Коллоидты электролиттердің (жартылай коллоидтар) ерітінділері. Бұл
жүйелерде заттар бірден нағыз еріген, сонымен бірге коллоидты түрде болады.
Жартылай коллоидтар еріген кезде, бос және ассоциацияланған иондар түзетін
электролиттер.
Оларға сабын, иілік заттар, бояғыштар жатады.
Rp.: Tannіnі 2,0 Glycerіnі 2,0 Solutіonіs Іodі spіrіtuosae 10% 1 ml Aquae purіfіcatae 30 ml M.D.S. Ісікке жағу үшін
Есептеу:
Ерітіндінің жалпы көлемін табу керек, ол үшін глицерин салмағын көлемге
аударады.
m = V
; V = m/
= 2/1,224 = 1,63 ml
V
ж.
= 1,63 ml + 1 ml + 30 ml = 32,63 ml
Б.П.
Aquae purіfіcatae 30 ml Tannіnі 2,0 Glycerіnі 2,0 Solutіonіs Іodі spіrіtuosae 10% 1 ml V
ж
= 32,63 ml
Технологиясы: 30 мл тазартылған суда 2,0 г танинді ерітеді. Фарфор
табақшада глицеринді йод ерітіндісімен араластырып, оны танин ерітіндісіне
бөлшектеп қосады. Қоспаны алдын-ала ыстық сумен мұқият жуылған мақта
тампон арқылы босататын қоңыр түсті құтыға сүзеді. Тығындап, безендіреді:
негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта»,
«Салқын жерде сақта». Коллоидты ерітінділерді дайындау кезінде коагуляция
процесін болдыратын электролиттердің қосу ережесін ескеру керек.
Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығына сілтілі заттар, қышқылды заттар,
су сіңіруші заттар кері әсер етеді. Қорғалған коллоидтар жарық әсерінен,
қыздырудан, салқындатудан, ұзақ уақыт сақтағаннан коагуляцияға ұшырайды.
238
Сондықтан оларды салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Қорғалған
коллоидтардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрілік түрлер сияқты жүргізіледі.