Қазақстан республикасының білім және ғылым



бет4/4
Дата02.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#173091
1   2   3   4

2 Қосымша әдебиеттер

1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.

7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.

3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006

4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.

5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008


Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.

Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.



Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
Патогенді саңырауқұлақтар ағзаға әсер ету механизіміне байланысты 2 топқа бөлінеді:

  • Микоздар – саңырауқұлақтардың тікелей малдарды уландыруы;

  • Микотоксикоздар – ағзаға енген саңырауқұлақтардан бөлінген токсиндердің уытты әсері.

Зең саңырауқұлақтармен зақымданған жем-шөптермен улану.

Патогенезі. Жем-шөп арқылы ас қорыту жолына түседі немесе өсімдіктердің шаң-тозаңы арқылы тыныс алу жүйесіне барады. Кілегейлі қабықтарда өсіп-дамып тереңірек ене түседі. Қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Уыттылығы саңырауқұлақ түріне, олардың вируленттілігіне, малдың физиологиялық жағдайына, жеке сезімталдығына, азықтануына, азықтың зақымдану дәрежесіне, саңырауқұлақтың химиялық құрамына байланысты.

Клиникасы. Жылқыда 3 түрлі формада өтеді: өтпелі, ішекті және милы. Көбінесе олар бірге кездеседі. Жіті гастроэнтерит, саливация, баспаның асқынған түрі, мойын лимфа түйіндері ісінеді, мойын және бас бұлшық еттері тартылады, шаншу, іш қату, өту, тыныс алу жиілейді, тамыр соғуы әлсіз дене қызуы 41С көтеріліп, бүйрек қабынады, әлсіздік, атония, артқы аяқтары салданып қарашықтары кеңейеді. Тимпания, іш тастау болады.

Патологоанатомиялық өзгеріс. Бауырдың токсикалық дистрофиясы, асқазанның кілегей қабықтарында қатпарлы қабынуы, талақ және лимфа түйіндерінің үлкеюі, эпикардта қан ұюлар, өкпе гиперемиясы, оның ісінуі, трахея мен бронхта көбіктенген сұйықтықтың пайда болуы байқалады.

Миктотоксикоздар. Микотоксикоздар дегеніміз – жануарлар ағзасына микоз тәріздес уытты заттардың (саңырауқұлақтар) енуі нәтижесінде пайда болатын ауылшаруашылық малының аурулары. Оларға: аспергилло,-дендрохиостахиоботрио және фузариотоксикоздар жатады.

Аспергилотоксикоздар – аспергиллюс туысына жататын (20-астам) уытты саңырауқұлақ әсерінен пайда болатын аурулар. Олар ылғалдылығы 18-ден 35С градус аралығындағы жемдерде пайда болып, афлотоксин деп аталатын уытты зат бөліп шығарады. Афлотоксиндер суда және органикалық ерітінділерде жақсы ериді. Судағы ерітінділері жоғары темпреатураға төзімсіз, күн сәулесіне төзімді. Қышқылдар мен сілтілердің әсерінен белсенділігін жояды.

Токсикологиясы. Малдың организіміне ене отырып афлотоксиндер бауырдың функциональдық қызметін бүлдіріп, белок синтезін бұзады, мүшелерді майлы және белоктың дистрофияға ұшыратады, гепатоцидтерді өлі еттендіреді, канцорегенді, тератогенді және мутагенді әсер етеді.

Клиникасы. Алғашқы белгілері 1-3/ күннен кейін байқала бастайды. Мүйізді ірі қара малы, 4-6 күннен кейін байқала бастайды. Буаз мал іш тастайды.

Патологоанатомиялық өзгеріс. Кілегейлі қабықтар катаральды түрде қабынады, асқазан мен кейбір ішектердің кілегейлі қабықтары өлі еттенеді. Бауыр үлкейеді, жүректе қан ұюлар байқалады, өкпесі қызарған әрі ісінген, миы қанға толы, паренхиматозды мүшелерде дистрофиялық өзегерістер білінеді. Бронхтар мен бронхиолаллар көбіктенген, қан аралас сұйыққа толы.

Емі. Адсорбенттер, құстырғыштар, іш өткізгіштер береді. Сіресуге қарсы тері астына 2-10,0 мл, 30%-ды магний сульфатын, глюкоза егуге болады. Дәндердің тазалығын анықтау үшін натрий хлоридімен талдау жүргізеді, 4 кг натрий хлоридін алып, 10 литр, суға ерітеді де алынған дәндерді дайындалған ерітіндіге салады. Егерде қастауыш мүйізшелері бар болса, онда олар судың бітіне шығады.

Дендротоксикоздар. Жіті және жітілеу түрде өтетін ауру. Көбінесе жылқы, шошқа, қой және құстар уланады. Дендрохин саңырауқұлақтары бидайдың, қара бидайың, сұлының және арпаның сабанының ішінде өмір сүріп, улылық қасиет көрсетеді. Бөлінетін токсиндер химиялық заттарға және жоғары Тем-ға өте төзімді.

Клиникалық белгісі. Улану ауыр түрде өтеді. Қанның формалық элементтерінің санының көбеюі байқалады. Шошқада Эритроциттер көбейеді.

Патологоанатомиялық өзгеріс. Ішекте катаральды қабыну, өкпе ісінген, өт қабы өтке толған, паренхиматозды мүшелердің дистрофиялық өзерістер болады.

Балау. Анамнез, клиникалық белгілер,патологоанатомиялық өзгерістер, зертханалық тексеру қорытындысы. Емдеу. Ас қорыту жолын тазалау, іш өткізгіш дәрілер, кофеин-бензоат натрийді глюкозамен қосып, венаға егеді.

Клавицепстоксикоз – клавицепс туысы саңырауқұлақтарынан малдардың улануы. Бұл саңырауқұлақ туысына күйісті малдар, жылқы және шошқа аса сезімтал келеді. Саңырауқұлақ мәдени және астық тұқымдас өсімдіктер дәндерімен бірге ішке түсіп, (микоз) токсин бөледі. (микотоксикоз). Микотоксикоз екіге бөліеді:



  • Эрготизм; - Клавицепспаспалитоксикоз.

Қастауыштан улану – эрготизм (спорынья). Астық тұқымдастардың дәндерінде пайда болатын қастауыш алкалоидтарынан улануды – эрготизм дейді. Жауын-шашын жылдары мәдени өсімдіктердің, арпа, сұлы дәндері, диірмен қалдықтары қастауыштан ластанады. Малдар үшін қауіптісі саңырауқұлақтың құрамында болатын уы – склероцин.

Уытты бастамасы – эрготоалкалойдтар: эрготоксин, эрготамин, эргозин. Олар бірыңғай салалы бұлшық етке әсер етеді. Қарашықты тарылтады, қан тамырларын тарылытып, ұлпалардың қоректенуін бүлдіреді (цианоз, некроз), симптоматикалық жүйке жүйесін тежейды. Сезімтал мал: үй жануарлары – шошқа, ірі қара, құстар.

Клиникалық белгілері: улавну жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрде ас қорыту жолы қызметі бұзылады, сілекей ағады, шаншу, сіреспе байқалады.

Созылмалы түрі – құрғақ гангрена трінде білініп, құстардың айдарымен сырғалығы, ірі қара малдың жілінінің ұштары, құйрығы, кейде тұяқтары, шошқалардың тұмсығы, бас терілері шіріп түсіп қалады.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Теріде некрозды ошақтарды көруге болады.

Емі. Жалпы емдеу принципі, сіреспеге қарсы 30% -ды магний сульфатын 2-10 мл мөлшерінде тері астына егеді.

Клавицепспаспалитоксикоз – ірі қарада үркектік пайда болады, басын шайқай береді, атаксия, тремор, парездер байқалады. Созылмалы түрде зат алмасу бұзылып, арықтайды, өсімталдық төмендейді.

Емдеу. Сіресуге қарсы заттар қолданылады.

Фузариотоксикоз дегеніміз – фузариум туысына жататын улы саңырауқұлақтардан зақымдалған азықты малға бергенде туатын улану.

Улану кезіндегі белгілер: қанның морфологиялық құрамы өзгереді, лейкопения дамиды. Зақымданған азықты ұзақ уақыт беру жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етіп, қан айналымында өзгерістер тудырады. Соның салдарынан геморрагиялық диатез, өкпе домбығуы қалыптасады.

Клиникалық белгісі. Ірі қара мен жылқыда алғашқы белгілер орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Уланудың алғашқы күндерінде мал мазасызданады, тері сезімталдығы және рефлекстер жоғалады немесе төменейді, дененің алдыңғы бөлігінде бұлшық ет дірілі байқалады. Ауру дами келе артқы бөлігі салданады. Жылқы жатқан жерінен тұра алмай қалады. Шайнау және жұтылуы қиындайды, ішек қарын перисталтикасы бәсеңдеп, іш қату байқалады.

Патологоанатомиялық өзгеріс. Жылқыларда еріндері домбығып, жарылады. Кілегейлі қабықтарды некроз, ойық жаралар, қанда лейкопения, лимфоцитоз байқалады. Бауыр тығызданып, қызыл түстенген, көлемі ұлғайған, шекарасы анық емес, жүрек бұлшық еті босаңсыған, құрсақ қуысында қызыл түсті сұйық жиналған.

Емі. Сепсистен процесссті алдын алу мақсатында бұлшық етке пенициллин, стрептомицин, бицилин енгізеді.

Стахиоботриотоксикоз саңырауқұлағымен зақымданған ірі азықтар туындатады. Бұл саңырауқұлақ сапрофит-шабылған ірі азық, яғни, өлі өсімдіктер целлюлозасын талқандаушы. Тұқымдастығына жатады. Стахиоботрис саңырауқұлағының

морфологиялық жағынан ұқсас екі-уытты және уытты емес түрін ажыратады.



Стахиоботриотоксикоз клиникасы екі түрде өтеді: жіті (атипті) және созылмалы (типті). Қанның морфологиялық құрамы өзгереді, тромбоциттер сонымен қатар, лейкоциттердің саны азаяды. (5-2мын /1мм қанда). Кейде танаудан, тік ішектен қан ағады. Бұрыңғы жылдары стахиботриотоксикоз ірі қара мен ұсақ малда кездеспейді. Саңырауқұлақтармен зақымданған ірі азық оларға зиянсыз деп келгенді. Бірақ кейінгі жылдары стахиоботриотоксикозға ірі қара малдың да шалдыққандығы байқалуды. Лейкоцит 3,0-1,0 азаяды). Аурудың соңы 70-80% өліммен аяқталады. өлімге көбінесе 4-6, сирегірек 7-10 шы күндері ұшырайды.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Саңырауқұлақтарына қой-ешкілер сезімтал.

Емі. Арнайы ем жоқ. Симптоматикалық терапия әдісі қолданылады. Жылқыда стахиоботриотоксикоздың алғашқы сатысында ішке ихтиол (4,0-8,0г) каломель (3,0-5,0г) және зығыр қайнатпасын береді (1:500) калий перманганаты, 3% -ды сода ерітіндісімен аузын жуады. Естен тану кезінде тері астына камфора майын, 3-4/сағ, кейін хлорлы кальций берген дұрыс.

Миротециотоксикоз. Улану жіті және жітілеу түрінде өтеді. Эритроцит, лейкоцит мөлшері артып кетеді.

Емдеу. Жалпы емдеу қағидасы негізінде.

Пенициллиотоксикоздар. Пенициллиум туысына жататын уытты саңырауқұлақ штамдарының жануарлар ағзасына ену нәтижесінде болатын ауру.

Клиникалық белгілері. Қозу, жөтел, құсу, тремор, диарея, атаксия, денесі бөртуі, қышуы, цианоз, тахикардия сияқты белгілер.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Қабыну, паренхиматозды мүшелерде дистрофия.

Емі. Сүт ішкізу, 0,5% натрий гидрокарбонаты, хлорлы кальций, глюкоза, зәр айдағыштар.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 15 Дәріс

Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Құрама жеммен, күнжара және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар.
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:
Қосымша тапсырма: Құрама жеммен, күнжара және шротпен улануларға зертханалық сараптама. Құрама жеммен, күнжара және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар.
1 Негізгі әдебиеттер.

1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.

2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.

3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.



2 Қосымша әдебиеттер

1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.

7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.

3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006

4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.

5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008


Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.

Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.

Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
Құрама жеммен, күнжара және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар.

Құрама жем – құнарландырылған және ірі азықтардың белгілі бір малға арнайы рецепт бойынша өндірісте өндірілетін қоспасы. Құрама жемдер қазіргі уақытта арнаулы құрама жем өндіретін зауыттарда дайындалады.



Құрама жем: ұнтақ, брикет және түйіршік түрінде болады.

Құрама жемнен уланудың негізгі себебі – оның құрамында ас тұзының тиісті мөлшерден асып кетуі.

Малдардың құрама жемнен улануының екінші себебі олардың белгіленген талапқа сай болмауы, дұрыс сақталмаудан да болады.

Бұл жағдайда құрама жем зең және басқа да зиянды саңырауқұлақтармен зақымдалады, құрамы және құнарлық қасиеттері өзгеріп, ас қорыту органдарының қызметінің бұзылуына әкеледі.

Мысалы: Ұнтақ жемдегі тұз - құрама жемнің төменгі жағына шөгіп-қауіп туғызады. Ересек малға 1% дан артық ас тұзы құрама жемде болуы жеткілікті.

Күнжара (жмых, шрот). Күнжара құнарлылығы бойынша өте құнды азық болып саналады. Құрамында 8-12% ға дейін май және протейн сияқты құнарлы заттар болады. Жмых престелген түрі шрот-ерітінді түрі.

Күнжарадағыдай сығындау жолымен емес, шроттардан май еріткіштер арқылы алынатын болғандықтан майы аздау ақ заты мол болады.



Зығыр күн жарасы. Малдардың улануының себебі синиль қышқылының түзілуінен туындайды. Күнжараның әр сұрыбындағы мөлшері әртүрлі болады. Бұл зат температура мен ылғалдыдылықтың әсерінен гидролизге тез ұшырайды. Доңыздар улануының бірнеше жағдайы тіркелген. Клиникалық көріністер мен өтуі уланудың негізгі себебі синиль қышқылдығы екенін көрсетті.

Рапс күнжарасы. Зығыр күнжарасының иісі мен қара сұр түстілігімен ерекшеленеді. Құрамында синигрин мен санальбин гликозидтері бар. Бұл гликозидтер эфир қыша майларына ыдырай отырып, улану тудырады. өзіне тән клиникалық көріністері бар. Азық ретінде рапс күнжарасын пайдалану белгілі бір нұсқау бойынша жүргізіледі.

Мақта күнжарасы. Мақта тұқымдарынан алынатын күнжараның маңызы зор. Бұл күнжараның құнарлығы жоғары, бірақ малдар жаппай улануы мүмкін.

И.Е.Мозгов зерттеулерінше мақта күнжарасы мен шрот жақсы құнарлы азық. Мақта күнжарасынан ауыл шаруашылық малдарының улануының негізгі себебі, мақтаның қабықшасында болатын госсипол деген затқа байланысты. Госсипол суда ерімейтін, сілтілерде жақсы еритін сары түсті зат. әсіресе піскен тұқымда госсипол көп болады. Дәннен майды бөліп алғанда госсиполдың 3/4 бөлігі алынады да, 1/4 бөлігі күнжарада қалады. И.Е.Мозговтың пікірі бойынша, малдың улануы үшін госсиполдың осы мөлшері де жеткілікті. Мақат шротын малға бергенде зиянсыз, себебі оның құрамында госсиполдың мөлшері аз немесе тіптен болмайды.

Құрамында 0,02% дан төмен госсипол бар күнжараны уытты деп саналмайды. Госсипол кумулятивті әсер ететін у екендігін ұмытпау қажет, сондықтан улану белгілері 15/ тәуліктен соң байқалуы мүмкін.

Клиникалық белгілері. Ірі қара малда улану жіті түрде де созылмалы түрде де өтеді. Аурудың өтуіне байланысты клиникалық белгіліері де әртүрлі болуы мүмкін. Негізінен улану тәбетінің төмендеуінен, шөлдеу, сүттің азайып қалуымен байқалады. Дене қызуы қалыпты, күйзеліс, бұлшқы еттерінің сіресуі, әлсіздік көрінеді. Тыныс алуы терең, жиілеген. Кілегей қабықтар көгеріп, жүрек жұмысы әлсіреген, тамыр соғуы жиі (80-100 рет/мин).

Мес қарын тимпаниясы, ішектер перисталтикасы әлсіреген. Нәжісі сирек бөлінеді. Жіті түрінде ауру 2-3/ тәуліктен арыға созылмайды. өлім көрсеткіші 35% - ға жетеді де мал тез арықтайды. Шошқалардың улануы тәжірибе жүзінде жиі көп кездеседі. Клиникалық белгілері. Ірі қарадағыдай – азықтан баз тартады, іші кебеді, құсу, ентігу, ауыз бен мұрын қуысынан көбікті сұйық ағады, дене қызуы қалыпты. Улануды балау өте қиын емес, энфефалиттен ажырата білген жөн.

Болжам. өлім көрсеткіші жоғары болғандықтан болжам қолайсыз. Шошқаларда әсіресе торайларда өлім көрсеткіші 67% - ға дейін жетеді. Ересектерін лажсыз сояды. Ірі қара малының да арасында өлім-жітім кездесіп тұрады.

Емі. Мақта күнжарасы рационнан біртіндеп алынып тасталып, симптоматикалық ем жүргізіледі. Осы күнге дейін ауырған малды емдейтін тиімді ем табылған жоқ. Іш өткізгіштерді берсе, глаубер тұзы және сода клизмасын жасаса жақсы нәтиже береді.

Жүрек препараттарынан кофейнді қолданған дұрыс. Марганец қышқыл калийді (1:1000) тұз қышқылымен ( HCI ) араластырып, күніне үш ас қасық зондпен енгізгенде жақсы әсер етеді. бірақ симпатикалық ем әр кезде жақсы нәтиже бермейді.

Патологоанатомиялық өзгеріс. Ірі қараның қатпаршағында ірі азық толы екендігін көруге болады, мөлшері екі есеге ұлғайған. Кілегей қабықтар бозарған. Кеуде және құрсақ қуыстарына сұйықтық жиналған. өкпе қанталаған және ұлғайған, жүрек еті босаңсыған. Ішек ұзына бойына катаральды-геморрагиялық қабынған. Бауыр, ккбауыр, бүйрек босаңсыған, қан құйылу орындары бар. өт қабы өтке толған, ұлғайған. Қан сұйылған, шошқаларда да дәл осындай көрініс байқалады.

Алдын алу шаралары. Мақта күнжарасын азыққа қолданар алдында арнайы нұсқауларға сүйену керек. Мақта күнжарасын, шротын азық ретінде абайлап қолданған жөн. Малға көп бергенде организмде ақ зат көбейіп, зат ламасу үрдістерінің бұзылуына алып келеді. Мақта күнжарасы жалпы райионның 5-15% - ын ғана құрағаны жөн және құрамындағы госсиполдың мөлшері төмен болуы керек (0,05-0,07%). Оның деңгейінің ауытқып кетуі улану тудырады. Мақта күнжарасын рационға, кальций мен натрий тұздарының А және В дәрумендерінің мөлшері аз азықтармен бірге бергенде өте абай болу керек.

Зығыр күнжарасынан улану. Зығыр дәндерінде гликозид-линимарин болады. Линимарин қаыпты жағдайда өздігінен уытты әсер етпейді. Бірақ та күнжара құрамындағы су және линаза ферментінің қатынасуы мен синиль қышқылы пайда болып, уытты әсер көрсетеді.

Этиологиясы. Дымқыл, ылғалды зығыр күнжарасымен азықтандырғанда улану белгілері байқалады. Оның құрамындағы синиль қышқылының мөлшері 1кг - да  108 ден 650мг дейін болады. Малға қауіптісі 1кг/ 200мг – нан астамы. Егерде ас қорыту жолында декстраза және мальтоза ферменттері көп болса онда қауіпті емес.



Клиникасы. Жіті трінде жүйке жүйесі зақымданады, тынышсызданады, әлсіздік, теңселу, сіреспелер, ентігу байқалады, жүрек қызметі әлсірейді. Сондай-ақ, ас қорыту жүйесі жұмысы бұзылады, сілекей көп бөлінеді, құсады, коликтер, іш кебеді, өтеді. Улану шошқалар үшін өте қауіпті. Олар құлайды, бірнеше минут ішінде өледі.

Емі. Шұыл түрде ем қолданған жөн. Венаға натрий тиосульфатын (5-10%) 1-2мл/кг егеді, ол қандағы синиль қышқылын зиянсыз розанды қосылыстарға ауыстырады. Венаға метиленді көк енсе, ол тыныс алуды қалпына келтіреді, 0,5-1% азот қышқылды натрийді 1мл/кг венаға егуге болады. Ірі қара малға 25-30% глюкоза антитоксикалық және қуаттандырғыш зат ретінде әсер етеді. Сондай-ақ, оларды біріктіріп қолдануға болады. Мысалы: 10 мл 20% азот қышқылды натрийді венаға сала отырып инені суырмай іле шала 40-50мл 20% - ды натрий тиосульфатын қолдануға болады. Ас қорыту жолындағы синиль қышқылын уытты әсерін жою үшін ішке 3% күкірт қышқылды темір 5% - ды көмірқышқылы натрий ерітіндісін ішкізген жақсы нәтижелер береді (300-500мл).

Қыша күнжарасынан улану. Қыша майлары құрамындағы судың қатысуымен және белгілі бір температура әсерінен синигрин және глюкопонин гликозидтері түзіледі. Ал қыша майларының пайда болуы олардың дәндерінің құрамында болатын мирозин ферментінің әсерінен болады. Аллилді қыша майлары қыша күнжарасында 2% - ға дейін болады.

Патогенезі. Ас қорыту жолын тітіркендіріп, қабындырады. Бүйрек, тыныс алу қызметі зақымдалады.

Клиникасы. Шаншу, тимпания, қан аралас іш өтулер, гематурия, тыныс алу қиындайды, ентігу, температура төмендейді.

Емі. Іш өткізгіштер, құстырғыштар, кілегейлі заттар, камфора, кофеин, глюкоза қолданады.

Алдын алу. Жалпы принциптерге негізделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет