Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет1/8
Дата21.09.2023
өлшемі224 Kb.
#478211
  1   2   3   4   5   6   7   8
3. Дәріс кешені


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенттеріне
2018-2019 оқу жылының 1 семестріне арналған
Web-технологиясы пәні бойынша
дәріс кешені
(таңдау бойынша компоненті)

Орал – 2019ж.


Құрастырушы: аға оқытушы Елешова А.О


Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар кафедрасы


407 аудитория
Кредит саны –5
Дәріс – 30 сағат
Бақылау түрі – емтихан

1 дәріс: Кіріспе



  1. Оқу тақырыбы және пән құрылымы.

  2. Ақпаратты жіберу және өңдеудің интернет технологиялары туралы түсінік.

  3. Интернет технологиялары дамуының тарихи мәліметі.

Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.


Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді.
Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес, ол қандай да бір ақпараттық кеңістікті құрайды.
Интернетте жұмыс істеу дегеніміз – шындығына келгенде толығымен алғандағы интернетте емес, тепк оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.
Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай өзара қарым-қатынаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы. Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі – клиент деп аталады.
Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлдарды жіберу үшін арнайы FTP қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесінше, Интернеттен файл алу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:

  • Компьютерде FTP клиенті болып табылатын программа орнату;

  • FTP қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысал, электрондық поштаны қолдану үшін пошталық хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет