Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы р. К. Бегимбетова экономикалық теория негіздері


Кесте 1 Меншіктің экономикалық түрлері



бет2/4
Дата12.07.2016
өлшемі352 Kb.
#192967
1   2   3   4

Кесте 1
Меншіктің экономикалық түрлері



ЖЕКЕ

ҰЖЫМДЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК

Еңбек-

тік


Еңбектік емес

(Жеке топтық)

Республика меншігі

Облыстық, аудандық муниципал-

дық меншігі



Еңбек табы-

сы есебі-

нен


Мұрагерге қалдырылған мүлік есебінен табыс;

Сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар;

Акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері


а) жалгерлік меншік

ә) ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)

б) кооперативтік меншік

в) акционерлік



меншік:

а) қоғамдық ұйымдарының меншігі

ә) діни ұйымдарының меншігі

меншік:

а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестік)

ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

меншік:

а) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)

ә) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны)


Республи-калық меншік (жер,

қойнауы, сулар, өсімдік

әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі)


Коммунал-

дық меншік (тұрғын – үй комму-налдық шаруашылы-ғы мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)


Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай – ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды. Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік – колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын – үй, құрылыс және т.б. кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толтырылды.

Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативтік түрі жан – жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты, азаматтардың өз еркінде. Кооперативтер Англияда XIX ғасырдың басында пайда болып, кейінірек мұндай ұжымдар Батыс Европа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды.

Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігін кооперативтік (колхоздық) меншікке алмастырылды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру) негізінде құрылды. Алайда, шын мәнінде колхоздарда әкімшілік ұйымдар билеп – төстеп үстемдігін жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айрылды. Себебі, өнімнің негізгі бөлігі бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл кооперативтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық эканомика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы – оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарылығын иеленді. Мұнда қозғаушы күші – меншік иесі, топтары – кооперативтік экономикалық мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативнің алғашқы ұйымдары XX ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты – тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару. Қазіргі кезде тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада, ауылдық жерлерде жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.

Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстарғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі « қаланың өзін – өзі» басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары, мүлік және әкімшілік - аумақтық құрылымдарын басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер «коммуналды меншік» деп аталады.

1.2. КӘсіпкерліктің мӘні, түрлері мен нысандары
Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырдан басталады. Сол кезде саудагерлер, көпестер алғашқы кәсіпкерлер қызметін атқарды. Кәсіпкер өндірістің иесі болса да өз зауытында, өнеркәсібінде өзі еңбек етті. ХVI ғасырдың ортасынынан бастап акционерлік капитал пайда болып акционерлік қоғамдар ұйымдастырылды. Ең алғашқы болып Ресеймен сауда қатынасы үшін ағылшын сауда компаниясы құрылды (1554ж.) ХVII ғасырдың аяғында алғашқы акционерлік банктер пайда болды. 1694 жылы ағылшын банкісі, 1695 жылы шотлан банкісі құрылды.

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ХVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисы Ричард Кантильон (1650-1734жж.) қолданды. Ол “Кәсіпкер дегеніміз-тәуекел жағдайларда қызмет ететін адам” деген. Кейін ХVIIІ- ші ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында француз экономисі Жан Сэй (1767-1832жж.) өзінің “Саяси экономия” трактатында кәсіпкерлік анықтамасын 3 өндіріс факторларының яғни, (жер, капитал, еңбек) араласуы, бірігуі деген тұжырым жасады. Белгілі американ экономисі Шум Петер 1911 жылы шыққан “Экономиканың даму теориясы” атты еңбегінде кәсіпкер ұғымын «жаңашыл» деп түсіндірді, басқанын істегенін істемеу.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлері бар:

Өндірістік кәсіпкерлік- кәсіпкерлік қызметтің жетекші түрі болып есептелінеді. Мұнда тауарлар мен қызметтер көрсетіледі және өнімдер өндіріледі. Өндірістік кәсіпкерліктің мәніне инновациялық ғылыми- техникалық қызмет, тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру, тұтыну, сондай-ақ саладағы ақпараттық қызмет жатады. Өндірістік қызметпен айналысуға қол жеткізген әрбір кәсіпкер, ең біріншіден; қандай нақты тауарлар өндіретінін, қандай қызмет көрсетудің түрін айқындайтынын анықтау қажет. Одан кейін кәсіпкер маркетингтік зерттеуге кіріседі. Тауарға қажеттілікті, оған деген сұранысты анықтап алу, тұтынушылармен, көтерме сауда ұйымдарымен қарым - қатынасқа түседі, сатушы мен сатып алушы арасында келісім шарт жасалады. Осының бәрі тәуекелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Өндірістік қызметтің негізгі өндірістік факторлары келесідей: негізгі өндірістік қорлар - еңбек құралдары, ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар, есептеуіш техникасы, көлік құрал - жабдықтары, зертханалар және т.б. Айнымалы қорлар - еңбек заттары, шикізаттар, қосымша материалдар, жанар- жағар май, энергетикалық ресурстар, жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер жатады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - бөлшек сауда, көтерме сауда және тауарлы биржалар жатады. Тауарлы биржа – бұл сатып алушымен арнайы максималды тауарлар топтамасының үлгісін алдын - ала қарастыратын көтерме сауда субъектілері арасындағы қарым-қатынас. Тауарлы биржада сауда операцияларын жүргізетін коммерциялық делдалдар болуы керек. Тауарлы биржа келесідей қызметтерді атқарады, олар: сауда келісімдері бойынша делдалдық қызметтерді орындау; тауарлық сауданы реттеу және сауда дауларын шешу; бағаға әсер ететін баға туралы, өндіріс бойынша мәліметтерді және басқа да факторлар туралы ақпараттарды жинау.

Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі объектісі - коммерциялық банк болып табылады. Коммерциялық банк - бұл клиенттің тапсырмасы бойынша қаржылық салымдарды және несиелік операцияларды жүзеге асыратын акционерлік типтегі қаржы - несиелік мекеме болып табылады. Коммерциялық банктің табыс көзі - депозиттік және несиелік қаржылардың пайыздық ставкалары арасындағы айырмасы болып табылады. Коммерциялық банктің операциялары 3 топқа бөлінеді: пассивтік- тартылған қаржылар; активтік – қаржыларды орналастыру; коммиссиондық – клиенттің тапсырысы бойынша түрлі операцияларды орындау. Қазақстанда екі деңгейлі банк бар, олар: ұлттық және коммерциялық банктер. Бірінші деңгейлі банктің негізгі айырмашылығы - ақша эмиссиясымен айналысуға, яғни айналымға монеталар мен банкноталар шығаруға құқығы бар, ал екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк шығарған ақшаны үстінен төлем алу арқылы айналымға жіберу арқылы пайда алады.

Кеңестік кәсіпкерлік- кеңес беруші мен кеңес алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Кеңес беруші деп - белгілі бір саладағы өзінің мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін маман ретінде түсіндіріледі. Шетелдік тәжірибеде басқару бойынша кеңестік қызмет көрсету консалтинг деген мағынаны білдіреді. Кеңес берудің кезеңдері келесідей: проблемаларды айқындау; шешімдерді әзірлеу; жобалар мен шешімдерді жүзеге асыру. Кеңес берудің 3 түрі бар:


  1. Сараптау кеңес беру - консалтингтің пассивті формасы. Мұнда консультант дербес өзі шешімдерді және ұсыныстарды енгізу бойынша әзірмелік жұмыстарды жүзеге асырады. Бұл жағдайда консультант клиентті қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

  2. Процестік кеңес беру - кезеңінде консалтингтік фирмалардың мамандары белсенді қатынасқа түсіп, оны өз ойлары мен ұсыныстарын айтуға итермелейді. Консультанттар клиенттермен бірге проблеманы баяндап, ұсыныстарды дайындайды.

  3. Оқыту – бұл жерде мамандардың негізгі мақсаты болып клиенттерге дәрістер, семинарлар өткізу, клиент үшін оқу құралдарын дайындау және оған негізгі теориялық, практикалық ақпараттарды беру.

Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен анықталады (кесте 2). Олар мынандай түрде болады:

  1. азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

  2. ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.


Кесте 2
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің

артықшылығы мен кемшілігі


Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Кемшілігі

1. Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар

Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез- құлқының икемділігі.

Қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максимальды мүдделілігі



Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға

жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс- әрекет- тің біріктірілу қажеттілігі



2. Серіктестіктер

Басқару бойынша міндеттерді бөлу.

Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс- әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі



Әріптестердің өзара өнімсіздігінің

ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметттік- психология -лық жайлылығы.

Әріптестердің өзара келіспеушілігі арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы


3. Акционерлік

қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі

-

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болады. Кооперативтік кәсіпорындар ақшалай емес, жеке тұлғаның пайлық негізіндегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

Акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорындар, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды. Акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаларды айтамыз. Акция дегеніміз - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуы, ол бойынша дивидент және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Дивидент дегеніміз- акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша үстінен пайда түсіретін кіріс. Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып бөлінеді. ААҚ акционерлер саны шексіз болып келеді және олар акцияларын басқа акционерлердің келісімінсіз нарыққа сатуға құқылы. Ал ЖАҚ-да акционерлер саны 100 - ден аспауы керек. Олар акцияларын тек өзара бір-біріне ғана сата алады.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар - әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешумен және мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін өтеумен айналысады. Мемлекеттік кәсіпорынның қызмет өрістері: әскери қару-жарақ аймағындағы жобалау, өндіріс және жөндеу; радиактивті заттары бар өнімдерді игеру, өндіру, тасымалдау; медицина; монополиялық өнімдер; энергия, су, жылу, магистралды - транспорт байланыс өрістері; банк, сақтандыру және т.б. қаржыландыру өрістері. Қазыналық кәсіпорындар - оперативті басқару құқығына негізделген. Қазыналық кәсіпорынның қызмет өрістері: төтенше апатты оқиғадан құтқару; мемлекеттік автокөлік жолдарын дамыту; пошта, телекомуникация жүйесі, байланыс жүйелерін пайдалану; топографиялық, геодезиялық жұмыстар; денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім, ғылым, мәдениет саласындағы қызметтер.

Құрылтайшылар мүлігін қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғалары мен азаматтары енеді. Шаруашылық серіктестіктер-коммерциялық ұйым, заңды тұлға, жарғылық қоры салымшыларының үлесіне бөлінген және басты мақсаттары пайда алу болатын кәсіпорындар. Шаруашылық серіктестіктерінің түрлері: толық серіктестіктер - кем дегенде екі қатысушы болу керек; жеке меншік серіктестіктер- қосымша және т.б. серіктестіктердің қатысулары, азаматтар және заңды тұлғалар бола алады; командиттік серіктестіктер - толық және жеке меншік серіктестіктерінің бірігуі. Шаруа және фермер қожалығын – жеке тұлға, жанұя еңбек бірлестігі және жеке кәсіпкерлер құрайды. Олардың мүшелері: туыстары, ағайындары бола алады. Шаруа немесе фермер қожалығына 18 жасқа толған кез келген азамат басшы бола алады. Шаруа және фермер қожалықтарының құқықтарына сырттан жұмыскер жалдап алу; банктен есеп шотын ашу; жер пайдалану құқығымен несие алу; салық жеңілдіктерін алу; бірнеше қожалық бірлесіп басқа заңды форманы құру жатады.
Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары
Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол -қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: меншік типтері бойынша және экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша. Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйе төмендегідей типтерге бөлінеді:



  1. дәстүрлі экономика;

  2. әкімшілдік - әміршілдік экономика;

  3. еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;

  4. қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет