ЕСКЕРТУ: Текстуралық құюларды қолдану, бейнені экранға шығару және қағазға басуын баяулатады.
5. Post Script Fill Dialog – құюдың бұл түрі текстураға ұқсас бірақ қағазға шығару процесінде ол растрлік бейнеге түрлендірілмейді. Бұл жағдайда принтер Post Script (беттерді сипаттау) тілін қолдануы қажет.
Негізгі әдебиеттер: [1],[ 2],[ 3],[ 5], [7] Дәріс №23-24 Тақырыбы: Объектілер тобымен жүргізілетін әрекеттер. Мәтінмен жұмыс істеу Суреттердегі текст.
Дәріс мазмұны: Объектілер тобымен жүргізілетін әрекеттер.
Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан оған контурдың және құюдың жалпы қасиеттерін және арнайы эффектерді қолдануға болады. Фигуралық мәтіннің формасын (Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.
Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады және оған мәтіндік процессорларда қолданылатың параметрлерін (өрістер, абзацтық шегіністер, тасымалдау және т.б.) орнатуға болады. Қажет болған жағдайда фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге және керісінше түрлендіруге болады. Ол үшін: Text > Convert to Paragraph (Artistic) text немесе Ctrl + F8 командаларын орындау керек.
Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text - инструментін қолдану керек.
Фигуралық мәтінді құру үшін: жұмыс аймағының кез-келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.
Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.
Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+Tпернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F-батырмасы көмегімен Format text сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы бар.