Еліміздегі қылмыстың қазіргі жағдайын теріс тенденциялар мен үрдістердің бірден күшеюімен сипаттауға болады



Дата16.06.2024
өлшемі67 Kb.
#502609
2 Кириспе Шахзат





Кіріспе
Еліміздегі қылмыстың қазіргі жағдайын теріс тенденциялар мен үрдістердің бірден күшеюімен сипаттауға болады. Бұл әсіресе дүниеқорлық қылмыс құрылымында байқалады, оның соңғы жылдары артуы негізінен тұрғын үйге заңсыз ену арқылы жасалатын бөгде мүлікті тонаудың артуы есебінен болады. Олардың артуының негізгі себебі мемлекет халқының көп бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, негізінен халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың төленбеуімен байланысты. Осыған байланысты дүние тонау қылмысы санатымен күресу мәселесінің өзектілігі артты. Жеке меншік пайда болған соң адамзат қауіпсіздік шараларын сол кезден ақ қолға алды. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде ежелден ақ құлыптар пайдаланылған. Бүгінгі таңда да осы құлыптарға және олармен жабдықталған сейфтерге сұраныс шексіз. Көптеген өндірушілер мен тасушылар тұтынушылардың арнайы сұраныстарын қанағаттандыру мақсатымен жаңа технологиялармен жабдықталған құлыптарды ұсынады.Техникалық прогресс пен жаңа экономикалық кеңістікті игеру бұзуға ғана емес, от әсеріне қарсы тұра алатын сейфтерге қажеттіліктің артуына әкелді. Жалған нұсқаларының көп мөлшері стандарттарды құрып, олардың сақталуын бақылайтын комитеттер мен комиссиялар құруға итермеледі. Ал сейф иегерлері күн санап артуда...
Электротехниканың дамуы микроэлектроникамен тығыз байланысты. Энергожүйелердегі үрдістердің күрделілігі, олардың өтуінің жоғары жылдамдығы режимдерді есептеу үшін кең енгізу мен күрделі электрондық қондырғылар жүйесімен байланысты режимдер және ақпаратты көрсететін әртүрлі қондырғылармен жабдықталған электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) үрдістерін басқаруды енгізуді талап етті.
Осылайша, электрондық қондырғылар, энергетикалық және электромеханикалық қондырғылар мен жүйелердің біршама маңызды әрі күрделі құраушысы болып табылады және оларды құру үшін өнеркәсіптік электроника, автоматика, есептеу техникасы облысындағы мамандарды дайындап шығару керек. Біріншіден, олар электрондық сызбаларды өңдеушілер үшін міндетті нақты тұжырымдар, өңдеуші соқтығысуы мүмкін қиындықтарды көрсету керек. Толық берілмеген талаптар жұмысқа қабілетсіз қондырғылар құруға, ал талаптарды аса жоғыралату – электрондық қондырғы сенімділігінің төмендеуі мен бағаның артуына әкеледі. Электрондық аппаратура өңдеушісімен ортақ тіл табысу үшін электроника не орындай алады және қандай әдістермен осының барлығы жүзеге асатындығын нақты көз алдына елестету керек. Соңғысы өнеркәсіппен шығарылатын қондырғыны білікті таңдау үшін қажет.
Екіншіден, электрондық қондырғыларды дұрыс эксплуатациялау қажеттілігі туындайды. Үшіншіден, инженер-электриктер қондырғының, соның ішінде электрониканы жөндеу мен монтаждық жұмыстарына белсенді қатысады. Төртіншіден, бірқатар энергетикалық қондырғыларды жобалау, соның ішінде тұрақты ток жіберу линиялары энергетика мен түрлендіру техникасы бойынша мамандардың бірігіп жұмыс жасауын талап етеді. Қандай да бір сызбаны тұрғызу үшін элементтерді таңдауға негізгі шарттар осы элемент бағасы, оның өлшемдері, параметрлері, т.б. болып табылады. Басым жағдайда адамдар диод, транзистор, т.б. типті жартылай өткізгіш элементтерді пайдаланады, өйткені көп уақыт микропроцессор мен микросызбалардың жұмыс принципі мен параметрлерін зерттеуге жұмсалады, соған қарамастан, әсіресе, жартылай өткізгіштерде сызбаның үлкен құрылымынан басым орынды микропроцессорлық және микросызбалық технологиялар алады.
Осы арқылы қазір біз өз назарымызға сансыз көп жартылай өткізгіш элементтердің микробақылаушысы мен микросызбаларынан жиналған кодтық құлып сызбасын жобалай аламыз. Кодтық құлыптар конструкциялары оған дейін де сипатталды, алайда мұндай қондырғыларға қызығушылық әлі де жоғары. Сипатталған құлыптар код енгізу әдісі, құпиялығы, күрделілігі бойынша ерекшеленеді. Бір немесе екі батырмалық басқарумен құлыптар көп сипатталды, алайда код енгізу үшін сандық пернетақтасы бар барлық қондырғылар дәстүрлі болып табылады және қолдану ыңғайлығын сақтау кезінде үлкен құпиялықты сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда электр құлыптары жаппай қолдану құбылысына айналған жоқ және кеңсе, пәтер, коттедж, жер үй, т.б. иелері механикалық құлыптарға артықшылық береді. Ал электр есік құлпы мекемеге бөгде тұлғалардың енуінен қорғаудың аса тиімді әдісі екендігін көпшілік түсіне қоймаған. Электр құлып пен механикалық құлып үйлесімі кезінде мекеме қауіпсіздігін бірнеше есе арттыруға болады. Біздің дипломдық жұмысымызда ұсынылатын құлып сызбасы өте қарапайым, бұл оның жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді.



ДЖ.1304000.901.20.К
Заключение


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет