Қазақстан республикасының білім жәНЕ



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі357 Kb.
#21453
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Рудный индустриалдық институты

Қазақ тілі кафедрасы

050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін «Қазақ тілі» пәнінен бақылау

жұмыстарын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Рудный 2008
ББК 81. Қаз-9
Құрастырған: Сұлтанғалиева М.Д. 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін «Қазақ тілі» пәні-нен бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау, Рудный, РИИ, 2008, 37 бет.
Пікір жазғандар: Мұстафина Ж.Ж. - аға оқытушы

Капенова Г.Ж. - аға оқытушы


РИИ-дің ОӘК-мен басылымға ұсынылған.

Әдістемелік нұсқау «Қазақ тілі» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған, бақылау жұмысын өз бетінше орындауға көмек беретін мәліметтер мен нұсқауларды қамтиды.

Әдістемелік нұсқау 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының сырттай оқыту нысанының студенттеріне арналған.
Кесте - 8, әдебиеттер тізімі - 12 атау.

Ішкі қолданыс үшін

© Рудный индустриалдық институты 2008

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ....................................................................................................................4

1 Бақылау жұмысының көлемі және оның элементтері туралы .......................5

2 Нұсқаны таңдау ережесі .....................................................................................5

2.1 Бақылау жұмысының нұсқасын таңдау......................................................... 5

2.2 Теориялық сұрақтар ........................................................................................ 5

2.3 Бақылау жұмысының нұсқалары ...................................................................12

2.3.1 І курс, толық оқу (полное обучение) ..........................................................12

2.3.2 І курс, қысқартылған оқу (сокращенное обучение) .................................24

3 Бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау ........................ 34

4 Бақылау жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар ...................................... 34

Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 36

Қосымша А - Бақылау жұмысының негізгі парағының үлгісі ......................... 37

КІРІСПЕ
Мемлекеттік тілді меңгеру - әрбір Қазақстан азаматының парызы. Білім беру жүйесі, ЖОО-ның оқыту бағдарламасының және «Қазақ тілі» пәнінің алдына қойған мақсаты - өмір талабына, оның прогрестік даму ерекшелігіне, экономика жағдайына сай білім алып, тәрбиеленген маман дайындау. Қоғам ғылыми техникалық тұрғыдан ілгерілеген сайын студенттердің өмірге деген көзқарасы да өзгереді, соның ішінде мемлекеттік тілге деген сұраныс та өсіп келеді. Мемлекеттік тілді оқыту да көптеген ізденушілікті қажет етеді. Ендігі жерде ЖОО-ның сырттай оқу бөлімінің студентіне де талап күшейе түспек, осы әдістемелік нұсқау сол талаптан шығуға өз үлесін қосады деп сенеміз. Мұнда осы мамандық иелерінің кәсіби терминдері, сөздік қорын дамытуға, лексикалық және грамматикалық білімдерін толықтыруға арналған мәтіндер, тапсырмалар, жаттығулар, грамматикалық кестелер берілген.

Әдістемелік нұсқау сырттай оқу нысаны студентінің мемлекеттік тілден білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқау мамандықтың Типтік бағдарламасы мен мемлекеттік оқу стандарты, жұмыс бағдарламасы талабына сай жасалған.

1 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ТУРАЛЫ
Біздің институттың студенттері міндетті бағдарлама көлемінде қазақ тілі курсын өтеді. Курс соңында олар қарапайым сөйлеу түрлерін қалыптастыруға қажетті ережелерді, тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым үлгілерін меңгерулері қажет.

«Қазақ тілі» курсын жалғастырып оқушы болып табылатын сырттай оқу нысанының студенттері өз бетімен жұмыс жасауда мынандай тапсырмаларды орындаулары тиіс:



  1. Грамматикалық минимум

  2. Лексикалық минимум

  3. Шағын курсты пысықтауға арналған түрлі жаттығулар.

1-ші тапсырма – осы әдістемелік нұсқауда берілген грамматикалық мәліметтерден тұрады.

2-ші тапсырма емтихан тапсыруға қажетті лексикалық тақырыптардың бірін құрайды да, соны орындауда алынған студенттің машықтары мен дағдылары оның сөздік қорын молайтып, тілін дамытады.

3-ші тапсырма - алдыңғы екі талапты орындаған студент өз білімін пысықтау мақсатында түрлі жаттығулар орындайды, сол жаттығулардың орындалу сапасы - студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

2 НҰСҚАНЫ ТАҢДАУ ЕРЕЖЕСІ


2.1 Бақылау жұмысының нұсқасын таңдау
Әдістемелік нұсқауда бақылау жұмысының 5 нұсқасы берілген. Студент осы нұсқалардың бірін орындауы тиіс. Нұсқаларды таңдауда мынандай талап қойылады:

1 нұсқа (вариант) – егер сынақ кітапшасы шифрының соңғы саны 1, 6-ға аяқталса,

2 нұсқа - сынақ кітапшасы шифрының соңғы саны - 2, 7-ге аяқталса,

3 нұсқа - сынақ кітапшасы шифрының соңғы саны - 3, 8-ге аяқталса,

4 нұсқа - сынақ кітапшасы шифрының соңғы саны 4, 9-ға аяқталса,

5 нұсқа - сынақ кітапшасы шифрының соңғы саны 5, 0 - сандарының біріне аяқталса таңдалады.

2.2 Теориялық сұрақтар
2.2.1 Үндестік заңы
Үндестiк заңы – түбiр мен қосымшаның аралығындағы дыбыстардың бiр-бiрiне ықпал етiп, өзара үндесiп, үйлесіп айтылуын білдіреді.

Мысалы: тастан, жезден деген сөздердiң құрамындағы -тан, -ден қосымшасының екеуi де шығыс септiк жалғауы, дегенмен біреуі жуан түбірге қатаң дыбыстан басталып, ал екіншісі жіңішке түбірге ұяң дыбыстан басталып жалғануы бұл үндестік заңына тән.

Буын үндестiгi – сөздiң соңғы буынының жуан жiңiшкелiгiне қарай қосымшалардың да бiрыңғай жуан, не жiңiшке түрде жалғануы. Мысалы:

жұмыс – шы – лар – ға, еңбек – шi – лер – ді.

Дыбыс үндестiгi – дауыссыздардың бiр-бiрiне ықпал етiп, өзара үндесуi.

Мысалы: құстар, қағаздар. Көптiк жалғаулары -тар, -дар. Бiрiккен сөздер мен сөз тiркестерiнiң аралығында да болады, мыс: көзқарас– көзғарас, ақ ешкi - ағ ешкi.

Iлгерiндi ықпал (прогрессивная ассимиляция) – түбiр мен қосымшаның немесе сөздердiң аралығындағы көршiлес дыбыстардың алдыңғысы кейiнгi дыбысқа әсер етiп, өзгеруi. Сөз қатаң дауыссызға немесе - б, -в, -г, -д дауыссыздарының бiрiне бiтсе, қосымша қатаңнан басталып жалғанады.

Мысалы: дос – тар, дос – қа, штаб – тан, педагог – ке.

Кейiндi ықпал (регрессивная ассимиляция) – түбiр мен қосымшаның немесе сөздердiң аралығындағы көршiлес дыбыстардың соңғысының алдыңғы дыбысқа әсер етiп, өзiне ұқсатуы. Қосымша дауысты дыбыстан басталғанда, сөздердiң соңғыдағы -п дыбысы -б не -у дыбысына айналады да, -қ, -к дыбыстары -ғ, -г дыбыстарына айналады. Мысалы: доп- добым, добың; кеп – кебу, кебедi; құлақ – құлағы; көк – көгi.
2.2.2 Тәуелдік жалғау
Тәуелдiк жалғауы заттың бiреуге немесе бiр нәрсеге меншiктi (тәуелдi) екенiн бiлдiредi. Тәуелденетiн зат үш жақтың бiрiне меншiктеле айтылады. Тәуелдiк жалғауының II жағының анайы (сенiң дәптерiң) және сыпайы (сiздiң дәптерiңiз) түрлерi бар.Тәуелдiк жалғауларының жекеше және көпше түрлері болады. Тәуелдiк жалғаулы сөз үнемi iлiк септік жалғаулы сөзбен тiркеседі. Мыс: менiң дәптерiм,
№1 кесте - Тәуелдiк жалғау қосымшаларының жалғануы


Жақ (лицо)

Қосымша (окончание)

Мысалдар (Примеры)

I менiң

Бiздiң


м, ым, iм

мыз, мiз


ымыз, iмiз

әке-м, әке-мiз

құлын-ым

құлын-ымыз


II сенiң

сендердiң

сiздiң

сiздердiң



ң, ың, iң
ңыз, ңiз

ыңыз, iңiз



әке-ң, құлын-ың

әкелер-ің, құлындар-ың

әке-ңiз,

құлын-ыңыз



III оның

олардың


  • сы, сi, ы, i

әке-сi, құлын-ы

әкелер-і, құлындар-ы


№2 кесте - Сөздiң негiзi дауысты дыбысқа аяқталады




Жекеше (ед.ч)

Көпше (мн.ч)

I менiң қала-м – мой город

II сенiң қала-ң – твой город

сiздiң қала-ңыз – ваш город

III оның қала-сы – его (ее) город




I бiздiң қала-мыз – наш город

II сендердiң қала-ң – ваш город

сiздердiң қала-ңыз – ваш город

III олардың қала-сы – их город


№3 кесте. Сөздiң негiзi дауыссыз дыбысқа аяқталады




Жекеше

Көпше

I менiң дәптер-iм – моя тетрадь

II сенiң дәптер-iң – твоя тетрадь

сiздiң дәптер-iңiз - ваша тетрадь

III оның дәптер-i – его (ее) тетрадь




I бiздiң дәптер-iмiз – наша тетрадь

II сендердiң дәптерлер-iң – ваша

тетрадь

сiздердiң дәптерлер-iңiз - ваша



тетрадь

III олардың дәптерлер-i – их тетрадь


2.2.3 Жіктік жалғау


Қазақ тілінде есім сөздерге (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік) жіктік жалғауы жалғанып, олар сөйлемде етістіктің қызметін атқарып, баяндауыш болады. Жiктiк жалғауы бастауыш пен баяндауыш арасын байланыстырады. Мысалы: Мен жұмыс-шымын. Сен әдемі-сің. Сіз бірінші-сіз. Бұл мен-мін.

Есім сөздермен «жоқ» немесе «емес» сөздері қолданылса, жіктік жалғау тек осы сөздерге жалғанады. Мысалы: Мен оқушы емеспін. Сен бала емессің. Сіз дайын емессіз. Мен дайындалған жоқпын.

№4 Кесте - Жiктiк жалғау қосымшалары


Жақ

Жiктiк жалғаудың

қосымшалары



Мысалы

I Мен

Бiз, бiздер



-мын, -мiн, -бын, -бiн,

-пын, -пiн

-мыз, -мiз, -быз, -бiз,

-пыз, -пiз



бала-мын, әке-мiн, отыр-мын, кел бала-мыз, әке-мiз, отыр-мыз, кел

II Сен

Сендер


Сiз, сiздер

-сың, -сiң

-сыңдар, -сiңдер

-сыз, сiз, сiздер, сыздар


бала-сың, отыр-сың

бала-сыңдар, отыр-сыңдар

әке-сiз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет