Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі436.26 Kb.
#3057
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БЕКІТЕМІН

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

РЕКТОРЫ

__________Е.Сыдықов

«____» __________ 2012 ж.

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


Көшірме

Басылым

Әзірленді

Келісілді




Екінші


Магистрлік бөлімінің

бастығы

К.С. Мейрамқұлова



__________
Магистрлік бөлімінің аға маманы

Н.А. Жүнісбаев


__________


Ректор аппаратының жетекшісі

А.А. Талтенов

__________


Рецензиялаушы

Докторантура бөлімінің

бастығы

Л.Г. Мұқажанова



__________

Заң қызметі бөлімінің бастығы

М.Е. Бектембаев

__________


Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы

М.А. Әубәкірова

__________
Начальник отдела системы менеджмента качества

А.Е. Джексембаева



__________


Астана қ., 2012 ж.
Мазмұны


1

Тағайындалуы мен қолдану саласы

3


2

Нормативтік сілтемелер

3

3

Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

3


3.1

Терминдер және анықтамалар

3


3.2

Қысқартулар

3

4


Жауапкершілік

3

5

Жалпы ережелер

4

6

Магистрлік диссертацияның құрылымына қойылатын талаптар

4

7

Рефераттың құрылымына қойылатын талаптар




8

Магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелері

6

8.1

Жалпы талаптар

6


8.2

Магистрлік диссертацияның жасалу тәртібі

7


8.3

Магистрлік диссертация беттерін нөмірлеу

7


8.4

Магистрлік диссертацияның бөлімдерін, бөлімшелерін, тармақтарын, тармақшаларын нөмірлеу

8


8.5

Безендіру

8


8.6

Кестелер

8


8.7

Формулалар мен теңдеулер

9


8.8

Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі

9


8.9

Қосымша

10


9

Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну

10

10

Магистрлік диссертацияны қорғау рәсімі

11


11

Магистрлік диссертация туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

12


12

Қосымша

14




  1. Тағайындалуы мен қолдану саласы

Аталған ереже магистрлік диссертация құрылымына, рәсімдеу ережелеріне және барлық бағдарламалар бойынша қорғау рәсімдерін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Ереже ЕҰУ - де білім алып жатқан магистранттарға, магистранттардың ғылыми жетекшілеріне, кафедра меңгерушілеріне, Магистратура бөлімінің қызметкерлеріне арналған.


2 Нормативтік сілтемелер
Аталған ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:


2.1

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

27.07.2007ж.

2.2

ҚР БЖМС 5.04.033-2011 Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер



17.06.2011ж.

2.3

Дессертацияларды және авторефераттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық. ҚР БҒМ, Жоғары аттестаттау комитеті

Алматы, 2004

2.4

Жоғары оқу орындарында білім алушылар үшін үлгерімділікті ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік ережесі

24.04.2008ж.

№5194 ҚР БҒМ бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына қосымша 13.04.2010ж.



3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
Аталған ережеде 27.07.2007ж. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 5.04.033-2011 ҚР БЖМС-ге сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.
3.1 Терминдер және анықтамалар


Магистр

Ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған 1-2 жылдық нормативтік мерзім бойынша мамандығына сәйкес «магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламасы


Магистрлік

диссертация




Магистранттың нақты мамандық бойынша дербес түрдегі ғылымның белгілі бір саласына сәйкес маңызды мәселелердің бірін зерттеуде жұмысының жинақтық нәтижесін көрсететін ғылыми жұмыс.



3.2 Қысқартулар


ЕҰУ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

МАК

Мемлекеттік аттестаттық комиссия

ҚР БЖМС

Қазақстан Республикасы Білім берудегі жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарты

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚМА

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау


4 Жауапкершілік
Аталған ереженің орындалуы мен оның талаптарының сақталуына Магистратура бөлімі, магистрлік диссертациялар бойынша ғылыми жетекшілер, кафедра меңгерушілері жауап береді.
5 Жалпы ережелер
5.1 Магистр академиялық дәрежесін алу үшін жазылатын диссертация нақты бағыт бойынша сараланған, бітірушінің тиісті білім саласы бойынша ғылыми мәселелерді шешуге және оны шығармашылық тұрғыдан құруға қабілеттілігін көрсететін ғылыми жұмыс болуы тиіс.

5.2 Магистрант магистрлік диссертацияны белгілі бір білім саласында белсенді жұмыс істеуші ғылым докторы немесе кандидаты, осы сала бойынша PhD академиялық докторы дәрежесіндегі жетекшінің басшылығымен өз бетінше орындауы тиіс.

5.3 Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі:

- магистрлік диссертацияны жазу үшін тапсырмалар береді;

- магистрлік диссертацияны орындау барысы бойынша жұмыстың

күнтізбелік кестесін әзірлеуде магистрантқа көмектеседі ;

- магистрантқа тақырып бойынша негізгі әдебиеттер, анықтамалық және мұрағат материалдарын, үлгілік жобалар мен өзге де дерек көздерін ұсынады;

- консультациялар кестесін белгілейді, консультация өткізу кезінде магистранттың магистрлік диссертацияны орындауы бойынша күнтізбелік кестесінің сақталуына ағымдық бақылау жүргізеді;

- магистрлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және магистранттың жұмысын үйлестіруге көмектеседі.

5.4 Магистрлік диссертация ғылым мен тәжірибенің қазіргі теорияларына, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану жолымен орындалуы, негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми – зерттеу (әдістемелік, тәжірибелік) бөлімдерінен тұруы, тиісті білім салаларындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты тәжірибелік ұсынымдардан тұруы тиіс.

5.5 Магистрлік диссертация тақырыбы Ғылыми Кеңестің шешімімен магистрантқа бекітіліп беріледі және ЕҰУ ректорының бұйрығымен бекітіледі. Тақырып ғылым үшін өзекті болуы, аталған бағыт бойынша ғылымның қазіргі жағдайына сәйкес келуі және ЕҰУ-дің тиісті кафедраларының ғылыми – зерттеу жұмыстарының жоспарларымен байланысты болуы тиіс.

5.6 5.04.033-2011 ҚР БЖМС-ге сәйкес магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі ғылыми басылымдарда немесе ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда кем дегенде бір жарияланымда көрсетілуі қажет.

5.7 Магистрлік диссертацияның мазмұны мен рәсімделуіне, оның дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптар білім беру саласының уәкілетті органының нормативтік-құқықтық актілерімен анықталады.
6 Магистрлік диссертацияның құрылымына қойылатын талаптар.
6.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері мыналар:

- мұқаба (нөмірленбейді, қосымша А);

- титулдық бет;

- мазмұны;

- нормативтік сілтемелер;

- анықтамалар, таңбалау және қысқартулар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған дерек көздерінің тізімі

- қосымша;

6.2 Титулдық бет магистрлік диссертацияның бірінші беті болып саналады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып табылады. Титулдық бетке диссертация беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титулдық бет нөмірленбейді. Титулдық бет қосымша Б-ге сәйкес рәсімделеді.

6.3 Магистрлік диссертацияның мазмұнына кіріспе, реттік нөмірлер мен барлық бөлімдер атауы, шағын бөлімдердің, тармақтардың (егер олардың атауы бар болса) атауы, қорытынды, пайдаланған дерек көздерінің тізімі және диссертацияның аталған элементтері басталатын беттерінің көрсетілуімен бірге қосымша кіреді.Магистрлік диссертацияның мазмұны қосымша В-ке сәйкес рәсімделеді.

6.4 «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі диссертация мәтініндегі сілтемелер берілген стандарттар тізімінен тұрады. Сілтемелер жасалатын стандарттар тізімі мынадай сөздерден басталады: «Осы магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған ...». Тізімге стандарттардың таңбалануы және таңбалауларды тіркеу нөмірінің өсу тәртібімен олардың атауы кіреді.

6.5 «Анықтама» құрылымдық элементі магистрлік диссертациядағы терминдерді нақтылау немесе белгілеу үшін қажетті анықтамадан тұрады. Анықтамалар тізімі: «Осы магистрлік диссертацияда сәйкес анықтамалар бойынша келесі терминдер қолданылады ....» деген сөздерден басталады.

6.6 «Белгілеулер және қысқартулар» құрылымдық элементі магистрлік диссертацияда пайдаланылатын белгілеу және қысқартулар тізімінен тұрады. Белгілеу мен қысқарту жазбалары диссертация мәтінінде сөздердің қажетті мағынасын ұғындыру және түсіндіру тәртібімен жүргізіледі. Анықтаманы, белгілеуді және қысқартуларды «Анықтама, белгілеу және қысқартулар» деп, бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат етіледі.

6.7 Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, аталған жұмыстың басқа да ғылыми – зерттеу бағдарламаларымен байланысы көрсетілуі тиіс, сондай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттері, ғылыми – зерттеу жұмыстарын тұтастай орындаудағы олардың орны көрсетілуі қажет.

6.8 Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер көрсетіледі.

6.9 Негізгі бөлім мыналардан тұруы тиіс:

- зерттеу бағытын таңдау және оны негіздеу, міндеттерді шешу және оларды салыстырмалы бағалау әдістері, жұмысты жүргізудің таңдалған бағыты бойынша жалпы әдістемелерін сипаттау;

- теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын қоса алғанда теориялық және (немесе) экспериментік, жобалық зерттеулер үдерісі, зерттеулер әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік, жобалық жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздеу, әзірленген объектілердің қолданылу принциптері, олардың сипаттамалары;

- зерттеу нәтижелерін жинақтау мен бағалау және жұмыстың алдағы бағыттары бойынша ұсыныс, алынған нәтижелердің сенімділігін бағалау, отандық және шетелдік тәжірибелердің нәтижелерімен оларды салыстыру;

- әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар.

6.10 Қорытындылар мыналардан тұруы тиіс:

- диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;

- қойылған мақсаттар шешімдерінің толықтығын бағалау;

- аталған саладағы ең жақсы жетістіктермен салыстыра отырып, орындалған жұмыстың техникалық – экономикалық деңгейін бағалау.

6.11 Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі магистрлік диссертация жазу кезінде пайдаланылған дерек көздері туралы мәліметтерден тұруы тиіс, тізім қосымша Г-ге сәйкес рәсімделеді.

6.12 Қосымшаға қандай да бір себептермен негізгі бөлімге кірмей қалған диссертациялық жұмысты орындаумен байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.
7 Рефераттың құрылымына қойылатын талаптар
7.1 Жүргізілген зерттеу рефераты магистрлік диссертация орындалған тілде рәсімделеді және оған магистрант қол қоюы тиіс. Реферат көлемі 4-5 бетті құрайды.

7.2 Магистрлік диссертация рефераты келесі мәліметтерден қамтуы тиіс:

- диссертацияның көлемі мен құрылымы;

- безендірудің, кестелердің (егер олар бар болса), пайдаланылған әдебиеттер саны;

- түйін сөздердің саны (15-16 сөз);

- зерттеудің өзектілігі;

- зерттеу мақсаты;

- зерттеу объектісі;

- зерттеу әдістері;

- алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы;

- жарияланымдар туралы мәлімет.

7.3 Резюме 3 тілде (қазақ, орыс және шет тілі) рефераттың жеке парағында рәсімделеді, мәтін 10 жолдан артық болмауы тиіс.


8 Магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелері
8.1 Жалпы талаптар
8.1.1 Магистрлік диссертация мәтінінің мазмұны Осы Ереженің талаптарына сәйкес орындалады. Магистрлік диссертация мәтінінің беттері мен оған енгізілетін безендіру мен кестелер А4 пішімінде өңделуі тиіс.

8.1.2 Магистрлік диссертация А4 форматтағы ақ парақтың бір бетіне басылып, келесі қалыпты сақтай отырып орындалуы тиіс: қаріп (шрифт) – Times New Roman KZ, кегіл – 14; жазылу тұрпаты: қалыпты. Магистрлік диссертацияның мәтіні беттер өрісінің келесідей аумақтарын сақтай отырып басылуы тиіс: оң жақ шекара - 10мм, жоғарғы жағы - 20мм, сол жақ - 30мм және төменгі жағы-20мм. Өріс бойынша туралау: көлденеңінен, шегініс: 1,25см., аралық: қарапайым.

8.1.3 Магистрлік диссертация беттерінің көлемі қосымшаны есепке алмағанда гуманитарлық мамандықтар үшін 70-80 беттен, жаратылыстану және техникалық мамандықтар үшін 60-70 беттен кем болмауы тиіс.

8.1.4 Арнайы терминдерді, формуларды, теоремаларды ерекшелеп көрсету үшін арнайы қаріптерді пайдалана отырып, түрлі мақсаттағы компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануға рұқсат етіледі.

8.1.5 Азаматтың тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың атауы, бұйымдар атаулары, диссертациядағы өзге де атаулар түпнұсқадағы тілде келтіріледі.

8.1.6 Өз атын транслитерлеуге және ұйымның атын, түпнұсқа атын (бірінші ескертуде) қосу жолымен диссертация тіліндегі аудармада келтіруге болады.


8.2 Магистрлік диссертацияның жасалу тәртібі
8.2.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтерінің атауы – «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер және қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі» - диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.

8.2.2 Құрылымдық элементтердің тақырыптарын жаңа жолдан шегініс жасамай, бас әріптермен, нүкте қоймай басқан ләзім.

8.2.3 Бөлімдердің, шағын бөлімдердің және тармақтардың тақырыптарын жаңа жолдан шегініс жасап. соңына нүкте қоймай, ерекшелемей, бас әріптермен басу қажет. Егер тақырып екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен бөледі. Тақырыптардағы сөздерді ауыстыруға рұқсат етілмейді.

8.2.4 Магистрлік диссертацияны басып шығару кезінде шағын бөімдердің тақырыптарын «қою» қаріппен ерекшелеу ләзім.

8.2.5 Мәтін мен құрылымдық элементтер тақырыптарының арасында «бос жол» қалады.
8.3 Магистрлік диссертациялар беттерін нөмірлеу
8.3.1 Магистрлік диссертацияның беттерін, диссертацияның бүкіл мәтінінің толассыз нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен (кегіл 12) нөмірлеу қажет.Беттердің нөмірі беттің төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

8.3.2 Титулдық бет беттердің жалпы санына кіреді. Титулдық бет нөмірленбейді.

8.3.3 Жекелеген беттерде орналасқан безендірулер мен кестелер диссертация беттерінің жалпы нөміріне кіреді.

8.3.4 А3 формат парағындағы безендірулер, кестелер бір бет ретінде есепке алынады.


8.4 Магистрлік диссертацияның бөлімдерін, шағын бөлімдерін, тармақтарын, тармақшаларын нөмірлеу
8.4.1 Магистрлік диссертация бөлімдері бүкіл құжат шегінде нүктесіз араб цифрларымен таңбаланған және жаңа жолдан шегініспен жазылған реттік нөмірге ие болуы керек. Шағын бөлімдер әрбір бөлім шегінде нөмірлерге ие болуы тиіс. Бөлімнің нөмірі бөлімнің және нүктемен бөлінген шағын бөлімнің нөмірлерінен тұрады. Бөлімдер,шағын бөлімдер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

8.4.2 Егер құжат шағын бөлімнен тұрмаса, ондағы тармақтардың нөмірленуі әрбір бөлім шегінде болуы тиіс және тармақ нөмірі бөлім мен нүктемен бөлінген тармақтың нөмірлерінен тұруы тиіс. Тармақ нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Егер құжаттың шағын бөлімдері болса, онда тармақтардың нөмірленуі шағын бөлімнің шегінде болуы тиіс және тармақтың нөмірі бөлімнің, шағын бөлімнің және нүктелермен бөлінген тармақтың нөмірлерінен тұруы тиіс.

8.4.3 Егер мәтін тармақтарға ғана бөлінетін болса, онда олар бүкіл магистрлік диссертация жұмысының шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді.

8.4.4 Тармақтар қажет болған кезде әрбір тармақ шегінде реттік нөмірге ие болуы тиіс немесе тармақшаларға бөлінуі мүмкін, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.

8.4.5 Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.

8.4.6 Магистрлік диссертация құрамына кіретін беттер мен қосымшалар нөмірлері толассыз нөмірленуі тиіс.


8.5 Безендіру
8.5.1 Магистрлік диссертацияда безендіруді (сызулар, карталар, кескіндер, сызбалар, диаграммалар,фотолар) бірінші айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетте орналастыру ләзім. Безендірулер компьютер көмегімен орындалуы, сонымен бірге, түрлі - түсті түрде орындалуы мүмкін.

Диссертацияда барлық безендірулерге сілтеме берілуі тиіс.

8.5.2 Безендіру «сурет» сөзімен таңбаланады. Егер сурет біреу болса, онда ол «Сур. 1» болып таңбаланады. «Сур.» сөзі мен оның атауы беттің ортасында орналасады (кегіл 12). Безендірулердің нөмірленуі магистрлік диссертация шегінде толассыз (араб цифрларымен таңбаланады). Мәтінде әрбір безендіруге сілтемелер беру міндетті. Безендірулерге сілтемелер жасау кезінде «Сур. сәйкес» деп жазған ләзім.

8.6 Кестелер
8.6.1 Сандық (цифрлық) материал ереже бойынша кесте түрінде рәсімделеді. Кестелерді рәсімдеу мысалы 1-суретте келтірілген.

8.6.2 Кестені ауыстыру кезінде тақырыптан кейінгі жолға кесте нөмірі көрсетіле отырып қосылуы тиіс. Кестені жалғастырғанда оның атауы тасымалданбайды, бірақ нөмірі көрсетіледі.

8.6.3 Диссертацияда барлық кестелерге сілтемелер жасалынуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде оның нөмірі көрсетіле отырып «кесте» сөзін жазған ләзім.

8.6.4 Жолдар саны көп кестені келесі параққа (бетке) ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа (бетке) ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірін кестенің бірінші бөлігінің үстінен, оң жағынан бір рет көрсетеді, қалған бөліктерінің үстінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кестенің нөмірін көрсетеді, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестені өзге параққа (бетке) ауыстыру кезінде тақырып оның бірінші бөлігінің үстінде ғана орналасады.


Кесте 1
1979 ж. өндірістік өнім өндіруге кеткен шығынның жалпы шығынға % қатынасы


Шығындардың экономикалық элементтері

Жеңіл өнеркәсіп

Шикізат және негізгі материалдар

85,5

Қосымша материалдар

2,6

Отын

0,3

Энергия

0,6

Амортизация

1,6

Жалақы және әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

8,6

Элементтер бойынша бөлінбеген басқа да шығындар

0,8

Барлығы

100

Сур. 1 - Кестені рәсімдеу мысалы


8.6.5 Қосымшадағы кестелерді қоспағанда, кестелерді толассыз нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірлеген ләзім.

8.6.6 Тақырыптар мен кестелердің жолдарын жекеше түрде бас әріптермен жазу керек, егер олардың тақырыбы бір сөйлемді құраса, тақырыпшаларды – кіші әріптермен, егер олар дербес мәнге ие болса, бас әріптермен жазу керек. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет