Қазақстан республикасының білім жәНЕ


) Күрделі осы шақ екі немесе одан да көп етістіктердің тіркесуінен жасалады. Етістіктің 1-ші бөлігі негізгі етістікке - ып, -iп, -п жұрнақтарының бірі жалғанып



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі357 Kb.
#21453
1   2   3   4

2) Күрделі осы шақ екі немесе одан да көп етістіктердің тіркесуінен жасалады. Етістіктің 1-ші бөлігі негізгі етістікке - ып, -iп, -п жұрнақтарының бірі жалғанып,

2-ші бөлігі – көмекші етістікке мағынасы жағынан отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің бірі алынып, оларға жіктік жалғау жалғануы арқылы жасалады.

6 кесте - Етістіктің күрделі осы шақта жіктелу үлгісі




Лицо


Место-

имение


Примеры

Место-имение

Примеры

I

Мен

оқып жүр+мiн

Бiз

оқып жүр+мiз

II

Сен

оқып жүр+сiң

Сендер

оқып жүр+сiң+дер




Сiз

оқып жүр+сiз

Сiздер

оқып жүр+сiз+дер

III

Ол

оқып жүрٱ

Олар

оқып жүрٱ

Ескерту: апару, әкелу, бару, келу етістіктеріне күрделі осы шақта -а,-е жұрнақтарының бірі жалғанып, көмекші етістік ретінде тек «жатыр» етістігі алынады. Мысалы: бара жатырмын, келе жатырсың, апара жатырмын, әкеле жатырсың.


2.2.7.2 Келер шақ
Келер шақ немесе ауыспалы осы шақ контекстегі сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақты білдіреді.

Келер шақ түбірге - а, е, й жұрнақтарының бірі және жіктік жалғау жалғануы арқылы жасалады. ІІІ жақта жіктік жалғау –ды, - ді күйінде жалғанады.


7 кесте - Етістіктің келер (ауыспалы осы) шақта жіктелу үлгісі


Жақ

Есімдік

Мысалдар

I


Мен

бар+а+мын (мiн, бын,бiн, пын,пiн)




Бiз

бар+а+мыз (мiз, быз,бiз, пыз,пiз)

II

Сен

бар+а+сың (сiң)




Сiз

бар+а+сыз (сiз)




Сендер

бар+а+сың дар (сiң дер)

III

Ол

бар+а+ды




Олар

бар+а+ды

2.2.7.3 Өткен шақ


Өткен шақтың екі түрі бар: а) жедел өткен шақ, б) бұрынғы өткен шақ. Жедел (нақтылы) өткен шақ қимыл, әрекеттің нақтылы болғанын білдіреді. Жедел өткен шақ түбірге - ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының бірі және жіктік жалғаудың қысқартылған түрінің жалғануы арқылы жасалады.
8 кесте - Етістіктің жедел өткен шақта жіктелу үлгісі


Жақ

Есімдік

Мысалдар

I


Мен

кел+дi+м




Бiз

кел+дi+к (қ)

II

Сен

кел+дi+ң




Сендер

кел+дi+ңдер (ңдар)




Сiз

кел+дi+ңiз (ңыз)




Сiздер

кел+дi+ңiздер (ңыздар)

III

Ол

кел+дi




Олар

кел+дi

2.3 Бақылау жұмысының нұсқалары


2.3.1 І курс, толық оқу – полное обучение

1 – нұсқа


1. Тапсырма. Ілік, барыс септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Экономика
Мәтінді оқып, аударыңыз, септік жалғауларын белгілеңіз, 15 жаңа сөз жаттап алыңыз.
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да табиғат та объективтi. Экономика заңдарды табиғат заңдары сияқты объективтiк сипат алады. Егер табиғатты түсiнбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы бiлсек, ол бiзге байлық, пайда әкеледi. Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнерi дегендi бiлдiретiн көне грек сөзi. Өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегенiмiз - өзiмiздiң тұрмысымыз.

Өзін мәдениеттімін, білімді әрі іскермін деген адам экономика мәселесін бес саусағындай білуі тиіс. Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның барлық тірлігі экономикадан тұрады. Экономика - бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсететін ұғым. Экомика туралы данышпан ғалым Аристотель былай деген: «Егер әрбiр адамы экономиканы бiлсе, сол мемлекет күштi». Қысқаша айтар болсақ, экономика – байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол.


2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын

болыңыз.


1. Экономиканы неге табиғатпен салыстырамыз?

2. Экономика грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

3. Қандай жағдайда экономика бізге пайда әкеледі?

4. Білімді адам нені жақсы білуі керек?

5. Экономика нені білдіретін ұғым?

6. Қарапайым түрде айтсақ, экономика – бұл не?

7. Экономика туралы Аристотель не айтты?
3. Тапсырма
3.1. Сөйлемді толықтырыңыз, жіктік жалғауды белгілеңіз. Орыс тiлiне

аударыңыз.

1. Сен үлкен азамат ... . 2. Ол жақсы дәрiгер ... . 3. Бiз білімді студент ... . 4. Сiз үлгілі салық төлеушi ... . 5. Сендер отандық тауар өндiрушi ... . 6. Арман білікті инженер ... . 7. Сен iскер адам ... . 8. Сiз кезекте үшінші ... . 9. Мен үлкен бала ... . 10. Олар табысты кәсiпкер... .
3.2. Зат есімнің сөз жасаушы (словообразовательный суффикс) жұрнағын

табыңыз. Осы сөздермен сөйлем құраңыз, аударыңыз. Мысалы: Мамандық, маман-түбір, - дық зат есімнен зат есім жасаушы жұрнақ. Біздің институтта 17 мамандық бар – В нашем институте 17 специальностей.

Мамандық, өндіруші, сұраныс, құрылым, тұтынушы, адамшылық, кіріс, білім, орындық, кітапхана, курстас.
3.3. Мына сөздерді жекеше, көпше тәуелдеңіз.

Шығыс, пайда, тауар.


3.4 Сөйлемдерді аударыңыз, сан есімдердің түрлерін анықтаңыз.

1. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. 2. Қазақстанда 130-дан астам ұлттық өкілдері тұрады. 3. Бұл бөлмеде есік біреу, терезе екеу.

4. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов жиырмаға жуық тілдерде еркін сөйлеген. 5. Біз тұратын үй тоғыз қабатты. 6. Сабақта студенттердің үштен бірі болған жоқ. 7. Қоңырау соғылып, балалар сыныптан екі-екіден шығып жатты. 8. Институтта үш мыңдай студент оқиды.
3.5. Сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі шырай жасаңыз, шырайдың бір түрімен сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: жақын-жақындау, жақынырақ, өте жақын, жап-жақын. Менің үйім институтқа жақындау.

Жақын, кең, таза, салқын, ыстық, түзу, аласа, нәзік.


3.6. Мақалдарды аударыңыз, есімдіктің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

1. Біреудің сөзі жақсы, біреудің өзі жақсы.

2. Сен бұтаны көтерсең, бұта сені көтерер.

3. Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

4. Жаман ешнәрсе біле алмайды, жұмсасаң тіл алмайды, өзі біліп пайдасын

қыла алмайды.


3.7. Экономикалық терминдерді аударыңыз, қалаған 3 сөзіңізбен сөйлем құраңыз. Мысалы: баға – цена. Мына тауардың бағасы төмен.

Баға, айналым, ақша белгісі, ақша бірлігі, құн өлшеуіші, қор жинау, қазына, бақылау құралы, ақша қызметі, ақы төлеу.


3.8. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз, аударыңыз. «Басқар» етістігін келер шақта жіктеңіз.

Басқарады, жеңілдетеді, сатты, қолданады, орындайды, іске қосты, есептеп жатыр, қамтамасыз етеді, зерттеліп отыр, тұр.

3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.

1. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеді. 2. Ұлттық байлыққа жеке коллекционерлердің қолындағы көне заттар да жатады. 3. Барлық мемлекеттерде ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. 4. Ғалымдар олардың құнын валютамен есептеп шығарады.


3.10. Шағын мәтiндi қазақ тiлiне аударыңыз.
Налоговые ставки
Ставки налога - это размер на единицу обложения. Ставки налога устанавливаются в виде процента. Налоговые ставки делятся на три вида. Первый вид – это прогрессивные налоговые ставки. Простым примером является подоходный налог, взимаемый с граждан Республики Казахстан.

Ко второму виду налоговых ставок относятся пропорциональные. Третий вид налоговой ставки – регрессивный. Регрессивная налоговая ставка не применяется в нашем законодательстве.


2 – нұсқа


1. Тапсырма. Табыс, жатыс септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Ақша деген не?

Мәтінді оқып, аударыңыз, септік жалғауларын белгілеңіз, 15 жаңа сөз жаттап алыңыз.


Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, қор жинау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Құн өлшемі қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды. Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу,тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі.

Ақша белгілері - айналыста алтын мен күміс ақшалардың орнына жүретін ақша бірліктері. Олар – тиын, теңге, қағаз ақшалар мен банк билеттері.

Әр теңгең – жұмыс күші. Сондықтан ол жұмыс істеуі керек. Оны қозғалысқа түсірмей өзіңде сақтасаң – жалқаулыққа жол бергенің.

Халықта ақша туралы мынандай мақалдар бар: «Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады», «Жылқы құлыннан өседі, теңге тиыннан өседі».

2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын

болыңыз.

1. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз?

2. Ақша белгілері қалай бекітіледі?

3. Біздің еліміздің ақша белгісі қандай?

4. Ақша айналымы деген не?

5. Ақша қандай процестерде қозғалысқа түседі?

6. Ақша белгілері деген не?

7. Ақша туралы мақал білесіз бе?


3. Тапсырма
3.1. Сөйлемді толықтырыңыз, жіктік жалғауды белгілеңіз.

1. Мен тәжірибелі мұғалім .... 2. Біз жақсы дәрігер .... 3. Ол білімді инженер .... 4. Біз отыз жаста ... . 5. Сендер білімді адам... . 6. Сен үлгілі студент ... . 7. Сіз ақылды жас .... 8. Олар отандық кәсіпкер .... 9. Мен отбасында үшінші... . 10. Сен қандай әдемі... !


3.2. Зат есімнің сөз жасаушы (словообразовательный суффикс) жұрнағын

табыңыз. Осы сөздермен сөйлем құраңыз, аударыңыз. Мысалы: Мамандық, маман-түбір, - дық зат есімнен зат есім жасаушы жұрнақ. Біздің институтта 17 мамандық бар – В нашем институте 17 специальностей.

Мамандық, тұтынушы, өнім, өндіріс, кәсіпкер, салық төлеуші, ұсыныс, замандас, өтініш, тапсырыс, бәсекелес.
3.3. Мына сөздерді жекеше, көпше тәуелдеңіз.

Ақша, қозғалыс, төлем.


3.4. Сөйлемдерді аударыңыз, сан есімдердің түрлерін анықтаңыз.

1. Тіл туралы заң 1997 жылы Алматыда қабылданды. 2. Қазақстанда 80-нен астам қала бар. 3. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді (Мақал). 4. Алманың үштен екісін ініме бердім. 5. Институттың басты оқу корпусы бес қабатты ғимаратта орналасқан. 6. Студенттер бес-алтыдан кітап сатып алды. 7. Жеке кәсіпорындарда жалпы өнімнің 70 %-дайы өндіріледі. 8. Сырттай оқу бөлімінде бір мыңдай студент оқиды.


3.5. Сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі шырай жасаңыз, шырай-дың бір түрімен сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: жеңіл-жеңілдеу, жеңілірек, өте жеңіл, жеп-жеңіл. Мына жаттығу жеңілдеу екен.

Жеңіл, сұлу, жаңа, мөлдір, ақ, жылы, қымбат, арзан.


3.6. Мақалдарды аударыңыз, есімдіктің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

1. Көкек өз атын өзі шақырады.

2. Өзім білем деген өрге баспас.

3. Ғұламаның бәрі кітапхана алдында қарыздар.

4. Әр нәрсе уақытымен жақсы.
3.7. Экономикалық терминдерді аударыңыз, қалаған 3 сөзіңізбен сөйлем құраңыз. Мысалы: жеке тұлға - частное лицо. Жеке тұлғалар табыс салығын төлейді.

Жеке тұлға, жер салығы, жол салығы, мүлік салығы, заңды тұлға, төлем, міндет, қосымша құн салығы, экономика саласы, сапалы тауар.


3.8. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз, аударыңыз. «Есепте» етістігін күрделі осы шақта жіктеңіз.

Есептелді, басқарады, шығарып отыр, қабылданбақ, естіп отырмын, біледі, ұсынды, қатысты, демалады, отырмыз.


3.9. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.

1. Салық - үкіметтің адамдардан, кәсіпорындардан алған төлемі. 2.Салық саясаты экономиканы жанама реттеуші болып табылады. 3. Салық ең алғаш Қытайда пайда болды. 4. Салықты заңды ережелер негізінде салады.


3.10. Шағын мәтiндi қазақ тiлiне аударыңыз.

Национальная валюта – тенге


Национальная валюта Казахстана – тенге – была введена в оборот в 1993 году 15 ноября. Дизайном будущих денег занималась группа художников во главе с Тимуром Сулейменовым. Заказ по изготовлению тенге выполняла английская фирма «Харрисон». Тенге имеет около 18 разных защитных свойств. Первые железные монеты были изготовлены на Усть-Каменогорском заводе машиностроения. Национальная валюта – признак независимости государства. В соответствии с законом РК от 30 марта 1995 года № 2155 «О Национальном Банке РК» Банк РК выпускает в обращение банкноты номиналом 200, 500, 1000, 2000, 5000 и 1000 тенге образца 2006 года.

3 - нұсқа


1. Тапсырма. Шығыс, көмектес септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Баға деген не?
Мәтінді орысшаға аударып, септік жалғауларды белгілеңіз, 15 жаңа сөз жаттап алыңыз.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Әрбір тауардың бағасы оның құнымен тепе-тең болуы керек. Баға ақшаның құнсыздануын, басқа факторлардың қымбаттауын есепке алуы тиіс. Ол мемлекет тарапынан бақылауда болуы шарт. Монополиялық баға - өндіріс бағасынан әлдеқайда жоғары болатын тауар бағасы. Рыноктағы тауарлар бағасы өндіріс бағасынан ауытқып тұрады. Бағаны реттеу - экономиканы реттеудің бір бөлігі. Нарықтық экономика еркін бағасыз болмайды.

Нарықта бағаның мынандай түрлері бар: көтерме баға, шегерме баға, үстеме баға, тұрақты баға, маусымдық баға, бөлшек баға т.б.

Бағаны шектеу - тауар тапшылығына ақша айналымынаң бұзылуына, «көлеңкелі экономика» мен қылмысты нарыққа әкеледі.

Бағаның өсуі – өндіруші мен тұтынушының арасында тікелей байланыс жоқ екендігін көрсетеді. Қазақ халқы: «Саудада әділ бол, әділ байлық – бағың ол», - деп әділ саудаға, тауардың құнын дұрыс бағалауға шақырады.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын

болыңыз.


1. Баға дегеніміз не?

2. Тауардың бағасы қалай белгіленеді?

3. Тауардың бағасын белгілеуде нелер есепке алынады?

4. Бағаны мемлекет бақылай ма?

5. Бағаны реттеу деген не?

6. Бағаның қандай түрлерін білесіз?

7. Баға туралы мақал білесіз бе?
3. Тапсырма
3.1. Сөйлемді толықтырыңыз, жіктік жалғауды белгілеңіз.

1. Мен жақсы студент .... 2. Біз болашақ маман .... 3. Олар білікті инженер .... 4. Біз он тоғыз жаста ... . 5. Сендер Рудныйдың тұрғыны... . 6. Сен үлгілі азамат ... . 7. Сіз ақылды адам .... 8. Олар отандық өндіруші ... . 9. Мен біздің топта жақсы студенттер қатарында... . 10. Біз анамызда алтау... .


3.2. Зат есімнің сөз жасаушы (словообразовательный суффикс) жұрнағын табыңыз. Осы сөздермен сөйлем құраңыз, аударыңыз. Мысалы: Мамандық, маман-түбір, - дық зат есімнен зат есім жасаушы жұрнақ. Біздің институтта 17 мамандық бар – В нашем институте 17 специальностей.

Мамандық, сатып алушы, бәсекелес, талапкер, табыс, шығын, реттегіш, анықтама, құрылым, демалыс, өнім.


3.3. Мына сөздерді жекеше, көпше тәуелдеңіз.

Баға, теңге, тапсырыс.


3.4. Сөйлемдерді аударыңыз, сан есімдердің түрлерін анықтаңыз.

1. 2009 жылы біздің институтқа 50 жыл болады. 2. Дүние жүзінде 2000-ға жуық тіл бар көрінеді. 3. Алматыда 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі бар. 4. Күн сайын бар уақытымның төрттен екісі сабақ дайындауға кетеді. 5. Жетеуден біреуін алса, алтау қалады. 6. Әкем базарлығын бір-бірден бөліп берді. 7. Автобус Астанадан Рудныйға дейін он сағаттай жүреді. 8. Дистанциялық оқу бөлімінде бір мыңдай студент оқиды.
3.5. Сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі шырай жасаңыз, шырайдың бір түрімен сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: жасыл-жасылдау, жасылырақ, тым жасыл, жап-жасыл. Мына көйлектің түсі тым жасыл екен.

Жасыл, әсем, кең, тұнық, қара, суық, ұзақ, тәтті.


3.6. Мақалдарды аударыңыз, есімдіктің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

1. Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде.

2. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы.

3. Бүкіл экономия сайып келгенде, уақытты үнемдеуге әкеліп соғады.

4. «Сіз-біз» деген жылы сөз - тірліктің ғанибеті.
3.7. Экономикалық терминдерді аударыңыз, қалаған 3 сөзіңізбен сөйлем құраңыз. Мысалы: Тұтыну бағасы-потрибительская цена. Қазір базарда майдың тұтыну бағасы өте қымбат.

Тұтыну бағасы, көтерме сауда бағасы, дүниежүзілік нарық бағасы, өндіріс бағасы, бөлшек сауда бағасы, анықтамалық баға, атаулы акция, акционерлік қоғам, акция шығару, акция сату.


3.8. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз, аударыңыз. «Пайдалан»

етістігін күрделі осы шақта жіктеңіз.

Пайдаланды, көшіреді, жазып отырмын, ескертпекпіз, тыңдап жүрсің, біледі, орнаттың, қатысты, байланыстырады, жүрміз.
3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.

1. Бұл фирмада халыққа түрлі салада маркетингтік қызмет көрсетеді.

2. Жарнамалау – маркетингтік қызметтің бір түріне жатады. 3. Американдықтар жыл сайын жарнамаға 60 млрд.доллардай жұмсайды. 4. Біздің қалада жарнамалық қызмет өте қымбат.
3.10. Шағын мәтiндi қазақ тiлiне аударыңыз.
Цена
Цена – самое загадочное явление рыночной экономики. Цена – денежное выражение стоимости, в котором измеряется полезность или нужность товара.

А в реальной жизни цена никогда не равна стоимости. Она может быть как выше, так и ниже стоимости. Два главных условия, которые влияют на размер фактической цены, это спрос и предложение.


4 – нұсқа


1. Тапсырма. Барыс, көмектес септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Шағын және орта бизнес.
Мәтінді орысшаға аударып, септік жалғауларды белгілеңіз, 15 жаңа сөз жаттап алыңыз.
Біздің елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдарды кәсіпкерлер дейді. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік қоғамын, тағы басқа бизнес түрлерін құрады. Кәсіпкерлер өз кәсібіне қаржыны өздері табады. Өз ісіңізді қаржыландырудың екі варианты бар: ішкі, сыртқы. Осылардың қайсысы жақсы. Бірінші қаржы құралдарының негізгі көздерін талқылап алайық:

а) Меншікті (собственный) қаржы. Өз ісіңізге өзіңіздің қаржыңызды салуға болады. Ұтылсаңыз да, ұтылмасаңыз да өз қаржыңыз, тәуекелге (риск) барасыз. Бұл абсолютті вариант.

ә) Сіздің ісіңізге, сізге сеніп өз қаржысын салатын инвестор табуыңызға болады. Бірақ бұл өте салмақты дәлелдемелерді керек етеді. Нәтижесі екіталай.

б) Несие (қаржының көп таралған түрі). Несие мемлекеттік те, жеке меншіктік те болуы мүмкін. Көп нәрсе несиенің көлеміне қайтаратын мерзіміне, үстеме процентіне байланысты.

в) Шетелдік әріптес табуға болады. Бірақ, бизнес заңы өте қатал. Онда өз біліміңізді күн сайын толықтырып, нарықтағы өзгерістермен танысып, оны жеңе білуге әрекет етуіңіз керек. Бүгін бизнес әлемін басқаратын - уақыт. Сондықтан да үнемі кешігіп жүретін адамға бизнесте орын жоқ екенін ұмытпа! Біліміңді толықтырмаған әр күн - сен үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есепте.

2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын

болыңыз.

1. Кәсіпкерлер деген кімдер?

2. Кәсіпкерлер қандай бизнес түрлерін құрады?

3. Кәсіпкерлер өз бизнесіне қаржыны қайдан алады?

4. Өз ісіңізді қаржыландырудың қанша варианты бар?

5. Несие дегеніміз не?

6. Меншікті қаржы деп нені айтамыз?

7. Оқу-білімнің бизнеске пайдасы туралы не айтасыз?


3. Тапсырма
3.1. Сөйлемді толықтырыңыз, жіктік жалғауды белгілеңіз.

1. Мен талантты адам... . 2. Біз Марат екеуміз ағайынды... . 3. Олар тамаша оқушы... . 4. Біз саған 50 теңге қарыз... . 5. Сендер Қазақстанның азаматы ... 6. Сен он тоғызда... ба? 7. Сіз тәжірибелі маман... 8. Біз сенің келгеніңе қуанышты... 9. Ол үлгілі студент... 10. Біз РИИ-дан ... .


3.2. Зат есімнің сөз жасаушы (словообразовательный суффикс) жұрнағын

табыңыз. Осы сөздермен сөйлем құраңыз, аударыңыз.

Мысалы: Мамандық, маман-түбір, - дық зат есімнен зат есім жасаушы жұрнақ. Біздің институтта 17 мамандық бар – В нашем институте 17 специальностей.

Мамандық, сатушы, кәсіпкер, өнім, өндіріс, шығыс, анықтауыш, күнтізбе, тізім, қабылдағыш, бәсекелес.


3.3. Мына сөздерді жекеше, көпше тәуелдеңіз.

Табыс, ақша, жарнама.

3.4. Сөйлемдерді аударыңыз, сан есімдердің түрлерін анықтаңыз.

1. Ақпан айында 28 не 29 күн бар. 2. Біз қазақ тіл курсын төрт жылдай оқыдық. 3. 1992 жылы Қазақстанның білім беру жүйесі кредиттік оқыту жүйесіне көшті. 4. Күн сайын бар уақытымның төрттен екісі сабақ дайындауға кетеді. 5. Жетеуге біреу қосса алса, алтау болады. 6. Күн сайын төрт-төрттен сабақ болады. 7. Қазақстан халқы 16 миллионға жуық. 8. Біздің институтта төрт мыңдай студент оқиды.


3.5. Сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі шырай жасаңыз, шырай-дың бір түрімен сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: жеңіл-жеңілдеу, жеңілірек, тым жеңіл, жеп-жеңіл. Менің бұл тапсырмам жеңілдеу болды.

Жеңіл, әдемі, таза, кір, көк, қызық, жарық, жылдам.


3.6. Мақалдарды аударыңыз, есімдіктің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

1. Өзім білем деген өрге баспас.

2. «Сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық.

3. Әркімде де өзі сенген ісін орындауға жетерлік күш-қайрат болады.

4. Еңбектің жеңбейтін ешнәрсесі жоқ.
3.7. Экономикалық терминдерді аударыңыз, қалаған 3 сөзіңізбен сөйлем құраңыз. Мысалы: несие алу-получить кредит. Мен бүгін банктен алты айға несие алдым.

Несие алу, инвестор табу, ақша салу, біріккен кәсіпорын, атаулы акция, көтерме баға, ақшаның құнсыздануы, нақты ақша, ақша бірлігі, төмен баға.


3.8. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз, аударыңыз. «Жұмса» етістігін өткен шақта жіктеңіз.

Жұмсалды, үнемдеп жатыр, басқарамын, үйренесің, жарнамалап отырсың, жатыр, бағалайды, сатты, тұрсың, бақылайды.


3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.

1. Банктік жүйе өндірістік инфрақұрылым болып табылады. 2. Банк бос капиталды өзіне жинайды. 3. Оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға береді. 4. Дүниедегі ең бай мекемелер - банктер.


3.10. Шағын мәтінді қазақ тiлiне аударыңыз.
Национальное богатство
Национальное богатство – это одно из важных показателей экономической мощности нашего государства. Оно охраняется государством и имеет свою ценность. Их цена является гарантом нашего богатства. В 2003 году в Астане была принята государственная программа «О культурном наследии Казахстана». Мы должны охранять и беречь наше национальное достояние.
5 – нұсқа
1. Тапсырма. Табыс, ілік септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Қазақстан теңгесінің тарихы
Мәтінді орысшаға аударып, септік жалғауларды белгілеңіз, 15 жаңа сөз жаттап алыңыз.

Ұлттық валюта енгiзу - әр елдiң тарихында бiр-ақ рет болатын оқиға. Қазақстанда бұл күн – 1993 жылы 15 қарашада болды. Ұлттық валютамыз-теңгенiң енгiзiлуiнен Қазақстан мемлекетiнiң қалыптасуы мен дамуының жаңа кезеңi басталды.

Теңгенiң алғашқы банкноттарын полиграфиялық дайындауды ағылшынның “Харрисон және ұлдары” фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды. Теңгенiң әлемдiк деңгейдегi сапасына байланысты бұл компания Ұлыбритания королевасының “Алтын белгi” сыйлығын алды. Теңгенiң алғашқы үлгiлерi небары 4 айда шығарылды. Теңгенi жасап шығаруға байланысты шығындардың барлығы Ұлттық банк есебiнен төлендi. Теңгенiң дизайнын өз елiмiздiң сәулетшi-суретшiлерi Тимур Сулейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжалелов және Меңдiбай Әлин жасады.

Қазақстан теңгесi ең жоғарғы әлемдiк үлгiлер қатарына кiредi. Қазiр теңге -ТМД-дағы анағұрлым тұрақты валюталардың бiрi. 2006 жылы Қазақстан Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелердің жаңа үлгісін айналысқа енгізді.

Теңге - Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр төлем құралы. Ол жүз тиыннан тұрады. Теңге-тәуелсiз елдiң тұтқасы, даму көзi, теңелудiң алғашқы факторы.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын

болыңыз.


1. Қазақстанның ұлттық валютасы-теңге айналымға қашан енгiзiлдi?

2. Теңге алғаш рет қай елде шығарылды?

3. Теңгенiң сапасы үшiн “Харрисон” компаниясы қандай жүлде алды?

4. Теңгенiң дизайнын кiмдер жасады?

5. Қазiр теңгенiң әлем деңгейiнде алатын орны.

6. Теңгелердің жаңа үлгісі қашан енгізілді?


3. Тапсырма
3.1. Сөйлемді толықтырыңыз, жіктік жалғауды белгілеңіз.

1. Мен болашақ экономист... . 2. Біз жақсы оқитын студенттер... . 3. Сіздер жұмысшы... . 4. Сендер енді оқушы емес... , студент... . 5. Мен ата-анам алдында борышты... . 6. Олар дәрігер емес, мұғалім... . 7. Біз Рудный қаласының тұрғыны... . 8. Сіздер бірінші.... ме? 9. Сендер тамаша құрдас... . 10. Сен менің жақсы құрбым....


3.2. Зат есімнің сөз жасаушы (словообразовательный суффикс) жұрнағын табыңыз. Осы сөздермен сөйлем құраңыз, аударыңыз. Мысалы: Мамандық, маман-түбір, - дық зат есімнен зат есім жасаушы жұрнақ. Біздің институтта 17 мамандық бар – В нашем институте 17 специальностей.

Мамандық, әріптес, дәрісхана, өнім, ізденіс, достық, реттегіш, бағдарлама, сенім, көрсеткіш, өндіруші.


3.3. Мына сөздерді жекеше, көпше тәуелдеңіз.

Несие, кіріс, жоспар.


3.4. Сөйлемдерді аударыңыз, сан есімдердің түрлерін анықтаңыз.

1. 1959 жылы Рудный қаласында Қазақ тау-кен металлургиясы институтының кешкі факультеті ашылды. 2. Қазір институтта 5 факультет, 17 мамандық бар. 3. Ғылыми зерттеу жұмыстарында студенттердің 80 пайыздайы қамтылған. 4. Күніне бес-бестен сабақ болады. 5. Бүгін сабаққа студенттердің үштен бірі ғана келді. 6. Кеше сабақта алтаумыз ғана болғанбыз. 7. Басты оқу корпуста бір ауысымда мыңға жуық студент оқиды. 8. Сырттай оқу бөлімінің деканаты екінші қабатта орналасқан.

3.5. Сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі шырай жасаңыз, шырай-дың бір түрімен сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: жеңіл-жеңілдеу, жеңілірек, тым жеңіл, жеп-жеңіл. Менің бұл тапсырмам жеңілдеу болды.

Жеңіл, ыстық, қызық, жылдам, әдемі, таза, кір, көк.


3.6. Мақалдарды аударыңыз, есімдіктің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

1. Әркім сүйгенінің құлы.

2. Жастық өз уақытын білмейді.

3. Қанша тіл білсең, сонша рет сен адамсың.

4. Еңбектің жеңбейтін ешнәрсесі жоқ.

3.7. Экономикалық терминдерді аударыңыз, қалаған 3 сөзіңізбен сөйлем құраңыз. Мысалы: несие алу-получить кредит. Мен бүгін банктен алты айға несие алдым.

Несие алу, тауар тапшылығы, табыс салығы, маусымдық баға, прогрессивтік салық, құнды қағаз, жылдық табыс, үстеме баға, жеке банк, валюта бағамы.
3.8. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз, аударыңыз. «Тапсыр» етістігін өткен шақта жіктеңіз.

Тапсырдым, айналысқа салдың, бағаланды, жатырмын, ерекшеленеді, жүрсің, есептеп отырмын, жұмсадық, білесің, жоспарлап жатырсыз.


3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.

1.Уақыт - адам өмірінің ақшалай құны. 2. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталады. 3. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. 4. Мен бос уақытымды пайдалы жұмсауға тырысамын.


3.10. Шағын мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Экономика


Экономику можно сравнить с природой. Потому что экономические и природные законы объективны. Если понимать природу, можно освоить её законы. В экономике тоже так. Если хорошо знать экономику, она принесет нам богатство и прибыль. Экономика с греческого языка обозначает искусство управления домашним хозяйством. Экономика – это основа нашей жизни.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет