Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет1/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#192379
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


С.Б. Жәутікова, Е.Қ. Өмірбаева, С.М. Аринова


МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КУРСЫ

Оқу-әдістемелік құралы


Қарағанды 2009

ӘОЖ 616.092

КБЖ 48 я 7

Ж37
Пікір берушілер:

Н.М. Уразалина – Семей қаласының ММУ-нің патофизиология курсы мен физиологиялық пәндер кафедрасының доценті

М.М. Тусупбекова – ҚММА-ның гистология курсымен сот медицинасы, патологиялық анатомия кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.д, профессор

С.К. Жаугашева – ҚММА-ның клиникалық фармакология және фармакотерапия курсымен жалпы фармакология кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Ж00 Мамандандырылған патологиялық физиология курсы: Жәутікова С.Б.,Өмірбаева Е.Қ., Аринова С.М. Оқу-әдістемелік құралы. – Қараганды. – 2009. – 59 б.

КБЖ 48 я 7

Оқу-әдістемелік құралы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге «Патологиялық физиология» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін тағайындалған.



1-ші басылым.
ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған.

№ 6 хаттама, 05.02.2009 ж.


ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген.

№ 7 хаттама, 26.03.2009 ж.




© С.Б. Жәутікова, Е.Қ. Өмірбаева, С.М. Аринова, 2009 ж.


Қысқартылған сөздердің тізімі

Jg – иммуноглобулин

ЭМҚ – эстерифицацияланбаған май қышқылдары

ЭТЖ - эритроциттердің тұну жылдамдығы


Алғы сөз
Ұсынылып отырылған патологиялық физиология пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге және осы пәннен тәжірибелік сабақтарды өткізетін оқытушылардың күнделікті қолдануына арналған.

Оқу-әдістемелік құралы ҚММА-ның валеология курсы мен патологиялық физиология кафедрасы қызметкерлерімен жазылған: кафедра меңгерушісі, доцент Жәутікова С.Б., оқытушы Өмірбаева Е.Қ., оқытушы Аринова С.М. Медициналық ғылым мен тәжірибенің қазіргі уақыттағы талаптарына сай бұл оқу-әдістемелік құралының құрастырылуында 2006 жылы жасалған Мемелекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты негізге алынды.

Бұл оқу-әдістемелік құралда патологиялық физиология курсының жалпы бөлімі тақырыптары бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арнап мамандандырылған қазіргі уақытқа және талаптарға сай мәліметтер беріледі.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арнап мұндай оқу-әдістемелік құралды шығару негізінде осы уақытқа дейін патологиялық физиология курсы бойынша мамандандырылған оқу құралдарының шығарылмауы жатыр. Сондықтан да, осы оқу-әдістемелік құралын оқу үрдісінде қолдану студенттердің пәнді біршама тереңірек игерулеріне мүмкіндік береді және клиникалық ойлау өрісін кеңейтіп, алған білімдерін ары қарай қолдануға көмектеседі.


Кіріспе сабақ. Патофизиологиядағы эксперименттік әдістер. Жалпы нозология


  • Мақсаты: Студенттердің теориялық және клиникалық медицинаның алға қарай жылжуына, жеке нозологияны емдеуде эксперимент жолымен жаңа принциптерді анықтауға ауруды модельдеудің қажеттілігінің керек екенін білу; студенттерге жалпы нозологияның қазіргі көзқарастарын, өлімнің әр түрлі кезеңдеріндегі бұзылулардың жалпы заңдылықтарын және дәрігерге дейінгі реанимациялық көмек арқылы қанайналым, тыныс алу, метаболиттік бұзылыстарды коррекциялап, қалпына келтіре білуді меңгерту.




  • Оқыту мақсаты:

  1. патологиялық процестермен ауруды модельдеудің негізгі типтерін білу;

  2. модельдердің негізгі типтерін білу;

  3. адамдардағы дамудың даму механизімен себептерін түсіну үшін патологиялық процестердің модельдеуінің маңызымен мүмкіншілігін зерттеу;

  4. кейбір патологиялық процестердің кейбір зерттеу әдістерімен және патологиялық процестерді немесе ауру модельін құрайтын объектілермен танысу;

  5. эксперименттік терапия туралы және оның медицина үшін маңызы туралы білу;

  6. патологиялық физиалогия дамуына үлесқосұан отандық физиологтар туралы жалпы мәлімет алу;

  1. жануарларға жасайтын эксперименттердің жалпы принциптерін білу;

  2. аурудың пайда болу және даму механизімін ұғыну;

  3. типтік патологиялық үрдістер ағымының ерекшеліктері жайлы түсінік алу;

  4. ауру екі қарама-қарсы тенденцияның бірлігі: жеке- патологиялық және қорғаныс-компенсаторлық механизмдерінің ауруы туралы түсінік алу;

  5. қанайналым, тыныс алуды қалпына келтіру және метаболизм бұзылыстарын коррекциялау принциптерін ұсыну;

  6. патофизиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен танысу, ұғыну (В.В. Пашутин, Н.А. Кржаневский, В.В.Подвысоцкий, А.Б. Фохт, А.А. Богомолыц, Н.Н. Сиротин).




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология дегеніміз не?

  2. Патологиялық физиология қандай бөлімдерден тұрады?

  3. Патологиялық физиологияның басқа пәндермен байланысы?

  4. Патологиялық физиологияның дамуындағы эксперименттік тәсілдердің маңызы

  5. Моделдің негізгі түрлері

  6. Клиникалық медицинадағы эксперименттік тәсілдердің дамуының маңызы

  7. Медико-биологиялық эксперименттің жалпы принциптік құрылымы

  8. Патологиялық процесстерді оқытуда қолданылатын келесі негізгі эксперименттік тәсілдер

  9. Бүкіл медициналық зерттеулердің жалпы принциптері

  10. Адам ауруын моделдеуге қолданылатын салыстырмалы биологиялық әдістің маңызы

  11. Патологиялық процесстерді моделдеудің принциптеріне мінездем

  12. Патологиялық процесстерді моделдеу мүмкіндігі және маңызы

  13. Эксперименттік тарапия мүмкіндігі және маңызы

  14. Экспериментте қолданылатын жануарлармен жұмыс жасау тәртібі және қалпы

  15. Тәжірибиелік сабақтарда және лабораториялық сынақтарда эксперимент жүргізгенде қолданылатын техника қауіпсіздігін сақтау ережесі

  16. В.В. Пашутиннің, И.И. Сеченовтың, В.В. Подвысодскийдің, И.И. Мечниковтың патофизиалогияның дамуындағы үлестері

  17. Қазақстандағы патологиялық физиалогияның дамуы, Я.А.Лазаристің патофизиалогияның дамуына қосқан үлесі

  18. Жалпы нозология жайлы түсінік

  19. Медицина және биологиядағы норма

  20. Ауру табиғатына эволюциялық көзқарас

  21. Денсаулық анықтамасы

  22. Ауру анықтамасы

  23. Аурудың негізгі критерийлері

  24. Ауру организмнің зақымдалу және қорғаныш-бейімделулік серпілісінің диалектикалық біртұтастығы тұрғысында

  25. Патологиялық (дерттік) үрдіс туралы түсінік

  26. Дерттік серпіліс жайлы түсінік

  27. Дерттік жағдай туралы түсінік

  28. Адам дертінде биологиялық факторлардың маңызы

  29. Адам дертінде қоғамдық факторлардың маңызы

  30. Аурудың классификациясының ұстанымдары

  31. Аурудың адамның еңбекқабілетіне әсері.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды талқылау;

- жағдайлық есептерді шығару;

- логикалық сұрақтарды талдау;

- техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу.
Оқу бөлімдерінде рұқсат етілмейді:

  • Электр қыздырғыш приборлар қосылып тұрғанды өртке қарсы сұйықтықтармен жұмыс жасау

  • Жұмыс орнынан кетуге және қосылған электр приборларды қараусыз тастап кетуге

  • Лабораторияда оқытушысыз сынақ өткізуге және қосылмаған жағдайда мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға

  • Оқу тәжірибиесіне қатысты емес жұмыстарды жасауға

  • Электроразедка, электропроводтарға және дымқыл электр приборларға сулы қолмен жақындауға

  • Прибордың тез жұмыс істейтін бөлігінің қасына жақындауға

  • Приборларды заводтан шыққан инструкциясына қарамай қолдануға

  • Электроприборлар, күшті әсер етуші заттар және қауіпті заттарды оқытушының бақылауынсыз қолдануға

  • Қышқыл және сілтілермен, улы заттарды резиналы грушаның пипеткасымен соруға

  • Тәжірибиелік жұмыс жасау уақытында қатаң тәртіп сақтау керек және өте сақ болу керек.

Электро құралдармен жұмыс істегенде қатаң рұқсат етілмейді:

      • Электросхемалардың ток өткізгіш бөлімін қанмен тексеруге

      • Қосылған приборларды жылжытуға

      • Қорғаушы электро оңашалаушы заттарсыз жұмыс жасауға

      • Электроприборлардың бүтіндігі бұзылғанда қолдануға ( вилкасы сынғанда, прибордың корпусы зақымданғанда)

      • Мекеменің темірді жерге енгізілген бөлігінде – жылытуға және сулы еденде тұруға, біркезде су жүретін құбырларды ұстауға

  • Егер электроприборды жерге енгізу туралы заводтағы эксплуатациясында керек етсе, онда ол электроприборды жерге енгізусіз қолдануға болмайды.

Спиртпен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек:

  • Спиртовканы жағар алдында, оның корпусының құрыстығын, фильтрінің сыртқа түсірілгенін, биіктігін, ал мойны мен фитильдің ұстағышы құрғақтығына көз жеткізу керек

  • Фитиль бағытталған ұстағыш трубкасына толығымен кіріп тұру қажет (әйтпесе спирт парының өршуі болуы мүмкін)

  • Жандырылған спиртовканы, бір тәсілмен сөндіруге болады – ол фитильдің қақпағымен үрлеуге болмайды

  • Жанып тұрған эфир спирттердің жанында жеңіл ұшқыш, өртенетін сұйықтықтарды сақтауға немесе жанына қоюға болмайды.

Тығыз (О2) газы бар баллаондармен жұмыс жасау ережелері:

  • балонның түсіне, жазуына және оның бүтіндігіне назар аудару;

  • тығыз газы бар баллондармен жұмыс жасау, тек оқытушының бақылаумен қолдану керек;

  • егер баллонда май іздері немесе майысқан және қандайда бір бұзылыстары болса, онда онымен жұмыс жасау мүлдем рұқсат етілмейді;

  • баллонның вентилін жайлап, біртіндеп ашу керек;

  • редуктордың бағытын жарылыс болған жағдайда айналасына қауіпін болдырмау керек;

  • тығыз газ майлар және майлы заттардың қасында тұрса, онда ол жерді майлы заттардан тазарту керек;

  • қаныққан оттегіден киімдерді, шашты, заттарды түсуінен сақтау керек. Қаныққан оттегі тұрған бөлмеде от жағуға болмайды.


Студенттерге жануарлармен жұмыс жасау кезіндегі ұсыныстар: әр түрлі кеміргіштер жұмыс кезінде (тышқандармен, егеуқұйрықтармен, теңіз шошқаларымен) абай болу керек. Жануарлар тістеген немесе тырнаған жерлерден қанды тез арада иодпен сығып шығару. Қауіпті зақымдануда мед.пунктке қаралу қажет.Егеуқұйрықтарды тек қана корнцангпен алу керек және оқытушының алдын ала өткізген инструктажы бойынша өткізу керек. Жануарлармен жұмыс жасап болған соң, қолды мұқият сабынмен жуу керек.
Реанимациялық шараларды жүргізу техникасы

Ауызға –ауыз әдісімен жасанды тыныс алуды жүргізу техникасы: көмек көрсетуші зардаптартушының бас жағына тізе бүге отырып, бір қолын оның мойнының астына, ал екінші қолын маңдайына қойып басын максимальді шалқайтады, бір уақытта екі саусақпен зардаптартушының мұрның екі саусақпен қысады. Бұл манипуляция ауызды ашу үшін жасалады. Әрі қарай көмек көрсетуші терең дем алып, өз аузын зардаптартушының алдына тығыз қойып, қатты дем шығарады, зардаптартушының кеудесі көтерілгенше. Содан соң шамалы тартыну керек (зардаптартушының басын шалқайған күйде ұстап тұру керек!), пассивті дем шығаруға мүмкіндік беру үшін. Кеуде сарайы төмен түсіп, алғашқы күйіне оралған соң, тыныс циклын қайталайды. Ересектерге шамамен минутына 12 рет үрлейді.

Зардаптартушының жағы қатты сірескен жағдайда, яғни ашылмағанда, ауызға-мұрын әдісі эффективті болып табылад. Бұл үшін бір қолды зардаптартушының маңдайына қойып, басын шалқайтады, екінші қолын шегіне қойып төменгі жақты жоғары көтеріп, аузын жабады. Сонан соң, жоғарыда айтылған әдіс бойынша, көмек көрсетуші терең дем алып, зардаптартушының мұрнын ернімен жауып, терең дем шығарады.

Егер жасандлы тынысты балаға істеу керек болса, онда ернімен баланың мұрны мен аузын бір уақытта қапсыра жабады, себебі балалардың мұрны мен аузының арақашықтығы көп емес, ауаны аз көлемде үрлеу керек. Кеуденің қозғалысын бақылай отырып. Балаларда тыныс жиілігі минутіне 20 шамасында болу керек.

Эстетикалық және гигиеналық көзқарас бойынша жасанды тыныс алуды сипатталған әдіс бойынша, мәрлі немесе бет орамал арқылы жасауға болады.



Жүректің сыртқы массажының техникасы

Егер зардаптартушы ессіз болса және спонтанды тыныс алу жоқ болса, ауызға –ауыз немесе ауызға-мұрын әдісімен 3-5 жылдам үрлейді. Соан соң бірнеше сикунд аралығында ірі тамырлардан пульсті сипап табу керек, егер пульс табылмаса жүректің сыртқы массажын бастау керек. Шамамен 1-2 мин. соң спонтанды пульстің бар жоғын тексеру керек.

Жүрекке сыртқы массаж жасау үшін, зардаптартушыны қатты жерге жатқызу керек немесе егер ол жұмсақ жерде жатса, онда кеудесінің астына қатты тақтай немес кез-келген қатты затты тірек болу үшін қою керек. Бұл жүректің сыртқы массажының эффективті болу үшін алғащқы міндетті жағдайы болып табылады. Жүрекке веноздық қайтуды жақсатру үшін науқастың аяғын жоғары көтереді. Көмек көрсетуші өзіне ыңғайлы болу үшін, зардаптартушының оң немесе сол жағына тұрып, төстің төменгі бөлігін сипап анықтап (семсер тәрізді өсіндіні), қолының алақанын шамамен көлденең екі саусақ семсер тәрізді өсіндіден жоғары қояды. Екінші қол астында жатқан қолдың үстіне тік бұрышпен қойылады. Саусақтардың кеудеге тимеуі өте қажет. Бұл бір жағынан, жүрек массажының эффективтілігін арттырады, себебі күш тек төстің төменгі үшінші бөлігіне бағытталады, төс қабырғасына емес екінші жағынан, қабырғалардың сыну қаупі айтарлықтай азаяды. Сонан соң көмек көрсетуші төсті итерген сияқты баса бастайды, төсті омыртқаға қарай 3-5 см.-ге ығыстырып осы қалыпта шамамен 0,5 сек. ұстап , сонан соң қолды төстен алмай тез босатамыз. Итеру тәрізді басу саны ересектерде минутына 80 рет шамасында болу керек, әйтпесе қанша эффективті жеке-жеке басқанымен, саны аз болса жалпы қан айналым өмірлік маңызды мүшелердің, әсіресе мидың қызметін ұстап тұруға, демеуге жетпейді. Адекватты массаждың көмегімен қалыпты қан айналымның 20-30%-ін ғана қамтамасыз етуге болады, сондықтан да массажды тек бірнеше секундқа үзуге болады.

Массаж кезінде көмек көрсетушінің тік қалыпта болуы маңызды. Зардап тартушының төсін басқанда тек қол күшінің ғана емес дене күшінің де маңызы зор. Бұл массаж эффективтілігі үшін ғана емес, массажды ұзақ уақыт жасау үшін күш сақтау үшін қажет.

10-12 жастағы балаларға массажды 1 қолмен ал емшектегі балаларға екі саусақтың ұшымен жасау керек. Басу саны 100-120 рет минутына болуы керек. Итеру қуатты, бірақ өте күшті болмау керек, 1-2 см. омыртқаға қарай емшектегі балаларда, ал кіші жастағы балаларға 2,5-4 см., себебі қатты күшпен итеру кезінде баланың қабырғалары немесе төсі сынып кетуі мүмкін. Бұл қауіп егде жастағы адамдар үшін өте үлкен, себебі кеуденің эластикалығының төмендеуінен, төс пен омыртқа арасында жүректі басу үшін көп күш жұмсалады.

Ұйқы және сан артерияларында пульстің пайда болуы, әрбір төске басу кезінде қарашықтың тарылуы жүректің сыртқы массажының адекватты критериі болып табылады.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

    1. Сау және ауру ағзада процесстердің терең жүруін зерттеу үшін ғылыми эксперименттің маңызы неде?

    2. Адамға эксперимент жүргізіле ме?

    3. Ғылыми теорияның тәжірибиелік маңызы неде?

    4. “Ағзаға” әр түрлі заттарды енгізу” тәсілінің мәні немен аяқталады?

    5. Оңашаланған мүше және ұлпалық өнім тәсілі немен аяқталады?

    6. Эксперименттің шектелуін және басқа тәсілдерді моделдеуді сипаттаңыз?

    7. Шектелген экспериментті және басқа моделдеу тәсілін ашу жолдары қандай?

    8. Экспериментті жанауарларда жүргізудің моральді-этикалық аспектісі қандай?

    9. Салыстырмалы патология тәсілінің мәні неде?

    10. Патофизиологиялық сынақтың сатылары?

    11. Жедел эксперименттің созылмалы эксперименттен айырмашылығы неде?

    12. Жануарлармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау ерекшеліктері қандай?

    13. Аурудың жіктелуінің ұстанымдары қандай?

    14. Аурудың жалпы және жергілікті көріністері қандай?

    15. Аурудың арнайы және арнайы емес көріністері қандай?

    16. Өлім-кезеңді үрдіс пе?

    17. Реанимацияның қоғамдық-деонтологиялық аспектілері қандай?

    18. Қанайналымды қалпына келтіру ұстанымдары қандай?

    19. Тынысалуды қалпына келтіру ұстанымдары қандай?

    20. Метаболиттік бұзылыстарды қалпына келтіру ұстанымдары қандай?

    21. Постреанимациялық қандай бұзылыстар болады?

    22. Реанимациядан кейінгі бұзылыстар қандай?

    23. Реанимациядан кейінгі қайтымсыз өзгерістер қандай?

    24. Өкпеге жасанда вентиляция жүргізу ережесі қандай?

    25. Жүрекке тікелей емес массаж жасау ережесі қандай?

    26. Жалпы нозологияның қазіргі кездегі кейбір концепцияларының критикалық анализі ретінде (психосоматика, қоғамдық дезадаптация, қоғамдық экология цивилизация аурулары т.б.).


Жағдайлық есептер:

  1. Аталатын құбылыстардың ішінен қайсысын ауру, қайсысын патологиялық үрдіс, қайсысын синдром деп атауға болады: ангина, венаның тромблануы, анемия, аппендицит, холецистит?

  2. Аталатын құбылыстардың ішінен қайсысын ауру, қайсысын патологиялық үрдіс, қайсысын синдром деп атауға болады: қант диабеті, сары ауру?

  3. 16 жастағы науқас К ауруханаға дененің жалпы беткейінің 30% күйген ІІ дәрежелі термиялық күйікпен түскен. Тыныс алу жиі және беткейлік. Пульс минутына 120 рет соғады. Бақыланған құбылысты түсіндіріңіз.

  4. 42 жастағы науқас өндірістегі апат уақытында 220 Вольт кернеудегі тоқ жүріп жатқан сымды оң қолымен ұстап қалған. Бұлшықеттердің ұсталы жиырылуының себебінен өз бетімен өткізгіштен ажырай алмады. Тез есінен танған. Бірнеше минөттен кейін достары өткізгіш сымнан ажыратып алған. Келген дәрігер жағдайды тыныс алу тоқтаған, бірақ жүрек әлсіз жұмыс істейді деп хабарлаған. Оң алақанында және екі табанында үлкен емес, бірақ терең, жан жағы күйген, сәл кемірленгенжарақаты бар. Зардаптартушының жағдайын қалайша атауға болады? Қандай шаралар қолдану керек?

  5. Кеуде қуысына операция жасағанда науқасқа жасанды гипотермияны қолданған. Хирургиялық тәжірибеде гипотермияны қолдану неге негізделген?


Тесттік тапсырмалар:

1. Патофизиологияның эксперименттік ғылым ретінде негізін қалаған



  1. Вихров Р.

  2. Павлов И.П.

  3. Клод Бернар

  4. Пашутин В.В.

  5. Мечников И.Н.

2. Патологиялық физиология зерттейді:

  1. құрылымдық ерекшеліктерді

  2. негізгі жүйелер мен мүшелердің қызметтерін

  3. организмнің метаболиттік процестерін

  4. аурудың көріністерін

  5. аурудың пайда болуының, дамуының, ағымының және соңының жалпы заңдылықтарын

3. Патофизиологиялық экспериментте міндетті болып саналады:

  1. адам ауруларының моделін жануарларда алу

  2. функционалдық көрсеткіштерді зерттеу

  3. морфологиялық көрсеткіштерді зерттеу

  4. биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу

  5. аурудың клиникалық белгілерін зерттеу

4. Жануарға эксперимент жасағанда зерттеу мүмкін емес:

  1. аурудың бастапқы кезеңін

  2. организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін

  3. аурудың жазылмаған формаларын

  4. аурудың субъективті белгілерін

  5. аурудың дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін

5. Нозология - бұл:

  1. аурудың пайда болу себептері туралы ілім

  2. аурудың пайда болу жағдайлары туралы ілім

  3. ауру туралы жалпы ілім

  4. аурудың пайда болу механизмдері, дамуы және ақыр-соңы туралы ілім

  5. аурудан айығу туралы ілім

6. Өлімнің қайтымсыз этапы:

  1. клиникалық өлім

  2. алдамшы өлім

  3. преагония

  4. агония

  5. биологиялық өлім

7. Патологиялық үрдіс дегеніміз:

  1. организм үшін бейімделулік мағынасы жоқ, қалыптан тұрақты ауытқуы

  2. қоршаған орта факторларынан ұлпалар мен мүшелердің зақымдалуы

  3. организмнің әртүрлі әсерлерге адекватты емес жауабы

  4. зақымдалған ұлпада, мүшеде немесе организмде патологиялық және қорғаныс бейімделу серпілістерінің сабақтасуы

  5. бейімделу сипатының қалыптан ауытқуы

8. Патологиялық жағдай - бұл:

  1. зақымдаушы факторлар әсерінен туатын организмнің жауаптық серпілісі

  2. организм үшін бейімдеушілік мағынасы жоқ, қалыптыдан тұрақты ауытқуы

  3. баяу ағымды патологиялық үрдіс

  4. қоршаған орта факторларынан мүшелер және ұлпалардың зақымдалуы

  5. зақымдалған ұлпада, мүшеде немесе организмде патологиялық және қорғаныс бейімделу серпілістерінің сабақтасуы

9. Патологиялық серпіліс - бұл:

  1. организмнің әсерге қысқа уақытта ерекше (адекватты емес) жауабы

  2. баяу ағымды патологиялық үрдіс

  3. организмнің қысқа уақытты адекватты серпілісі

  4. зақымдылған ұлпада патологиялық және қорғаныс-бейімделушілік серпілістерінің сабақтасуы


  5. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет