Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі



бет1/5
Дата17.07.2016
өлшемі421.5 Kb.
#205744
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Л.С. Ли, Ш.М. Қауынбекова



Бас миы ісіктерінің көздегі көріністері




Оқу -әдістемелік құрал


Қарағанды 2009
УДК 616.831-006

ББК 55.6 я 7

Л 49

Пікір берушілер:

Т.С.Телеуова – Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жоғарлату институтының көз аурулары кафедрасының профессоры м.ғ.д.

Г.П. Аринова ҚММА көз аурулары, ЛОР-аурулары мен реаниматологя кафедрасының м.ғ.к., доцент


Г.Д. Махамбаев – Қарағанды қаласының облыстық медицина орталығының нейрохирургия бөлімінің мегрешушісі, м.ғ.к
Л 55 Ли Л.С., Қауынбекова Ш.М. Бас миы ісіктерінің көздегі көріністері -Оқу -әдістемелік құрал. -Қарағанда, 2009 . -63 бет.
ББК 55.6 я 7

Нейроофтальмология – медицинаның қызықты да күрделі және өте жауапты салаларының бірі болып таблады. Бұл оқу - әдістемелік құрал бірнеше әдебиеттер мен өзіміздің жеке тәжрибиемізге сүйене отырып орталық жүйке жүйесінің ауруларының диагностикасында офтальмологиялық көріністерінен құрастырылды. Бұл оқу -әдістемелік құрал офтальмолог, нейрохирург, невропатолог саласындағы дәрігерлерінің неврологиялық, нейрохирургиялық клиникаларда кеңес беру жұмыстары үшін арналған.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының Әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және мақұлданды.

Хаттама №_10_ «_17__»____06__________200_9_ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының Ғылыми Кеңесінің шешімімен баспадан шығаруға ұсынылды және бекітілді.

Хаттама № 10 «4» 07 2009ж.


© Ли Л.С., Қауынбекова Ш.М. 2009 ж.



Қысқартылған сөздердің тізімі

АлИН - алдыңғы ишемиялық нейропатия

АрИН - артқы ишемиялық нейропатия

БМЖ – бас ми жарқаты

БІҚ - ми ішілік қысым

ГА - гемианопсия

КЖ - көру жүйкесі

КЖА- көз жүкесінің атрофиясы

КЖД - көру жүйкесінің дискі

КЖДІ - көру жүйкесінің дискіның іркілуі

КТ - компьютерлі томография

МРТ - магнитті-резонансты томография

ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі

OD - оң көз

OS - сол көз

OU - екі көз

ПХС - прехиазмальді синдром

ХС - хиазмальді синдром

ЭЭГ - электроэнцефалограмма

Алғы сөз

Нейрохирургиянның жаңа табыстары ми ауруларына хирургиялық емге көрсеткіштердің кеңеюіне әкелді, олардың болжамы жаңа зерттеу әдістерге ғана емес операциының техникасына сонымен қатар уақытылы ми ауруларын соның ішінде ми ісіктерін дұрыс табу болып табылады.

Көз жолдарының аурулары офтальмология аймағына ғана емес сонымен қатар нейрохирургия, неврологияға қатысты болады. Көз жолы – тек көру анализаторы ғана емес, сонымен қатар мибір бөлігі болып табылады. Көз жолдарының патологиясы көру қызметінің бұзылысымен сонымен бірге орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) симптомдарымен көрініс береді.

Көру жолдарының зақымдалуы нейрохирургиялық клиникада ми негізгі ауруларын диагностикасында және оның уақытылы оперативті емін жүргізуге көмектеседі.

Көру жолдарының аурулары топикалық диагностикасына сүйене отырып патологиялық үрдістің орналасуын анықтауға көмектеседі.

Мидың ісіктерінің локализациясын уақытылы диагностикасы үшін офтальмологиялық зерттеу оның емі және аурудың болжамын анқтауға көмектеседі.

Көру қызметінің бұзылуы науқастарды алғашқыда окулистерге әкеледі клиникалық зерттеу барысында ми ісіктері анықталып локализациясын дұрыс табуға көмектеседі.

Көру қызметінің бұзылу себебін кеш анықтайтын болса ол тек көру қызметі қалпына келмеуден бастап толық соқырлыққа дейін әкеп соқтыру мүмкін, сонымен қатар миына радикальді операция жасау мүмкіндігі болмай қалады. (операциянауқастың өміріне қауып төндіруі мүмкін немесе ми ісігі н алып тастау мүмкіндігі болмайды).

Бірнеше офтальмологиялық симптомдар арқылы радикальді операциядан кейін көру қызметінің қалпына қаншалықты келуі мүмкін екенін болжауға болады сонымен қатар көз симптомдарын нан басқа неврологиялық, рентгенологигялық және басқада зертеу әдістері арқылы ми ісіктерінің өсу жиілігін анықтауға болады. Бас ми ісіктеріне тән көз қызметінің бұзылу симптомдарын, клиникалық ерекшеліктерін білу дәрігерлерге нейроофтальмологиялық диагностиканың негізін білуге көмектеседі.

Сондықтан нейроофтальмологиялық зерттеу жалпы неврологигиялық зерттеуді толықтырып соның арқасында нейрохирургтың емдеу тактикасын таңдауда негізін салады.


Көру жолының анатомиясы




Көру жүйкесі (КЖ) торлы қабықтың үшінші нейрондарының аксондарынан басталады (ганглионарлы жасушалар), сөйтіп артқы полюсте көру ішілк бөлімін қалыптастырады– көз жүйкесінің дискін (КЖД), әрі қарай көз алмасына өтіп– ретробульбарлы бөлімінде S тәрізді иіліп шамамен 35 мм, дөңгелек канат тәрізді орбитаның жоғарғы жағына canalis opticus арқылы өтіп ортаңғы ми ойысына барады. Ересек адамдарда көз жүкесінің ұзындығы шамамаен 44-45 мм құрайды. КЖ, сүйек өзегінен өтеді, оның үш қабаты болады. Олардан мидың үш қабатты бастау алады: жұмсақ, торлы, қатты қабаттар. Соңғысы осы жерден сүйек үстіне өтіп сүйек өзегін қаптайды. Өзектен КЖ мен бірге көз артериясы (a. оphthalmica) өтеді. КЖ мен артерия өзекті толығымен алып жатады сондықтан өзектің ұзындығының өзгерісі КЖ жағдайына әсер етеді.


Өзектің сүйегіне шығу орнының құрылысы өте маңызды рөл атқарады, себебі бұл жерде КЖ қатты қабықпен немесе дөрекі сүйек қырларымен қысылуы мүмкін. Бас сүйектің көз өзегінің екі түрлі құрылысы болады. Біріншісі көз өзегі сүйек ішіне кірген жері тегістелген және ұзарған болады. Екінші түрі – өзек шыға берісінде тарылып КЖ үстінен шатырша түзеді. Адамда өзек құрылысының екінші түрі кездесетін болса ми ісіктері кезінде КЖ тез қысылуына әкелуі мүмкін. Бұл өз уақытында КЖ талшықтарының ерте өліміне әкелуі мүкін ол көру қызметінің бұзылуымен қатар офтальмоскопиялық көрінісі көз жүкесінің атрафиясына әкеледі.

КЖ негізі талшықтарын өткізгіштер құрайды, соңғылары жарық өткізгіш қызметін атқарады.

КЖ бағанасына тітіркендіру жеке жүйке талшықтарының қызметінің бұзылысына әкеледі. Соның ішінде маңызды рөлді папилло-макулярлы шоғырына береді, себебі ол торлы қабықтың жоғары дифференция аймағына – сары дақ (macula lutea). аймағына импульстер жеткізеді. Көру –жүйке талшықтары торлы қабықтың перифериясында орналасқан олар негізгі төрт квадрантқа бөлінеді: жоғарғы-ішкі,жоғарғы сыртқы,төменгі- ішкі, төменгі –сыртқы.

КЖ талшықтарының жолынын білу арқылы топикалық диагностикасын жасап үрдістің орналасуын анықтауға болады.

КЖ сүйегінің негізіне өткеннен кейін екеуі горизонталді бағытта артқа-ішке қара жүріп, түрік төмпешігін екі жақтан айналып бір біріне жақындай түседі.

КЖ бұл аймақта тек жұмсақ қабықпен қапталған. Тор қабық КЖ арасында көп мөлшерде қатпарлар түзіп бір бірімен баіланыстырады. Әрі қарай КЖ қиылысқан жерде торлы қабық асты кеңістіктері бірігіп хиазматикалық цистернаны (cisterna chiasmatica) құрайды.

КЖ ми ішілік бөлімінде (өзектің ішкі жағынан бастап қыйлысқан жеріне дейін) шамамен 5 -14 мм құрайды. КЖ қалыңдығы – 4,5-6 мм. КЖ мен ми ішілік аймақтың оң жақ пен сол жақттың айырмашлығы шамамен 1,5 мм дейін болуы мүмкін.

КЖ қыйылысқа барар жолда хиазматикалық бағанадан өтеді.КЖ ұзындығына байланысты ол хиазматикалық бағананың үстінен немесе түрік ершігінің диафрагмасының үстінен өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет