Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы
Мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы 1
Кіріспе 3
І бөлім. Балалардың мемлекеттік символдар туралы когнитивтік қатынасы 5
1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі 5
ІІ бөлім. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі мен маңызы 34
2.1 Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдаланудың рөлі 34
2.2. Балаларды мемлекеттік символдарға деген когнитивтік қатынасын тәрбиелеудің маңызы 37
Қорытынды: 54
Қолданылған әдебиеттер: 55
Кіріспе
Кез келген елдегі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік — экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуіне бағытталған, себебі мектеп, жоғары оқу орны болашақта коғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсеңді қызмет ететін адамдарды дайындайды. Сондықтан білім берудегі негізгі буын — мектептің pөлі өте маңызды.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіле келіп, "педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен eмес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті,"-делінген. Дәстурлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажетлігі туындады. Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог — ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.
Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M.Ж.Арыстанов, Н.К.Ахметов, Б.А.Қойшыбаев, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров және басқалардың еңбектерінде зерттелген. Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, білім беру жүйесін прогрессивтік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие процесін, жоғары тиімдиліктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Осыған байланысты ipгeлi ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейкесті бағыты Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ipi өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал, жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық емес, парасат-пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға беретін ғылым негіздерін олардың болашақ ic-әрекетінің берік негізі әpi тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әді-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыр еңгізуді талап етеді.
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияларды дұрыс пайдалану мүғалімнің шеберлігін көрсетеді. Қазіргі қоғамға ақыл – ол кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек. Осыған сәйкес жалпы білім беру саласындағы түрлі өзгерістер болашақ ұрпақтарды оқыту, білім сапасын жаңарту, арттыру мәселелерін қарастырды.
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Достарыңызбен бөлісу: |