі




1

1

2,5

Техникалық регламенттердің міндетті талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау

1




1

2,5

Ұйым стандартын әзірлеу және бекіту тәртібі




1







Халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарын қолдану тәртібі

1




1

2,5

Негізге алынатын стандарттар




1







Стандарттау әдістерінің жіктелуі

2







2,5

Өнімге, процестер мен қызметтерге арналған стандарттар




1







Стандарттардың айлық көрсеткіштері




1

1

2,5

Стандарттардың жылдық көрсеткіштері




1

1

2,5

Стандарттау әртүрлі салаларда

1







2,5

Халықаралық стандарттар




2







Мемлекеттік бақылау




1

1

2,5

Стандарттаудың әдістері. Стандарттаудың нысандарын реттеу




1

1

2,5

Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдар

1




1

3

Стандарттаудың әдістері. Параметрлік стандарттау




1

1

3,5

Стандарттауда қолданылатын өнімді сәйкестендіру, агрегаттау, кешенді стандарттау және болжауға негізделген әдістері




1







Стандарттау жұмыстарының тиімділігі




1

1,5

3,5

Стандарттау жұмыстарын дамытудың негізгі бағыттары




2







Жиыны:

15

30

22,5

67,5

3 ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Өздік жұмыс «Стандарттау» пәнінде маңызды бөлігі болып табылады және де басқа аудиториялық дайындықпен толтырылады. Өздік жұмыста бөлек әр түрлі теориялық бөлімдерді оқуда, тақырыптар бойынша есептерді шығарғанда, сонымен қатар есептік-графикалық тапсырмаларды және жеке сұрақ қатарларын ғылыми оқыту кірістіріледі. Өздік жұмысқа бақылау ауызша түрде және жазбаша сұрау, коллоквиум, тест, есептік-графиктік жұмыстарды қорғау, сұхбаттасу, сонымен қатар талқылау және рефераттарды қорғау арқылы жүзеге асады.

Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында міндетті түрде жүйеде берілген әдебиеттермен шектелмеу керек. Каталог қарау барысында қарастырылып отырған тақырыпқа келетін аттарға жолығуымыз мүмкін. Міне, сол жолықтырғандарымызды бірнешеуі жарап қалуы әбден мүмкін.

Сонымен қоса, тақырыппен байланысқан немесе сол тақырыпқа келетін кітаптағы библиографиялық нұсқаулықтарға қарайласуымыз керек. Онда біз керек тақырыптың басқа қандай кітапта бар екендігі туралы ақпарат алуымыз мүмкін. Құнды ақпаратты нұсқаушы мақалалардан сызып алуымызға болады. Ол нұсқаулықтан керекті, қызықтыратын мақалаларды шыққаны туралы ақпарттарымен алуымызға және содан кейін керекті номерларымызға тапсырыс беруімізге болады.

Басты көмекші ретінде компьютерлік жүйе Internet атқарады. Онда ешқашан мақала болып шықпаған ақпарттарды кездестіруімізге болады.

Тез және дұрыс керекті әдебиетті таңдау үшін ғылыми және студенттік кітапханаларды және кітап іздеу механизмін жақсы білу қажет. Керекті әдебиет тізімі университет кітапханасында болмаған жағдайда ғылыми-техникалық немесе қалалық кітапханаға жүгіну керек.

Тағы бір жұмыс түрі реферат болып табылады. Студенттердің рефератында сол тақырып бойынша бірнеше көздерден алынып жинақтырылған негізгі мазмұнын тиянақты жеткізу жеткілікті.

Мәтінде тақырыпқа келмейтін артық ақпараттар болмауы шарт. Рефераттың мазмұнының сәйкестігі негізгі бағалаудың критериінің бірі болып табылады.

Рефераттың құрылуы алдына қойылған мақсаттар есебінен жүреді. Реферат титулды бет, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлік, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ

Семестр кезінде студенттерге оқу жоспарына сәйкес 30 тәжірибелік және курсқа сәйкес 15 дәріс оқылады.

Курстағы өзіндік жұмысты былай жүргізу ұсынылады. Курстың әрбір тақырыбынан ұсынылған әдебиеттерді оқып, оның теориялық негіздеріне көп тоқталмай, талқыланатын сұрақтарға жалпы түсінік қалыптастыру керек.

Содан кейін материалды толығымен меңгеруге көшу керек: теориялық жағдайларды меңгеру, негізгі мәліметтердің қажет жерлерін еске сақтау үшін жұмыс дәптерін жүргізген дұрыс.

Курсты меңгеру кезінде студент өткен материалдарды жақсы меңгеру үшін реферат түріндегі БАОӨЖ және БАӨЖ алынады.
5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Осы курсты меңгеруде студент жүйелі түрде өзі дайындалу керек, қажет болған жағдайда оқытушыдан көмек сұраса болады. Порталға жиі кіру керек. Оқытушының жұмыс бағдарламасындағы методикалық ұсыныстарын тәжірибелік сабақта мұқият оқыңыздар. Тек қана дәріс материалдарымен шектеліп калмай, басқа да әдебиеттерді, электронды ресурстарды қолданыңыздар. Алдымен бірінші модульды меңгеріп, тапсырмасын орындаңыз, кейін келесі модульге көшіңіз. Әрбір бақылау тапсырмасын уақытында орындап, тексеруге беру керек, аралық тесттерді уақытында өту керек. Бақылау мерзімдері – 1-7 апталардағы тапсырмалар мен тесттерге 7 –ші аптаның соңы қалғандары 15 аптада.



6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ


Әрбір студент қорытынды бағасы жақсы болуы үшін әр пәннен бір мөлшерде ұпай сандарын жинау керек. Ұпайдың максималды саны:

1-7 апталардағы бірінші рейтинг қорытындысында -300 ұпай,

8-15 апталардағы екінші рейтинг қорытындысына- 300 ұпай,

Пән бойынша семестрдағы максимальды ұпай саны -600.



«Стандарттау» пәні бойынша балдарды бөлу кестесі

2 кесте



Апта

Бақылау түрі

Жалпы балл

Ескертпе

1

2

3

4




1 – 7 аптаға дейін барлық аудиториялық сабаққа қатысу

30




2

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ







3

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ

50

Ауызша сабақ сұрау


4

№ 1 БАӨЖ

40

Жұмысты қорғау

5

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ

50



Ауызша сабақ сұрау


6

№ 2 БАӨЖ

40

Жұмысты қорғау

7

Аралық бақылау

90

Тест

1-7 апталар бойынша оқу нәтижелерінен балдардың жиынтығы

300




8-15

8 – 15 аптаға дейін барлық аудиториялық сабаққа қатысу

30




8

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ

25



Ауызша сабақ сұрау


9

№ 3 БАӨЖ

40

Жұмысты қорғау

10

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ

25



Ауызша сабақ сұрау


11

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ







12

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ

25



Ауызша сабақ сұрау


13

№ 4 БАӨЖ

40

Жұмысты қорғау

14

ТС қорғау

БАОӨЖ


БАӨЖ

25



Ауызша сабақ сұрау


15

Аралық бақылау

90

Тест

8-15 апталар бойынша оқу нәтижелерінен балдардың жиынтығы

300




Емтиханда алынған балдардың жиынтығы

400




Академиялық мерзімде алынған балдардың жиынтығы

1000






7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі

7.1.1 Асқаров Е.С. Стандарттау, метрология, сертификаттау және сапаны басқару. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2013. – 336 бет.

7.1.2 Қаржаубаев К.Е. Стандарттау, сертификаттау және менеджмент жүйелері: оқу құралы, Алматы, «Нур-Принт», 2011. – 297 бет.

7.1.3 Акишев К., Дарибаева, Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2011. – 256 бет.

7.1.4 Нұрманов М.Ш. Метрология, стандарттау және сертификаттау.- Алматы, 2009.

7.1.5 Рақымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 112 б.

7.1.6 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 бет.


7.2 Қосымша

7.2.1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

7.2.2 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы /Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7.2.3 ҚР СТ 1.2 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.

7.2.4 ҚР СТ 1.5 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

7.2.5 ҚР СТ 1.9 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі

7.2.6 «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті

7.2.7 ҚР СТ 3.5 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер

7.2.8 ҚР СТ 3.9 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау

7.2.9 Басаков М.И. Основы стандартизации, метрологии, сертификации: 100 экзаменационных ответов. - М.; Ростов н/Д, 2004.



7.2.10 Басаков М.И. Сертификация продукции и услуг с основами стандартизации и метрологии. – Р/Д, 2000.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет