ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1.Кіріспе.
Оқу жұмыс бағдарламасы "Мейіргер ісі" мамандығы "Жалпы практика мейіргері" біліктілігінің "Анатомия, физиология және патология" пәніне арналған.
«Анатомия, физиология және патология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының МЖБМС 2020 сәйкес әзірленген.
Оқу жұмыс бағдарламасы мүшелердің орналасуын, құрылысын, қызметтерін және ауруларын меңгерудегі колледж студенттерінің медицина саласындағы фундаменті яғни негізгі білім көзі болып табылады.
Адам анатомиясы – адам денесінің және оны құраушы мүшелердің пішінін, құрылысын, олардың қызметі мен дамуына байланысты зерттейтін ғылым.
Анатомия медицинаның іргетасы, себебі медицина қызметкерін практикалық даярлаудың міндетті шарты болған клиникалық ойлаудың негізін қалыптастырады, әрі студент бұл пәнді оқып үйренбей тұрып, басқа клиникалық пәндерді меңгере алмайды. Физиология басқа да жалпы медициналық пәндермен бірге мейіргерлерді даярлаудың базалық пәні ретінде биологиялық ғылымға жатады.
Физиология - сау адамның өмірлік механизмдері жөніндегі ғылым. Физиология клиникаға дейінгі медико-биологиялық пән бола тұра, көбірек дәрежеде практикалық денсаулықты сақтауға жақындайды. Сау адамның организмін үйрену болашақ маманға клиникалық зерттеу әдістерін тезірек меңгеруіне мүмкіндік береді.Жалпы патология өзіне аурудың дамуының, кезеңдері мен аяқталуының заңдылықтарын қамтыған кешенді ғылым болып саналады. Патология негізделген басты пәндер, бұл патологиялық физиология және патологиялық анатомия болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |