Дәрістер кешені



бет1/16
Дата25.06.2022
өлшемі247.24 Kb.
#459474
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
УМК Стационар деңгейінде жедел шұғыл


«Стационар деңгейінде жедел шұғыл көмек»



Қазахстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі
«Мақсат» Орал Жоғары медициналық колледжі

Бекітемін:


Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
_________ М.И.Трушкова
«____» _________ 2021 ж
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Пәні: «Стационар деңгейінде жедел шұғыл көмек»


Мамандық: 09120100 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 4S09120101 «Фельдшер»

Орал , 2021 жыл


Құрастырған: Махметова Б.Г. - арнайы пәндер оқытушысы


«Емдеу ісі» 09120100 мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасақталды.

№4 әдістемелік циклдік комиссиясының отырысында қаралып, ұсынылды.


Хаттама № ____ «__» __________ 2021 ж.

ӘЦК төрағасы: _________ Коцелл С.О.


қолы


Модуль 1. Реанимациялық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелері. Интенсивті терапия бөлімінде науқастарды табу көрсеткіші.

Реанимацияның этикалық аспектілері.


Негізгі ұстанатын 4 қағида:
Пациенттің пайдасы үшін әрекет жасау қағидасы;
Зиян келтірмеу қағидасы;
Әділдік қағидасы;
Пациенттің автономиясы қағидасы.
Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организм тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен организмді тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, организмді тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның организміндегі тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.
Өлім адамның ақырғы кезеңі. Өлім қандай тез болғанмен оның бірнеше кезеңі болады: предагония, агония, клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің себебі: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәнтіктердің уымен улану т.б. 
Бірінші кезеңде зардап шегуші ес-түсінен айырылмайды, халі нашар, денесінің түсі бөззарады, суық тер басады, сұраққа дұрыс жауап бере алмайды тамырының соғуы жиі және әлсіз, артериялық қысымның көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, жүректің соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары өз қалпында жарыққа тітіркенеді, алмасу процесстары организмде жүріп жатады. Бұл кезең бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.
Екінші кезеңде – зардап шегушінің ес-түсі бірде бар бірде жоқ, халі одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп-сүық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді, соққаны өте әлсіз, демі үстіртін, артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу процесстар нашарлайды. Бұл кезең ұзаққа созылмайды.
Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.
Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация әдістерін жасауға кірісу керек. Реанимация, латын сөзі, тірілту түсінігін береді немесе өшіп бара жатқан маңызды өмірлік функциясын қалпына келтіру. 
Реанимацияның негізгі шаралары
Жүректі жансандыру соққысы: соққыны кеуде сүйегі аяқталатын түсындағы төс шеміршегінен 2-3 см жоғары кеуденің ортасынан сәл төмен орналасқан нүктеге жұдырықпен соғады. Соққыны дұрыс және өз уақытында жасаса жүрек соққысы қалпына келіп, адамның есі кіреді. Есінізде болсын! Осындай соққы жүрегі соғып тұрған адамды өмірден алып кетуі де мүмкін.
Өкпені жасанды тыныс алдыру: Алдымен зардап шегушіні қатты жерге жатқызып, басын артқа қарай шалқайтып, егінің астынғы жағын алға қарай жылжытып, науқастың аузын ашу керек. Содан соң салфеткаға оралған саусақпен науқастың ауыз-қуысын тазалау қажет: құсықтан, қаннан, құмнан, жасанды тістен. Тілін шығарып туйреуішпен бекітіледі. Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру. Ол екі әдіспен жүргізіледі: «ауызға-ауыз», «ауыздан-мұрынға».
«Ауыздан-ауызға» дем жіберу үшін, дем беруші бір қолымен маңдайынан басып, науқастың басын артқа шалқайтады да терең дем алып науқастын мұрнын қысып, аузына дем жібереді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді. Дем жібергенде көкірек қуысы 4-5 см көтерілуі керек. Егер ауа өткізетін түтікшелер болса, солар арқылы да дем жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы резенкеден немесе пластмассадан жасалған Амбу қапшықтарын қолдануға боладыЕгер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеудені 15 рет басқанда өкпеге 2 рет ауа үрлейді. 
«Ауыздан,мұрынға» әдіс кезінде зардап шегушінің жағы қарысып немесе жарақаттанған кезде, аузының шырышты қабығы күйікке шалдыққанда қолданылады. Бұл әдіспен жасанды демалуды жүргізу үшін құтқарушы бір қолымен маңдайынан басып зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, мұрын қуысын тазалайды, екінші қолымен жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Мұрынға салфетка немесе қол орамал төсеп, ауа үрлейді. Тынысқа ауа беру жиілігі минутына 16-18 рет. 
Балаларға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды, ауаны азырақ үрлейді, ересектерге қарағанда жиі, баланың жасына қарай. Басқа қолданылатын әдістер Сильвестр, Шефер әдістері.
Жүрекке жабық массаж жасау: жүрекке жабық массаж жасау нәтижесінде әдеттегі қан айналысының 10-30 пайыз қалпына келуі, бұл ми қабығы жасушаларының өліп қалмауына жағдай жасайды. Жүрекке сырттай массаж жасарда зардап шегушіні шалқасынан жерге, үстелге немесе қатты төсекке жатқызады. Кеудесін жоғарырақ көтеріп, ал басын шалқайтып қойған жөн. 
Ауру адам клиникалық өлімде болған кезде кеуде бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, осы кезде кеудені күшпен басатын болсақ, онда ол 5-6 см-ге майысады да, жүректі қысады. Сонда қан жүретің сол жақ қарыншадан қолқаға құйылып, одан бүіл денеге тарайды, миға барады, жүректің өзін көріктендіреді. Бір мезгілде қан жүректің оң жақ қарыншадан өкпеге барып, оттегімен қанығады. Кеудені басып тұрып қоя берген кезде, ол кеңейіп, қалпына келеді, сол кезде жүрекке көк қан тамыры арқылы қан сорылады. Осыны қайталай беріп қанды тамырларға уақытша жүргізуге болады.
Жүрекке жабық массаж жасау техникасы : көмек көрсетуші сол жағынан тұрады. Төстің төменгі жағына бірінші алақанды төсеп сонан кейін оның үстіне екінші алақанды қойған жөн. Саусақтармен кеудені қатты басуға болмайды, қабырғаларды сындырып алуға болады. Көмек көрсетуші омыртқаға қарай кеудені 4-5 см ығыстырады, массаж жасағанда құтқарушының қолы түзу болу керек. Мүндай қозғалыстар минутына 60-80 рет, балаларға 100-120 рет жасалынады.
Көмекті екі адам көрсететін болса, онда біреуі жүрекке массаж жасайды, ал екіншісі қолдан дем алдырады. Зардап шегушінің кеудесін 5 рет қысқан кезде өкпеге бір рет ауа үрленеді.
Ал реанимацияны бір адам жасаса, онда ол кеудені 15 рет қысқанда өкпеге 2 рет ауа жіберіледі. Егер мүмкіндік болса, 100 пайыз оттегіні беріп, кеңірдекке тыныс алдыруға арнайы жасаған түтік кіргізіп, жасанды тыныс алдыруға кіріскен жөн. Әр 5 минут сайын 1 мг адреналинді көк тамырға енгізеді. Егер жасаған шаралар көмектеспесе дефибриллятор арқылы жүретің түсына электр тоқ разрядын береді.
Реанимацияның негізгі шаралары
Негізгі шаралар «негізгі өмірді қолдау» (қысқаша BLS) терминімен қорытылған. Оларды қарапайым адамдар жүзеге асыра алады және жүзеге асыруы керек. Оған мыналар кіреді:

  • Науқаспен сөйлесіп, оның жауабын тексеріңіз

  • Тыныс алуды тексеріңіз

  • Төтенше жағдайды шақырыңыз

  • Кеуде қуысының қысылуы

  • Реанимация

  • егер бар болса: автоматтандырылған сыртқы дефибрилляторды (AED) қолданыңыз (электр импульсінің көмегімен өмірге қауіп төндіретін жүрек аритмияларын тоқтату және қалыпты жүрек ырғағын қалпына келтіру дефибрилляциясы)

Осы шаралардың көмегімен қарапайым адамдар да жедел жәрдем дәрігері келгенге дейін тиісті адамның жүрегі мен миының қанмен жеткілікті қамтамасыз етілуін қамтамасыз ете алады.
Қимылсыз адамды тапқан адам, өзінің білгенінше, жедел жәрдем мен реанимацияны дереу көрсетуі керек (егер олар өздеріне қауіп төндірмесе).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет