Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Өкпелік (пульмоналды) реабилитация



бет4/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#191773
1   2   3   4   5

4. Өкпелік (пульмоналды) реабилитация

Заманауи ұсыныстарға сәйкес, өкпелік реабилитация ентігумен жүретін ауруды анықтауда негізгі орын алады. Еуропалық Респираторлық Ұйымның анықтамасы бойынша, өкпелік реабилитация, жүйелі түрде қолданылатын терапияның және диагностиканың ғылыми негізделген әдістеріне, созылмалы өкпе ауруымен ауыратын науқастардың өмір сапасына және оптималды функционалды жағдайға жеткізуге бағытталған үрдіс. Өкпелік реабилитацияның дәлелденген бір нәтижесі, ентігудің төмендеуі жатады (дәлелденген А деңгейі). Өкпелік реабилитацияны амбулаторлық және стационарлық жағдайда қолдану қажет.

Өкпелік реабилитацияның мультидисциплинарлы көзқарасы, көптеген маман дәрігерлерге (пульмонологтарға, физиотерапевттерге, медбикелерге) науқастың жағдайын қадағалауда және тәжірибеде оларға әртүрлі көмек көрсету: фармакотерапия, тыныс алу моделін өзгерту, физикалық жаттығу, психо-әлеуметтік қолдау, рационалды тамақтану, білім беру бағдарламасын қолдануға мүмкіндік туғызады

Білім беру бағдарламасы: өкпелік реабилитация, ентігу синдромы бар науқастарға негізгі көмек болып табылады. Бұл науқастардағы оптималды фармокологиялық терапия кезінде де, білім беру бағдарламасы ентігуді және басқа да симптомдарды төмендетеді. Білім беру бағдарламасының, максималды оптималды газ алмасу жетістігінде, күнделікті физикалық күштеменің жоғарлауында және тұрмыста өзін қамтамасыз етуде пайдасы зор. Көбінесе жанұялық біліміне көңіл аудару керек. Жанұя мүшелерімен жұмыс істеу – білім беру бағдарламасын толықтырудың басты бөлігі.

Антисмокингті бағдарламалар – темекі шегуді тоқтату - ӨСОА үдеу қаупін төмендету, ең нәтижелі және әлеуметтік әдіс болып табылады. Темекі шегуді қою, ТШФК1 жылдамдығын және аурудың дәрежесін төмендетеді. Темекі шегумен күресу – никотинді шайнау сағызы, гипноз, иглорефлексотерапия, қолдау тобын ұйымдастыру.

Науқастың темекі шегуден бас тартуында, келесі түрлер қолданылады:



  1. Тез және бірден темекіні тастағаннан гөрі, шегілген темекі санын біртіндеп төмендету жақсы нәтиже береді.

  2. Темекі шегуді тоқтатуға дұрыс дайындау.

  3. Темекі шегуді қою барысында, үнемі емдеуші дәрігермен өзара байланыста болуы керек, оның психотерапиялық көмегі.

  4. Никотин алмастырушы терапия (никотинді пластырь, сағыз) — темекіге тәуелді емінің бірі.

  5. Науқастарға бронхолитиктердің және ингаляциялық глюкокортикоидтардың базистік терапиясы кезіндегі емнің нәтижелілігі, темекі шегуді қойғандарда жоғары болатындығын түсіндіру керек.


5. Тыныстық тренинг (Breathing Retraining)

ӨСОА-мен ауыратын науқастарға, тыныс алу тренингінің әртүрлі әдістерін қолдану, бұл тыныс алу оптимизациясын қабілеттендіріп және ентігу сезімін төмендетеді. Тыныс алудың негізгі әдісі болып тартылған ерін арқылы және диафрагмамен тыныс алу болып табылады.



Тартылған ерін арқылы тыныс шығыру (Pursed Lip Breathing). Өкпенің айқын эмфиземасымен ауыратындар, тынысты тартылған ерін арқылы шығаруға ұмтылады, сондықтан бұл науқастарға «қызғылт булығу» деген сипат берген. Бұлай тыныс шығарғанда ауыз ішілік қысым 5 см Н 20 болады. Тартылған ерін арқылы тыныс алу ентігу сезімін азайтып, физикалық күш түсуін жеңілдетеді.

Ентігуді төмендету механизмі тыныс алу жиілігін төмендетіп, тыныс шығару уақытын ұзартады және тыныс шығару кезінде альвеола ішілік қысымды жоғарлатады, өкпе ішілік ауаның таралуын жақсартып, ұсақ бронхтарда коллапсты азайтады.

Егер науқас тартылған ерін арқылы тыныс шығару әдісін білмесе, онда үйрену тренингі жүргізіледі. Яғни, ерінге түтікше салып баяу тыныс шығару қажет.

Көкетті (диафрагмалды) тыныс. Диафрагмалды тыныс алу тәсілі тыныс нәтижелігін жоғарлату мақсатында жасалады. Ол ентігуді төмендетеді. Ұсынылатын механизмде, бронх обструкция деңгейінің және гиперинфляция мөлшерінің төмендеуі, диафрагманың және қосымша респираторлы бұлшықеттердің қызметінің жақсаруы жатады.

Негізгі фактор торакодиофрагмалды асинхронизмді шектеу және тыныс алу жұмысын төмендету болып табылады.



Физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар науқастардың белсенділігін көтеруге бағытталған. Мысалы: велоэргометр, тредмил, ақырын жүгіру. Науқастардың селекциясы және сәйкес жаттығу бағдарламасын тыныс алудың спирографиялық көрсеткішін және бұлшықет қызметінің аспаптық бағасын тіркеу арқылы таңдау қажет.

Респираторлы бұлшықеттік тренинг. ӨСОА –мен ауыратын науқастар үшін, ентігу сезімін төмендету және физикалық жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату мақсатында, тыныс алу бұлшықеттерін жаттықтыру маңызды болып табылады. Респираторлы бұлшықеттердің жағдайын өзгертетін факторлар, ентігу сезіміне де әсер етеді деп есептелінеді. Респираторлы бұлшықеттердің қызметінің жақсаруы, өкпе вентиляциясының нәтижелігін күшейтеді, тыныс алу қызметін төмендетіп, газ алмасудың жақсаруына алып келеді. Кеуде клеткасының бұлшықеттерін, іштің бұлшықеттерін және қолдың бұлшықеттерін шынықтыруға арналған тыныс жаттығуларын қолданады.

Кеуде клеткасының массажы және вибрациясы. Адамдардағы ентігу сезімінің феноменін, өкпе вентииляциясының сәл өзгерісін ажырату кезінде бұлшықет ұршығының қатысуы растайды. Бір қызығы, кеуде клеткасының еркін қозғалысы, мысалы, гипоксиялық қоспаны дем алған немесе жұтқан кезде ауа жетіспеу сезімін азайтады екен. Ерікті жұтыну қозғалыстарын, су астында ентігуді азайту мақсатында кәсіби сүңгірулер қолданады. Соңғы жылдарда, ӨСОА бар науқстардағы гиперкапнияға байланысты, кеуде клеткасының инспираторлық бұлшықеттің вибрациясы, тыныс алу кезіндегі ентігуді азайтатындығы дәлелденген екен. Тыныс алу бұлшықетінің вибрациясы, кеуде клеткасының көлемінің ұлғаю сезімін туғызады. Кеуде клеткасының массажы респираторлы бұлшықеттің қажуын төмендетеді.

Желпуіш. Желпіушпен жасалған салқын ауа, өкпе ауруы бар науқастардың ентігуін азайтады. Бұл жағдайды, сау және науқас адамдар да, ашық терезе алдына тұрған кезде немесе желпеуішпен желпінгенде байқаған. Ауа толқыны, беттің температурасын төмендетіп, үштік нерв тармақтарының механорецепторларын күшейтіп, ентігу сезімін азайтады.
6. Өкпенің хирургиялық редукциясы

Ентігуді азайту мақсатымен жасалатын өкпенің хирургиялық редукциясына арналған көрсеткіштерге, өкпенің булласы мен эмфиземасы жатады. Унилатералды буллаэктомия жасаған кезде, ауқымды булласы бар науқастарда өкпенің хирургиялық редукциясы ентігуді жеңілдетеді. Ауыр гиперинфляциясы бар науқастардың өкпе эмфиземасы кезінде, өкпенің билатералды редукциясы, өкпенің динмикалық гиперинфляцияның редукциясын қабілеттендіріп, вентиляцияны жақсартады. Ентігудің азаюы және физикалық жүктеменің толеранттылығының жақсаруы, тыныс механикасының және кейбір науқастарда оттегі сатурациясының жоғарылауымен түсіндіріледі. Өкпенің хирургиялық редукциясынан кейінгі ентігудің азаюының тағы бір факторына, кеуде клеткасының көлемінің өзгеруі және инспираторлы бұлшықеттердің ұлғаюы жатады.



Білімді бақылауға арналған тесттер:

1. Бронх демікпесінде қандай зерттеу әдісі бронхообструкцияны дәлелдейді?



  1. жалпы қан анализі

  2. қақырықты микроскопиялық зерттеу

  3. өкпені рентгенологиялық зерттеу

  4. компьютерлік томография

  5. спирография

2. Сыртқы тыныс қызметі обструкциялы түрде бұзылғанда қандай өзгерістер болады?



  1. ӨТС (ЖЕЛ)

  2. ӨМВ (МВЛ)

  3. ӨТС

  4. ФТК (ОФВ)

  5. ӨМВ

3. Аускультация кезінде обструкцияға тән көрініс:



  1. бронхты тыныс

  2. тыныс шығаруы ұзарған, ысқырықты тыныс

  3. крепитациялар

  4. плевраның үйкеліс шуы

  5. дымқыл ұсақкөпіршікті сырылдар

4. Бронх демікпесінде спирографиялық немесе пневмотахометриялық көрсеткіштердің қайсысы өзгереді?



  1. ӨТС (ЖЕЛ)

  2. ӨМВ

  3. ӨТС , ӨМВ

  4. тыныс алу күші

  5. тыныс шығару күші

5. Локалды обструкцияны (бронхтар стенозы) анықтауда диагностикалық әдістердің қайсысының диагностикалық маңызы жоғары?

  1. өкпе рентгенорафиясы

  2. спирограция

  3. бронхография

  4. томоргафия

  5. пневмотахометрия

6. Бронхылық обструкцияның механизмдеріне қайсысы жатпайды?



  1. бронхоспазм және қабынулық ісіну

  2. тұтқыр шырыштың пайда болуы

  3. стеноз, деформация, бронхтар саңылауының бірігуі

  4. бронх қабырғаларының фибропластикалық өзгеруі

  5. өкпе тінінің қабынуы

7. Созылмалы обструкциялы ауруға қандай симптомдар жатпайды?



  1. тұншығу ұстамасы

  2. қиын бөлінетін қақырықты қиналдыратын жөтел

  3. ентігу

  4. құрғақ, ысқырықты сырылдар

  5. жөтел кезінде қақырықтың жақсы бөлінуі

8. Этиология мен патогенезін ескере отырып, созылмалы обструкциялы ауруды 4 түрге бөледі, тек мынадан басқасы:



  1. инфекциялық

  2. аллергиялық

  3. тұқымқуалаушылық

  4. обструкциялық

  5. гемодинамикалық

9. Ұйқылы апноэ синдромына төмендегі көріністердің қайсысы тән емес?



  1. ұйқы кезінде, тыныстың кезеңді түрде тоқтауы

  2. тыныстың тоқтау ұзақтығы 10 секунттан асады

  3. тұрақты түрдегі қатты қорыл және жиі ұйқының бұзылуы

  4. күндізгі уақытта ұйқының келуі

  5. түнде белсенділіктің жоғарлауы

10. Қандағы эозинофилия қандай ауруға тән:



  1. созылмалы бронхит

  2. өкпе эмфиземасы

  3. өкпенің қатерлі ісігі

  4. өкпенің аспергиллезі

  5. түнгі обструкциялық апноэ

11. Стридороздік тыныс мынадай аурулар мен жағдайларда дамиды:



  1. сол жақ бронхтың стенозында

  2. өкпенің перфорациялық қатерлі ісігі

  3. бронх демікпесі

  4. созылмалы сепсисте

  5. өкпенің аспергиллезінде

12. Тыныстың экспираторлық түрі тән:



  1. өкпе туберкулезіне

  2. жүрек демікпесіне

  3. бронх демікпесіне

  4. өкпе эмфиземасына

  5. өкпе ісігіне

13. Невроздық (истероидты) демікпеге тән:



  1. алыстан естілетін ысқырықты сырылдар болмаған жағдайдағы ентігу

  2. ысқырықты сырылдармен қатар жүретін экспираторлық ентігу

  3. ұсақкөпіршікті дымқыл сырылдармен жүретін ентігу

  4. спиродоздық тыныспен жүретін ентігу

  5. ентігудің болмауы

14. Обструкциялы бронхөкпелік синдромды диагностикалау үшін қандай әдіс қолданылмайды?



  1. өкпе түбірінің томографиясы

  2. пневмотахометрия

  3. өкпе сцинтиграфиясы

  4. бронхоскопиялар

  5. өкпе рентгенографиясы

15. Спирография – бұл:



  1. бас миының биопотенциялдарын тіркеу

  2. қаңқалық бұлшықеттердің биопотенциалдарын тіркеу

  3. әр түрлі тыныстың қозғалыс жасағандағы көлемдік өзгерістерді графикалық тіркеу

  4. миокард қызметін графикалық тіркеу

  5. өкпенің қанға толуын тіркеу

16. Тыныс алудың резервтік көлемі – бұл:



  1. әр тыныстық циклде тыныс алатын газ көлемі

  2. кәдімгі тыныс алудан кейін, тыныс алғанда пайда болатын максималды ауа көлемі.

  3. максималды тынысты шығарғаннан кейін, өкпеде қалып қоятын газдың көлемі

  4. максималды тынысты шығарғанан кейін өкпедегі газдың саны

  5. қалыпты тыныс шығарғанан кейін, максималды тыныс алғанда пайда болатын газ көлемі

17. Қалыпты жағдайда тыныс алу жиілігі:



  1. 6-8 минутына

  2. 20-22 минутына

  3. 12-16 минутына

  4. 18-20 минутына

  5. 22-24 минутына

18. ӨЖС (ОЕЛ) құрылымын газды аналитикалық әдіспен зерттегенде қолданады:



  1. метан

  2. оттегі

  3. гелий

  4. озон

  5. көмірқышқыл газы

19. Өкпенің сыйымдылығы – бұл:



  1. әр тыныстық циклде тыныс алатын газ көлемі

  2. кәдімгі тыныс алудан кейін, тыныс алғанда пайда болатын максималды ауа көлемі

  3. максималды тыныс шығарғаннан кейін, өкпеде қалып қоятын газдың көлемі

  4. максималды тыныс шығарғаннан кейін, өкпедегі газдың саны

  5. қалыпты тыныс шығарғаннан кейін, максималды тыныс алғанда пайда болатын газ көлемі.

20. Еувропалық Респираторлық Қоғамының ұсынысына сәйкес, бронх обструкциясының жеңіл түріне ТШФК1 қандай көлемі сәйкес:



  1. қажетті 30% төмен

  2. қажетті 70% жоғары

  3. қажетті 15% төмен

  4. қажетті 40% төмен

  5. қажетті 50% төмен

21. Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының емдеу бағдарламасына кірмейді:



  1. м - холинолитиктер

  2. глюкокортикоидтер

  3. бетта2 – агонисттер

  4. метилксантиндер

  5. бета – адреноблокаторлар

22. Тыныс алу ауасындағы рО2 деңгейінің төмендеуіне әкеледі:



  1. транзиторлы өкпе гипертензиясына

  2. қайтымсыз өкпе гипертензиясына

  3. қысым деңгейіне әсер етпейді

  4. өкпенің перфузиясын жақсартады

  5. өкпенің перфузиясын төмендетеді

23. Қайтымды бронх обструкциясының механизміне жатпайды:



  1. бронхоспазм

  2. бронх қабырғасының фибропластикалық өзгерісі

  3. ісінулік қабынуы

  4. кілегеймен тыныс жолдарының обтурациясы

  5. бронхтардың гиперреактивтілігі

24. Ингаляциялық, қысқа әсерлі бетта 2-агонисттерінің таңдау препараты болып табылады:



  1. бронх демікпесінің қолдау терапиясы кезінде

  2. созылмалы бронхитте

  3. бронх демікпесінің ұстамасын жою кезінде

  4. демікпелік статусының терапиясы кезінде

  5. ұзақ тұрақтандыру терапиясында

25. Фенотерол және сальбутамол жатады:



  1. антихолинергиялық заттарға

  2. бетта-адренорецепторларының селективті емес стимуляторларына

  3. бетта2-агонисттерге

  4. фосфодиэстераза ингибиторлеріне

  5. антибиотиктерге

26. Созылмалы обструкциялы бронхитке қандай белгі тән?



  1. диффузды жылы цианоз

  2. қақырықты жөтел

  3. форсирленген тыныс шығарудың әлсізденуі

  4. аяқтардың ісінуі

  5. кеуде клеткасының экскурсиясының шектелуі

27. Атровенттің бронхолитикалық әсері қай деңгейде басым:



  1. ірі және орташа бронхта

  2. ұсақ бронхта

  3. барлық бронхта

  4. терминалды бронхта

  5. трахеяда

28. Қатты бронхоскопты емдік бронхоскопияның, емдік фибробронхоскопияның жанында басымдылығы қандай мүмкіндікте:



  1. визуалды бақылаумен дәрілерді енгізу

  2. ірі қақырықтарды және бронх секрециясын шығару

  3. белсенді жөтелдендіру мүмкіндігі

  4. амбулаторлы жағдайда емдік бронхоскопияның мүмкіндігі

  5. мүмкіндігі жоқ

29. Төменде көрсетілген қандай ауру диагностикасында бронхоскопия жоғары ақпаратты тәсіл болмайды:



  1. өкпенің орталық эндобронхиалды ісігінде

  2. бронхтағы бөгде денелерінде

  3. бронхтардың остеохондропатиясында

  4. бронхоэктаздарда

  5. трахеяның остеохондропатиясында

30. Альвеолалардың қабырғасының жиырылуына кедергі болады:



  1. альфа-1- антитрипсин

  2. прогтагландиндер

  3. сурфактанттар

  4. интерферон

  5. дұрыс жауабы жоқ

31. Қысқа әсерлі бета-2-агонисттерге жатады:



  1. теофиллин

  2. преднизолон

  3. атровент

  4. дитек

  5. сальбутамол

32. Қалыпты физиологиялық жағдайда өкпе ұлпасының қандай бөлігі тазаланады?



  1. 1/10

  2. 1/7

  3. 1/3

  4. 1

  5. ½

33. Қалыпты жағдайдағы тыныс алу жиілігі:



  1. 6-8 мин

  2. 20-22

  3. 12-16

  4. 18-20

  5. 22-44

34. ӨЖК(ОЕЛ) құрылымының газды аналитикалық зерттеуінде қандай әдісті қолданады?



  1. метан

  2. оттегі

  3. гелий

  4. азот

  5. көмірқышқыл газы

35. Тыныс алу көлемі -бұл:



  1. әрбір тыныс алу цикліндегі газдың көлемі

  2. қалыпты тыныс алудан кейінгі максималды тыныс шығарған ауның көлемі

  3. максималды тыныс шығару соңындағы өкпедегі ауаның қалған көлемі

  4. максималды тыныс алу соңындағы өкпедегі ауаның қалған көлемі

  5. қалыпты тыныс шығарудан кейінгі, ауаның максималды тыныс алу көлемі

36. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысында ТШФК1 төмендеуі байқалмайды:



  1. бронх демікпесі

  2. экссудативті плеврит

  3. өкепінің эмфиземасы

  4. созылмалы обструкциялы бронхиті

  5. өкпедегі шашыранды үрдісі

37. Бронх обструкциясының ауыр дәрежесінің ТШФК1 қандай көлемі сәйкес:



  1. 50% төмен

  2. 60% төмен

  3. 45% төмен

  4. 40% төмен

  5. 35% төмен

38. Обструкциялы бұзылулар кезіндегі ең сезімтал зерттеулер:



  1. спирометрия;

  2. капнография;

  3. оксигемометрия;

  4. пневмотахометрия;

  5. өкпенің реографиясы .

39. Бронх обструкциясының белгілеріне барлығы жатпайды:



  1. ерінді жұму арқылы дем алу;

  2. горизонталды жағдайдағы ысқырықты сырыл

  3. тыныс шығару кезіндегі мойын көктамырының ісінуі ;

  4. қалыпты Тиффно индексінің 60 % төмендеуі;

  5. ТАЖ 25-тен жоғары;

40. Ауа өту жолдарының обструкциясының реттелу дәрежесі байланысты емес:



  1. жөтелу қарқындылығы және қақырықты шығару көлеміне

  2. рентгенологиялық зерттеулер кезіндегі өзгерістерді анықтауға

  3. спирографияның көрсеткіштеріне

  4. бронхоскопияның көрсеткіштеріне

  5. өкпе сцинтиграфиясы көрсеткіштеріне

Жауап эталондары : 1-E; 2-D; 3-C; 4-E; 5-C, 6-E, 7-E, 8-C, 9-E, 10-B, 11-А, 12-D, 13-А, 14-D, 15-C, 16-B, 17-C, 18-C, 19-E, 20-C, 21-E, 22-А, 23-B, 24-C, 25-C, 26-C, 27-А, 8-C, 29-D, 30-C, 31-E, 32-C, 33-C, 34-C, 35-C, 36-B, 37-А, 38-А, 39-E, 40-C.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Емельянов А.В. Диагностика и лечение обострений хронической обструктивной болезни легких / А.В. Емельянов // Русский медицинский журнал.- 2005.- том 13. -№4. С.183-189

2.Дуков Л.Г. Диагностика и лечение болезней органов ды­хания в аспектах диагностических и лечебно-тактических ошибок / Л.Г. Дуков, А.И. Борохов.- Смо­Ленск.: Русич, 1996-176с.

3. Палеева Н.Р. Болезни органов дыхания / Н.Р.Палеева.- М.: Медицина, 1989.-348с.

4.Сильвестров В.П. Качественный анализ кривых поток-обьём спирографического исследования / В.П. Сильвестров // Терапевтический архив.- 1989.-Т.61.-№4.- С.97-105.

5.Феннелли К.П. Хронический бронхит / К.П.Феннелли, М.С.Стулбарг // Пульмонология. – 1994.-№2.- С.6–13.

6. Чучалина А.Г.Хроническая обструктивная болезнь легких. Федеральная программа (издание второе, переработанное и дополненное) / А.Г.Чучалина.– М.: Медицина, 2004.-61 с.

7.Чучалин А.Г. Клинические рекомендации по хронической обструктивной болезни легких / А.Г. Чучалин. – М.: Медгиз, 2001.- 40 с.

8.Чучалин А. Г. Бронхиальная астма: глобальная стратегия / А.Г.Чучалин // Терапевтический архив.- 1994.-№3.-С.3–8.

9. Agertoft L. Importance of the inhalation device on the effect of budesonide / L.Agertoft, S.Pedersen // Arch Dis. Child.- 1993.- VоI.69.-С.130–133.

10.Boe J. High-dose inhaled steroid in asthmatics: moderate efficacy gain and suppression of the hypothalamic-pituitary-adrenal (HPA) axis / J. Boe, P.P. Bakke // Eur. Respir. J.- 1994.- VоI.7.- Р.2179–2184.

11.Borg G. Psychophysical bases of perceived exertion / G.Borg // Med. Sci. Sport. Exerc.- 1982.- VоI.14. Р.436–447.


12.Brattsand R. Development of new glucocorticoids with a very high ratio between topical and systemic activities / R. Brattsand, A. Thalen // Eur. J. Respir. Dis.- 1982.- VоI.63.-Р.62–73.

13. Broide J. Low-dose adrenocorticotropin test impaired adrenal function in patients taking inhaled corticosteroids / J. Broide, R. Soferman // J. Clin. Endocrinol. Metab.- 1995. VоI.80.-Р. 1243–1246.

14.Burke C.Lung function immunopathological changes after inhaled corticosteroid therapy in asthma / C. Burke, C.K. Power // Eur. Respir. J. – 1992- VоI.5.- Р.73–79.

15.Chaplin M.D.Correlation of flunisolide plasma levels to eosinopenic response in humans / M.D. Chaplin [et al.] // J. Allergy Clin. Immunol.- 1980. VоI.65.-Р.445–453.

16. Cox G. Promotion of eosinophil survival by human bronchial epithelial cells and its modulation by steroids / G.Cox [et al.]. Am. J. Respir. Cell. Mol. Biol.- 1991.- VоI.4. Р.525–531.

17. De Graaft C.S. A double blind clinical comparison of budesonide and beclomethasone dipropionate (BDP) given as dry powder formulations in asthma / C.S. De Graaft // Eur. Respir. J.- 1992.- VоI.5(Suppl 15). Р.359.

18.Enright P.L. Reference equations for the six–minute walk in healthy adults / P.L. Enright, D.L.Sherill // Am. J. Respir. Crit. Care. Med.- 1998.- VоI.158. Р.1384 – 1387.

19.Evans P.M. Effect of inhaled corticosteroids on peripherial blood eosinophil counts and density profiles in asthma / P.M. Evans [et al.] // J. Allergy Clin. Immunol.- 1993.- VоI.91.-Р. 643–650.

20. Ferguson G.T. Management of chronic obstructive pulmonary disease / G.T. Ferguson, R.M. Cherniack // N. Engl. J. Med.- 1993.- VоI.328. Р.1017–1022. 21.Global Initiative for Chronic Obstructive Lung Disease. National Institutes of Health.- 2001.- Р.100.

Қосымша № 1

ТФК 1 / ФӨТС қатынасының көмегімен рестрективті және обструкциялы өзгерістерді диагностикалау.


ФӨТС

ТФК1/ФӨТС

Бағалау

Қалыпты

Қалыпты

Қалыпты

Қалыпты

Төмендеген

Обструкциялык өзгеріс

Төмендеген

Қалыпты

Рестрективтік өзгерістер

Төмендеген

Төмендеген

Обструкциялы және рестриктивті өзгерістер



Қосымша №2 Қосымша МКЖ анықтау әдістемесі



0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет