Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет1/4
Дата09.07.2016
өлшемі445 Kb.
#186985
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚазММА жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар

бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Ж.Ж. Жарылқасын


ӨНДІРІСТІК ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗІ.

ӨНДІРІСТІК УЛАР ЖӘНЕ УЛАНУЛАР
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ


Қарағанды 2007

ӘОЖ 613.632

КБЖ 52.84 я 7

Ж 31



Рецензенттер:
Б.З. Долтаева - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент;

С.Қ. Омаров – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының коммуналдық гигиена курсының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент;

Л.К. Ибраева – ҚР ДСМ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының токсикология лабораториясының аға ғылыми қызметкері, м.ғ.к.
Ж 31 Жарылқасын Ж.Ж.

Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар. Оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды. – 2007. – 81 бет.
ISBN 978 – 601 – 202 – 002 – 1
Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беру стандарттарына, білім және ғылым министрлігі ұсынған еңбек гигиенасы бағдарламасына сәйкес дайындалған. Оқу-әдістемелік құралда өндірістік улардың жіктелуі, сипаттамасы, олардың организмге ену жолдары, организмде алмасуы және түрленуі, шығарылуы, организмге әсер етуі заңдылықтары, еңбек гигиенасы тәжірибесінде қолданылатын токсикологиялық эксперименттерді жүргізу мәселелері және кәсіптік уланудың алдын алу шаралары мазмұндалған. Оқу-әдістемелік құрал медициналық-профилактикалық факультет студенттеріне арналған, сонымен қатар санитарлық дәрігерлер мен токсиколог мамандардың тәжірибесінде пайдалануға болады.
КБЖ 52.84 я 7
ҚазММА жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру ОӘС жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен бекітілді және басылымға рұқсат берілді.

14 Хаттама « 21 » қыркүйек 2007 ж


© Жарылқасын Ж.Ж., 2007

Негізгі шартты қысқартулар тізімі
АІЖ – асқазан – ішек жолы

ДДҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

DL(CL)50 – орташа өлімдік доза (концентрация)

ЖТЖ – жүрек-тамыр жүйесі

ИУМК – ингаляциялық улану мүмкіндігі коэффиценті

ОНЖ – орталық нерв жүйесі

ШРЕК – шектеулі рұқсат етілген концентрация

ШҚӘД – шамамен қауіпсіз әсері деңгейі



Кіріспе
Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі

жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.

Химия мен энергетиканың, көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуы және барлық шаруашылық салалары ауқымының артуы, сонымен қатар тұрмыстық химия мен автокөліктерді кеңінен пайдалана отырып, урбанизациялану биосфераға табиғатқа жат 1 000 000-ға жуық химиялық заттардың бөлінуіне соқтырып отыр.

1977 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша 4039907 химиялық қосылыстар белгілі болды. Бірақ, 1981 жылы 5 миллионыншы химиялық зат (ол өсімдік тектес алколоид – грандирубин болды) тіркелді. Ал 1983 жылы осы тізбеге 6 миллионыншы химиялық зат енді. Сонымен, әлемде күніне мыңдаған жаңа химиялық зат пайда болады, яғни, әр 2 минут сайын бір зат. Тек ТМД елдерінің өзінде жылына 40 000 зат түзіледі.

Ал, осы тізбедегі заттардың 63 000 ғана тәжірибе жүзінде қолданылады екен (1,5%). Соның өзі ғылым мен техниканың жетістіктерін, тіршілік деңгейімізді, еліміздегі экономиканың жағдайын көрсетеді. Бұлардың қатарында пестицидтер, дәрі-дәрмектер, бояулар, тыңайтқыштар, полимерлер. Химиялық заттар синтезінің кейбір салалары аса жоғары жылдамдықпен дамиды. Мысалы, 1966 жылы шыққан «Пестицидтер бойынша анықтамада» 726 қосылыстар болса, 10 жылдан соң, бұл анықтамаға тағы 540 жаңа пестицидтерді енгізуге тура келді.

Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде қолданылатын пестицидтердің көлемі шамамен 4 есеге қысқарғанымен, олардың тізімі сол деңгейден өзгерген жоқ (100 атауға жуық бар), олардың 30%-ға жуығы хлорорганикалық пестицидтер. Ал, оның үстіне жұмыс аймағы ауасындағы пестицидтердің мөлшері ШРЕК деңгейінен 2-10 есе жоғары. Ластану деңгейі неғұрлым жоғары аймақтар – Алматы облысы (45%), Шығыс Қазақстан облысы (40%).

Неғұрлым ертерек жүргізілген токсикологиялық зерттеулер жоғары уытты, аса қауіпті заттарды, тіпті бүкіл технологиялық процестерді уыттылығы, қауіптілігі неғұрлым төмен заттармен, тиімділігі бірдей технологиялық желілермен алмастырумен байланысты орынсыз шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, өндірістік токсикология бойынша болашақ дәрігерлердің білімін және мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы өте зор және осы орайда бұл оқу-әдістемелік құралдың тигізер пайдасы ерекше болмақ.



1 Өндірістік (өнеркәсіптік) токсикология пәні,

дамуының негізгі кезеңдері
Токсикология – (грек тілінен алынған: toxikon - у және logos – оқыту деген мағына береді) – сыртқы ортаның, химиялық факторларының ағзаға зиянды әсерлерінің заңдылықтары жайындағы ғылым. Оның қазіргі кездегі жіктелуі 1-ші суретте келтірілген.


Сурет 1 - Қазіргі токсикологияның құрылымы


Өнеркәсіптік токсикология - өнеркәсіптік улардың ағзаға зиянды әсерлері заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Заманымызға сай токсикологияны шартты түрде, бір-бірімен тікелей байланысты екі үлкен тарауға бөлуге болады: 1) токсикометрия; 2) интоксикация патогенезі.



Токсикометрия – яғни, «уыттылық әсерді өлшеу» алғаш рет 1930-шы жылдары Н.С.Правдин ұсынды және ол уларға сандық сипаттама береді.

Токсикометрияның алдына қоятын тікелей мақсаттары: гигиеналық сараптау, шикізаттар мен өнімдерді гигиеналық стандарттау, сыртқы ортадағы зиянды заттар көлемін шектеу (ШРЕК және т.б.).



Интоксикация патогенезі – организмде удың сіңірілуін, таралуын, метаболизмін, организмнен шығарылуын зерттейді. Сонымен қатар, уланудың биохимиялық және биофизикалық механизмдерін, патологиясын, патоморфологиясын, иммунологиясын зерттейді. Интоксикация патогенезі бойынша зерттеулер денсаулық сақтау тәжірибесінде диагностика және терапия әдістерін әзірлеуде қолданылады.

Өнеркәсіптік токсикологияның дамуы тамырын тереңнен Гиппократ (біздің дәуірге дейін 460-377 жыл), Гален (б.д.д. мөлшермен 130-200 жыл) одан кейін Парацельс (1493-1541), Рамацини (1633-1714) дәуірінен бастайды және ол өндірістік маңызды заттардың адам организміне зиянды әсерлері жайындағы ілімдердің дамуымен тікелей қатысты.

Өткен ғасырдың екінші жартысында және біздің ғасырдың басында өнеркәсіптік зиянды заттардың әсерін эксперименттік жануарларды зерттеу басталды. Россияда бұл істі бастаушы Е.В. Пеликан (1824-1884, 1854) болды.

20-30-шы жылдарда бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде: Гендерсон және Хаггард (1930); Штаркенштейн, Поль (1929); Н.С. Правдин (1934) және Н.В. Лазеревтердің өздерінің және аударма жұмыстары басылған монографиялар мен оқулықтары шыға бастады.

Біздің елімізде өнеркәсіптік токсикологияның ірге тасын ғылым ретінде қалаушылар болып Н.В. Лазарев (1895-1973) және Н.С. Правдин (1882-1954) саналады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының жұмысшылар денсаулығына зиянсыз дамуына толықтай мүмкіндіктер жасалынды. Бұл профилактикалық шаралардың орындалуын дамытып қадағалаудың жетістіктері деп айта аламыз. Өнеркәсіптік токсикологияның мақсаты мен міндеттері көрсетілген (1938) Н.В. Лазаревтің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығы» әлі күнге дейін қолданылуда. Ал «Электролиттер еместер» кітабы (1944) органикалық заттарды биологиялық, химиялық, физикалық жүйеге келтірген алғашқы ғылыми туынды. Н.С.Правдин гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздерін, химиялық заттарды токсикологиялық бағалау әдістерін әзірлеп, одан әрі жетілдіруге ерекше көңіл бөлді.

Профилактикалық пәндер арасында өнеркәсіптік токсикология алғашқы орындардың бірін алады, өйткені, химиялық заттың организмге әсерін алдын ала зерттеп, болжап жұмысшыларға зиянсыз еңбек жағдайын ұйымдастыруға мүмкіндік бере алады.

Қазіргі кездегі санитарлық заңнамалар талаптарына сәйкес бірде бір химиялық зат немесе қоспа алдын ала токсикологиялық зерттеулерден өтіп, бағасы берілмей өндіруге және өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етілмейді.
2 Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері


  1. Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу - ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент – бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады.

  2. Өндірістік жағдайларда организмге бірнеше химиялық және физикалық факторлардың әсер етуі – қосарланып әсер ету орын алады. Осыған байланысты өнеркәсіптік токсикологияның келесі міндеті туындайды ол: өндірістік ортаның бірнеше факторларының сонымен қатар бірнеше уытты заттардың организмге қосар әсерін реттеу.

  3. Удың әсер ету механизмін, интоксикация патогенезін, удың организмге сіңірілуін (түсуін), таралуын, өзгерістерге ұшырауын және организмнен шығарылуын токсикологиялық зерттеу. Бұл мамандарды медициналық тексерулерді дұрыс жүргізіп, интоксикация белгілерін ерте анықтауға, емдеу және профилактикалық шараларды тиімді де сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  4. Өнеркәсіптік заттардың әртүрлі мүшелер мен жүйелерге тигізетін арнайы әсерлерін зерттеу. Мұндай арнайы әсерлерге сенсибилизациялық (Ni,Cr,Be), бластомогендік әсерлер және ұрпақ көбейту қызметіне әсер ету жатады. Соңғысына гонадотропты және мутагенді әсерлер кіреді.

  5. Кешенді әсерлердің теориялық мәселелерін шешіп, тәжірибе жүзінде, адамға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақыттарда әсерін тигізетін, қоршаған ортадағы зиянды заттардың шектеулі көлемін гигиеналық реттеуді енгізу.

  6. Өнеркәсіптік токсикологияда әр түрдің уларға сезімталдығы айырмашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан, эксперимент жүзінде алынған нәтижелерді адамдарға бейімдеу, яғни экстраполяцияның ғылыми негіздерін әзірлеу аса маңызды мәселе болып табылады.

Адам организмінің әртүрлі химиялық агенттер әсеріне реакциясы, жануарларға жасалған эксперименттерден алынған көрсеткіштерден сапалық, күш жағынан айырмашылықта болуы мүмкін. Заттардың уыттылық көрсеткіштері тек қана удың қасиетіне байланысты емес. Сонымен қатар адамдардың жыныстық ерекшеліктеріне және жеке бас сезімталдығына байланысты. Сонымен қатар уға сезімталдықтың түрлік ерешеліктерінің маңызы өте зор.

Химиялық заттардың эмбриотроптық, мутагендік және концерагендік әсерлерін адамдарға экстраполяциялау ең аз зерттелген сұрақ болып қалуда. Сондықтан ШРЕК жануарларға жасалған эксперименталды зерттеулер негізінде бекітілген. ШРЕК екі кезеңде анықталып бекітіледі. Бірінші кезең лабораторияда жануарларға эксперимент өткізу – клиникалық – гигиеналық кезең. Екінші кезең өндірістегі жұмысшылар мен олардың ұрпақтарының денсаулық көрсеткіштерін еңбек жағдайымен, демек жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар концентрацияларынын әсерімен байланыстылығын анықтау.

Өнеркәсіптік токсикология алдындағы практикалық тапсырмалардың шешілуі теориялық зерттеулердің кеңейтілуін, бар деректерді тұжырымдауды, жасалынатын эксперименттерді жеңіл тұжырымдалатын және жасалынған қортындыларды тексере алу мүмкіндігін тудыратындай формада өткізуді талап етеді.

Теориялық сұрақтардың ішінен химиялық зиянды факторларға икемделу процесін әрі қарай зерттеу мен кумуляция мен икемделу (адаптация) арасындағы қатынас сұрақтары ерекше орын алады. Өнеркәсіптік органикалық заттардың физико-химиялық қасиеттері мен олардың уыттылығы арасындағы байланыстарды анықтау да өнеркәсіптік токсикологияның алдындағы маңызды сұрақ болып табылады. Химиялық заттардың организмге түсуі мен шығарылуын анықтайтын негізгі заңдылықтар айқындалады. Алынған теориялық деректер жаңа заттардың уыттылығын болжаудың және токсикологиялық баға беруді тездететін есептеу әдістерін ойластырудың ғылыми негізі болып септігін тигізді.

Токсикологиялық баға беруді тездететін есептеу әдістері эксперименттерді қою көлемін шектеуді және шамамен қауіпсіз әсері деңгейін (ШҚӘД) болжайды.

Сонымен, өнеркәсіптік токсикология, физиология, биохимия, кәсіптік патология, онкология, иммунология, генетика, химия, математика сияқты көптеген ғылымдар саласынан білім мен зерттеу әдістерін игеруді талап ететін көптеген проблемелардың шешімін табады. Аталған ғылымдар төңірегінде методикалық тәсілдерді жетілдіру өнеркәсіптік токсикологияны байыта отырып, удың мүшелік, жүйелік, клеткалық, субклеткалық дәне молекулалық деңгейдегі күрделі механизмдерін айқындауға мүмкіндік тудырады.


3 Өнеркәсіптік токсикология әдістері
Заттардың ағзаға ықпалынан 2 түрлі: арнайы және жалпы уытты әсерлер айқындалады.

Оларды анықтау үшін қолданылатын әдістер де шартты түрде арнайы және арнайы емес деп 2-ге бөлінеді. Арнайы түрі өнеркәсіптік токсикологияда интегралды деген атауға ие болды.

Интегралдық көрсеткіштерге мысал ретінде орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайын келтіруге болады. Тура және кері байланыстары бола отырып, орталық нерв жүйесі организмнің қандай нүктесіне болмасын және қандай фактор әсер етпесін (егер аталған фактордың күші жеткілікті болса) оған міндетті түрде функционалдық күйін өзгерту арқылы реакция береді.

Интегралды көрсеткіштер қатарына: шартты рефлекстер әдісін, орталық нерв жүйесінің шектік импульстарды жинақтау (суммация) қабілетін, яғни суммациялық шектік көрсеткішті (СШК) анықтауды, бұлшық ет күші мен оттегін тұтыну көлемін өлшеу әдістері мен жануарлардың дене салмағы, денесінің температурасы, т.б. деректерді жатқызуға болады.

Бұлардың қатарына организмге өте жоғары талаптар қоя отырып, организмдегі жасырын өзгерістерді айқындауға мүмкіндік беретін, функционалдық сынамаларды жатқызуға болады.

Бұл сынамалардың ішінде: жануарлардың жүзу ұзақтығы, центрифугаларда қысқа уақыт айналдырғаннан кейін тышқандардың түзу сызықта жүруінің қалпына келуі, т.б. кеңінен қолданылады.

Арнайы әдістер белгілі бір қоспаларға немесе қоспалар класына тән зиянды әсерлерді айқындауға бағытталады. Мысалы: холинэстеразалар белсенділігін әлсірету фосфорорганикалық қоспаларға, т.б. тән.

Өнеркәсіптік токсикологияда қолданылатын барлық әдістерді шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады.



І. Физиологиялық әдістер.

  1. ОНЖ-нің, вегетативтік, ми–жұлын жүйелерінің функционалдық күйін зерттеу. Бұған электрлік энцефалография, миы қабықшасының шектік импульстарды жинақтау қабілеттілігін анықтау сияқты зерттеулер жатады.

  2. Организмге жоғары дәрежедегі талаптар қоятын (оттегінің жетіспеушілігі, қан шығару) әдістер.

  3. Жануарлардың жұмысқа қабілеттілігін су құйылған астауларда жүздіру арқылы зерттеу, жануарлардың қимыл белсенділігін зерттеу.

  4. Функционалдық сынамалар (минутына 800 айналым жылдамдықпен 10 сек. аралығында арнайы құрылғыда айналдыру).

ІІ. Биохимиялық әдістер.

  1. Белоктар, көмірсулар, майлар, минералды заттар және витаминдер алмасуларын зерттеу.

  2. Ферменттердің белсенділігін бағалау

  3. Функционалдық сынамалар, мысалы: глюкоза енгізу арқылы көмірсулар алмасуларының төзімділігін зерттеу.

  4. Изотоптық әдістер.

ІІІ. Арнайы зерттеу әдістері.

  1. Лабораториялық аталық және аналық жануарлардың ұрпақ тарату өнімділігін сандық зерттеу әдістері.

  2. Жаңа химиялық заттардың бластомогендігін зерттеу.

  3. Химиялық заттардың сенсибилизациялық қасиетін зерттеу.

  4. Иммундық биологиялық тесттер.

ІV. Патоморфологиялық әдістер.

  1. Гистологиялық

  2. Гистохимиялық

V. Математикалық-статистикалық әдістер.

VI. Жануарларды уландыру әдістері:

1.Ингаляциялық

2.Асқазанға енгізу

3.Теріге егу

4.Іш қуысына егу

5.Трахеяға енгізу

Экспериментте неғұрлым жиі қолданылатын жануарлар қатарына тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар жатады.
4 Өндірістік улар. Жіктелінуі

Өнеркәсіптерде қолданылатын химиялық заттардың басым бөлігі организмге зиянды әсерлерін тигізеді. Жұмыс кезінде ауаға бөліну арқылы немесе жұмыс сәтінде тікелей жанасудың барысында бұл заттар адам денсаулығына, өміріне белгілі бір қауіптер туғызады. Химиялық заттардың организмге тигізетін бұл жағымсыз әсерлері уытты қасиеттер деп аталып, ал осындай қасиеттері бар өнеркәсіптерде қолданылатын немесе өндірілетін заттар өнеркәсіптік улар деген атқа ие болады.



Зиянды заттардың бөліну көздері мен себептері. Зиянды заттар өнеркәсіптерде пайдаланатын шикізат материалдары, алынатын өнімі, қосымша немесе аралық өнімдері болып табылады. Олар 3 түрлі күйде болады: қатты, сұйық және газ тәріздес. Сондықтан бұл заттардан шаң, бу, газ күйіндегі түзілістері қоршаған ортаны, беткейлерді, ал тікелей жанасқанда жұмысшылардың терілерін ластауы мүмкін.

Уытты шаңдардың түзілу себептері қарапайым шаңдардың түзілуімен бірдей. Олар уату, жағу, булану сәттерінде түзіліп, жұмыс орнының ауасына әртүрлі тесіктер, шаңдататын қондырғылардың саңлаулары арқылы немесе шаңды заттарды ашық түрде тиеу, тасымалдау, түсіру нәтижесінде бөлінеді.

Уытты сұйық заттар көбінесе тығыздалмаған аппаратуралардан, коммуникациялардан бөлінеді. Сұйық заттарды ашық түрде бір ыдыстан бір ыдысқа құю олардың шашырау, төгілуіне соқтырады. Бұл уытты сұйық заттар буланатын беттер көлемінің ұлғаюына соқтырады. Бұл, ауаның тез арада зиянды заттардың буымен ластануына әкеп соқтырады. Демек, ауада бұл заттардың жоғары концентрациясының түзілуіне жағдай тудырады. Шашыраған уытты сұйық заттар жұмысшылардың терісіне тиіп тікелей әсерін тигізуі мүмкін.

Сұйық заттардың аппаратуралардан, коммуникациялардан, құбыр-лардан бөлінуінің жиі болатын себептері уытты заттардың құбырларды, резеңке тығыздағыштарды, резеңке қоспаларды шірітіп тесуі, металдарды коррозияға ұшыратуы, крандардың толық бұралып жабылмауы, т.б.

Жабық ыдыстардан булардың бөлінуі, ондағы процестердің өту барысын бақылау үшін, немесе ондағы заттардың араластыру, қосымша металдарды салу, сынамалар алу үшін жаппаларды ашқан кезде бөлінеді.

Зиянды заттардың қоршаған ортаға бөлінуі көбінесе, улы заттармен байланысты, әртүрлі жабдықтарды, коммуникацияларды ашып жөндеу мен бөлшектеп құрастыру сәттерінде болады.



Өнеркәсіптік улардың жіктелуі. Токсикометрияның маңызды параметрі химиялық қоспаның уыттылығы. Улар жайындағы анықтамалардың тарихы Н.С. Правдиннің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығында» көрсетілген. Онда Орфил, Левик, Торкенштейн анықтамалары берілген. Мысалы: «У»- аз ғана мөлшерде тірі организмдермен жанаса, денсаулығын бұзып, өмірді қиятын зат (Орфил, ХІХғ. басы).

Удың көптеген анықтамалары бар. Соның ішінде шындыққа жанасатын И.В.Саноцкийдің берген анықтамасы болып саналады: «У» - организмнің туа немесе жүре пайда болған қасиеттеріне сәйкес келмейтін мөлшерде түсетін, тіршілік ету ортасының химиялық компоненті, сондықтан ол өмір сүруге сай емес». Осыдан «кәсіптік улар» деп адамның еңбек процесінде бастапқы, аралық, қосымша немесе дайын өнім түрінде кездесетін газдар, булар немесе сұйықтар, сонымен қатар шаң, түтін, тұман күйіндегі еңбек гигиенасы және техника қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамаған жағдайда жұмысшылар организміне зиянды әрекетін тигізетін химиялық заттар. «Жоғарыда айтылғандай гигиеналық көзқарас тұрғысынан дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек жағдайында және алдын ала қорғаныс шараларын қолданбаған жағдайларда өндірістік улардың кәсіптік улануларды тудыратыны белгілі болды. Туындау және даму сипаттарына қарай кәсіптік улану жедел және созылмалы деп бөлінеді.



Жедел улану удың организмге қысқа уақыт (бір ауысымда) арасында айтарлықтай көп мөлшерде әсер ету салдарынан болады. Бұл уланулардың клиникалық симптомдары өте айқын байқалады. Қазіргі уақытта жедел уланулар өте сирек кездеседі.

Созылмалы улану удың организмге аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт аралығында (көбінесе жұмыс аймағындағы ауадағы ШРЕК сәл мағынаға алуынан) әсер етуінен болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) есебі бойынша дамыған елдерде улану келеңсіз жағдайлардан өлу себептері ішінде екінші және үшінші орынға шығып отыр. Сондықтан әр түрлі заттардың уыттық қасиеттері жайындағы сұрақтардың тек қана токсикологтар үшін ғана емес, сонымен қатар зиянды заттармен өндірісте, тұрмыстық жағдайларда қатынаста болатын тұрғындар үшін де маңызы зор. Химиялық заттарды гигиеналық нормалау мәселесі ғана емес, сонымен қатар, олардың қауіптілік дәрежесін көрсетіп таңбалау мәселесінің жиі көтерілетіні де содан болар. Бұл сұрақтың шешілу мәселесі, өнеркәсіптік және басқа да заттарды уыттылы-ғына байланысты жіктеу сұрақтарының шешілуімен қатар жүру керек.

Қазіргі уақытта уытты заттардың біраз жіктелулері белгілі. Олардың негізінде әртүрлі принциптер жатады. Мысалы, пайдалану бағыты, қолдану жағдайы, улану патогенезі, физикалық-химиялық қасиеттері, химиялық құрылымы және уыттылығы. Аталған жіктелулердің әр қайсысының пайдалану салаларында белгілі бір теориялық және практикалық маңызы бар.

Қазіргі уақытта халық шаруашылығында қолданатын химиялық заттар санының қыруар көптігі, олардың биохимиялық әсерлерінің сипатының сан алуандығы, ал заттардың белгілі бір белгілері мен қасиеттері және олардың биологиялық әсерлері арасындағы байланыстарды қанағаттанарлықтай айқындайтын жалғыз принциптің туу мүмкін деген ойға сенімсіздікпен қаратып отыр. Бұл өнеркәсіптік токсикологияның барлық талаптарына жауап бере алатын заттардың толық жіктелуін жасауға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан токсиколог ең бірініші барлық химиялық заттардың органикалық, органикалық емес және элемент-органикалық болып бөлінуін қарастыратын химиялық жүйені пайдаланады. Заттардың класы мен топтары қабылданған химиялық номенклатураға сүйене анықталады.

Өнеркәсіптік заттарды олардың қасиеті мен биологиялық әсері бойынша жіктеудің олардың организмге әсер ету механизімін түсіну жағынан да және олар тудыратын зақымдарға қолданылатын профилактикалық емдеу принциптерін әзірлеу жағынан да маңызы зор. Осы тұрғыдан, емдеуші дәрігер үшін өнеркәсіптік уларды организмге тигізетін әсерінің сипаты бойынша жіктеуді пайдалану өте тиімді.

Токсикологиялық жіктеулердің алғашқыларының бірі 1893 жылы пайда болды. Онда заттар организмде тудырған патологиялық өзгерістерінің сипатына қарай бөлінген. Аталған жіктелу қазіргі уақытқа дейін белгілі бір дәрежеде өз маңызын жоғалтқан жоқ. Одан кейін бұндай жіктеуді құруды, әскери токсикологияда өз жұмыстарында В.И. Глинчиков (1929), П.С. Сахаровтар (1937) қарастырды. Аталған жіктеулер заттардың химиялық құрамының негізінде құрастырылады. Бұл жіктеулердің кемшілігі, бір топқа химиялық құрылыстары әр түрлі және тигізетін әсерлері де бөлек заттардың жиі кіруінде болды. Сонымен қатар бұл жіктеулердің тағы бір кемшілігі заттардың организммен әр түрлі өзара әсерлері және әртүрлі радикалдарды енгізгендегі заттардың қасиеттерінің өзгеретінің ескерілмеуінде.

Н.П. Кравков атап көрсеткендей, толықтай заттардың химиялық қасиеттеріне негізделген жіктеу қанағаттанарлықтай дәл саналуы мүмкін емес, өйткені химиялық құрамы жағынан өте жақын заттар әр түрлі әсерлерін тигізуі мүмкін және керісінше, химиялық жағынан өз ара ешқандай ұқсастығы жоқ заттар бірдей әсерлерін тигізуі мүмкін.

Әсері сапасы жағынан, дәрігер үшін ең тиімді Гендерсон мен Хаггар-дтың барлық ұшқынды заттардың төрт топқа бөліп қарастыратын жіктеуі.

І. Тұншықтырғыштар:

а) қарапайым тұншықтырғыштар, олардың әсері организмге енетін ауа құрамынан оттегін ығыстыру (азот, сутегі, гелий).

б) химиялық әсер етуші тұншықтырғыштар организмге ауамен оттегі жеткілікті мөлшерде түскенімен қандағы және тіндердегі газ алмасуы бұзылады (көміртегі тотығы, синильді қышқыл).

ІІ. Тітіркендіргіштер: - тыныс алу жолдарымен тікелей өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіреді, бұл асқыну реакцияларының дамуына септігін тигізеді (аммиак, қостотықты азот, күкіртті газ т.б.)

ІІІ. Ұшқын есірткілер және оларға туыс заттар: қанға түскеннен кейін әсер етеді. Жедел әсерлерінен наркоз тудыра отырып, нерв жүйелеріне тигізеді. Физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық әсерлеріне сүйене отырып авторлар бұл топты 5 топшаға бөледі:



  1. Айқын зардабы жоқ есіртпе заттар (азот закисі, майлы қатардың көмірсутектері, эфирлер).

  2. Зиянды әсерін ең алдымен ішкі органдарға тигізетін заттар (галогенді туындылар, майлы қатардың көмірсутектері).

  3. Ең алдымен қантүзуші органдарға әсерлері бар заттар (хош иісті көмірсулар).

  4. Нерв жүйелеріне тигізетін әсерлері басым заттар (алкоголдер, майлы қатардың күкіртті қоспалары).

  5. Қанға және қан айналымына әсері басым азоттық органикалық қоспалар (анилин, нитробензол).

ІV. Органикалық емес және металорганикалық қоспалар.

Бұл топқа жоғарыда аталған топтарға енбеген және әртүрлі әсерлері бар заттар жатады, (сынап, қорғасын, фосфор, металорганикалық қоспалар, мышьяк және фосфорлы сутегі т.б.). Белгілі бір жақтарынан бұл заттар протоплазмалық уларға жатуы мүмкін.

Осы авторлар барлық заттарды тағы байланысатын және байланыспайтын деп бөлді.


    1. Байланысатын заттар – бұлар, биохимиялық реакцияларға түсіп организмде өзгерістерге ұшырайтын заттар. Аталған заттардың уыттық қасиеті қоспалардың өзіне, немесе олардың өзгеруінің барысында өнімдерге байланысты болуы мүмкін. Мысал ретінде бензолды келтіруге болады.

Бензолмен қан түзу жүйесінің зақымдануы оның өзгеру барысындағы өнімнің әсеріне байланысты (фенол, пирокатехин, гидрохинон).

    1. Байланыспайтын заттар организмде айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды: олар биохимиялық реакцияларға түспестен әсер етеді. Организмнен көбінесе, адсорбцияланған кезінде қандай формада болса, сондай формада өзгеріссіз шығарылады. Бұл кластың ең лайық мүшесі – майлы қатардың көмірсутектері.

Н.В. Лазарев ұсынған заттардың биологиялық – физикалық-химиялық жіктеуі электролиттер еместердің жүйесі түрінде.

Биологиялық әсердің, заттың физикалық-химиялық қасиетімен өзара байланысы (көбінесе липофильдігі) Н.В. Лазарев ұсынған жүйенің теориялық негізі болып табылады.

Бұнымен қатар 1956 жылы Н.В. Лазарев заттың құрылымы, химиялық белсенділігі және физикалық-химиялық константаларының олардың қасиеттері мен биологиялық белсенділіктері мен өзара байланыстылығын куәландырылатын айқын схеманы жариялайды.

Соңғы жылдары токсикологияда да, фармакологияда да улардың ферменттік жүйелерімен өзара әсерлесуі сипаты бойынша құрылған биохимиялық жіктеу маңызды болып келеді. Бұл жіктеулерде у әсерлерінің биохимиялық механизімдері жайындағы білімнің жеткіліксіздігінен кеңінен қолданылмай жүр.

Әр түрлі мүшелер мен жүйелерді зақымдануына байланысты өнеркәсіптік заттар нефротропты, гепатотропты, нефроуытты, кардиоуытты, қан улары деп бөлінеді.

Арнайы әсерлері бойынша заттар аллергендер, тератогендер, мутагендер, супермутагендер, канцерогендер болып бөлінеді.

Л.Д. Шабад жіктеуі бойынша концерогендік белсенділіктері бойынша өнеркәсіптік заттар күшті, орташа және әлсіз канцерогендер болып бөлінеді. Химиялық заттардың канцерогендік белсінділігінің дәрежесі өте үлкен диапазонда өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл 1968 жылы И. Шабадқа төменде аталған жіктеуді ұсынуға мүмкіндік тудырады.


  1. Шартсыз канцерогендер: бетанафтиламин, бензидин. 4-аминодифенил. 3,4-бензипирен. Аталған төрт химиялық заттың бластомогенді белсенділігі адамдарда кәсіптік рактың кездесуімен дәлелденіп отыр.

  2. Күшті канцерогендер: бұларға қысқа уақыт аралығында, сынаққа алынған жануарлардың 80-100%-де қатерлі ісік тудыратын бірнеше ондаған химиялық заттар жатады. Мұндай канцерогендердің санына көмірсутектер өкілдері, аминоқоспалар, флуорендер, нитрозаминдер, афлотоксиндер кіреді. Бірақ, бұлардың адамдарға тигізетін экологиялық ықпалдары дәлелденбегенін мойындау керек.

  3. Әлсіз канцерогендер – бұл топқа, жаңа туындыларды, ұзақ уақытта сынаққа алынған жануарлардың тек 20-30%-де ғана тудыратын заттар жатады. Оларға көптеген заттарды жатқызуға болады, мысалы: үшхлорциклогексан және оның нитраты.

  4. Күдікті канцерогендер тобы – бұл топқа бластомогендігі дау тудыратын және жеткілікті түрде сенімді емес заттар кіреді.

Жоғарыда аталған жіктеулердің барлығын қолдануға әбден болады, бірақ оларды әлі толық зерттелмеген заттар мен қоспалармен қатысы бар өнеркәсіптік токсикология саласында қолдану өте қиын.

Сондықтан, заттардың орнын көбінесе уыттылық әсерінің сипатын ескеретін жоғарыда аталған жіктеулерден табу ақпараттардың жетіспеушілігіне байланысты қиынға түседі, немесе тіптен мүмкін емес деген ой тудырады.

Міне, бұлар өнеркәсіптік токсикологияда заттардың уыттылық разрядтары және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеуге ( 1 кесте) үлкен мән беруге себеп болды. Дәл осындай ақпараттар (абсолюттік уыттың разряды, қауіптілік дәрежесі) жаңа химиялық заттарды бірінші тексеру жұмыстарынан кейін-ақ белгілі болады, ал керісінше жүйелік немесе арнайы әсер сипаттары көп жағдайларда белгісіз болып қала береді.

Кесте 1


Зиянды заттардың сипатталатын критерийлер шамасына

байланысты қауіп кластары.



Критерийлер

Қауіп класы

1

2

3

4

Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК, мг/м3

0,1 төмен

0,1-1,0

1,1-10,0

10,0

жоғары


Асқазғанға енгізген кезде орташа өлім дозасы, мг/м3

15 төмен

15-150

151-5000

5000

жоғары


Терімен жанасқанда орташа өлім дозасы, мг/м3

100 төмен

100-500

501-2500

2500

жоғары


Ауа құрамындағы орташа өлім концентрациясы, мг/м3

500 төмен

500-5000

5001-50000

50000

жоғары


ИУМК (КВИО)

300 жоғары

500-30

29-3

3 төмен

Жедел әсер аймағы

6,0 төмен

6,0-18,0

18,1-54,0

54,0 жоғары

Созылмалы әсер аймағы

10,0 жоғары

10,0-5,0

4,9-2,5

2,5 төмен

И.В. Саноцкий жоғары уытты фосфорорганикалық қоспаларға қарағандағы әр түрлі заттардың салыстырмалы ингаляциялық уыттылығының ерекше графикалық жүйесін құрды.

Гигиеналық нормалау және профилактикалық шаралар бойынша токсикологиялық зерттеулер жүргізу үшін ең тиімді жіктеуді С.Д. Заугольников серіктестерімен бірігіп ұсынды.

Химиялық заттардың уыттылық тиімділігінің сандық мінездемесі негізі болып саналатын өнеркәсіптік улардың бірнеше жіктеулері бар. (токсикометрия параметрлері, И.П. Уланова, С.Д. Заугольников және басқалар). Бұл жіктеулерге тәжірибелік сабақтарда кеңінен талқыланады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазіргі уақытта токсикологияның (көбінесе, арнайы әсерді) және гигиенаның (қорғану және алдын алу шаралары) барлық талаптарын қамтитын түбегейлі бір жіктеу жоқ.

5 Өндірістік улардың организмге әсері
Қандай да болмасын зиянды заттың тигізетін әсеріне организмнің қайтаратын жауабын организм мен у арасындағы өзара қатынастың нәтижесі деп қарастыру керек.

Өнеркәсіптік улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, дистрофиялық өзгерістер, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады.

Организмде әр түрлі патологиялық процестердің дамуы көбінесе эндогенді және экзогенді химиялық заттар арасындағы бәсекелік қатынастарға байланысты.

Экзогенді заттарды алмастыра немесе оларды табиғи қоспалар құрамынан ығыстыра отырып, бәсекелес экзогенді заттар биохимиялық реакциялардың қалыпты жүруін бұзады. Бұл жағдай клеткалар, тіндер, мүшелер мен бүтіндей организмнің құрылымдары мен қызметіне міндетті түрде әсерін тигізеді.

Мұндай өзара қатынастар өнеркәсіптік улардың тек жергілікті әсерінен ғана емес сонымен қатар, олардың организмнің ішкі ортасына түсуі нәтижесінде де байқалады.

Химиялық заттардың әсеріне организмның қайтаратын патологиялық реакциясының ең көп тараған және жақсы белгілі түрі қабыну процесі.

Қабыну процестерінің қарқындылығы химиялық заттардың активтілігі мен қоспалардың физикалық-химиялық қасиетіне және басқа да факторларға тәуелді болады.

Аталған факторларға байланысты қабыну процесі кезінде альтерация, экссудация немесе пролиферация сияқты оның компоненттерінің бірі болмаса, бірі айқын байқалады.

Суда және майларда жақсы еритін, реакция түсу қабілеті айқын заттар (күшті қышқылдар, тотықтар, ауыр металдардың тұздары, хлор) тікелей жанасу нүктелеріне демек теріге, көздің кілегей қабығына, жоғарғы тыныс алу жолдарына, ас қорыту жолдарына әсерін тигізеді.

Көптеген жоғары активті химиялық агенттер тіндерде альтеративті – некрозды өзгерістері басым жедел қабыну процесін тудырады. Тері мен көздің қабығының некрозы фенол, нафтол, әк, кальций карбиді сияқты жоғарғы тітіркендіргіш қасиеті бар өнеркәсіптік улардың әсерінен болады. Хром және никель тұздары мұрын мен мұрын қуысы іргелерінің қабықтарын едәуір жарақаттайды.

Қабыну процестері зиянды заттардың тіндерге тікелей әсерінен ғана болмай, олардың тіндерде орналасқан рецепторларға, оның ішінде тамыр жүйелерінің хеморецепторларына рефлекторлық әсерінің салдарынан дамитынын ескерген жөн.

Мысалы: қорғасын, кобальт, мырыш, никель, мыс сияқты бірқатар металдардың ауада тез тотығатын буларымен демалған кезде, дене температурасының тез көтерілуіне соқтыратын қарапайым жұқпалы емес қызбаны байқауға болады («құйғыштар лихорадкасы»).

«Құйғыштар лихорадкасының» механизмі металл қышқылдарының жоғары дисперсиялық буларының тыныс алу жолдарына тереңдеп түсіп, ондағы тін белоктарын жеңіл денатурациялауымен түсіндіріледі.

«Құйғыштар лихорадкасы» организмге феналин, бетатетрагидро-наф-тиламин немесе фенилгидразин сияқты ОНЖ-нің және термореттеу орталық-тарының тікелей бұзылуын тудыратын химиялық заттардың түсуінен болуы мүмкін.

Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді. Соңғы жағдайда удың таңдаулы әсер етуі немесе тиімді әсері жайында айтып отырмыз.

Таңдаулы әсер ету – удың әртүрлі қасиеттеріне байланысты. Мысалы: майда, липоидтарда ерігіштігінің әртүрлі болуында.

Бір удың түсу жолдарына, дозасына, организмнің күйіне байланысты әртүрлі таңдаулы әсерлері болуы мүмкін.

Олардың мүшелерге немесе мүшелер жүйесіне таңдаулы әсері әртүрлі кәсіптік интоксикациялардың өздеріне тән клиникалық өзгерістердің сипатын анықтайды.

Интоксикацияның қандай түрі болмасын, орталық нерв жүйесінің қызметіне, оның жоғары бөлімі – ми қабығына міндетті түрде әсерін тигізеді. Оған қарамастан, көптеген химиялық заттар ішінен ОНЖ-не таңдаулы әсерін тигізетін агенттер тобын бөліп алуға болады.

Орталық нерв жүйесіне тигізетін бірнеше дүркін әсерлерінің бағытына байланысты уларды 4 түрге бөлуге болады:



  1. Арнайы емес (электролиттік емес, есіртпелі) әсер. Көптеген органикалық ерітінділердің есіртпе әсерлері олардың нерв клеткаларына жеңіл еніп, парабиоз тудыру мүмкіндігіне байланысты.

  2. Нерв клеткаларын арнайы зақымдау. Бұл удың биологиялық субстрат-пен өзара химиялық қатынасқа түсуіне негізделген (күкіртті көміртегі, қорғасын, тетраэтилқорғасын, сынап, фторацетат, метил спирті).

  3. Медиаторлық (немесе ацетилхолиндік) алмасуды арнайы бөгеу. Бұл фосфор қоспаларымен, оның ішінде негізінен фосфорорганикалық қоспалармен нейроинтоксикациясына негізделген.

  4. Жергілікті немесе жалпы қан айналымының бұзылуымен немесе ги-поксия күйімен байланысты екінші дүркін әсер. Нерв тіндеріне тасы-малданатын оттегінің азаюын тудырып, өкпедегі газ алмасуды бұза-тын улар. Оларға тұншықтырғыш, тітіркендіргіш әсерлі улар жатады.

Көптеген нейротропты улардың қайталанған әсеріне организмнің негізгі реакциясы ретінде вегетативті – тамырлы дистонияны атаймыз. Интоксикацияның бастапқы кезеңдерінде ол вегетативтік жүйенің, көбінесе симпатикалық бөлігінің қозғыштығының жоғарлауын куәлайтын симптом ретінде айқындалады; қан тамыры соғысының тұрақсыздығы, қызыл демографизм, қалқанша безінің гиперфункциясы. Уларды ұзақ уақыт әсер ету кезіндегі астеновегативтік синдромға қажығыштық, ұйқышылдық тән. Уланудың бұдан да айқын түрлерінде астено-органикалық синдром мен энцефалопатия дамиды. Бұларға: мидың діңгекті бөлімдерінің, оптиковестибулярлық кешенінің зақымдануы, бас ауруы, эмоционалдық тұрақсыздық сияқты өзгерістер тән.

Нейрогуморальды вегетативті – қан тамырлары қызметтерін реттеу механизімдерінің координациясының, эндокриндік және алмасу процестерінің бұзылуымен жалғасатын аралық мидың зақымдануы тетраэтилқорғасынмен, сынаппен, хлорланған көмірсутегімен, бензолмен, цианидпен ауыр улану себебінен туады. Ал марганецпен, күкіртті сутекпен, көміртегі тотығымен уланған кезде экстрапирамидалық синдром дамып, паркинсон сырқаты пайда болады.

Қорғасын, мыс, бромэтил, мышьяк, талимен уланған кезде невриттер мен полиневриттер байқалады, нервтер бойында ауыру сезініп сал және жартылай салдану туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет