253
Сұйылту әдісі. Бұйым шынысына зерттелінетін эмульсиядан бір тамшы
және судан бір тамшы тамызады. Егер эмульсия С/М
типті болса, онда
тамшылар бірікпей, су тамшысы май тамшысынан домалап ағып кетеді.
Бояу әдісі. Дисперстік орта суда немесе майда еритін бояумен боялады.
Метилен көгі - бояғыш зат, суда ериді, майда ерімейді. Яғни, егер
зерттелінетін ерітіндіге метилен көгінің бір түйіршігін
салған кезде,
дисперстік орта көк түске боялады, егер эмульсия М/С типіне жатса,
микроскоппен боялмаған май көздерін көруге болады. Егер эмульсияның С/М
типі болса дисперстік орта да, дисперстік фаза да түссіз болып қалады, себебі
метилен көгі майда ерімейді, ал ортаға су өте алмайды.
Егер майда еритін
бояғыш - судан ІІІ қолданылса, онда бірінші типтегі эмульсияларда түссіз
фонда дисперстік ортадан боялған май тамшыларын көруге болады.
Электрөткізгіштік әдісі. Егер дисперстік орта су болса, онда эмульсия
электр тогын өткізеді, ал егер дисперстік орта май болса, ол
электр тогын
өткізбейді.
Дисперстік фаза болып табылатын сұйықтықтың концентрациясына
байланысты эмульсиялар сұйылтылған және концентрленген болуы мүмкін.
Егер эмульсияның дисперстік фазасы дисперстік ортаның 1% кем мөлшерін
құраса, ол сұйылтылған деп аталады. Концентрленген эмульсияларда
дисперстік фазаның мөлшері 5% жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: