Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


ДКК толық жүзеге асырылуы үшін дәрігер келесілерді білу қажет



бет2/3
Дата05.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#179194
1   2   3

ДКК толық жүзеге асырылуы үшін дәрігер келесілерді білу қажет:

  • әр түрлі кәсіптік-өндірістік факторларына жасөспірімдер организмінің өзіндік жағдайларын қамтитын жасөспірімдер жасының морфофункционалдық ерекшеліктерін;

  • жасөспірімдер жасында созылмалы аурулар мен функционалдық бұзылыстар ағымының ерекшеліктерін;

  • кәсіптік жарамдылығы туралы қорытынды шығару үшін қажет жасөспірімдердің медициналық куәландырудың көлемін;

  • жаппай кәсіптердің және олардың организмге әсеріне қарай сипатталған негізгі кәсіптік-өндірістік факторлар мен еңбек шарттарын;

  • жасөспірімдер бойынша заңнамалары;

  • дәрігерлік-кәсіптік кеңесті жүргізу бойынша негізгі уақыт тәртібін реттеуші және әдістемелік құжаттарын.

Кәсіптік кеңес жүргізген кезде дәрігерге келесі принциптерге сүйне отыры, қорытындылыра мен ұсыныстарды құру қажет:

  1. денсаулықты максималды қорғау кезінде еңбекпен қамтылу мен кәсіптік білімді алуы барысында кәсіптік білім алу үшін минималды шектеулер;

  2. медициналық көмекке берілген ағымды қаралуының анамнестикалық анықтамалардың міндетті есептері, көрсеткіштер бойынша жасөспірімдердің қосымша зерттеулер мен профилактикалық тексерістердің қорытындылары;

  3. жасөспірімдердің жасына сипатталған, функционалдық бұзылыстардың көрінісі кезінде функционалдық сынамаларды міндетті қолану жүйесі мен барлық мүшелердің функционалдық жағдайының кешенді бағасы;

  4. функционалдық бұзылыстар мен созылмалы аурулармен азап шеккен, жасөспірімдерді зерттеу кезінде жүйелер мен мүшелердің функционалды жеткіліксіздігі және процесстің белсенділік дәрежесі мен саты, нақты формасы;

  5. кәсіптік кеңес сұрақтарының шешімі емдік тиімділігінің бағасы мен белсенді патологиялық аяқталуымен ғана белгіленеді.

Дәрігер келесі ережелермен басшылыққа алыну керек:
- созылмалы аурулармен ауырған аурулардың кәсіптік жарамдылығын анықтау кезде маңызды мәселе болып өзі диагноз ғана емес, патологиялық процесс ағымының ерекшеліктері, жүйе мен мүшелердің функционалдық жағдайы, организмнің компенсаторлық мүмкіншіліктері де қарастырылады, сондай ақ кәсіптік оқыту және

жұмыстан кейіңгі мерзімде әсер етуші барлық кәсіптік-өндірістік факторларыдың барлық кешендері ескерілу қажет.

Егер сырқаттанушылық күшейген жағдайда, жағымсыз кәсіптік-өндірістік факторлар әсерінің максималды шектеулерін қарастыру қажет.

Ал егер де патологиялық процесс аяқталса, бірақ ол өзінен кейін зардаптарды қалдырса, шектеулер ақаулар мен қызметтер компенсациясының дәрежесіне байланысты болады.

Еңбек процессінің және өндірістік орта факторларының әсерінен жасөспірімдер жастарының функционалдық бұзылыстары үшін, күшті сипатын тауып алады немесе бірте күшейіп созылмалы патологиялық жағдайға ауысып кетуі мүмкін.

Егер патологиялық процесс, организмнің жалпы резистенттілігін төмендетсе, өндірістік факторлардың жылдам және жағымсыз әсеріне мүмкіндік тудыртса, ол өзінің кезегінде негізгі сырқаттанушылықтың ағымын нашарлатады және денсаулық жағдайында басқа да ауытқулардың дамуына әкеледі, осының бәріне назар аудару керек.

Ауыр анатомиялық ақаулар, организмнің жүйесі мен әртүрлі мүшелер қызметтерінің айқын бұзылыстарының созылмалы аурулары кезінде, жеке оқытуды және арнайы жасалынған жағдайлардағы жұмыстарды немесе уйде ұсыну қажет.

Денсаулық жағдайы бойынша жасөспірімдердің кәсіптік жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық куәландырудын ерекшеліктері
Денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік шектеулер алдымен сырқаттанушылықтың сипатымен және оның ағымының ауырлығымен анықталады. Денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік жарамдылықты жүргізген дәрігердің міндеті, толық жасөспірімдер организміне және ауру мүшеге өндірістік факторлардың жағымсыз әсерін максималды төмендету немесе жою болып табылады.

Медициналық куәландырудың мақсатында оқушылардың кәсіптік іріктеулері емхананың жасөспірімдер кабинетінің балалар дәрігердің (терапевтің), хирургтың, невропатологтың, офтальмологтың, отоларинголоктың және т.б. мамандықтардың қатысуымен кешенді медициналық тексерістер процессінде жүргізіледі

Куәландырудың өзгешелігі байланысты егер, жүйелер мен басқа да мүшелердің компенсаторлы реакциялары мен функционалдық мүмкіншіліктері анықталса.

Медициналық анықтаманы (086/у формасы) толтыру алдында, профилактикалық тексерістерді жүргізген кезде мыналарға көніл аудару қажет:



Жасөспірімдерде жиі кездеспейтін, жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық ауытқуы мен дамудың түрлеріне байланысты, балалар дәрігеріне ерекше көңіл аудару қажет және оларға дұрыс диагностикалық баға беру керек, себебі олар да кәсіптік жарамдылық шектеулерінің себебі болуы мүмкін. Жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайының бағасы үшін, дене салмағымен бірге (мысалы Мартине сынамасы) қарапайым функционалдық сынамаларды қолдану лайықты. Осыдан басқа, вегетативті бұзылыстардың айқындығын еске алу қажет. Нормада немесе патологияда анықталған ауытқулардың критерийлері, көбінесе олардың айқын сандық және сапалық дәрежесіне қызмет етеді және вегетативті бұзылыстарға да төзімді болады.

Көру мүшелерінің кәсіптік жұмыс қабілеттілігін зерттегенде көру өткірлігін анықтағаннан басқа, рефрақция, коррекция, жарық және түстерді сезіну, көру алаңы, бинокулярлық көру жағдайы анықталады.

Отолорингологиялық тексеруде есту деңгейін, мұрынның шырышты қабығының жағдайын, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін, мұрынның шырышты қабығының жергілікті ауыртатын және рефлекторлық тітіркендіргіштерге сезімталдығын, иіс сезімін, есту аппаратының тұрақтылығын мұқият анықтайды.

Неврологиялық статусын тексергенде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануына, оның вегетативті бөліміндегі функционалдық өзгерістерге анализаторлық жағдайына көңіл бөледі. Сонымен қатар, бұл жас аралығында органикалық ауруларға қарағанда жиі кездесетін және жасөспірімнің жұмыс қабілетін едәуір шектейтін функционалдық ауытқуларға да көніл бөледі.

Анамнестетикалық мәліметтердің анализі кезінде вегетативті- тамырлы дисфункциясына және әртүрлі сомато-вегетативті бұзылыстарына көрсетілген (бас аурулары, бас айналымы, естен танулар, дене қалыпының өзгерісі кезінде ортостатистикалық реакцияларына бейімділік, қажу, көңіл-күйдің бұзылыстары және т.б.) синдромдардың болуына көңіл аудару керек. Орталық жүйке жүйесінің және олардың зардаптарының органикалық сырқаттылықтардың және бас сүйек-ми жарақаттарының қалдық құбылыстарының бар болуына, ликвородинамикалық бұзылыстар мен церебрастеникалық көріністердің, таратпаушылықтардың, қозғалыс мүшелер қызметтерінің қозғалысы мен дәрежесінің, зияттар жағдайының айқындылықтарын бағалау қажет.

Хирургиялық куәландырғанда тірек-қозғалыс аппараты жағынан тіпті бастапқы ауытқулар, мүсін-келбет бұзылуының барлық түрлері, жалпақ табандылық анықталады. Ұманың, шәуһет бауының және шат сақинасының, сонымен бірге аяқ-қолдың тамыр жүйесінің жағдайын зерттеу керек.

Дер кезінде Шлаттер-Осгудтің ауруын (үлкен сан жілік төбешіктің жастық остеохондрозы), Келер ауруын (пателлярлы орталықтың алғашқы жастық остеохондрозы), Кёллер ауруын (табандық алақан сүйктерінің жастық остеохондрозы), Легга-Кальве-Пертесстің ауруы – жамбас сүйегі қалпақшасының жастық остеохондрозын, Кинбека ауруын (тобық білезік жарты ай сүйектерінің жастық остеохондрозы) және т.б. хондропатияларды анықтау қажет. Маңызды кезеңіне, төмеңгі аяқ-қол тамыр жүйесі, кіндік және шап сақина, тұқымдық және т.б. жағдайының бағасы болып табылады, осы мүшелердің патологиясы кәсіптік жарамдылық шектеуінің себебі болуы мүмкін.

Гинеколог бойжеткендердің еттек кір қызметінің қалыптасу сипатына және жасөспірімдер популяциясының сипатына және аурулардың болуына көңіл аудару қажет. Ауыр физикалық еңбекпен, ұзақ жүрумен және еріксіз кейіпімен, иондалған және иондалмаған сәулеленулермен, зиянды химиялық заттармен және де жағымсыз микроклиматпен байланысты кәсіптермен бойжеткендердің кәсіптік жарамдылық сұрақтарын шешу кезінде, етек кірдің айқын бұзылыстарына қажетті түрде көңіл қою керек.

Денсаулық жағдайындағы ауытқуларымен байланысты жасөспірімдердің кәсіптік жарамдылығы туралы сараптамалық сұрақтарды шешу кезінде қосымша зерттеулер жүргізіледі. Бозбала мен бойжеткендер көрсеткіштеріне байланысты дәрігер - мамандықтарынан кеңес алу қажет: эндокринологтан, дерматологтан, урологтан, ревматологтан, фтизиатрдан, онкологтан, гематологтан, психиатрдан және т.б. лабораторлық-аспаптық зарттеулерге сай жүргізу. Денсаулық жағдайы бойынша, кәсіптік жарамдылықтың қорытындысы, жасөспірімдердің соматикалық статусын зерттеу негізінде және енсіз мамандықтардың зерттеу мәліметтерінің негізінде жасөспірімдер дәрігерімен беріледі.

Тек профильдік дәрігерлік кәсіптік қорытындыны беретін енсіз маман-дықтардан айырмашылығы, жасөспірімдер дәрігерінің міндетіне, таңдап алған кәсіптің шектеулерін, дәрігерлік кәсіптік кеңесін жасөспірімдерге жүргізу. Әртүрлі аурулар түрлерінің дәрігерлік кәсіптік кеңесінің бастаушы принципі, денсаулық жағдайында бар ауытқуларды нашарлауын болдырмау, олардың өтемақысына және организмнің спецификалық емес резистент-тіліктің жоғарлауына және кәсіптеріне ұсыныстар беру. Дәрігер тактикасына сүйену қажет: ауру мүшені сақтау және сау және даму қызметтерін максимальды қолдану.Кәсіптік кеңесінің процессі кезінде дәрігерлермен шығарылған ұсынылған сипаттағы қорытынды мен кәсіптік жарамдылықтың сараптау қорытындылары, жоғары, орта және алғашқы кәсіптік мамандықтар оқу орындарының оқытылуына медициналық қарсы дәлелдердің тізіміне сүйену қажет.(денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынылған кәсіптік білімнің мамандықтары мен кәсіптердің тізімдері) және де кейбір қосымша регламеннтелген құжаттары.

Медициналық қарсы дәлелдердің тізімдері (денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынылған кәсіптік білімнің мамандықтары мен кәсіптердің тізімдері) олар екі бөлімнен құралады: абсолюттік қарсы дәлелдердің тізімдері мен кәсіптің негізгі тізімдері (денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынылған кәсіптік білімнің мамандықтары) (салыстырмалы қарсы дәлеледрдің тізімдері).

Әртүрлі ауруларда кәсіптік шектеудің жобалық тізімі №1 кестеде келтірілген.

I кесте


Әртүрлі жүйелер мен мүшелердің ауруларында кері әсер ететін өндірістік-кәсіптік факторлардың тізімі



Аурулар түрі

Кері әсер ететін кәсіптік-өндірістік факторлар

1

Тыныс алу жолдары

Жайсыз микроклимат, ауаның улануы, шан-тозаңдылық, улы заттармен жанасу, едәуір табиғи көрнеулік

2

Жүрек – тамыр

жүйесі


Едәуір табиғи көрнеулік, жайсыз микроклимат, ауаның улануы, улы заттармен жанасу, биіктікте, қозғалыстағы мехонизмдермен жұмыс істеу

3

Көру органдары

Ұсақ тетіктермен жұмыс істеу, көзілдірік киюді қажет ететін жұмыс, едәуір табиғи көрнеулік

4

Нерв жүйесі

Нервті- эмоциялық көрнеулік, діріл, жайсыз микроклимат, улы заттармен жанасу

5

Ас қорыту

органдары



Улы заттармен жанасу, едәуір табиғи және нервтік көрнеулік, тамақтану тәртібінің бұзылуымен байланысты жұмыс, еріксіз жұмыс позасы

6

Тіреу-қозғалыс

аппараты


Еріксіз жұмыс позасы, едәуір табиғи көрнеулік, ауыр затты көтеру және жылжыту, биіктікте қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істеу

7

Бүйрек және зәр шығаратын

жолдар


Жайсыз микроклиамт, улы заттармен жанасу, еріксіз жұмыс позасы, тамақтану тәртібінің бұзылуымен байланысты жұмыс

8

Тері аурулары

Улы заттармен және теріні тітіркендіретін заттармен жанасу, шан-тозаңдылық, жайсыз микроклимат, тері қабаттарының үнемі ылғалдануы және былғануы

Жалпы таныстыру кәсіптік бағдарды және денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірімдерге лайықты кәсіптер мен мамандықтарды таңдау кезінде, жеке дәрігерлік кәсіптік кеңесі кезеңінде, дәрігерлер тізімдерінің негізгі бөлімін лайықты қолдану.

Денсаулық жағдайында ауытқулары бар талапкерлерге, кәсіптік білім беретін мекемесіне қабылдануы, оқу орынның оқушыларына медициналық қызмет көрсетуін қамтамасыздандыратын дәрігердің қатысуымен жүзеге асырылады. Талапкердің мекен жері бойынша, балалар емханасында берілген және Медициналық анықтамасында көрсетілген (086у формасы) қорытындының негізінде дәрігер шешім қабылдайды. Қорытындыда кәсіптік-өндірістік факторлардың жасөспірімдерге жақпайтынын көрстеу қажет және оның таңдап алған кәсібіне кәсіптік жарамдылығын анықтау.

Осы білім беретін мекеменің дәрігері Медициналық анықтаманың (086у формасы) толық толтырылуын, сапасын бақылайды және қажетті жағдайда диагнозын дәлдеу және оның таңдап алған кәсіптік жарамдылығының экспертті шешімін шығару үшін талапкерлерге толық зерттелуіне ұсыныс береді.

Күрделі жағдайда, сирек кездесетін аурулармен азап шеккен және медициналық қарсы дәлелдердің тізімдеріне енгізілмеген (денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынылған кәсіптік білімнің мамандықтары мен кәсіптердің тізімдері)талапкерлердің кәсіптік білім оқу орындарына қабылдануына сұрақ туады. Дәрігер мамандықтарымен жеке тәртіпте клиникалы-сараптамалық комиссиясымен патологиялық процесстің ағымының ерекшеліктері, организмнің функционалдық мүмкіндіктері, оқыту жағдайлары мен еңбектері шешіледі.

Оқу орнына түскен мүгедек-жасөспірімдер үшін, кәсіптің мүмкіншілік ортасы мен мамандықтары салыстыру бойынша кеңею мүмкін, егер де оқыту арнайы құрылған жағдайында жүргізілсе, ал онан әрі денсаулық жағдайына сай, орынды жұмысқа орналасуына қамтамасыз етеді. Тізімдер, денсаулық жағдайында айқын ауытқулары бар жасөспірімдерге, орынды жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстарды береді, ол тек қана дәрігерлермен ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жұмыспен қамту қыөметінің мамандарымен қолданылады. Алғашқы және орта кәсіптік білімнің мекемесінде оқытылып жатқан 18 жасқа дейіңгі жасөспірімдердің, дәрігерлік кәсіптік кеңестерінің жүргізілуі, осы білім беру мекеменің оқушыларына медициналық қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін және оқу орынның тұрған жері бойынша білім мекемесінің балалар емханасындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмектің ұйымдастыру бөлімінің еңгізулері дәрігерлермен жүзеге асырылу қажет.

Дәрігерлік кәсіптік кеңесті жүргізген кезде, алғашқы және орта кәсіптік білімнің мекемесінде жұмыс істейтін дәрігердің негізгі міндетіне, тиімді мамандықтың денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірімдер үшін іріктеулерде қорытынды жасау, өңдірістік тәжірибелерге орын таңдау және тиімді жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстарды құру.

Осы жұмыстар жасөспірімдердің денсаулық жағдайында өзгерістердің мүмкіндік есебімен, кәсіптік дайындығының барлық кезеңінде жүргізіледі.


жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес беруді ұйымдастырудың тәртібі

    1. Жеке аумақтағы емдік-профилактикалық мекемелердегі жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңесті ұйымдастырудың ұсынылатын тәртібі емдік-профилактикалық мекемелердің медициналық кызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды регламенттеледі және денсаулық жағдайын, физикалық және психикалық статустың ерекшеліктерін, сонымен қатар кәсіпте көрсетілетін, әртүрлі кәсіптердің және талаптардың сипаты туралы білімдерін ескере отырып кәсіпті таңдау кезінде жасөспірімдерді тиімді медициналық қамтамасыз етуге бағытталған.

    2. Емдік-профилактикалық мекемелердегі жасөспірімдерді дәрігерлік-кәсіптік кеңеспен медициналық қамтамасыз ету – бұл жасөспірімдердің кәсіпті дұрыс таңдауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, диагностикалық, емдік-сауықтандыру және профилактикалық шаралардың жүйесі:

    3.  Дәрігерлік-кәсіптік кеңесті жүргізу дәрігер-педиатрлар, психолог және педагогтармен бірлесіп тегін іске асырылады.

    4.  Дәрігерлік-кәсіптік кеңестің негізі декреттелген кезеңдерде оқушыларды профилактикалық қарау болып табылады; 10-12, 14-15, 16-17 жастағылар мынадай кезеңдерге сәйкес болады:

  • бастапқы кезең – кәсіптік таңдау құрылу процесіндегі 4-8 сынып оқушыларына жеке кеңес беру;

  • толық немесе толық емес орташа білімі аяқталған кезінде кәсіпті таңдау кезеңі;

  • кәсіптік оқыту кезеңі;

5. «Кәсіп» графасындағы «дәрігерлік-кәсіптік кеңестің нәтижелері» бөліміндегі білім беру мекемелеріне арналған баланың Медициналық картасында профилактикалық қараулардың нәтижелері бойынша жасөспірімнің ары қарай оқуы немесе жұмыс істей алатындығы туралы кәсібі немесе мамандығы көрсетіледі. Кәсіптік білім беруге (орташа немесе жоғарғы) және еңбекке медициналық қарсы көрсеткіштер тізіміне сәйкес «Ұсыныстар» графасында белгілі бір кәсіп бойынша білім беру немесе еңбектің мүмкіндіктері туралы қорытынды беріледі.

6. Жасөспірімнің кәсібіне жарамдылығы туралы қорытынды «Қызметшілердің алдын-ала медициналық қарауларды жүргізу тәртібі туралы» бұйрыққа сәйкес медициналық қарсы көрсеткіштердің тізімінің негізінде беріледі.

Медициналық қарсы көрсеткіштердің немесе шектеулері болған кезде жасөспірімнің денсаулығында және дамуында анықталған бұзылыстардың есебінен оқуын өте алатын кәсіптің түрлерін анықтау керек.

7. Жасөспірімнің кәсіптік жарамдылығы туралы дәрігерлік қорытынды оқитын мекемеге түсер кезде жасөспірімге берілетін медициналық анықтамаға енгізіледі .

Егер денсаулық жағдайында ауытқулары бар жасөспірім кәсібін таңдауды шешпеген болса, қорытындыда оның денсаулық жағдайына қарсы көрсетілген өндірістік факторлар көрсетіледі.

8. Білім беру мекемелерінің медициналық қызметкерлері өз уақытында жасөспірімдерді, ата-аналарын кәсіпті таңдаған кезде, еңбектік оқуға жіберген кезде мамандықты таңдау бойынша ұсыныстар беру туралы ақпараттап отыруға міндетті.

9. Жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру сұрақтарын шешкен кезде қорытынды жыл сайынғы профилактикалық қараулардың нәтижелері бойынша (6 айдан аспауы керек) немесе жасөспірімнің жұмысқа түсер алдында медициналық қараулардың нәтижелері бойынша беріледі.

10. Жасөспірімнің жұмысқа жарамдылығын анықтаған кезде кешенді медициналық қарауларда мыналар болады:

- келесідей маман дәрігердердің қараулары: педиатр, хирург, невропатолог, отоларинголог, окулист, стоматолог, психиатр (психоневролог), жеткіншек қыздар үшін гинеколог;

- стандартты функционалды сынамалардың мәліметтері бойынша организмнің функционалды мүмкіндіктерін және физикалық еңбекке қабілеттілігін бағалау;

- лабораторлы –диагностикалық зерттеулер.

Қосымша көлемді зерттеулер нақты мамандыққа байланысты.

11. Оның белгілі бір кәсібіне жарамдылығы туралы және жасөспірімнің денсаулық жағдайы туралы қорытынды жұмыс беруші көрсеткен қолайсыз өндірістік факторлардың тізімінің есебімен бірге және берілген қараулардың негізінде жазылады. Берілген қараулар бойынша психикалық және физикалық даму бекітілуі керек. Жасөспірімге дәрігерлік-кәсіптік кеңестің нәтижелері бойынша дәрігерлік кәсіптік-кеңес қорытындысы беріледі.
12. Қорытынды.
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. Психофизиологиялық кәсіптік таңдаудың мақсаттары мен міндеттері

Бірқатар кәсіптерде (операторлар, конвейердегі еңбек) денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік таңдау таңдаған кәсібіне жасөспірімнің психофизиологиялық жарамдылығын анықтаумен тығыз өзара байланысты. Оны жүргізудің қажеттілігі кейбір жағдайлары (оператор) стресс жағдайларда, уақыт тапшылығында, жолықтыратын біркелкі жұмыс жағдайында мол көлемді аппаратты қабылдап, өндеуге тиіс анализаторларға көтеріңкі талаптар қоюмен байланысты. Басқа жағдайларға (конвейердегі еңбек кәсібі) жұмыс қарқынын машиналар тудырады да, қызметкерлердің көру, есту анализаторларының, тіреу-қозғалу аппаратының жұмысына, нервтік процестердің қозғалысына, күш жағдайына қатаң белгілі талаптар қойылады. Кейбір кәсіптерде (вахталық еңбек) экипаждық әрбір үйлесімдікті қамтамасыз ету үшін бірқатар қатаң талаптар қойылады. Және де кейбір, кәсіптерде (жүргізуші, электровоз машинисті, ұшқыш) организмның психофизиологиялық статусы осы кәсіп үшін қатаң арнайы талаптар қойылады.

Әртүрлі кәсіптерді зерделеу, олардың жұмыскерлер организміне қоятын талаптарының негізінен жоғарғы нервтік іс-тіршіліктің (кіші, қозғалыс-қимылы, тұрақтылығы, нервтік процестерінің динамикасы, ми қабаттары мен қабат астының өзара қатынасы) типологиялық ерекшеліктеріне бағытталғанын көрсетеді, сонымен бірге анализаторлық функцияларға да (сезу, көру сезімталдығы, көру органдарының әртүрлі функциялары) бағытталады. Әрине, еңбектің түріне байланысты бұл талаптар әртүрлі болады, бірақ олардың жиынтығы көрсетілгендермен шектеледі.

Психофизиологиялық аспектіде жасөспірімнің кәсіптік жарамдылығын анықтау арнайы психофизиологиялық тексерулер мен тестілер жүргізулер арқылы кәсіпорындардың кәсіптік таңдау кабинеттерімен жүргізіледі. Бірақ, кәсіптік жарамдылықты анықтауды бұлай жүргізу белгілі көлемде оқушылардың тереңдетілген кезенді медициналық қараулар жүргізу арқылы жүзеге асыруға болады, егер бұған кәсіптік бағыт берсе. Бұл үшін дәрігерлерге әрбір оқушыға жазылған сыйпаттама-карта, анкеталық мәліметтер беру қажет, мұның өзі мектеп дәрігерлеріне дәрігерлік кәсіптік қорытынды құрастыруға көмектеседі.

Психофизиологиялық кәсіптік таңдаудың түпкілікті мақсаты- жасөспірімдердің жеке психофизиологиялық қасиеттеріне неғұрлым толық жауап беретін кәсіп түрін дұрыс таңдауға көмек көрсету.

Бұл жұмыс тәжірибе жүзінде адамның психофизиологиялық қабілеті көрсеткіштерін осы кәсіп талаптарына сәйкес келетін психофизиологиялық белгілермен салыстыру арқылы жүргізіледі (№4 қосымша).


2. Кәсіптік таңдаудың психофизиологиялық белгілері

Кәсіптік жарамдылықтың объективті белгілерін құрастырғанда таңдаған кәсіпте табысты жұмыс істеу үшін адамға қажет, психофизиологиялық маңызды кәсіптік параметрлерді анықтайды.

Психофизиологиялық белгілерді құрастырғанда кәсіппен мұқият танысады, оның жабдықтарының және технологиялық процесінің ерекшеліктерімен, жұмыс барысының сипатымен, осы еңбек түрінің ұйымдастырылуымен танысады. Осы мәліметтердің негізінде жекелеген кәсіптік топтардың жұмыскерлеріне жалпылай физиологиялық тексерулер жолымен және онан кейін тексеру материалдарын статистикалық өндеу арқылы анықтайтын белгілерді, кәсіптік маңызды психофизиологиялық функциялар шеңберлері білінеді.

Қорытындысында, “маманның жинақталған психофизиологиялық портреті” оның кәсіптік маңызды психофизиологиялық функциялары мен қасиеттерінің (мысалы, реакция уақытының өлшемі, жарық түсуінің критикалық жиілігі, ықылас функциясы) сандық сипаттамасын береді.

Кәсіптік тандау белгілерін құрастырғанда тексеруге жататын адамның қабілеттері мен функциялары және де ұсынылған әдістер, аппараттар, құралдар №2-ші кестеде көрсетілген.

Психофизиологиялық көрсеткіштері мен кәсіптік жарамдылық белгілерін құрастыруды ғылыми-зерттеу институтарының және кәсіпорындардың кәсіптік тандау бойынша кабинеттерінің психологтары мен физиолог мамандары жүргізеді.


3. Кәсіптік маңызды функцияларды зерттеу әдістері

Кәсіпорындарда кәсіптік тандау жұмыстары арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі. Белгілі кәсіптерге және мамандарға түсетіндерге және ауысатындарға кәсіптік таңдауды олардың жалпы денсаулық жағдайын анықтау үшін медициналық тексеруден бастау қажет. Кандидаттарда таңдаған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмыс істеуге оның кері әсерлері болмаған жағдайда олар кәсіптік таңдау жқніндегі кабинетте организмнің физиологиялық және психофизиологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы тексеру-зерттеуден өтеді. Зерттеулер осы кәсіпке қойылатын талаптарға сәйкес келетін адамның барлық кәсіптік маңызды қасиеттеріне жүргізіледі.

Кәсіптік кеңесші алынған сандық көрсеткіштерге талдау жасайды, оларды кәсіптік сәйкестілік белгілерімен салыстырады және жұмысқа түсетіндердің кәсіптік маңызды қасиеттерінің даму деңгейін белгілейді. Мұнан соң ол әрбір жұмысқа түсушімен әңгімелеседі. Әнгіме кезінде таңдаған кәсіптік ерекшеліктерін түсіндіреді, онан әрі даму қажет психофизиологиялық қасиеттері жайлы айтады және оның жеке қасиеттеріне неғұрлым сәйкес келетін мамандық ұсынылады, яғни кәсіптік кеңес жүргізіледі.

Кәсіптік таңдау бойынша жұмыстың соңғы сатысы- психофизиологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қорытынды дайындау. Қорытындыда жұмысқа түсетін адам өзінің психофизиологиялық қасиеттері бойынша сәйкес келетін кәсіптер мен мамандықтардың тізімі көрсетіледі. Қорытынды кәсіпорынның кадрлар бөліміне жіберіледі.


3.1. Жоғарғы нервтік іс-тіршіліктің жеке типологиялық

ерекшеліктерін зерттеу

Л.А. Копытова әдісі бойынша нервтік процесстердің күшін анықтау. Бұл әдістемеде нервтік процесстер күшінің көрсеткіші болып, тәжірибе аяғындағы қарапайым көз-қимыл реакциясының латенттік кезеңінің өзгеруі есептелінеді. Мұнда тітіркендіргіштің бірнеше есе әсерінде нерв клеткаларының ұзақ шоғырланып әсер еткен қоздырғыштарға шыдау қасиеттері зерттеледі және сондықтан да бұл көрсеткіш жұмыс қабілеттілігі бойынша нерв жүйесінің күшін сипаттайды.

Тітіркендіргіш- қызу лампасы, тітіркендіргіштер арнасы 5 сек. 10 қоздырғыштан (100 рет қайталау) 10 серия қолданылады. Жауап беру тәсілі- максималды жылдамдықпен кнопканы басу арқылы лампаларды өшіру.

Нерв процесстерінің қозғалыс жылдамдығы хронорефлексометр көмегімен зерттеледі. Мұнда зерттелушінің оң (қызыл және ақ түс) және тежегіш (жабыл түс) түстер сигналдары кешеніне шартты жауа беру зерттеледі. Реакция уақыты және қателіктер проценті ескеріледі. Нерв жүйесінің орнықсыздығы (лабильность) жарық жылтылдауының критикалық жиілігінің қосылу өлшемі бойынша анықталады.

Тітіркендіргіш ретінде 6-дан 70 гц дейін жарық тітіркендіргіштерін бере алатын жиіліктегі ырғақты жарық сигналы қолданылады. Зерттелуші тегіс тұтас жарықтың жекелеген жыпықтауға ауысын байқаған сәттегі жарық тітіркендіргіштерін беру жиілігі- зерттелушінің нерв жүйесінің тұрақсыздағы деңгейін сипаттайды.

Нерв процесстерінің тепе-теңдігіне зерттеуді жылжымалы объектіге реакциясын өлшеу әдістемесі көмегімен жүргізіледі. Зерттелуші экспериментті көрсеткен бөлекке электрлі секундомер тілін тоқтатуы қажет (алдын-ала тілге бір айналым жасауға мұрша беріп барып). Зерттелуші кем дегенде 30 рет қайталайды. Асып кеткен (көрсетілген бөліктен асып тоқтату) және жетпей қалған (көрсетілген бөлекке жетпей тоқтату) реакциялар және дәл реакциялар (көрсетілген бөлекке тоқтату) саны жазылады.


3.2. Көру анализаторын зерделеу

Көру арқылы айырудың жылдамдығы. Зерттелушігі әртүрлі уақыт аралығында, көру өткірлігін анықтайтын, диаметрі бірге тең сақинамен салыстырғанды 10 есе кішірейтілген диаметрлі Лондольт сақинасындағы аралықты атап, анықтау ұсынылады. Тәжірибе кезінде зерттелуші Линдольт сақинасындағы аралықты төрт ұсынылғанның үшеуінде айыратын экспозицияларды белгілейді. Зерттелуші оң жауап беретін неғұрлым аз экспозиция (секунд) айыру жылдамдығының жеке деңгейін сипаттайды.

Жарық сезгіштік. Мұны анықтау айыру уақытын зерттеуге негізделген, яғни жарыққа бейімделудің аяқталуы мен берілген ашық (адаптометрия) объектінің байқалу сәті аралығындағы уақытпен анықталады. Жарық сезгіштікті өлшеуц АДМ адаптометрмен жүргізіледі. Зерттелушіні орындыққа отырғызып, бетін адаптометрдің резеңке маскасына тақайды. Жарыққа алдын-ала бейімделу үшін шардың аңықтығын 400 Нт тең етіп орнатады. Зерттелуші жарықтанған шар қабатында қарауы тиіс; 2 минуттан соң шарды жарықтандыру өшіріледі. Жарықты өшіргеннен кейін зерттелуші белгіленетін қызыл нүктеге қарап отырып, жарық дағын байқаған сәтін көрсетуі қажет, сонан соң оның формасын атауы қажет.

Қалыпты көру қабілетті адамдар объектіні шарды жарықтандыруды сөндіргеннен кейін 20-30 сек соң байқайды.

Түс сезгіштікті тексеру екі әдіспен жүргізілуі мүмкін: адиспаропия және аномалоскопия.

Адиспаропия. Алдын ала- жарыққа бейімделгеннен кейін зерттелушіге ақ экранда кезекпен екі спектрлі теңдіктер: қызыл-сары және жасыл-сары көрсетіледі. Әрбір спектрлі тендікті зерттелуші екі түстің теңескенін сезінген сәтіне дейін қадағалайды. Көрсетілген тендіктің белгіленуінің басы мен бірігу сәтіне дейінгі секундпен көрсетілген уақыт, хроматиялық адиспаропияның (АРП) уақытша шекарасы болып есептелінеді.

Аномалоскопия- АЕ- 59 аномалоскоп особы көмегімен жүргізіледі. Түс айырғыштық өткірлігі түсайырғыштықтың шекарасы өлшемімен сипатталады, яғни көру анализаторы өз конструкциясының жұқалығы арқасында байқауға қабілетті минималды түсайырғыштықпен сипатталады. Түсайырғыштықтың өткірлігі оң жартылай алаңның сол жартылай алаңмен салыстырғандағы жарықтануы бойынша сәл өзгеру сәтін белгілейтін өлшеу барабанының шартты бірліктерімен анықталады.

Көру алаңын зерттеу ферстер периметрімен жүргізіледі. Отырған қалыптағы зерттелушінің басы периметрлік доғаның (басынан) ортасынан иегімен дәлдеу арқылы белгілі қашықтықта орнықтырылады, бір көзі экранмен жабылады. Зерттелуші белгіленген нүктені мұқият қадағалап отыруы қажет. Экспериментші жұқа металл таяқшаның көмегімен, зерттелуші қолдың қозғалғанын көрмейтіндей етіп, объектіні доға бойынша периферийден ортаға жайлай қозғалтады. Өлшеуді 2-3 рет қайталады. Көру алаңы оң және сол көздерде біртендеп сыртқы, ішкі, жоғарғы және төменгі бағыттарда анықталады.

Көз өлшеу сызығы- Ф. Гальтон сызғышы көмегімен келденеңінен анықталады. Зерттелуші көлденеңінен бағандарға (көзден сызғыштың ортасына дейінгі қашықтық – 50 см) бекітілген 1000 мм жай сызғышқа қарсы отырғызылады. Сызғыштың шкаласы үстелдің басқа жағына орналасқан экспериментшіге бағытталған. Зерттелушіге сызғыш бойымен қозғалып тұрған белгілегіш көмегімен көзге сызғыштың ортасын анықтау ұсынылады, мұнан соң сызғыштың шетінен бір бөлігін (мысалы, 1/5 немесе 1/8) қалдыру ұсынылады. Экспериментші қатесін жазып тұрады- берілген нүктеден зерттелушінің көрсеткеніне дейінгі ара қашықтық. Көмегін және артқан қателер өлшемі қате белгісін ескермей, қосылады және алынған сумма өлшеудің жалпы санына бөлінеді. Бұл өлшем (мы) көз өлшеу сызығының сапасын сипаттайды.

3.3. Есту анализаторын зерттеу

Реңдік аудиометрия- АП -02 типті аудиометрлер көмегімен жүргізіледі. Басқа киілген телефон арқылы, дауыс қаттылығы жайлап ұлғая беретін дыбыс беріледі. Оның алғашқы сезілуі жайлы зерттелуші экспериментшіге хабарлайды. Осы жиілік бойынша дауыс қаттылығының децибеллмен өлшемі- есту сезімталдығының шекарасы болып есептелінеді. Зерттеу төменгі жиіліктен жоғарғы жиілікке (125-тен 800 гц дейін) жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері арнайы бланк- аудиограммаға түсіреледі. Оң және сол құлақтар жеке түсіріледі, дыбыс сигналдарының ұзақтығы 2-3 секундтан артық болмауы қажет.



3.4.Қимыл-қозғалыс анализаторларын зерттеу

Бұлшық ет күші және қол саусақтарының шыдамдылығы (динамометрия). Оң және сол қол саусақтарының бұлшық ет көрнеулік күшін анықтау қол саусақтарының бұлшық ет көрнеулік күшін анықтау қол динамолитрі көмегімен жүргізіледі. Зертелуші отырған қалпында динамометрді екі қолымен, бірінен кейін екіншісімен максималды қысуы керек. Әр саусақтар үшін бірнеше өлшеу бойынша күштің орташа өлшемі есепке алынады.

Бұлшық ет шыдамдылығы максималды күштің ½ немесе 2/3 –іне тең күшті ұстауға жұмсалған уақыт (секунд) бойынша анықталады.

Бұлшық ет – буын сезімталдығы- салмақты айыру шекарасы (цилиндрлік әдіс) бойынша анықталады. Зерттеушіге түрі бірдей, бірақ салмағы әртүрлі цилиндрлер жұбымен беріледі. Зерттелушінің міндеті олардың қайсысы неғұрлым ауыр екенін анықтау. Барлығы- салмағы 1001 – ден 604 грамм болатын 17 цилиндр қолданылады. Цилиндрдің әрбір жұбының салмағындағы айырмашылық процентпен жазылады. Бұлшық ет- буын сезімталдығының шекарасы. Зерттелуші көрсете алған, процентпен берілген, салмақтың минималды айырмашылығымен өлшенеді.

Бұлшық ет- буын сезімталдығының көрінісі болып кинематометрия әдісімен анықталатын, берілген қимылды қайталау дәлдігі есептелінеді. Жуковский кинематометрді жартылай ауқымды градуспен бөлектелінген екі “радиусті”- таяқшалы сектор болып келеді. Бір таяқша қозғалмалы, екінші таяқша қозғалмайтын. Қозғалмайтын таяқша иыққа бекітіледі. Мұнда шкаланың нолдік бөлігі білезік сүйектің жанында, ал соңғы бөлігі - 1800 иыққа орналастырылады. Зерттелушіге тапсырма беріледі: алдында көріп бақылау арқылы үш рет қайталанған қимылды, көру арқылы бақыламай шындақ буында белгілі бұрышта бүгу керек. Тәжірибе нәтижесінде берілген қимылды қайталау қатесі (бір жағына қарай) градуспен анықталады.

Берілген бұлшық ет күшін жұмсауды дәл қайталау динамограф немесе В.В. Розенблат сынап диномометрдің көмегімен анықталады. Максималды бұлшық ет күші анықталады, мұнан соң мақсималды күш жұмсаудың жартысына сәйкес келетін деңгей анықталады. Максималды бұлшық ет күші анықталады, мұнан соң максималды күш жұмсаудың жартысына сәйкес келетін денгей анықталады. Бұл деңгей зерттелуші көріп тұрып үш рет қайталанғаннан соң көрмей қайталауы арқылы анықталады. Жіберілген қателер өлшемі есепке алынады.

Дененің жекелеген мүшелерінің еріксіз толқуы (тремор) және қимыл-қозғалыс дәлдігінің бұзылуы АДКР-2 типтес координаметр аспабы көмегімен анықталады. Бұл аспап тік және синусоидты формалы ойықтары бар және де диаметрі 2-ден 9 мм дейін тесіктері бар металл пластинкалардан тұрады.

Треморды анықтағанда зерттелушіге отырған қалпында сол қолын тізесіне қойып, оң қолын жоғарыда (шынтақ бір жағында) болып, қарандаш ұшын ең кіші диаметрлі тесікке кіргізу және экспериментшінің бұйрығына дейін тесіктің қабырғаларына тигізбей ұстай тұру ұсыналады. Зерттелуші тапсырманы оң және сол қолдарымен кезек орындайды. Операцияны орындау уақыты- 15 сек. Мұнан соң зерттелуші қарындашты үлкен диаметрлі тесікке енгізеді. Тесіктің әрбір қабырғасына әрбір тиіп кету аспаптың есептегішімен жазылып отырады.

Қимыл-қозғалыс дәлдігін есептегенде зерттеушіге қысқашпен тік және синусоидты формалы ойықтар (жолсыздық) бойымен жүргізу тапсырылады. Ойықтың қабырғаларына тигізбей қысқашты неғұрлым жылдамырақ жүргізу қажет. әрбір жолсыздықта үш рет өлшеу жүргізіледі. өлшеудің барлығы 30-60 сек аралықпен аралықпен 2 сериясы жүргізіледі.
3.5. Сезіну сезімталдығын зерттеу

Екі қолдың да сұқ саусағының сезіну сезімталдығы Мак-Уорти сызғышы көмегімен анықталады. Мак-Уорти сызғышы- сызғыштың қыры төбесінен тұғырына қарай жайлап ашыла түсетіндей бұрышта желімделінген, 20-сантиметрлік екі ағаш сызғыштан тұрады. Ашылып бара жатқан сызғыштар арасындағы кеңістік көлемі Мак –Уорти бірлігімен белгіленеді. Сызғыш бойымен саусағымен жүргізгенде зерттелуші ашылудың басталған сәтін байқауы қажет. Тексеру кезінде зерттелуші зерттеу кезінде сызғышты көрмейтіндей болып, басын бір жағына бұрып, орындықта тік отырады. Әрбір саусақтың сезімталдығын анықтау алты қайтара жүргізіледі, сонан соң орта өлшем шығарылады, және де бұл сезіну сезімталдығының шекаралық көрсеткіші болып есептелінеді.





    1. . Есту анализаторын зерттеу

Есту анализаторының қызметін тексеру үшін биіктік-монтажшысы кәсібіне жарамдылығын анықтау мақсатына 20 секунд ішінде 0,5 айн/сек жылдапдықпен Барани креслосында зерттелушіні айналдыру жүргізіледі. Креслоны тоқтатқаннан кейін экспериментші 5 сек күтеді де, сонан соң зерттелушіге бірден тік тұру ұсынылады. Бұл сәтте моторлық және вегетативті есту рефлекстері пайда болады. Есту – моторлық реакциялар - дененің бір жағына ауытқудың әртүрлі деңгейімен (құлау реакциясымен), есту – вегетативті реакциялармен (бас айналу, лоқсу) көрінеді.
3.7.Ықылас функцияларын зерттеу

Ықылас тұрақтылығын зерттеу. Анфимовтың әріптер кестесі көмегімен коорректуралық сынама әдісімен жүргізіледі. Зерттелушіге әрқайсысының ұзақтығы 3 мин болатын, 3 тапсырма орындау жүктеледі. Қарап шыққан жолдар саны мен барлық үш тапсырма бойынша жіберілген қателердің жалпы саны (қате жазылған және жіберілген әріптер) есептелінеді. Ықыласты аудару жылдамдығын зерттеу Шульте-Платоновтың қара –қызыл кестесі бойынша жүргізіледі. Мұнда зерттеуші өсу және азаю тәртібімен орналасқан қара және қызыл сандарды таба білуі қажет.


3.8. Еске сақтауды зерттеу

Қысқа мерзімді еске сақтау көлемін зерттеу, фигуралардың көлемін көз алдына келтіру жолымен жүргізіледі. Зерттелушіге 20 сек аралығында әртүрлі көлемді 6 геометриялық фигурадан тұратын кесте ұсынылады, мұанан соң зерттелушіге көлемі жағынан айырмашылығы бар, бірақ сол тәртіппен орналасқан 30 геометриялық фигура сол номерлермен клеткаларда белгіленген басқа кесте ұсынылады. Осының арасынан зерттелуші кестеде көрсетілген сондай көлемдегі фигураны табуы қажет. Талдау кезінде дұрыс аталған фигуралар саны есептелінеді.

Ұзақ уақытқа еске сақтауды зерттеу фигуралардың келтіру жолымен жүргізіледі. Тәжірибе үшін зерттелуші еске сақтап қалуы қажет, суреті салынған 10 делгісі бар демнстрациялық кесте қолданылады. Кесте 1 минут бойы көрсетіледі. Мұнан соң белгілі бір уақыттан кейін (15 минуттан кем емес) зерттелушіге есіне сақтап қалған белгілерді көз алдына келтіру (жазып, суретін салып) ұсынылады. Талдау жасаған кезде дұрыс көз алдына келтірілген белгілер саны есептелінеді.
3.9. Төтенше қимылдарға дайындықты зерттеу

Қырығылық- бір реңді әсер етер факторлар жағдайында төтенше қимылдарға дайындықты көрсетеді. Зерттеу оңаша бөлме – жағдайда жүргізіледі. Зерттелуші көз деңгейінен 60-65 см қашықтықта орналастырылған аппарат алдына отырғызылады. Жалпы жарықтандыру 15-20. Тәжірибенің бір реңділігін бұзатын аландататын дыбыстар аластатылады. Зертелуші 1 секунд аралықпен аспаптың бет жағында сағат тілі бағытымен шеңбер бойынша біртіндеп жылжып тұратын жарық сигналын байқап отыруы қажет. Мұндай әрбір «қадам» дыбыстық шарт етумен жүреді.

Қимыл жасауға сигнал ретінде жарықтың жарқ ету тәртібінің бұзылуы болады, яғни жарық сигналының 1 қадамнан секіріп кетуі. Бұл сәтте зерттелуші кілтті жылдам қимылдап басып қалуы қажет, нәтижесінде жарық сигналы бұрынғы қалпына қайта оралады.

Мұндай сигналдар ескертумен және ескертусіз беруледі. Ескерту сигналымен (сары лампа) секіріп кетуге дейінгі уақыт 5-тен 25-секунд аралығында болады. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы- 1 сағат. Бұл уақытта 12 сигнал беріледі, оның 6-уы ескертуден және 6-уы ескертусіз. Сигналдар берілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Сигналдар аралығындағы уақыт аралығы 4-7 минут болады.

Қырағылық деңгейінің көрсеткіші ретінде төтенше сигналдар реакциясының латентті уақытының орташа көрсеткіші (секіріп кетулер) мен ескертпелі игналдар арасындағы айырмашылық қабылданады.

Тест сұрақтары:
1. Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты І топқа жататын кәсіп түрлері:


  1. организмнің жекелеген органдары мен жүйелеріне қолайсыз әсер етуі

  2. организмге қолайсыз әсері

  3. өндірістік факторлардың организмге қолайсыз әсерінің болмауы

  4. біртіндік сипаттағы өндірістік факторлардың қолайсыз әсері

  5. ауыр және зиянды әсері бар кәсіптер

2. Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты ІІ топқа жататын кәсіп түрлері:



    1. қолайсыз өндірістік факторлардың уақытша әсер етуімен байланысты

    2. ауыр еңбек жағдайының және қолайсыз өндірістік факторлардың болмауы

    3. әр түрлі кәсіптік-өндірістік факторлардың әсерімен байланысты

    4. ауыр және зиянды әсері бар еңбекпен және кәсіп түрі

    5. қолайсыз өндірістік факторлардың үнемі әсер етуімен байланысты

3. Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты ІІІ топқа жататын кәсіп түрлері:



      1. қолайсыз өндірістік факторлардың уақытша әсер етуімен байланысты

      2. игеруге ешқандай медициналық қарсы көсеткіштері жоқ кәсіп түрлері

      3. әр түрлі кәсіптік-өндірістік факторлардың күнделікті әсерімен байланысты

      4. ауыр және зиянды әсері бар еңбек және кәсіп түрі 18-ден кіші жеткіншектердің еңбегін пайдалану

4. Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты ІV топқа жататын кәсіп түрлері:



  1. игеруге ешқандай медициналық қарсы көсеткіштері жоқ кәсіптер

  2. қолайсыз өндірістік факторлардың уақытша әсер етуімен байланысты

  3. әр түрлі кәсіптік-өндірістік факторлардың күнделікті әсерімен байланысты

  4. игеруге айқын дәрежеде медициналық қарсы көрсеткіштері көрсетілген кәсіп түрлері

  5. ауыр және зиянды әсері бар еңбек және кәсіп түрі

5. Кәсіптік іріктеу дегеніміз не:

    1. жасөспірімдерді барлық еңбек жағдайымен жан-жақты дәрігердің таныстыру жұмысы

    2. нақты бір кәсіп түрін дәрігердің ұсынуы

    3. таңдалған кәсіпке жасөспірімнің кәсіптік жарамдылығын анықтау

    4. жасөспірімнің өнеркәсіптегі жұмыс тәртібіне үйренуі

    5. медициналық куәландыруды жүргізу

6. Кәсіптік бейімделу дегеніміз не:



      1. оқушы организмінің психофизиологиялық ерекшеліктері

B) жасөспірімдердің еңбек жағдайымен, тәртібімен, оның

ұйымдастырылуымен танысуы

C) нақты бір оқушыға дәрігердің белгілі бір кәсіпті ұсынуы

D) таңдалған кәсібіне кәсіптік жарамдылығын анықтау

E) бағдарлау шаралары жүйесінің соңғы кезеңі, өндірістегі жұмыс тәртібіне жасөспірімнің біртіндеп үйрену процесімен бірге
7. Көру анализаторын зерттеу әдістері не жатпайды


  1. әр түрлі жыпылықтаушы белгілерді ажырату

  2. адаптометрия

  3. адиспория,

  4. анамалоскопия

  5. кинесцезия мен кинематометрияны бағалау

8. Нерв-бұлшық ет жүйесін зерттеу әдістеріне не жатпайды



    1. хронорефлексометрия

    2. динамометрия

    3. кинестезияны бағалау

    4. бұлшық етке мөлшерлеп түсірілген күшке шыдау, кинематометрия,

координометрия

    1. амплитуданы бекіту және тремор жиілігін зерттеу

9. Эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу әдістері



      1. Мак-Уорти әдісі

      2. координометрия

      3. кинематометрия

      4. аз уақыт ішінде көп ақпаратты қабылдау тапсырмасын

орындау

      1. сандарды табу

10. Оқушының таңдаған мамандығынан кәсіптік жарамдылығы туралы

қорытынды беру үшін қандай құжатты қолданасыз:


  1. медициналық қарама қайшы тізім

  2. ойыншықтарға техникалық шарттар (ТШ)

  3. санитарлық ережелер

  4. санитарлық тексеру актісі

  5. тамақтану нормасы

11. Бұлшық ет шыдамдылығын зерттеуде қолданылатын аппарат



    1. динамограф, В.В.Розенблат динамометрі

    2. Жуковскийдің кинематометрі

    3. координамометр АДКР-2

    4. тремометр

    5. Барани креслосы

12. Вестибулярлық реакцияны зерттеуде қолданылатын аппарат



      1. динамометр

      2. координамометр

      3. динамограф

      4. Барани креслосы

      5. Жуковскийдің кинематометрі

13. Қозғалыс координациясын зерттеуде қолданылатын аппарат



        1. динамограф

        2. координамометр, АДКР, секундомер

        3. Барани креслосы

        4. цилиндрлер жинағы

        5. адаптометр

14. 5-7-ші сынып оқушылары үшін жылдық еңбек тәжірибесінінің ұзақтығы қандай



          1. 2 сағаттан 8 күн

          2. + 3 сағаттан 10 күн

          3. 1,5 сағаттан 7 күн

          4. 1 сағаттан 9 күн

          5. 3,5 сағаттан 5 күн

15. 8-9-шы сынып оқушылары үшін жыл сайын өтетін еңбек тәжірибесінің ұзақтығы қандай



            1. 3 сағаттан 11 күн

            2. 3 сағаттан 13 күн

            3. 4 сағаттан 16 күн

            4. 4 сағаттан 14 күн

            5. 3,5 сағаттан 15 күн

16. 10-шы сынып оқушылары үшін жыл сайын өтетін еңбек тәжірибесінінің ұзақтығы қандай



              1. 6 сағаттан 20 күн

              2. 4 сағаттан 18 күн

              3. 5 сағаттан 19 күн

              4. 3,5 сағаттан 17 күн

              5. 5 сағаттан 16 күн

17. Жалпы білім беру мектебінде еңбек сабағында қолданылатын материалдарды қолдану реті



                1. пластиллин- саз- картон- ағаш- металл

                2. қағаз- мата- картон- саз- пластиллин- сым-фанера- ағаш- металл

                3. қағаз- мата- картон- пластиллин- сым- фанера- ағаш

                4. картон- пластиллин- сым- ағаш- металл

                5. мата- пластиллин- фанера- ағаш- металл

18. Кәсіпке бағыттаудың негізгі бөлімдеріне жатпайды



                  1. күн тәртібі

                  2. кәсіптік ақпарат

                  3. кәсіптік кеңес

                  4. кәсіптік іріктеу,

                  5. кәсіптік бейімделу

19. Кәсіпке бағыттау жұмысының негізгі аспектілері не жатпайды



  1. экономикалық

  2. педагогикалық

  3. психологиялық

  4. медициналық

  5. әлеуметтік

20. Дәрігерлік кәсіптік кеңес дегеніміз:



    1. 086/У формасы

    2. психофизиолгоиялық іріктеуден өте алмаған және жарамайды деп

табылған жасөспрімідерге басқа мамандық түрін таңдауға көмектесу

    1. ауру балаларға психикалық әсер етудің ескерту

    2. басты психо-физиологиялық функцияларды анықтау

    3. профессиограмманы құру

21. Кәсіптік бағдарды анықтау үшін не қаралмайды:



      1. жасөспірімдердің қалауы

      2. мамандықтың санитарлық сипаттамасы

      3. денсаулық жағдайы

      4. ұсынылған мамандық тізімі

      5. кәсіпорындағы жұмысшылардың саны

22. Кәсіптік ақпарат жұмысының формаларына не жатпайды



        1. сұқбат

        2. теледидарда, мектептте кездесулер өткізу

        3. экскурсиялар

        4. + съездер

        5. - лекциялар, әңгімелер өткізу

23. 15-16 жастағы жеткіншектердің жұмыс нормасы жұмысшылардың сағат-

тық нормаларына қарағанда қандай болу керек


  1. 60%-тен артық емес

  2. 70%-тен көп

  3. 90%-ке жетеді

  4. 88%-тен аспайды

  5. 94%-тен жоғары

24. 16 жастағы жасөспірім. Сырлаушы кәсібін оқып жатыр (маляр). Қандай қолайсыз өндірістік факторлармен кездеседі:



    1. қолайсыз метеорологиялық жағдай, суық, дымқыл және шаңданған бөлме, жоғарғы тыныс алу жолдарын тітіркендіретін химиялық заттар

    2. физикалық ауыр күшпен (напряжение), ұзақ уақыт аяғынан тік тұру

    3. жоғарғы кернеудегі ток көзі

    4. еріктен тыс жұмыс позасы

    5. зейінге ауырлық түсу (напряжение)

25. Төмендегі мамандықтардың қай түрі қол саусақтарының экземасы

болған жағдайда рұқсат етілмейді


  1. оператор

  2. токарь

  3. телефонист

  4. жүргізуші

  5. оқытушы

26. 17 жастағы жасөспірім. КТМ-ке слесарь мамандығы бойынша оқуға түсті. Ол қандай қолайсыз өндірістік жағдайлармен кездеседі:



    1. өте көп физикалық ауырлық күші (напряжения), қолайсыз метеорологиялық факторлар жағдайында аяқта тік тұру, химиялық және улы заттармен кездеседі

    2. зейінге күш түседі

    3. химиялық тітіркендіргіштер

    4. дымқыл және шаңданғаг бөлме

    5. көру мүшесіне күш түсіру

27. Қандай аурулар токарь мамандығын меңгеру үшін балаларда қандай сырқат болмау керек



      1. созылмалы гастрит, сирек өршулермен білінетін асқазан жарасы

      2. жиі ауыратын балалар

      3. дене дамуы ІІ-ІІІ дәрежеге жатататын балалар

      4. созылмалы пиолонефрит

      5. созылмалы тонзилит

28. 16 жасар оқушы оқу өндірістік комбинатында тау-кен жабдықтарын жөндеу бойынша электр-слесарь мамандығын игеруде, ол қандай өндірістік зиянды факторлармен кездесуі мүмкін:



        1. электр тоғымен зақымдану қауіптілігімен, ауыр жұмыспен

        2. мәжбүрлі жұмыс қалыпында көп уақыт болуы

        3. жағымсыз метеорологиялық жағдайлармен

        4. улы заттармен

        5. электромагниттік өріс деңгейі жоғары мөлшерде

29. Төменде көрсетілген қандай мамандық созылмалы пиелонефритпен ауыратын оқушыға рұқсат етілмейді



          1. химик-аналитик

          2. телефонист

          3. дәрігер-педиатр

          4. радиооператор

          5. мұғалім

30. Төменде көрсетілген қандай мамандық созылмалы спецификалық емес

полиартритпен ауыратын оқушыға рұқсат етілмейді


  1. сызушы

  2. тас қалаушы (каменьщик)

  3. дәрігер-педиатр

  4. фотооператор

  5. Телефонист



Тест сұрақтарының жауаптар эталоны


1 – C;

2 – А;


3 – С;

4 – Е;


5 – С;

6 – Е;


7 – Е;

8 – А;


9 – D;

10 – A;


11 – А;

12 – D;


13 – B;

14 – B;


15 – C;

16 – A;


17 – B;

18 – A;


19 – E;

20 – B;


21 – E;

22 – D;


23 – A;


24 – A;

25 – B;


26 – A;

27 – A;


28 – A;

29 – A;


30 – B.



Әдебиеттер:


    1. Гигиена детей и подростков/ Под. ред. В.Р. Кучма, М., «Медицина», 2003, учебник – 376с.

    2. Баранов А.А., Кучма В.Р., Рапопорт И.К. // Руководство по врачебному профессиональному консультированию подростков. – М., 2004, 199 с.

    3. Ганузин В.М., Черная Н.Л., Ганузина Г.С. // Врачебная профессиональная консультация и профессиональный отбор школьников с хроническими заболеваниями и отклонениями в состоянии здоровья. Учебно-методическое пособие. - Ярославль, 2002, 80 с.

    4. Ганузин В.М., Черная Н.Л., Ганузина Г.С. // Пути совершенствования системы врачебной профессиональной консультации подростков / Поликлиника, 2005, №1, с.50-51.

    5. Рапопорт Л.К. //Системный подход к проведению врачебных профессиональных консультаций подростков и молодежи. 2000, 1(55).

    6. Рапопорт И.К., Сергиенко А.О. Автоматизированная экспертная система для медицинской профориентации подростков и молодежи. 2000 № 5 (40).

    7. Сухарева Л.М., Павлович К.Э., Рапопорт И.К., Шубочкина Е.И. Профессиональная ориентация молодежи: медицинский и психофизилогические аспекты. 2000 № 1 (48).

    8. Сухарева Л.М., Шубочкина Е.И., Павлович К.Э., Молчанова С.С. «Проблемы гигиены профессионального обучения и труда подростков». 2000 № 5(35).

9. Искандарова Г.Т. Возрастная динамика психофизиологических показателей у юношей. 2006 № 4 (61).

№ 1 қосымша


Кәсіптік санитарлық сипаттамасын құрастыру схемасы


    1. Кәсіп.

    2. Еңбектің құрылымы, еңбек тәртібі, ауысымдылығы, негізгі еңбек операциялары.

    3. Өндірістік сипаты: жеке, сериясы, бұқаралық, конвейерлі, жұмыстың сипаты: қолмен, станокпен.

    4. Өндірілетін материалдар сипаттамасы: материалдың түрі- салқын, ыстық тартатын, сұйық, газ түстес; бет қабаты- жылтыр, тегіс, бұдырлы, ашық, қоңыр.

    5. Өндіріс жабдықтарды мен құралдарын механикаландыру деңгейін көрсетіп жазу.

    6. Мүмкін болар өндірістік зияндылықтар: ауаның газдылығы, жұмыс орнының шаң-тозандылығы, оның деңгейі, жұмыс аймағына шығарылу кезенділігі. өндірістік шудың сипаты мен деңгейі. Өндірістік шудың сипаты мен деңгейі. Электрлі, магнитті аландардың, жоғары жиіліктегі тоқтың (ЖЖТ), аса жоғары жиіліктегі тоқтың (АЖЖ), ультракүлгін және иондық сәулеленудің әсері. Олардың әсерінің ұзақтығы және қарқындылығы.

    7. Метеорологиялық жағдайлар: ашық ауады, жабық бөлме-жайда, температураның тұрақтылығы, ауыспалылығы, желдің ауа қозғалысы жылдамдалығының болуы, ауаның ылғалдылығы. Қатты суық пен қатты ыстықтың әсер ету мүмкіншілігі. Киім мен аяқ киімнің ылғалдануы, сулану мүмкіндігі, тері қабаттарының былғануы (қандай дәрежеде, немен).

    8. Статистикалық жұмыс қалпы (отырып, тұрып, бүгіліп, еріксіз дене қалпы). Қимыл-қозғалыстың қарқына мен жиілігі, біркелкілігі. Түрегеп жүрудің ұзақтығы, тұрудың ұзақтығы.

    9. Ауыр заттарды көтеру мен жылжыту қажеттілігі (салмағы, қашықтығы, жұмыс күніндегі бұл жұмыстардың ұзақтығы, созылған қолдарға түсетін салмақ, кеудеге тірелетін салмақ және т.б).

    10. Жарықтану сипаты (жартылай, жергілікті), күндізгі, жасанды, жарқылдың барлығы. Көру органдарына қойылатын талаптар (түстүйсік, жарық сезіну, бинокулярлы көру қажет пе, қайта бейімделудің жиілігі).

    11. Есту, түйсіну, дәм тату, иіс тату, иіс алу, сөйлеу, табиғи даму органдарына қойылатын талаптар. Ықылас көрнеулігінің ұзақтығы және дәрежесі, көру, есту кернеулігінің дәрежесі.

    12. Жарақат алу қауіптілігі (жарақаттанудың себептері, неғұрлым жиі болатын жарақаттардың түрі). Жұмыс биікке көтерілумен, қоршалмаған биікке шығумен, ашық су тоғандарда болуымен, жылжымалы механизмдермен байланысты ма? Информациялар қауіптілігі және олардың таралу жолдары.

    13. Дәрігерлік-кәсіптік таңдау жүргізгенде организмның қандай органдары мен функцияларына ерекше көңіл бөлу қажет.

№2 қосымша


Профессиограмма (үлгі)
Автомобильдердің электр жабдықтарын жөндеу бойынша

слесарь-электриктікі

Автоэлектрик міндетіне әртүрлі марқалы автомобильдердің электр жабдықтарына (генератор, стартер, үзікші, жарқылдатқыш, жарықтандыру аспаптары) ағымды және профилактикалық жөндеулер жүргізу енеді. Бұл жұмыс автопарктердің электрцехтарында жеке қолмен (дефектация,тазалау, жуу, үрлеу және ұсақ жөндеу) жүргізіледі немесе техникалық қызмет көрсету аймағында тұрған машинаның ішінде (күрделі емес ұсақ жөндеу) жүргізіледі, немесе агрегатты үлкен жөндеуден өткізу қажеттілігінде – зауыттың цехтарында жүргізіледі. Мұнда жұмыс не қолмен немесе бірегей кезек операциялар әдісімен жүргізіледі. Өндірістік оқу кезінде бірінші жалпы слесарлық және электр жөндеу жұмыстары игеріледі. Мұнан соң тек автопарк цехтарында автомобильдерді жөндеу бойынша бригадаларда атқарылатын арнайы жұмыстар жүргізіледі.

Гигиеналық сипаттама: жұмысшы жұмыс уақытының 50% автокәсіпорынның электроцехында өткізеді, қалған уақытын- жөндеу машиналарында немесе ашық ауада. Жұмыс қалпы- тұрақты емес- көбінесе түрегеп тұрып, машинадан цехқа жиі қозғалады, дененің еріксіз қалпы да сирек емес (машинаның астында болуы, бүгеліп жатуы). Цехтың микроклиматтық жағдайлары мөлшерлі қалыпта, машиналарды жөндеу аймағында сыртқы ауаның температурасына байланысты, төменгі температураның, желдің, жоғарғы ылғалдың әсері тиюі мүмкін. Электр цехтың ауа ортасы негізінен қалыпты күйде, машиналарды жөндеу аймағында жұмыс істегенде жұмысшылар шығарыс газдарының (бір мезгілде немесе кезекпен бұл аймаққа 30-40 машинаға дейін кіреді), керосин буларының, қарқынды шудың әсеріне ұрынулары мүмкін; киімдердің сулануы және былғануы мүмкін, қолдардың (сулы, қарлы машиналардын агрегаттарды алу) да былғануы мүмкін. Электрлі қабырғаларда (380 В дейінгі көрнеулік) тұрған аспаптарды тексерудегі электрлі жарақаттанудың жоғарғы қауіптілігі мүмкіндігі.

Бұл жұмыс тіреу-қозғалу апаттарының функционалдық жағдайына, әсіресе аяқ-қол, есту анализаторы, иіс сезу функцияларына көтеріңкі талаптар қояды.

3 қосымша


Денсаулық жағдайына ауытқулар бар жоғарғы сынып

оқушылары үшін техникумдар және ЖОО жұмысшы кәсіптер мен мамандықтарды аңықтау бойынша әдістемелік кепілдеме




Денсаулық жағдайындағы ауытқулар мен аурулардың аталуы

Кері әсер ететін кәсіптік-өндірістік факторлар

Техникумдар мен ЖОО жұмысшы кәсіптер мен мамандықтардың шектелген тізімі

Жүрек зақымдануының анық клиникалық белгілері жоқ және соңғы жыл ішінде асқыну процесі болмаған ревмотизм *

Жайсыз метеорологиялық жағдайлар, улы заттар, едәуір табиғи күш жұмсау

Ағаш және металл модельдер бойынша, токарь, фрезерші, бұрғышы, гравер-градусшы, слесарь-аспапшы, есептеу-талдау машиналарының операторы, белгілеуші, механикалық жинау жұмыстарының слесарі, механикалық цехтардың ОТК бақылаушысы, әлүеу, ыфизикалық және фотолабораторияларының лаборанты, сызбашы, копияшы, радиоқондырғылар бойынша электрмонтер, түптеуші, сағат өндірісінің кәсіптері, оптик-механик, деталдар мен аспаптарды белгілеуші, радиомеханик, аспапшы, жартылай өткізгіштер өндірісінің кәсіптері, тігінші, жеке және жартылай тігетін пішінші, өнеркәсіп өнімдері мен кітаптар сатушысы. Жоғарғы және орта оқу орындарының мамандықтары: оптикалық құралдар, киноаспаптар, электр жабдықтары, металды кесіп өндеу, аспаптар өндірісі, тұрбалар құрастыру, киноқондырғылар жабдықтары, ұшақ құрылысы, оптика-физикалық құралдар, электрмашина құрылысы, азық-түлік өнімдері және кең қолданыс тауарлары технологиясы, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, өнер саласы.

* - бір уақытта асқыну процессі болса, онда тек жеңіл концелярлық, сызба-копияшы жұмыстары ұсынылады.

4 қосымша
Локоматив машинисі кәсібіне психологиялық

кәсіптік тандау картасы




Зерттелетін функция

Зерттелетін көрсеткіш

Зерттеу әдістері

Өлшеу бірлігі

Көрсеткіштің шектелген мағынасы

Жоғарғы нервтік іс-тіршілік

1.Көру-моторлы реакция:

-реакцияның тұру уақыты;

-жарық дифференциялы реакция уақыты.

2.Нервтік процесстердің қозғалмалылығы (тежеу формасының ұзақтығы)

3.Нервтік процесстердің тұрақсыздығы


Рефлексометрия

Рефлексометрия

Жарық жыпықтауларының бірігуінің критикалық жиілігі


мс

мс

гц



323

557


102

43,5


Көру анализаторы

Түс айыру:

  1. қызыл –сары

  2. жасыл-сары

  3. қызыл-қоныр

  4. жасыл-қоныр

Адиспаропия:

Спектрлі теңдіктер көмегімен, пигментті теңдіктер көмегімен


с

с



с

с

16

27

14



20

Есту анализаторы

Есту сезімталдығының шекарасы

Рендік аудиометрия

дБ

Ренді қабылдаудың абсолютті шекарасы

Ықылас

  1. Ықыласты ауыстыру жылдамдығы.

  2. Ықыласты шоғырландыру



  1. Ықыластың өнімділігі

Платонов кестесі
Ландольт сакиналарымен

Бланки әдісі

Ауыстыру сандарын іздеп табу


с
Жанған белгілер саны
Қателер саны


100 гц

150


247

253


6

Еске сақтау

Біртекті әсер ететін төтенше қимылдарға дайындық

Ескертумен және ескертусіз көніл бөлу

с

25

№2 кесте


Кәсіптік таңдау белгілерін құрастыруда зерттелуге жататын функциялар және қабілеттер, әдістер, аспаптар және құралдар


Зерттелетін қабілеті (функциясы)

Қасиеті

Әдістері

Аспаптар, құралдар

Жоғарғы нервтік іс-қимылдың жеке-типологиялық қасиеттері

Нервтік процестердің күші
Нервтік процестердің жылжымалылығы

Нерв жүйесінің тұрақсыздығы


Нервтік процестердің орнықтылығы

Л.Г. Копытова әдісі бойынша хронорефлексометрия

Тежегіш қондырғышқа айыратын хронорефлексометрия

Жарық жыпылықтауының практикалық жиілігі

Қозғалмалы объектіге реакция



Хронорефлексометр

Хронорефлексометр


КЧСЗМ, ИКР-1, РКР-2


РДО, РКР-2

Көру анализаторы

Көру арқылы айырудың жылдамдығы

Жарық сезімталдық

Түс сезімталдық

Көру алаңы

Сызғышты көз өлшегіш


Жыпылықтайтын сигналды айыру

Адаптометрия

Адиспаропия, анамалоскопия

Периметрия

Кесік ұзындығын анықтау


Арнайы қондырғы

Адаптометр

Анамалоскоп, рабкин кестесі

Периметр


Ф.Гальтон сызғышы

Есту анализаторы

Есту сезімталдығы

Аудиометрия

Аудиометр

Нерв- бұлшық ет жүйесі

Бұлшық ет жиырылуының күші. Бұлшық ет буын сезімталдығы.

Бұлшық- ет төзімділігі.

Берілген қимылды дәл қайталау.

Берілген бұлшық ет күш қимылын дәл қайталау.

Қимыл-қозғалыс дәлдігі.

Дененің кейбір мүмшелерінің еріксіз толқуы (тремор)



Динамометрия

Кинесцизияны бағалау

Белгілі көлемдегі бұлшық ет күшін ұстап тұру.

Кинематометрия

Динамометрия

Координаметрия

Тремордың жиілігі мен амплитудасын ұстап жазу



Динамометр

Цилиндрлар жиынтығы

Динамограф, В.В. Розенблат динамометрі

Жуковский кинематометрі

Динамограф

В.В. Розенблат динамометрі

АДКР-2 координаметрі, секундомер

Тремометр




Тактилді анализатор

Вестибулярлы анализатор

Ықылас


Тактильді сезімталдық шекарасы

Вестибулярлы реакциялардың тұрақтылығы

Ықылас тұрақтылығы

Ықылас аудару



Мак-Уорти әдісі

Вестибулярлы реакцияларды бағалау

Корректуралық сынама. Сандарды іздеу


Мак-Уорти сызғышы

Барани креслосы

Анфимов кестесі. Платонов кестесі


Еске сақтау

Қысқа мерзімді еске сақтау көлемі (механикалық есмке сақтау)

Ұзақ мерзімге еске сақтау көлемі

(мағыналық еске сақтау)


А.П. Нечаев әдісі

К.Блюлер әдісі



Карталар, бланктер, секундомер

Карталар, бланктер, секундомер



Қырағылық

Төтенше қимылдарға дайындық

Қырағылықты бағалау

Арнайы

Көніл-күй (эмоция) тұрақтылығы

Көңіл-күй ширығуы жағдайында функциялардың тұрақтылығы

Ақпараттың мол болуына және уақыттың тапшылығында тапсырма орындау

Экспериментті модельдар

5 Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет