Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Соғыс уақытында әскери қызметкерлерді тағаммен, ауыз сумен, монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды медициналық бақылау



бет3/6
Дата05.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#178868
1   2   3   4   5   6

4.3 Соғыс уақытында әскери қызметкерлерді тағаммен, ауыз сумен, монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды медициналық бақылау
Әскерде санитарлық қадағалау әскери-медициналық қызметпен ескертпелі және ағымды қадағалаумен, тағам, ауыз су, әскердің орналасу ауданы арқылы зақымдалудың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізген кезде медициналық қызметтің бастығы басқа да шаралардан бөлек келесі шараларды қолдануға міндетті:



  • тамақтану тәртібін дайындауда, тағамды дайындау және тағам сапасын жақсартуды ұйымдастырып, жүйелі түрде бақылау жүргізуге қатысуға;

  • ауыз судың сапалылығын бақылап, ауыз суды қолдануды жоспарлау және ауыз суды залалсыздандыруға;

  • бөлімнің, бөлмелердің және шаруашылық қызметтердің орналасқан ауданының санитарлық жағдайын бақылауға;

  • монша жұмысына және жеке бас гигиенасына бақылау жүргізуге.

Санитарлық қадағалауды ұйымдастырғанда дәрігер гигиеналық нормалар мен ұсыныстарды, ережелерді қолданады.

Әскердегі тағаммен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда медициналық бақылау тағаммен бактериалды улануды ескертуге бағытталған. Бұл мақсатпен медициналық бақылау тағам қоймаларындағы, асхана, ас үйдегі сумен қамтамасыз ететін қызметкерлердің денсаулығын қадағалаумен жүзеге асырылады және медициналық бақылау ас үйдегі, асханадағы тәуліктік нарядты күнделікті тексеруді, тағамдардың әкелініп, сақталып, өңделуін, қалған қалдық тағамдардың сақталу жағдайын бақылаумен жүргізіледі.

Асханадағы қызметкерлердің медициналық бақылауын әлсіздендіріп алуға болмайды, өйткені жедел ішек ауруларымен ауырған қызметкерлерді асханаға жұмысқа алу әскери бөлімге аса қауіпті. Ондай қызметкерлерді тек 3 айдан соң, емдеу мекемесінен емделіп шыққаннан кейін клиникалық және зертханалық тексеруден өткеннен соң ғана асханада жұмыс істеуге рұқсат береді. Егер тағаммен қамтамасыз ететін нысаналардың барлығының санитарлық жағдайы гигиеналық талаптарға сай болса, тағаммен улану және жедел ішек жұқпалы ауруларын ескерту шаралары тиімді болады. Далалық жағдайда дайын тағамды ыстық күйде қолдану жаппай аурулардан сақтауға мүмкіншілік береді. Далалық жағдайда тағамды медициналық бақылаудың өзіндік ерекшеліктері бар, ол:тағаммен уланудың жоғары мүмкіншілігі, азық-түліктің бактериалды, уландырғыш, радиоактивті заттармен зақымдалуы және жергілікті жерде дайындалған тағамды қолдану.

Тағаммен уланудың пайда болу себептері:



  • далалық жағдайда тағам бір ғана ас үйде дайындалмайды, бірнеше ас үйлерде минимальды заттары бар жерде дайындалады да, тағам дайындауда, сақтағанда, өңдегенде санитарлық талаптарды орындамайды;

  • ұрыс жағдайының өзгеруі де тамақтану тәртібін бұзады, өйткені дайын тағамды жеткізу мерзімі ұзартылады;

  • дұрыс бөлініп, дұрыс сақталмаған піскен ет те себептерге жатады;

  • қазаннан тамақтану да, оны жууға судың аздығы да себептерге жатады.

Әскердің сумен қамтамасыз етілуінің медициналық бақылауы далалық жағдайда әскердің ұрысқа дайындығы және денсаулығын нығайтуда аса маңызды орын алады.

Әскерді сумен қамтамасыз етудегі гигиеналық аспектілер физиологиялық, эпидемиологиялық, шаруашылық-тұрмыстық маңыздылығы жағымен медициналық қызметтің бақылауымен анықталады. Әскерде су шаруашылықта қолдануға, әскердің жуынуына, киім-кешектерінің жуылып санитарлық өңделуіне, дезинфекцияға, техниканың дезактивациясы мен залалсыздандыруына және т.б. шаруашылыққа қолданылады.

Әскердің ауыз су-шаруашылығына сумен қамтамасыз ету пункттері орналастырылады. Су көздері бар пункттерде әскерлер өздері табельді қолда бар заттарды қолданады. Суды тазартатын әскери заттардың бірі ЖАСС (жетілдірілген автомобильді сүзгіш станциясы) және т.б.

Бөлімнің медициналық қызметінің бастығы су көздерін барлауға күштер мен құралдарды бөледі, оның міндеті әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау және бұл пункттердің санитарлық жағдайын бақылау.

Әскерде ауыз су шаруашылыққа берілген судың сапасын бақылау, әскери бөлімшелерді суды залалсыздандыратын жеке құралдармен қамтамасыз ету жүргізіледі. Далалық жағдайда тек қарсыласы жаппай зақымдаушы қаруды қолданғанда ғана судың зақымдалуынан басқа да су қоймаларының патогенді микроорганизмдермен, тұрмыстық жағдайда қолданған сулармен тұрмыстық-шаруашылық, жауын суларымен, ағымды сулармен зақымдануының мүмкін болатынын еске алып отыру керек. Далалық жағдайларда су көзі зақымдалған болып саналады, ал ауыз суы қолданар алдында залалсыздандырылуы керек.

Жоғары жер бетіндегі су қоймалары, мұз жөне атмосфералық тұндырғылар әр түрлі ауру тудырушы бактериялармен, мысалы, іш сүзегі, тырысқақ, лептоспироз, вирусты гепатит А және Е, жалғантуберкулез, туляремия, сібір түйнемесі споралары, ботулизм токсиндерінің қоздырғыштарымен зақымдалуы мүмкін. Кейбір патогенді микроорганизмдер түрлері суда ұзақ уақыт бойы, кейде көп жылдар бойы сақталуы мүмкін. Сондықтан жоғары орналасқан су қоймаларынан суды қолданбас бұрын оны тек зертханалық өңдеу және сараптамадан кейін ғана қолдануға рұқсат етіледі. Далалық жағдайда эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігі жағынан суды тазарту залалсыздандырудың әр түрлі әдістерімен:қайнату, хлорлау, коагуляция, тұндыру, сүзу, ультракүлгін сәулелерден өткізу және арнайы суды залалсыздандыратын дәрі-дәрмектермен (аквасепт, аквасан) жүзеге асыралады.

Әскерді далалық жағдайда орналастырудағы медициналық бақылау әскери құрамның орналасу жерінің санитарлық-эпидемиологиялық барлаудан басталады, әрі қарай ағымды санитарлық бақылауды, яғни ауданның, бөлмелердің санитарлық жағдайын аймақта жұқпалы аурулар ошақтарының бөлуін, әскери бөлімдері моншалық қызметтің және қоғамдық гигиеналық ережелерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырудан басталады.

Әскерді далалық жерде орналастырудың ерекшеліктері: орналасудың уақытша сипаттамасы коммуналды шаруашылық қызметінің деңгейін төмендету, тығыз орналасу, топырақпен үнемі қатынаста болу, қауіпті табиғи-ошақтық аурулармен қатынаста болу мүмкіншілігі, су және тағаммен қамтамасыз етудің қиыншылығы, сонымен қатар әр түрлі қоқыстарды жою кезінде қатынастың болуы.

Жеке бас гигиенасын орындауда қиыншылықтар туындайды, жедел ішек және жедел респираторлы аурулардың пайда болуына далалық жерде орналасу қолайлы жағдайлар туғызады.

Әскерді пәтерлерде немесе қоғамдық ғимараттарға орналастыру тек оның санитарлық-эпидемиялық жағдайын бағалаудан кейін ғана жүзеге асырылады.

Әскери құрамды тұрғындар пункттеріне қолайсыз санитарлық-эпидемиялық жағдайда орналастыруға рұқсат берілмейді. Медициналық қызметтің міндетіне пәтерде орналастырудың гигиеналық нормаларын сақтау, казармалық бөлмелердің әскери аймақтық тазалығын сақтау жатады.

Әскери құрамды моншалық кір жуу қызметімен қамтамасыз етуге әскери құрамның апта сайын моншада жуынуы, олардың киім-кешектерін, төсек-орындарын ауыстыру, шұлғауды, арнайы киімдерін ауыстыру, киімдері мен төсек жабдықтарының дезинфекциясы мен дезинсекциясы, киімдерді химиялық тазарту, сабын және басқа да жуғыш заттармен қамтамасыз ету жатады. Медициналық қызметтің бастығы монша мен кір жуатын бөлмелердің санитарлық жағдайын бақылап, апта сайынғы жуынудың кестесін, жөкелер мен бөлмелердің дезинфекциялануына бақылау жүргізіп отырады. Жуыну кезінде фельдшер (нұсқаушы санитарлар) моншада жеке құрамның денесін қарайды.


4.4 Санитарлық өңдеу: көрсетілімдері, техникалық заттары, жұмысты ұйымдастыру, табельдік заттар және дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуге арналған медициналық қызметтің әскери бөлімінің техникасы.
Ұрыс кезінде жаппай зақымдалу қаруын қолданудың әсерінен әскери құрамның, жергілікті тұрғындардың, қарудың, техниканың, көліктің, киім-кешектің, аяқ киімнің, жеке қорғаныс заттарының радиоактивті уландырғыш, биологиялық заттармен зақымдалуы мүмкін. Осы кезде ең тиімді шаралардың бірі ол санитарлық өңдеу болып табылады. Ол жартылай және толық санитарлық өңдеу болып бөлінеді.

Жартылай санитарлық өңдеу бөлімшелерде жүргізіледі, бірақ әскери құрамның толық залалсыздануына кепілдік бермейді, дегенмен сырқаттанушылық қаупін азайтады және өз-өзіне немесе бір-біріне көмек көрсету ретінде жүргізіледі. Өңдеудің тәртібі алдымен, щеткамен, сыпырғышпен киімді, аяқ-киімді және қару-жарақты тазартады және химиялық заттарға қарсы пакеттегі сұйықтықпен (ЖХП-8 немесе ЖХП-10) касканы, газқағардың бет жағының сыртын және қорапты сүртеді. Одан кейін газқағарды киіп тұрғанда киімді шешіп, сілкіп қайтадан шинельді (куртканы) және қару-жарақты киеді. Әрі қарай жеке химиялық заттарға қарсы пакеттегі сұйықтықпен қолды және мойынды тазартады. Киім-кешекті шешкен кезде денесінің ашық жерлері киімнің сыртымен қатынаста болмау керектігін ескерту керек.

Газқағарды шешу тек командирдің рұқсатымен егер биологиялық заттармен зақымданудың қаупі болмаса ғана жүргізіледі. Газқағарды шешкеннен кейін бетті сұйықтықпен сүртеді.

Әскери құрамды толық санитарлық өңдеуден өткізу, ұрыстың барлық міндеттері орындалғаннан кейін жүргізіледі.

Толық санитарлық өңдеу жеке құрамды эпидемияға қарсы қамтамасыз ету жүйесіне жеке құрамның моншада жуынып, киім-кешектерінің дезинфекциясы немесе дезинсекциясы, киімдерін ауыстыру кіреді. Далалық түрдегі санитарлық өткізу пункттері палаткаларда дезинфекциялық душтың қондырғыларын қолданумен жүргізіледі. Толық санитарлық өңдеудің мақсаты ол тері қабатын, киімдерін, аяқ-киімдерін, қару-жарақтарын максималды түрде залалсыздандыру. Дененің ашық жерлерін ЖХП-10 сұйықтығымен, одан кейін сабынмен душтың астына жылы сумен жуады, онымен бірге киімдерін, аяқ-киімдерін, қару-жарақтарын және басқа да заттарының дезинфекциясын жүргізеді.

Әскери құрамның толық санитарлық өңдеуі арнайы өңдеу күштерімен жүргізіледі. Душтарды орналастыру радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау қызметіне жүктелген. Әскери медициналық қызметтің міндетіне медициналық эвакуация кезінде жараланғандар мен ауырғандарға толық санитарлық өңдеу жүргізу, арнайы көліктерді дезинфекциялау, дезинфекцияның сапалылығын зертханалық бақылау жүргізу, судың тазартылуына және залаласыздандырылуына санитарлық бақылау жүргізу жатады.

Әскери құрамның толық санитарлық өңдеуі санитарлық өткізу пунктіне келгеннен басталады. Шешіну бөлмесіне келгеннен кейін шинельді, бас киімін, дене қорғаныс заттарын шешіп, етігін дезинфекциялық сұйықтықпен сүртеді, әрі қарай қару-жарақты, аяқ киімді, іш киімді шешеді де ең соңында газқағарды шешеді, 2% монохлорамин сұйықтығына батырылған тампондармен, қолын, бетін, мойнын сүртеді. Киімі, аяқ киімі және қорғаныс заттары қапшықтарға салынып қызмет көрсетушілермен дезинфекциялық камераларда залалсыздандыруға жіберіледі. Шешіну бөлмесінен әрі қарай жуыну бөлмесіне өтеді де жөкемен, сабынмен душтың астында жуыну басталады. Душта жуыну 10-15 минутке созылады, әрі қарай киіну бөлмесіне өтіп таза киімдер, аяқ-киім, қару-жарақты алады. Толық санитарлық өңдеуді жүргізуге әскери медициналық қызмет душтық дезинфекциялық автокөліктермен және тіркемелермен (ДДА-2, ДДА-3; ДДА-66, ДДТ-1, ДДТ-2 және т.б.) қамтамасыз етіледі.

Әскери дезинфекция–бұл қоршаған ортадағы, әскери бөлімшелердегі жұқпалы аурулар қоздырғышын жою, сонымен қатар медициналық тасымалдау кезінде эпидемиялық көрсеткіштер бойынша (ағымды және қорытынды дезинфекцияны) жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында жүргізу.

Әскери дезинфекциялық жұмысты ұйымдастыруға бөлімнің, қосымшалардың, медициналық мекемелердің бастықтары жауапты. Дәрігерлер мен фельдшерлер нысаналарды анықтап, залалсыздандыруға жататын әдістер мен құралдарды, кезектілігін, өңделуін, аспаптар мен техниканы қолдануда нұсқаулар, дезинфекциялық сұйықтықтарды дайындауда нұсқаулар береді, дезинфекцияның сапасын бақылайды.

Бөлмелердің және аймақтың тазалығын жүргізетін профилактикалық дезинфекцияны арнайы тағайындалған әскери қызметкерлермен, кезекшілермен жүргізіледі. Стационарларда ағымды және қорытынды дезинфекцияны штаттық санитар-дезифекторлар жүргізеді. Дезинфекцияның әдістемелік нұсқаулары санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерге жүктеледі.

Әскери дезинсекция-әскери бөлімдерде, табиғи-ошақтарда жеке құрамды қорғауда жұқпалы ауруларды тасымалдаушы жәндіктермен күресу болып табылады. Буынаяқтыларды жою шараларын бөлімнің медициналық қызметі және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің мамандары ұйымдастырып, жүргізеді.

Әскери дератизация - әскери құрамға қауіп тудыратын жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының көзі болатын кеміргіштермен күресу болып табылады. Әскерде дератизациялық шаралар кеміргіштердің санын есепке алып, эпизоотиялық және эпидемиялық нақты жағдайлар анықталғанда жүргізіледі.

Дератизация тағайындалуы бойынша профилактикалық және қырып жою болып бөлінеді. Әскерде эпидемиялық көрсеткіштерге байланысты кеміргіштерге қарсы жою шараларының ұйымдастырылуына бөлімнің медициналық қызметінің бастығы жауапты. Жергілікті жерде дератизацияны жүргізу үшін арнайы әскери бөлімшелерден мамандар бөлінеді.

Дезинфекцияның және дезинсекцияның техникалық заттары: гидропульт «ГС-2», «ГС-3», автомакс «АО-2», сұйықтықтарды шашыратқыш «Дезинфаль», ұнтақталған дезинфекциялық заттарды шашыратқыш - «ПР-3», дезинфекцияға арналған аэрозольді генератор–«АГД».

Биологиялық зақымдалу ошақтарындағы залалсыздандыру табиғи эпидемиялық ошақтарда жүргізілетін дезинфекциядан ерекшеленеді. Залалсыздандыруды ұйымдастыру кезінде дезинфекциялық әдістердің тиімді заттарын қолдану керек. Егер қарсылас аса қауіпті жұқпаларды қолданса, әскерде арнайы өңдеу, дезинфекция жергілікті жердің дезинсекциясы жүргізіледі. Споралық қоздырғыштармен зақымдалған нысаналарға құрамында хлор бар белсендірілген сұйықтықтар қолданылады. Қыс мерзімінде әр түрлі нысаналарды залалсыздандыру үшін қатпайтын (кальций хлориді, магний, гелий, натрий қосылған) дезинфекциялық сұйықтықтар қолданылады.
4.5 Бөлімде егу жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қолданылатын техникалық құралдар
Әскердегі иммунопрофилактика–жеке құрамда және әскери қызметкерлерде жасанды иммунитетті вакцинация әдістерінің көмегімен қалыптастырып, жұқпалы аурулардың алдын алу болып табылады.

Егу жұмыстары жоспар бойынша және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Жоспарлы егулер әскери құрамға келген уақытта және қызметте болған кезеңдерінде ревакцинация тәртібімен жүргізіледі. Егер қарсылас биологиялық қаруды қолдану мүмкіншілігі туса, онда әскерге жоспарлы егулермен бірге обаға және ботулизмге қарсы егулер жүргізіледі. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін егулер әскерге инфекцияның ену қаупі төнсе немесе жеке құрамның арасында жұқпалы аурулар пайда болса жүргізіледі. Бұл кезде егуге тек әскери қызметкерлердің зақымдалу қаупі туған категориялары ғана жатады. Жоспарлы егулер мен эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егулер арнайы бұйрықпен тағайындалады. Егуді дәрігерлер немесе олардың бақылауымен тәжірибесі бар фельдшерлер және медбикелер жүргізеді. Егудің қорытындылары медициналық кітапшаға енгізіліп, егілгендердің тізімі құрылады, ол есеп беру құжаты болып саналады.



V тарау

Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы
Медициналық тасымалдау кезеңдері дегеніміз медициналық тасымалдау жолдарында орналасқан медициналық қызметтің күштері мен құралдары, олар келесі міндеттерді орындауға арналған:

  • келіп түскен науқастар мен жаралыларды медициналық сұрыптау, тіркеу, қабылдау;

  • науқастар мен жаралыларды санитарлық өңдеуден, олардың киімдері мен қару-жарақтарын дезинфекциядан, дезактивациядан, дегазациядан өткізу;

  • жұқпалы ауруларды оңашалау;

  • жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету;

  • жаралылар мен науқастарды емдеу;

  • жаралылар мен науқастарды ауруханаға жатқызу;

  • медициналық тасымалдауды келесі кезеңдерде емдеуге жататын жаралылар мен науқастарды тасымалдауға дайындау.

Медицинаның тасымалдау кезеңдеріндегі бұл көрсетілген міндеттерді атқару үшін функциональды бөлімшелер қарастырылады:

  • сұрыптау–тасымалдау бөлімі (ПМП),бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны немесе сұрыптау–қабылдау бөлімі(госпитальді базаның емдеу мекемелерінде);

  • арнайы өңдеу бөлімі;

  • жұқпалы ауруларға арналған оңашалау бөлімі;

  • жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімшелер (бригаданың медициналық ротасының таңу бөлмесі, ПМП, қосымшалардың жеке медициналық батальонының операциялық таңу бөлмесі;

  • жаралылар мен науқастарға арналған госпитальді бөлім.

Медициналық тасымалдаудың негізгі кезеңдері болып табылады: ПМП, бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны, госпитальді базаның емдеу мекемелері.

Медициналық тасымалдау кезеңдерінде орналасатын жерін анықтағанда медициналық жағдайды, тылдағы басқа да бөлімшелердің орналасуын, тасымалдау жолдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайын еске алып отыру керек.


5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны
Медициналық тасымалдау сатыларындағы эпидемияға қарсы шаралар әскери және ұрыс жағдайына сәйкес жүргізіледі де келесі мақсатпен жүзеге асырылады.

  • әскери бөлімдер мен мемлекеттік тылға медициналық тасымалдау сатыларында инфекцияның енуін ескерту;

  • медициналық мекемелердің жеке құрамында және жаралылар мен науқастар арасында жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау;

  • қарсыластың биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын жою;

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек. Әрбір емдеу мекемелерінде ерте диагностикалау жүргізіледі, жұқпалы ауруларға күдікті адамдар мен науқастарды оңашалайды және ауруханаға жатқызады, жұқпалы аурулармен қатынаста болған адамдар обсервацияға жатады, санитарлық көліктің арнайы тазартылуына алаңдар құрылады. Медициналық тасымалдау сатыларында оңашалау бөлмелері болады, бұл жерде жаралылар мен науқастардың медициналық сұрыптауы жүргізіледі, олардың киім-кешектері мен аяқ-киімдерін санитарлық өңдеуден өткізеді. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде жаралылар мен науқастарға жұқпалы аурулардың жедел профилактикасы жүргізіледі және ұйымдастырылады, олардың емделуі мен госпитальдан шығуына бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық тасымалдау жолдарында жаралылар мен науқастар арасында эпидемияға қарсы қорғау шаралары ұйымдастырылады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.
5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (ПМП) жұмысын ұйымдастыру
Медициналық ротада (ПМП) жұқпалы ауруларды дер кезінде, зақымдалғандар келіп түскенде, сұрыптау постынан бастап медициналық сұрыптау процесінде анықтау керек. Қабылданған және медициналық көмек көрсету кезінде зақымдалғандар мен ауырғандардың арасында жұқпалы аурулардың симптомдары бар адамдарды медициналық ротаның (ПМП) – бөлімшелерінен тез арада оңашалау бөлмесіне жібереді. Бригаданың медициналық ротасында жұқпалы аурулардың бар екеніне күдіктенген жағдайда және алдын ала уақытылы диагноз қою аса маңызды болып табылады. Олармен қатынаста болған жаралылар мен науқастар бақылауға алынады және алғашқы медициналық карточкаға жазылады. Өміріне қауіп төнген алғашқы дәрігерлік көмекті қажет ететіндер жара таңушы бөлмелерге жіберіледі.

Жұқпалы аурулардың симптомдары бар зақымдалғандарды оңашалау бөлмесінен арнайы бөлінген санитарлық көлікпен әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталіне тасымалдайды, қалған жұқпалы ауруларға белгілері жоқ науқастарды жеке медициналық батальонға жіберіледі. Алғашқы медициналық картасына қара жолақты белгі қалдырады. Егер аса қауіпті жұқпалы аурулармен анықталған науқастар болса бригаданың медициналық ротасы қатаң эпидемияға қарсы тәртіп жұмысына ауысады. Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштары табылса немесе бұл жұқпалармен аурулар пайда болса карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргізіледі. Медициналық рота бұл жағдайда жаралылар мен науқастардың қабылдауы мен тасымалдауын тоқтатады да тек аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған науқастарды ғана қабылдайды. Медициналық ротаға келіп түскен зақымдалған науқастарға медициналық сұрыптау жүргізіледі, оңашалау бөлмелерінің көлемін ұлғайтады, оны жеке құраммен күшейтеді. Медициналық ротаның жеке құрамына және зақымдалып келіп түскен науқастарға анықталған сызба бойынша жедел профилактика жүргізіледі.

Жедел және жалпы профилактикаға антибиотиктер немесе кең көлемде әсер ететін сульфаниламидтер қолданылады. Барлық мәліметтер алғашқы медициналық карталарға енгізіледі. Медициналық ротаның барлық функциональды бөлімдерінде ылғалды дезинфекция, келіп түскен зақымдалған науқастарға жартылай санитарлық өңдеу жүргізіледі, аяқ-киім мен киімдерді 2% монохлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады. Аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізіледі.

Медициналық қызметтің жеке құрамы жеке қорғаныс киімдерімен жұмыс атқарады. Бригаданың медицина қызметінің (полктың) бастығы жағдайдың факторларын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық барлауды тез арада ұйымдастырады. Бригаданың масштабында инфекция көзімен қатынаста болған адамдарға медициналық қадағалау жүргізіліп және санитарлы-гигиеналық ережелер қатаң сақталуға тиіс. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктер табылса дезинсекция жүргізіледі. Науқастарды тасымалдаған көліктер залалсыздандырылады.

Бригаданың медицина қызметінің бастығы бөлімнің командиріне және аға медициналық бастығына тез арада бригаданың медициналық ротасына аса қауіпті жұқпалармен келіп түскен науқастар жайлы, бөлімшеде жұқпалардың таралу жолдарының мүмкіншілігі туралы, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және қажетті медициналық көлік көмек жайлы баяндама жасауға міндетті.
5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны
Қосымшаның жеке медициналық батальонының командирі жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды анықтап және оңашалауды, науқастарды оңашалау бөлмесінде уақытша орналастыруды, биологиялық заттармен зақымдалған жаралылар мен зақымдалғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізуді, жеке киімдерін дезинфекциялауды ұйымдастырады. Жеке медициналық батальонға келіп түскен барлық адамдардан жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық сұрыптау жүргізіледі, бөлімшелерде көрсеткіштер бойынша обсервация немесе карантин енгізіледі, зақымдалған адамдарға медициналық бақылау, көліктерге дезинфекция жүргізіледі, жұқпалы аурумен ауырған науқастарды дер кезінде тасымалдау бақыланады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Егер қарсылас бактериологиялық қаруды қолданса немесе қолдануы мүмкін болса, онда анықталғанға дейін 2-3 тәулік ішінде науқастарды жеке медициналық батальоннан тасымалдайды. Бұл жерге эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейту күштері мен заттарын бағыттайды. Егер бактериологиялық зертханалардан оба, тырысқақ, күйдіргі, қоздырғыштары туралы «теріс» нәтиже алынса, жаралылар мен науқастарды жеке медициналық батальоннан осы топқа арналған арнайы госпитальдерге тасымалдайды.

Егер аса қауіпті жұқпалар қоздырғыштары анықталса немесе бұл жұқ-палармен ауру табылса, карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргі-зіледі. Жеке медициналық батальонда диагноз қою үшін диагнозы анық-талмаған науқастарды қабылдауға диагностикалық бөлімшелер орналастыру керек. Биологиялық қаруды қолданған туралы күдік туса, әскери-медици-налық зертханалардың мүмкіншілігін сыртқы ортаны зерттеуге кеңінен қолдану керек. Оңашалау бөлмесі, оның орналасуы, жабдықталуы, жұмыс істеу тәртібі.

ПМП-нің құрамында 5-6 орынға, жеке медициналық батальонда және госпитальде 10-12 орынға оңашалау бөлмесі ұйымдастырылады. Соғыс уақытында оңашалау бөлмелері барлық медициналық тасымалдау кезеңде-рінде құрылады, сонымен қатар әскери санитарлық жағдайларда, әскери-санитарлық ұшақтарда, санитарлық-бақылау пункттерінде құрылады. Әскери бөлімшелердегі, санитарлық-бақылау пункттеріндегі, емдеу мекемелеріндегі оңашалау бөлмелері ең аз дегенде 2 жұқпалы ауруға құрылады. Олар жеке бөлмелерде, азық-түлік және су нысаналарынан алыс жерде орналастырады.

Оңашалау бөлмесі жеке дәретханалармен, санитарлық өткізгіштермен киім және төсек орындарының толық кешені мен ыдыс-аяқпен науқастарға көмек көрсететін заттармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дезинфекци-ялық заттармен, инсектицидті препараттармен, киімдерді салатын бактармен, киім салатын қапшықтармен, науқастардың бөліністерін дезинфекциялайтын қақпағы бар шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Аталған заттардың бар-лығы оңашалау бөлмелерінен тек залалсыздандырылған соң жіберілуге тиіс.

Жұқпалы аурулардың оңашалау бөлмесінен сыртқа шықпауын ескерту үшін көптеген ережелерді ұстау керек. Оңашалау бөлмесіне келіп түскен нау-қастарды міндетті түрде санитарлық өңдеуден өткізу керек, бөтен адамдарды кіргізбеу керек, науқастарды күтетін қызметкерлер жұқпалы ауруларға қарсы егілу керек. Оңашалау бөлмесіндегі қызметкерлерге шылым шегіп және та-мақ ішуге рұқсат етілмейді.

Оңашалау бөлмесіне медициналық қызметкерлер кірген кезде халат киіп, шыққан кезде халатты шешіп кету керек. Бұл халаттар тек оңашалау бөлмелерінде болады. Егер оңашалау бөлмесінде бөртпе сүзегімен науқас болса, қызметкерлерге паразиттерге қарсы заттармен залалсыздандырылған киімдер беріледі. Бөлмелер, жиһаздар, есіктердің тұтқасы хлорлы заттармен тазартылып жуылады. Киім-кешек, төсек орындар жуылар алдында құра-мында жуғыш заттары бар дезинфекциялық ерітінділерге салып қойылады. Оңашалау бөлмесінен шыққаннан кейін қызметкерлердің қолдары, аяқ-киімдері дезинфекцияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет