Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-бөлiм. БЮДЖЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ЕСЕПТIЛIК



бет11/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

6-бөлiм. БЮДЖЕТТЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ЕСЕПТIЛIК

24-тарау. БЮДЖЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

      121-бап. Бюджеттiк есепке алу бойынша негiзгi ережелер

      Бюджеттiк есепке алу бiрыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың талаптары мен мiндеттемелерi туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртiпке келтiрiлген жүйесiн бiлдiредi.

      122-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу

      1. Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiк есептiлiк жасау үшiн негiз болып табылады.
      2. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

      123-бап. Бюджеттiк есептiлiктiң сапалық сипаттамалары

      1. Бюджеттiк есептiлiк мынадай:
      1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердiң жоқтығын бiлдiретiн анықтық
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етiлетiн ақпараттың көрсетiлуiн бiлдiретiн толықтық
      3) осы Кодекстiң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң есептiлiктi жасау жөнiндегi ережелерiнiң сақталуын бiлдiретiн сәйкестiк сапалық сипаттамаларға сай келуге тиiс.
      2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтiң) бюджетке түсетiн түсiмдерi бюджеттiк есептiлiкте ақшалай түрде көрсетiледi.

      124-бап. Бюджеттiк есептiлiктiң түрлерi



      1. Бюджеттiк есептiлiк есептердiң мынадай түрлерiн:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң есептерiн:
      мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      демеушiлiк пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсiмi мен жұмсалуы туралы есептi;
      дебиторлық берешек туралы есептi;
      кредиторлық берешек туралы есептi;
      2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң есептерiн:
      бюджеттiк мониторингтiң нәтижелерi туралы есептi;
      бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      демеушiлiк пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi және оның жұмсалуы туралы есептi;
      дебиторлық берешек туралы есептi;
      кредиторлық берешек туралы есептi;
      стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есептi;
      стратегиялық жоспар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есебiн;
      3) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiгiн:
      республикалық, тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң, облыс бюджеттерiнiң, мемлекеттiк және шоғырландырылған бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есептi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептi;
      мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың талаптары мен мiндеттемелерi туралы есептi;
      мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттер бойынша демеушiлiк және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi және оның жұмсалуы туралы есептi;
      мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң дебиторлық берешегi туралы есептi;
      мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кредиторлық берешегi туралы есептi;
      бюджеттiк мониторинг нәтижелерi бойынша республикалық (жергiлiктi) бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органның есептерiн:
      республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi қамтиды.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде бюджеттiк есептiлiктiң қосымша нысандарын белгiлейдi.
      3. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер бюджеттiк есептiлiктi жасау және табыс ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алуға мiндеттi.
      4. Стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есептi қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген бюджеттiк есептiлiктi жасау және табыс ету тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 124-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      125-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есептi ұсыну

      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, қабылданған, төленбеген мiндеттемелердi, бюджет түсiмдерiнiң атқарылуын және (немесе) тиiстi бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары бойынша төленген мiндеттемелердi көрсетедi.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне мемлекеттiк, шоғырландырылған, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бередi.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнгi жағдай бойынша әкiмдiкке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi органға облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есеп бередi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға осы Кодекстiң 124-бабында көзделген есептердi бередi.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнгi жағдай бойынша әкiмдiкке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына, облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептердi бередi.
      Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      126-бап. Стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есеп

      1. Стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есеп оны iске асыру барысы, мемлекеттiк орган қызметiнiң мақсаттарына, мiндеттерiмен нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзудегi прогресс туралы ақпаратты қамтиды.
      2. Стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есептi жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде:
      Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға және Қазақстан Республикасының Президентi нәтижелердiң бағалауын жүргiзуге уәкiлеттiк берген органдарға;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн мемлекеттiк органдар, - Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға және Қазақстан Республикасының Президентi нәтижелердiң бағалауын жүргiзуге уәкiлеттiк берген органдарға;
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, - әкiмге, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға және Қазақстан Республикасының Президентi нәтижелердiң бағалауын жүргiзуге уәкiлеттiк берген органдарға ұсынады.
      3. Стратегиялық жоспарлардың iске асырылуы туралы есептер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
      Стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есептi жасау және ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      Ескерту. 126-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25-тарау. БЮДЖЕТТIҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

      127-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық


               есептi ұсыну

      1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi айдан кейiнгi жылдың 25 наурызынан кешiктiрмей есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына ұсынады.


      2. Есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп:
      1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептен;
      2) республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылы iшiнде стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;
      3) түсiндiрме жазбадан тұрады.
      3. Түсiндiрме жазба елдегi экономикалық ахуал және республиканың тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
      4. Есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ұсынады. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау кезiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      5. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасау және ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Ескерту. 127-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентiнде


                республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы
                жылдық есептi талқылау және бекiту

      1. Қазақстан Республикасының Парламентi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жылдық есебiн өз кезегiмен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Мәжiлiсте, содан кейiн Сенатта талқылайды.


      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламентi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамдардың республикалық бюджеттiң атқарылуы және тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегi салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы баяндамасын;
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi төрағасының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы баяндамасын;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатында талқыланғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.
      Ескерту. 128-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      129-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар


                қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы
                жылдық есептi ұсыну

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей есептi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органына ұсынады.


      2. Есептi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп:
      1) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есептен;
      2) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;
      3) түсiндiрме жазбадан тұрады.
      3. Түсiндiрме жазба экономикалық ахуал және тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы, тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.
      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi есептi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi жыл сайын қосымшаларымен бiрге:
      1) ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
      2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.
      Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      130-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар


                қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы
                жылдық есептi қарау және бекiту

      1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң жылдық есебiн облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.


      2. Жылдық есептi қараған кезде мәслихат:
      әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамдардың облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы және тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында қабылданған өңiрдiң салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы баяндамасын;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;
      мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.
      3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
      Ескерту. 130-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң


                атқарылуы туралы жылдық есептi ұсыну

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей есептi қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi органға ұсынады.


      2. Есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептен;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;
      3) түсiндiрме жазбадан тұрады.
      3. Түсiндiрме жазба экономикалық ахуал және тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы, тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi жыл сайын қосымшаларымен бiрге:
      1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей құрамына тиiстi аудан (облыстық маңызы бар қала) кiретiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
      2) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.
      Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң


                атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекiту

      1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн облыстың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.


      2. Жылдық есептi қараған кезде мәслихат:
      әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы баяндамасын;
      облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкiлеттiк берген мүшесiнiң аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;
      мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
      Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

26-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

      133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының


                қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық
                есептi жасау

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргiзiледi.


      Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитiн жүргiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн қоса отырып, жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi қызметi туралы есеп;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi өзге де деректер болуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару нәтижелерi бойынша жылдық қаржылық есептiлiкке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен бас бухгалтерi қол қояды.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасаудың нысандары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша бекiтедi.
      Ескерту. 133-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының


                қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы
                жылдық есептi ұсыну және бекiту

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.


      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн оны ақпарат ретiнде Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет