Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Емханамен біріктірілген қалалық аурухана



бет6/7
Дата19.07.2016
өлшемі1.43 Mb.
#209739
1   2   3   4   5   6   7

1. Емханамен біріктірілген қалалық аурухана.

Тұрғындарға 1400 керуетті стационарлық көмекті қалалық аурухана көрсетеді. Терапия бөлімінде 250 керует, керуеттің қызмет ету уақыты жылына 310 күн, науқастың стационардағы орташа болу уақыты 21 күн. Науқасты шығару және госпитализациялауды дұрыс ұйымдастырмағандықтан бос керуеттер пайда болды .

Бір жылдың ішінде терапия бөлімінен өткен 3690 науқастың, 250 адамы негізсіз госпитализацияланған. Терапия бөліміндегі госпитализацияланған 15% ары қарай басқа бөлімдерде көбіне невралогия бөліміне ауыстырылды. Жедел госпитализацияланған 240 – тан 80 – і стоционарда қайтыс болды. Клиникалық диагноздың сәйкес келуі бойынша патологоанатомиялық ашу кезінде стационарда 180 өлген адамның диагнозы 156 жағдайға сәйкес келеді. Бір жылдың ішінде терапия бөлімінде қайталанған госпитализацияның пайызы 18% құрайды.

Хирургиялық бөлімде 110 керует бар, керуеттің қызмет ету уақыты – 370 күн, науқастың болу ұзақтығы – 11 күн. Науқастардың жартысы қосымша керуеттерді қажет етеді. Бөлім арқыдлы 3700 адам өтті..

Есеп беру жылында сырқаттылықты оқып білу, терапиялық сала бойынша сырқаттылық деңгейінің қосындысы 600‰ құрайды. Дәрігердің бағалауы бойынша алыс жақтағы ауруханаларда, науқастардың 7% госпитализацияны қажет етеді.. Хирургиялық сырқаттылық заболеваемость 380‰ құрайды, ал 10% науқас госпитализацияны қажет етеді.

Қалалық емхананың штатында 33 дәрігер-терапевт, 33 бос емес, 24 қызметкер. Тұрғындар бөлімінің орташа саны 2200 адам. Диспансерлік бақылауға жататыны 18000 созылмалы аурулар, 12000 тіркеуде тұр, оның ішінде 9000 әрдайым бақылауға алынған.

Дәрігер – терапевтерге аттестация жүргізу кезінде 24 ішінде 14 – і ЭКГ – зерттеуін сараптай алмайды. Соңғы 5 жылда терапия бойынша білімін жетілдіруге 9 адам өтті, 10 жылдан және одан жоғары 5 дәрігер білімін жетілдірген, ал 3 дәрігер (50 жастағы және одан жоғары) өзінің еңбек ету жылдарында білімін жетілдіру курсын өтпеген.

Білімін жетілдірмегендіктен дәрігерлердің емханалық және клиникалық диагноздары арасында алшақтық анықталған, ол 40% құрайды, білімін жетілдіргендер 25%. Сонымен бірге білімін жетілдірген дәрігерлер еңбекке жарамсыздық мерзімін анықтауда аз қате жібереді, жаңадан тапқан науқастардың контингентін өз уақытында диспансерлік бақылауға алған.

Созылмалы аурулардың негңзгі бөлімі емханаға тіркеледі, медициналық қаралуыдың анықталған пайызы паталогияның кеш анықталғанына әкеледі. Қан қысы ауруладың ішінде 53% II және III дәрежелі, ал созылмалы ісік ауруларының III және IV дәрежелері 35%.

Емханада жеке алдын алу бөлімі, сонымен бірге дәрігерге дейінгі қаралу кабинеті жоқ, бұл дәрігердің қабылдауына ауырлық алып келеді. Қалпына келтіру емі бөлімінде құрал – жабдықтар жоқ. Клиникалық зертхана қажетті реактивтермен қамтамасыз етілмеген.

Амбулаторлық науқастардың медициналық карталары қолға берілмейді. Олардың белгілері жоқ, көп жоғалған жағдайда көптеген көшірмені жасауға алып келеді.

Медициналық қызметкердің тұрақсыздығы едәуір.


Көрсеткіштердің әдісін есептеу:

  1. Н қаласының тұрғындарын керует қорымен қамтамасыз ету = Ауруханадағы керует саны х 10000/тұрғындардың ортажылдық саны = (1400х10000):100000 = 140‱

  2. Керуеттің ортажылдық бос болмаушылдығы = Науқастарға керует –күні өткізілді/керуеттердің ортажылдық саны

  3. Науқастың стационарда болуының орташа ұзақтығы = Науқастарға керует күнінің өткізілуі науқастың болу күні (шығарылған және өлген)

  4. Науқастың терапия бөліміне негізсіз түсуінің пайызы = (негізсіз түскендердің саны / госпитализацияланғандардың жалпы саны) х 100 = (250 : 3960) х 100 = 6,78%

  5. Терапия бөлімінен басқа бөлімге ауыстырылу пайызы = (басқа бөлімге ауыстырулар саны /госпитализацияланғандардың жалпы саны) х 100

  6. Шұғыл патологиядан науқастың стационарда өліммен аяқталуы = (Шұғыл патологиядан өлгендер саны/ шұғыл госпитализацияланғандардың жалпы саны) х 100 = (80 : 240) х 100 = 33,3%

  7. Клиникалық және патологиялық диагноздардың алшақтық пайызы = (қорытынды клиникалық диагноздардың патологанатомдармен сәйкес келмеушілік саны/ паталоганатомиялық диагноздардың жалпы саны ) х 100 = ((180 -156) : 180) х 100 = 13,3%

  8. Жыл бойындағы терапия бөліміндегі қайталанған госпитализацияның пайызы = (жыл бойындағы қайталанған госпитализацияланғандардың саны/ госпитализацияланғандардың жалпы саны) х 100

  9. Керуеттер айналымы = науқастардың шығарылу саны / керуеттердің ортажылдық саны =

  • = 3690 : 250 = 14,8 (терапия бөлімі үшін)

  • = 3700 : 110 = 33,6 (хирургия бөлімі үшін)

  1. Терапия бөліміндегі жалпы өліммен аяақталуы = (Өлгендер саны / шыққандар саны) х 100 = (180 : 3690) х 100 = 4,9%


Қалалық аурухана қызметінің құрама кестесінің көрсеткіштері




п/п

Көрсеткіштердің аталуы

Көрсеткіштердің деңгейі

Көрсеткіштерді бағалау

Көрсеткіштердің деңгейіне қанағаттанарлықсыз әсер ететін факторлар

Қ.Т.

Обл.

ҚР

1

Н қаласының тұрғындарын керует қорымен қамтамасыз ету

140

---

90 -100


Керует қорын жеткілікті қамтамасыз ету




2

Керуеттердің ортажылдық бос болмаушылдығы (аурухана бөлімі бойынша):

а. Терапия бөлімінде

310


330-340

330-340

Төмен

Керуеттер санының артықтығы. Науқастарды госпитализациялағанда ұйымдастырылу жұмысының қанағаттанарлықсыздығы. Төмен сырқатталақ. Аурухана ішілік инфекцияға байланысты карантин. Жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы. Науқасты стационардан шығарғаннан кейін керуеттердің орнын ауыстырудағы бақылаудың жоқтығы.

б. Хирургия бөлімінде

370

330-340

330-340

Жоғары


Керуеттерді жеткіліксіз қамтамасыз ету. Жоғары сырқатталақ.

3

Науқастың стационарда болуының орташа ұзақтығы:

а. Терапия бөлімінде

21

19-20

19-20

Жоғары

Сырқаттылықтың қиыншылығына байланысты науқас жағдайының ауырлығы. Толық диагностикалық процедуралардың өз уақытында болмауы, емдеу-сауықтандыру шаралары. Дәрігерлердің білімін жетілдіруі жеткіліксіз, зерттеу жоспарларындағы ірі есептеулердің болмауы..

б. Хирургия бөлімінде

11

13

13

Төмен


Емханалық кезеңдегі емдік процедуралар және жоғарғы диагностикалық сапа. Жеңіл және созылмалы патологиямен науқастарды жаулап алу. Алдын ала науқастарды шығару. Жоғарғы медициналық персоналдардың квалификациясының жеткіліксіздігі, зерттеу жоспарларындағы ірі есептеулердің болмауы.

4

Науқастың терапия бөліміне негізсіз түсуінің пайызы

6,78


9


---


Төмен


Госпитализацияға жауап беретін төмен квалификациялы дәріге. Сырқатталақтың симптомсыз ағымы. Госпитализацияға науқастарды алудағы қанағаттанарлықсыз жұмысы. Госпитальға дейінгі кезеңдегі төмен сапалы диагностика.

5

Терапия бөлімінен басқа бөлімге ауыстырылу пайызы

15

12

---

Жоғары


Қосымша патологиясы бар кәрі науқастардың көп болуы, жағымсыз экологиялық жағдайға байланысты үлкен полиморфизмді патология, қала дәрігерлерінің төмен диагностикасы.

6

Шұғыл патологиядан науқастың стационарда өліммен аяқталуы (в %)

33,3

35

---

Төмен


Қала дәрігерлерінің диагностикасы мен жақсы квалификациясы, қаладағы инсультпен жедел инфарктың жеңіл ағымы, қаладағы жедел медициналық көмекті жақсы қамтамасыз ету, медициналық көмекті көлемді және өз уақытында көрсету.

7

Клиникалық және патологиялық диагноздардың алшақтық пайызы

13,3


10


---


Жоғары


Ауыр жағдайға байланысты науқастардың ауыр түрі, жеткіліксіз квалификацияланған дәрігер, клиникалық және зертханалық көрсеткіштерді дәрігерлер бағаламау, жағымсыз экологиялық жағдайға байланысты қаладағы үлкен патологиялық полиморфизм.

8

Жыл бойындағы терапия бөліміндегі қайталанған госпитализацияның пайызы

18


15


---


Жоғары


Дәрігердің ұсынысын сақтамағандықтан емнің нәтижесіз болуы. Қаладағы сырқаттылық ағымының ауыр болуы, шығару ережесін бұзу (емді соңына дейін алмаған науқастарды шығару).

9

Керуеттер айналымы:

а. терапиялық бөлімінде

14,8

---

17-19

Төмен


Терапия бөліміндегі керуеттер санының артықтығы.

б. хирургиялық бөлімінде

33,6

---

23-25

Жоғары


Хирургия бөлімін керуеттермен жеткіліксіз қамтамасыз ету, қосалқы керуеттерді қолдану.

10

Терапия бөліміндегі жалпы өліммен аяақталуы

4,9

---


1,2-1,4

До 3


(в крупн. стационарах)

Жоғары


Ауру жағдайының күрделігіне байланысты, науқас жағдайының ауырлығы. Науқасқа күтім жасағандағы диагностиканың, емнің қанағаттанарлықсыз сапасы. Кеш және уақытылы емес госпитализациялау. Жан сақтау қызметін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру.


Керуеттер қажеттілігін анықтау (Т/Б; Х/Б):
К = ((A x P x R) /(Д х 100)) х Н

А – сырқаттылық деңгейін тұрғындардың 1000 адамына шаққанда (Т/Б - 600‰; Х/б - 380‰);

Р – 100 тіркелген сырқаттылықтың ішінен % жоспарланып алынған керует (Т/Б - 7%; Х/Б – 10%);

R – стационардағы науқастың керуетте болуының орташа ұзақтығы (Т/Б – 20 күн; Х/Б – 13 күн);

Д – керуеттердің жоспарланған ортажылдық бос болмаушылдығы (340 күн);

H – тұрғындар санының 1000 шаққандығы (100);

КТ/Б = ((600х7х20)/(340х100))х100 = 247 керует;

КХ/Б = ((380х10х13)/(340х100))х100 = 145 керует.


Қорытынды:

Қалалық аурухана қызметін сараптау нәтижесінде мыналар анықталды:

  • Н қаласының тұрғындарын керует қорымен қамтамасыз ету жеткілікті;

  • Есеп беру кезінде терапия бөліміндегі керуетпен қамтамасыз ету төмен, ал хирургия бөліміндегі керуеттер саны қажеттіліктен едәуір аз, нәтижесінде бар керуеттердің шамадан артықтығы және қор бөлімінің арқасында қосымша керуеттерді құру мүмкіншілігі (науқастарды коридорда орналастыру);

  • Қарапайым керуеттер бар, ал терапия бөлімінде олардың айналымы төмен, науқастың стационарда уақытша болуының және науқасты шығарудағы госпитализацияны ұйымдастыруды жеткіліксіздігімен байланысты;

  • Хирургия бөліміндегі керуеттердің жұмыс істеу уақыты нормативті көрсеткіштерден жоғары, ал аурулар қосымша керуеттерге ие болады, сонымен бірге жоғары керует айналымы әсер етеді;

  • Хирургия бөліміндегі керуеттердің жұмыс істеу уақыты нормативті көрсеткіштерден төмен, өйткені онда керует санының артық болуы, науқасты стационардан шығарғаннан кейінкеруеттердің орын ауыстыруындағы бақылаудың жоқтығы.

  • Қосымша патологиялық ауруы бар кәрі адамдар саны көптігінен терапия бөлімінен басқа бөлімге ауысу пайызы жоғары, жағымсыз экологиялық жағдайға байланысы полиморфизмді патологияның көптігінен, қалада дәрігерлердің диагностикасының төмендігінен;

  • Шұғыл патологиядағы стационардағы науқастардың өліммен аяқталуы төмен, қаладағы инсульт пен жедел инфаркт ағымының нәтижесіне қарағанда, қаладағы жедел медициналық көмекті қамтамасыз ету, медициналық көмекті көлесді және өз уақытында көрстеу;

  • Клиникалық және патологиялық диагноздардың алшақтық пайызы 14% құрайды, бұл сирек кездесетін патологиялық аурулардың түсуіндегі дәрігерлер квалификациясының төмендігін көрсетеді (жағымсыз экологиялық жағдай);

  • Жыл бойында терапия бөліміне емнің нәтижесіз болуының нәтижесінде қайталанып түсетін госпитализацияланудың пайызы жоғары, дәрігердің нұсқауын сақтамағаннан, қаладағы аурулардың ауыр ағымы, шығару ережесінің бұзылуы (емі аяқталмаған науқастарды шығару);

  • ҚР ауыр жағдайдағы науқастардың нәтижесі жалпы өліммен аяқталуы терапия бөлімінде жоғары, сырқаттылықтың күрделілігі, науқасқа күтім жасау және емдеу, уақытылы емес және кеш госпитализациялау, жан сақтау қызметін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру.

Шаралар

Орындаушы

Жауапты

1. Н қаласында қалалық ауруханадағы хирургия бөлімін керует санымен қамтамасыз ету:

  • аурухана алаңын барынша қолдану

  • терапия және хирургия бөліміне керуеттерді бөлу

  • немесе қосымша ғимараттарды салу.

Бас дәрігердің орынбасары



Бас дәрігер

2. Терапиялық профильдегі қарапайым керуеттерді алып тастау үшін госпитализацияны нақты ұйымдастыру керек.

Бас дәрігердің орынбасары

Бас дәрігер

3. Науқасты госпитализацияға дайындауда зерттеу өткізуді анық анықтау керек, негізделмеген госпитализацияны және стационарда болу уақытын қысқартады.

Бас дәрігердің орынбасары

Бас дәрігер

4. Дәрігер квалификациясын көтеру (оқуға бағыттама беру, клиника – анатомиялық конференцияларды уақытылы өткізу, клиникалық және патанатомиялық диагноздардың алшақтығын).

Бөлім меңгерушісі

Бас дәрігер

5. Емхана мен стационар арасында науқастарды емдеуде және зерттеуде мирасқорлықпен қамтамасыз ету. Бұл үшін мына сұрақтарды шешу керек:

  • ақпараттармен алмасу

  • стационар дәрігерлерін диспансеризацияға және сараптаманың нәтижесіне қатысуды белсенді тарту

  • емхана дәрігерлерінің квалификациясын көтеру мақсатында, біріккен клиникалық конференцияларды ұйымдастыру

  • науқастарды реабилитациялау бойынша біріккен бағдарламаларды құру, емхана жағдайында стационардан шыққан

Бас дәрігердің орынбасары

Бас дәрігер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет