Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды


-тарау. Шығыс кассаларында операция жүргiзу тәртiбi



бет2/13
Дата05.07.2016
өлшемі0.91 Mb.
#180723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4-тарау. Шығыс кассаларында операция жүргiзу тәртiбi
      27. Банктiң клиенттерiнiң ағымдағы және корреспонденттiк шоттарындағы қолма-қол ақша:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін чектер;
      2) кассалық шығыс ордерi бойынша берiледi.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлермен ресiмделедi.
      Банктер шығыс касса ордерінің және чектің нысандарын\Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген барлық міндетті деректемелер сақталған жағдайда дербес белгілейді.
      Ескерту: 27-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
      28. Шығыс операцияларын жасау үшiн касса меңгерушiсi кассирлерге есебi берiлетiн қолма-қол ақшаның қажеттi сомасын кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қойғызып бередi (Ережеге 6 қосымша). Кассир толық және толық емес бумаларды жапсырылған белгiлерi бойынша түбiртегiне қарап тексерiп, ал толық емес түбiртектен немесе жеке беттен тұратын бумаларды бет бойынша санап қабылдап алады. Металл ақша этикеткалардағы, бумалардағы (қалташалардағы) жазу бойынша қабылданады.
      Кассир алған, касса меңгерушiсiне қайта өткiзiлетiн есебi берiлетiн барлық сома және есебi берiлетiн сомалардан қалғаны кассирдiң және касса меңгерушiсiнiң қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына жазылады. Осыған байланысты касса меңгерушiсi кассирдiң қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қояды, ал кассир алған кезде касса меңгерушiсiнiң кiтабына қол қояды.
      Есебi берiлетiн қолма-қол ақшаның қажеттi сомасын кассирлерге бергеннен кейiн, касса меңгерушiсi операция кассасында қалған қолма-қол ақша сомасының бар екендiгiн тексеруге және оның қалдығы берiлген соманы ескергенде операциялық кассаның қолма-қол ақшасын және ұлттық валютадағы басқа да құндылықтарды (Ережеге 10 қосымша) есепке алу кiтабының күн басындағы есепшот бойынша деректерiне сәйкес келетiндiгiне көзiн жеткiзуге мiндеттi.
      29. Қолма-қол ақшаны алатын касса құжаттарын банк клиентi операция қызметкерiне бередi, ол тиiстi тексеруден және ресiмдеуден кейiн оларды тексерушi бухгалтерге, ол болмаса, шығыс жөнiндегi касса журналында чек сомасын жазып қою үшiн кассирге жiбередi және оны қолма-қол ақшаны, чектің тексерiлетiн маркасын немесе оларды кассаға беру үшiн кассалық шығыс ордерiнiң екiншi данасын алатын адамға бередi.
      Клиент операциялық күн iшiнде қолма-қол ақшаны өзiнiң банктiк есепшотындағы қалдық шегiнде екi немесе одан астам чек бойынша алуға құқылы.
      Клиенттiң тиiстi есепшотында ақша жетiспеген жағдайда кассалық шығыс құжаты клиентке қайтарылады.
      Операция қызметкерiне кассалық шығыс құжатын қолма-қол ақша алушы арқылы кассирге беруге тиым салынады.
      Резиденттердің шоттарынан қолма-қол шетел валютасын, сондай-ақ резидент еместердің шоттарынан қолма-қол шетел валютасын және ұлттық валюта беру Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының нормалары сақтала отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту: 29-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
      30. Шығыс құжатын алғаннан кейiн тексерушi бухгалтер (кассир):
      1) банктiң қолма-қол ақшаны беруге рұқсат беруге құқығы бар жауапты адамдарының қолының болуын және сол қолдардың қолда бар қол қою үлгiлерiмен сәйкестiгiн тексеруге;
      2) құжаттағы цифрмен қойылған соманы жазумен көрсетiлген сомамен салыстырып тексеруге;
      3) клиенттiң лауазымды адамдарының шығыс құжатындағы қолының қойылған қол үлгiлерi карточкасындағы қолына сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi.
      Қолма-қол ақша беру алушының жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлігі, паспорты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай деп танылған басқа да құжаттар), сондай-ақ әскери билеті (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін) болғанда ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту: 30-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
      31. Бұдан кейiн тексерушi бухгалтер (кассир) Ереженiң 30-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарды орындағаннан кейiн кассалық шығыс құжатын кассирге бередi, ол:
      1) қолма-қол ақшаны алушыны чектегi нөмiр бойынша немесе кассалық шығыс ордерiнiң нөмiрi бойынша шақырып алуға және одан алатын соманы сұрауға;
      2) клиенттiң қолма-қол ақшаны алғаны үшiн қойған қолының және паспортының (жеке куәлiгiнiң) деректерi болуын, сондай-ақ чектің сыртында клиенттiң жеке басын куәландыратын, ұсынылған құжат туралы деректердiң болуын тексеруге, ақшаны алғаны үшiн чектiң сыртына қойған қолын ұсынған құжаттағы үлгімен салыстырып тексеруге;
      3) берiлуге тиiстi қолма-қол ақша сомасын дайындауға;
      4) кассаға көрсетiлетiн тексеру маркасының нөмiрiн чектегі нөмiрмен салыстырып тексеруге және оған тексеру маркасын желiмдеп қоюға; кассалық шығыс ордерi бойынша берген кезде даналардың деректерiн (сомасын, қолдарының болуын) салыстыруға;
      5) беруге дайындап қойған ақша сомасын клиенттiң көзiнше қайта санауға, оған ақшасын беруге және шығыс құжатына қол қоюға мiндеттi.
      32. Кассир қолма-қол ақшаны жапсырмалар мен бандерольдерде белгiленген сомалар бойынша орауы зақымдалмай сақталған жағдайда бiр-бiрлеп санамай-ақ толық және толық емес бумалармен, сондай-ақ банкноттардың жеке түбiртектерiмен бередi. Сонымен қатар клиенттiң көзiнше бумалардан мiндеттi түрде кассирлердiң жеке кодтары (пломбалары) бар кепiлдiк тiгiстерi тiлiнедi. Толық емес түбiртектердегi, сондай-ақ орауы зақымдалған бумалардағы қолма-қол ақшаны кассир бiр-бiрлеп санап бередi. Қолма-қол ақшаны бiр-бiрлеп беру үшiн банкноттары бар түбiртектердi ашқанда кассир оларды күнi бұрын санап қоюға мiндеттi.
      Кассир клиенттерге қолма-қол ақшаны беретін банк шығарған ораумен ғана береді. Егер ақша белгілерінің жетіспеуін, артық қалуын, төлемге жарамауын немесе жалған болуын анықтау бойынша шағым-талаптарды реттеу тәртібі банктер арасында жасалған шартта айқындалған болса, қолма-қол ақша беруді кассир Ұлттық Банктің немесе басқа банктің орауымен жүзеге асыруы мүмкін.
      Қапқа оралған металл ақша этикеткалардағы жазу бойынша, ал пакетке (тюбикке) оралғандары үстiндегi жазу бойынша берiледi.
      Қолма-қол ақшаны берiп жатқан кезде кассирлерге банкноттарды және клиенттердiң талабы бойынша белгiлi бiр теңгелiк металл ақшаны басқасына айырбастауға тиым салынады.
      Ескерту: 32-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
      33. Клиент алған қолма-қол ақшаны касса бақылаушысының көзiнше кассаның алдында немесе қайта санау үшiн арнайы белгiленген жерде банкте өз қалауынша санап алуға қақысы бар. Касса бақылаушысының көзiнше санап алудың нәтижесiнде қолма-қол ақшаның жетпей (артылып) қалуы анықталған жағдайда, акт жасалады (осы Ережеге 7 қосымша). Банк жетпеген соманы клиентке сол күнi өтейдi. Банк шеккен шығынды ақшаны кем санаған касса қызметкерi өтейдi.
      34. Егер клиенттер ақшаны кассадан кетпей тұрып немесе касса бақылаушысының көзiнше санап алу үшiн арнайы сайланған жерде санап алмаса, олардың кемiстiк, төлеуге жарамайтын, күмәндi банкнот немесе металл ақша бар екендiгi туралы өтiнiштерi қабылданбайды. Клиенттерге хабар беру үшiн банктiң шығыс кассаларының қасында көзге түсетiн жерде тиiстi хабарландыру iлiнуге тиiс.
      35. Кассир жұмыс аяғының соңында есебi берiлетiн қолма-қол ақша сомасын шығыс құжаттарының сомасымен және қалған ақшаның қалдығымен салыстырып тексередi, содан кейiн бiр күнгi касса айналымы және құндылықтар қалдығының есебiн жүргiзу анықтамасын жасайды (Ережеге 5 қосымша), соған қол қояды және сонда келтiрiлген касса айналымдарын тексерушi бухгалтердiң кассалық журналындағы жазбалармен салыстырып тексередi. Осыған орай салыстырып тексеру кассалық журналда кассирдiң және кассирдiң анықтамасында тексерушi бухгалтердiң қолымен ресiмделедi.
      Нақты қолдағы қолма-қол ақша мен есеп беру құжаттарындағы деректердiң арасында айырмашылық болған жағдайда, кассир бұл туралы касса меңгерушiсiне мәлiмдейдi. Артылып қалғаны немесе жетпей қалғаны расталған жағдайда акт жасалады (осы Ережеге 7 қосымша), осыдан кейiн кассир касса бөлiмшесiнiң бастығына түсiнiктеме беруге тиiс. Қолма-қол ақшаның кемiстiгiн кассир сол күнi өтеуге тиiс. Жетiспеген қолма-қол ақша сомасын жабу мүмкiн болмаған жағдайда жетiспеген соманы өтеудiң мерзiмi мен тәртiбi банктiң iшкi активтерiнде реттеледi.
      Шығыс операцияларын касса меңгерушiсi орындайтын банктерде бiр күнгi касса айналымы мен құндылықтар қалдығының есебiн жүргiзу анықтамасы жасалмайды, шығыс жөнiндегi барлық айналымдар бiр күнгi кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгiзiледi (Ережеге 11 қосымша).
      Кiрiс және шығыс операцияларын бiр кассир орындағанда, бiр күнгi касса айналымы мен құндылықтар қалдығының есебiн жүргiзу анықтамасы жасалады (Ережеге 5 қосымша).
      36. Кассир белгiленген тәртiппен жинастырылған қолма-қол ақшаның қалдығын және бiр күнгi кассалық кiрiс құжаттарын есеп жүргiзу анықтамасымен бiрге қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қойғызып (Ережеге 6 қосымша) касса меңгерушiсiне өткiзедi, ол есеп жүргiзу анықтамасын тексергеннен кейiн оған қол қойып, сол күнгi құжаттарға тiгуге жiбередi.
      Кассирлерде жұмыс күнiнiң аяғында қалып қалған, басқа кассир жинастырған банкноттардың жекелеген түбiртектерi касса меңгерушiсiне берiлгенге дейiн бiр-бiрлеп саналуға және белгiленген тәртiппен оралуға тиiс.
      Аппарат ұстауға байланысты жалақыны немесе басқа төлемдердi төлеген кезде жұмыс күнiнiң аяғында банк қызметкерлерiне жалақы төлеу үшiн алынған, жалақыны және аванстың қалдығын беруге арналған төлем ведомосын кассир қапқа салады, қаптың аузы этикеткамен бiрге тiгiледi және шуда жiппен түйiнсiз және үзiксiз мықтап байланады. Этикеткада оралған күнi, салынған сомасы көрсетiледi және кассирдiң коды немесе оның аты жазылған мөртабаны және қолы қойылады. Шуда жiптiң шетi шешiлмейтiндей болып түйiледi және оған кассир пломба салады. Кассир аталған қапты қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына (Ережеге 6 қосымша) қол қойғызып баланстан тыс кiрiстiк ордердi ресiмдей отырып келесi жұмыс күнiнiң ертеңiне дейiн сақтау үшiн касса меңгерушiсiне бередi.
      Касса меңгерушiсi аталған қапты оның бүтiндiгi мен орауының дұрыстығын тексергеннен кейiн қабылдап алады.
      Шығыс операциясын жасағаннан кейiн үшiншi жұмыс күнi кассир төлем ведомостында қолма-қол ақша төленбеген адамдардың фамилияларының қарсысына мөртабан басады немесе қолмен "депондалған" деген белгi жасайды, содан кейiн ведомостың аяқ жағына iс жүзiнде төленген және депондалуға тиiстi сомаларды жазып қояды, оларды төлем ведомосы бойынша жалпы қорытындымен салыстырып тексередi және үстiндегi жазуды қолын қойып бекiтедi. Осыдан кейiн кассир кассалық кiрiс ордерi бойынша депондалған соманың қалдығын кiрiс кассасына өткiзедi.
4-1-тарау. Банктердің өз клиенттеріне
Ұлттық Банк филиалының орауындағы қолма-қол
ақшаны беру ерекшеліктері
      Ескерту: 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      36-1. Ұлттық Банк филиалының кассасынан алынған қолма-қол ақшаны өз клиенттеріне беру үшін банк банктің осы үшін арнайы жабдықталған үй-жайында кассирдің қолма-қол ақша беруін сырттай бақылауды жүзеге асыру және клиенттердің қолма-қол ақшаны қайта есептеуін сырттай бақылауды жүзеге асыру үшін касса қызметкерлерінің ішінен (ерекше жағдайларда Ережені білуіне алдын ала сынақ тапсырған экономистердің ішінен) бақылаушы (бақылаушылар) тағайындау туралы бұйрық шығарады.


 

      36-2. Кассир Ережеде белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк филиалы ораған қолма-қол ақшаны банк клиенттеріне беру үшін касса меңгерушісінен алып, алынған қолма-қол ақшаны клиенттерге банкноталарды толық және толық емес бумалармен немесе монеталарды қапшықтармен береді.


      Банк өз клиенттеріне қолма-қол ақшаны берген кезде банк клиентінің көзінше бумалардан міндетті түрде пломбалар алынады немесе Ұлттық Банк филиалының атауы немесе оның банктік бірегейлендіру коды бар кепілдік клише кесіледі.
      Банк өз клиенттеріне монеталар берген кезде қапшықтардағы пломба кесіледі.
 

      36-3. Кассирге қолма-қол ақша берген кезде клиенттердің талап етуі бойынша қолма-қол ақшаның бір номиналын екіншісіне айырбастауға тыйым салынады.


 

      36-4. Банк клиенттерге қолма-қол ақшаны жеке түбіртектермен, парақтап немесе бір-бірлеп санап берген кезде банкноталар бар барлық буманы немесе монеталар салынған қапшықты кассир касса меңгерушісінің немесе осы мақсатқа арнайы тағайындалған касса бақылаушысының қадағалауымен қайта есептейді.


 

      36-5. Банктің клиенті, банкноталарды бума және түбіртек бойынша, монеталарды - қапшықтар бойынша, банкноталардың жеке парақтарын немесе жеке монеталарды - парақтап немесе бір-бірлеп қайта есептеу арқылы кассадан ұзамай тұрып, қолма-қол ақшаны берген кассирдің көзінше тексереді.


 

      36-6. Егер банктің клиенті банктің үй-жайында банкноталарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп қайта санағысы келсе, кассир берілетін банкноталар бар бумадан пломбаны немесе клишені және монеталар салынған қапшықтардан пломбаны алмайды.


 

      36-7. Ереженің 36-6 тармағында көзделген жағдайларда кассирдің клиентке қолма-қол ақшаны беруі (клиент кассирден қолма-қол ақшаны алған кезден бастап және оларды санауға арналған үй-жайда парақтап қайта санағанға дейін) банктің касса бақылаушысының қадағалауымен жүзеге асырылады.


      Қайта санау үшін бөлінген үй-жайға өткеннен кейін клиент пломбаны, клишені кеседі және банк кассасы бақылаушысының қадағалауымен қайта санауды жүзеге асырады. Касса бақылаушысы қолма-қол ақшаны қайта санауды сырттай бақылауды жүзеге асырған кезде столдың үстінде тек қана алынған қолма-қол ақшаның болуын қадағалайды.
      Жоғарғы және төменгі жапсырмалар, клишесі кесілген полиэтилен пакеттер, пломбасы бар бау және банкноталар бар тексерілетін бумалар бандерольдері, сондай-ақ монеталар салынған қапшықтың жапсырмасы мен пломбалы бауы барлық банкноталар бумалары немесе монеталар салынған қапшықтарды қайта санау аяқталғанға дейін сақталады.
 

      36-8. Берілетін банкноталар бумаларындағы немесе монеталар салынған қапшықтардағы ақшаның жетіспеуін немесе артық шығуын анықтаған кезде банк кассирі, касса бақылаушысы және клиенті қол қоятын акт бес дана етіп жасалады (Ережеге 7-қосымша). Үш данасы Ұлттық Банктің филиалына жіберіледі, ал екі данасы - банкте қалады.


      1000 (бір мың) теңге және одан да көп мөлшерде қолма-қол ақша жетіспеген немесе артық шыққан жағдайда, банк басшысының қолы қойылған тиісті бұйрық ресімделіп, клиентке қолма-қол ақша берілген банк кассасындағы және банктің операциялық кассасындағы қолма-қол ақша қалдығын қайта есептеу үшін банкте комиссия құрылады, және Ұлттық Банк филиалына дереу хабарланады.
      Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша банк кассасындағы қолма-қол ақшаны қайта санау Ұлттық Банк филиалының өкілі келгенге дейін тоқтатып қойылады.
 

      36-9. Қайта санау кезінде анықталған жетіспеген қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен Ұлттық Банк өтейді, ал артық шыққан қолма-қол ақша банктің кассасына кіріске алынады және ақша аудару тәртібімен Ұлттық Банктің филиалының шотына аударылады.


 

      36-10. Банк осы тараудың талаптарын сақтамаған жағдайда Ұлттық Банк банкноталардың немесе монеталардың жетіспеуі туралы банктің өтінішін қанағаттандырмайды.


5-тарау. Қолма-қол ақшаны алдын ала дайындау тәртiбi
      37. Қолма-қол ақшаны өкiм және кассалық шығыс құжаттары негiзiнде алдын ала касса меңгерушiсi немесе арнайы бөлiнген кассир дайындайды.
      Өкiм клиенттердiң және банк бөлiмшелерiнiң өтiнiшi негiзiнде жасалады. Өкiмде қолма-қол ақшаны:
      1) чектi клиентке инкассаторлар арқылы;
      2) банктің немесе басқа банктің шығыс ордері бойынша;
      3) шығыс кассасы арқылы шығыс құжаттары бойынша беру әдiстерi көрсетiледi.
      Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 
 

      38. Клиенттерге беру үшiн қолма-қол ақшаны алдын ала дайындау мiндетi жүктелген кассир қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қолын қойып, шығыс операцияларын жүзеге асыруға арналған қажеттi ақша сомасын касса меңгерушiсiнен алады. Кассир алған ақшаны қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына жазып қояды (Ережеге 6 қосымша). Өзi қабылдап алған чектердiң, шығыс ордерi мен құжаттардың дұрыс ресiмделуiн тексередi, әрбiр құжат бойынша қолма-қол ақшаны (толық және толық емес бумаларды), банкноттардың түбiртектерiн, металл ақша салынған қапшықтарды (пакеттер мен тюбиктердi) бөлек дайындайды және ақшаны қапқа (қоржынға) салады. Қаптың аузы тiгiледi және шуда жiппен түйiнсiз және үзiксiз мықтап байланады, қапқа этикетка жапсырылады және пломба салынады.


      Қаптың (қоржынның) этикеткасында клиенттiң атауы, шығыс құжатының нөмiрi, оралған күнi және салынған ақшаның (цифрмен және сөзбен жазылған) жалпы сомасы көрсетiледi, сондай-ақ оған кассирдiң (касса меңгерушiсiнiң) қолы мен аты жазылған мөртабаны қойылады. Шуда жiптiң шетi шешiлмейтiндей болып түйiледi және оған қапты дайындаған кассир (касса меңгерушiсi) пломба салады.
 

      39. Берiлуге дайындалған қаптар (қоржындар) бiр ортақ қапқа немесе кiлтпен жабылатын қол арбаға салынуы мүмкiн, оларға кассир (касса меңгерушiсi) пломба салады, этикеткамен жабдықтайды, этикеткаға әрбiр салынған қаптың сомасы, салынған жалпы сома, оралған күнi, кассирдiң (касса меңгерушiсiнiң) қолы және аты жазылған мөртабаны қойылады.


 

      40. Алдын ала дайындалған қолма қол ақшаны чектерiмен бiрге кассирден касса меңгерушiсi қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына этикеткадағы, қаптарға (қоржындарға, қол арбаларға) бекiтiлген жазулар бойынша қолын қойып, олардың бүтiндiгiн, орауының дұрыстығын және пломбирдегi бедердiң анықтығын тексерiп қабылдап алады.


 

      41. Кассир дайындалған қаптарды (қоржындарды) келесi жұмыс күнi таңертең касса меңгерушiсiне қол қойғызып дәл осындай тәртiппен қабылдап алады.


 

      42. Қолма-қол ақша салынған қапты (қоржынды) шығыс кассасының кассирi клиенттерге осы Ереженiң 30 және 31-тармақтарына сәйкес берген кезде берiлетiн қаптардың (қоржындардың) пломбалары кесiлiп алынбайды.


      Бөлiмшелер мен клиенттер пломба салынған қоржындарды чек бойынша касса құжаттары мен кiтаптарына қол қойғызып инкассаторлар арқылы бередi. Инкассаторларға қолма-қол ақша салынған қаптарды (қоржындарды) беру тәртiбi Ереженiң 19-тарауында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.
 

      43. Клиенттер банктiң арнайы бөлiнген бөлмелерiнде қаптардан (қоржындардан) пломбаларды кесетiн кассирдiң (тексерушiнiң) бақылауымен қаптарды (қоржындарды) ашады және ақшаны санайды.


6-тарау. Кешкi кассада операция жүргiзу тәртiбi
      44. Жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банкте клиенттерден ақша қабылдау үшiн кешкi касса ашуға болады. Кешкi касса қабылдаған қолма-қол ақша келесi операциялық күннен кешiктiрiлмей клиенттердiң тиiстi шоттарына жазылуға тиiс. Кешкi кассаны қолма-қол ақшаны қабылдауға, сондай-ақ қолма-қол ақша (валюталық және басқа да құндылықтар) салынған қоржындарды инкассаторлар мен клиенттерден қабылдап алуға байланысты ұйымдастыруға болады. Кешкi кассаны кешкi кассаның тексерушiсi басқарады.
 

      45. Кешкi кассадағы қолма-қол ақшаны кассалық кiрiс құжаттарын қол қоюға құқы бар кассир мен тексерушi қабылдап алады.


 

      46. Кешкi кассаның тексерушiсiне "Кешкi касса" деген мөртабан берiледi, оның бедерi кешкi касса қабылдаған кассалық кiрiс құжаттарына қойылады.


 

      47. Тексерушi болмаған кезде банктiң бiрiншi басшысының жазбаша бұйрығы бойынша кассир қолма-қол ақшаны кешкi кассада компьютер техникасының касса аппаратын пайдалана отырып қабылдайды.


      Осыған орай кассадағы "Кешкi касса" мөртабаны алынады. Касса меңгерушiсi касса аппаратының корпусын орнатарда пломба салады. Жинақтаушы есептегiштiң кiлтi кассирге, есептегiштi өшiру кiлтi касса меңгерушiсiне берiледi. Компьютерлiк техниканы пайдаланған кезде кешкi кассадағы касса операцияларын жүргiзу тәртiбi банктiң iшкi активтерiмен реттеледi.
      Клиенттерге берiлетiн квитанциялардың касса аппаратына қойылған, жарна сомасы көрсетiлген мөртабан бедерiмен жабдықталатындығы туралы хабарландыру кешкi кассаның қасына iлiнедi. Хабарландыруда кассирдiң қолы қойылмаған және касса аппараты мөртабанының бедерi жоқ квитанциялардың, сондай-ақ мөртабан бедерiндегi түзетiлген немесе қойылған сомалар мен қолдан қойылған даталардың жарамсыз екендiгi көрсетiлуге тиiс. Осыған орай бедердiң үлгiсi хабарландыруда болады.
      Клиенттiң тапсырған құжаттарын тексергеннен кейiн және қолма қол ақшаны қабылдағаннан кейiн, кассир құжаттарға қол қояды және квитанцияны хабарландырумен немесе екiншi бетiндегi қоса берiлетiн ведомоспен бiрге касса аппараты мөртабанының бедерiмен жабдықтайды. Кассир квитанцияны клиенттерге бередi, ал хабарландыруды немесе қоса берiлетiн ведомосты өзiнде қалдырады.
      Қолма-қол ақшаны қабылдау аяқталғаннан кейiн, кассир касса аппаратынан таспаны суырып алады, одан өзiнде қалған бөлiнген құжаттардың деректерi бойынша жинақтаушы есептегiш қате есептеген сомаларды сызып тастайды, жалпы соманы есептеп шығарады және оны қолма-қол ақшаның нақты сомасымен салыстырып тексередi.
      Қабылданған қолма-қол ақшаның жалпы сомасын кассир бақылаушы таспаға цифрмен және сөзбен жазады, датасын қояды және бақылау таспасындағы барлық жазулар мен түзетулердi өз қолымен куәландырады.
 

      48. Қолма-қол ақшаны қабылдау аяқталғаннан кейiн, кешкi касса қабылданған қолма-қол ақшаны касса журналының немесе кассалық аппараттың бақылау таспасының деректерiмен және кiрiс құжаттарының сомасымен салыстырып тексередi. Салыстырып тексерiлгеннен кейiн касса журналына тексерушi және кассир, ал тексеру таспасына кассир қол қояды.


      Саналған, жинақталған және кешкi кассаның кассирi тиiсiнше бумалар мен қапқа ораған банкноттар мен металл ақша, кiрiстiк касса құжаттары, касса журналы және мөр кешкi кассаның операциясы аяқталғаннан кейiн сейфте сақталады. Сейфтi кассир мен тексерушi жабады және ол қойма бөлмелерін, отқа жанбайтын сейфтер мен басқа да ақша қоймаларын ашуға, жабуға және мөр қойып жабуға рұқсат берілген адамдардың бақылау журналына (Ережеге 29-қосымша) қолын қойған, қойманы, жанбайтын сейфтер мен басқа да ақша қоймаларын ашуға, жабуға және мөрлеп жабуға рұқсаты бар адамдарға күзетке өткiзiледi.
      Келесi күнi таңертең кешкi кассаның қызметкерлерi күзеттен сейфтi қабылдап алады, қолма-қол ақшаны, кешкi кассаның жасаған операциясы бойынша құжаттарын касса меңгерушiсiне бередi. Касса меңгерушiсi қабылдап алған қолма-қол ақшаның сомасын касса журналының деректерiмен немесе бақылау таспасымен және кiрiс құжаттарының сомасымен салыстырып тексередi. Сомалар сәйкес келсе, кассалық кiрiс құжаттары бухгалтерлiк жазба үшiн тексерушi бухгалтерге тапсырылады.
      Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаны жөнiнде касса меңгерушiсi касса журналына немесе касса аппаратының бақылау таспасына қолын қояды.
      Iс жүзiнде қабылданған қолма-қол ақша сомасы касса журналы мен кiрiс құжаттарының деректерiне сәйкес келмеген жағдайда, касса меңгерушiсi себептерiн анықтайды және бұл туралы акт (Ережеге 7 қосымша) жасайды.
      Ескерту: 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
 

      49. Банктiң екi қызметкерi инкассаторлардан құндылықтар салынған қоржындарды қабылдап алады, оның бiреуi тексерушi, ал екiншiсi кассир болып табылады.


      Инкассаторлар бригадасының бастығы осы бригаданың барлық инкассаторларының көзiнше қоржындарды (қаптарды) тапсырады. Ақша түсiмiн жинаған автомашинаның жүргiзушiсi қолма-қол ақша салынған қоржындарды (қаптарды) инкассаторлар тапсырып бiткенше банктiң iшiнде болуға мiндеттi.
      Инкассаторлар бригадасынан кешкi касса қабылдап алған қолма-қол ақша салынған қоржындар инкассаторлардың бiр бригадасынан қабылдануына қарай сол жерде (егер банкте түнгi санап алу кассасы ұйымдастырылған болса) санап алу кассасына өткiзiледi.
 

      50. Жинаушы инкассатор контролерге сенiмхатын, түскен ақша салынған қоржындардың (қаптардың) жүк құжатын (Ережеге 12 қосымша), валюталық және басқа құндылықтар салынған қоржындарды өткiзген кезде валюталық және басқа құндылықтар салынған қоржынның ведомосын (Ережеге 17 қосымша) және кассаға өткiзiлетiн қоржынға (қапқа) берiлген келу карточкасын (Ережеге 13 қосымша) көрсетедi.


 

      51. Контролер жүк құжатындағы (жолдама ведомостағы) және келу карточкасындағы жазулардың сәйкес келуiн тексередi, инкассаторлардан қолма-қол ақшамен қабылданған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды (Ережеге 14 қосымша) есепке алу журналының екi данасына да көшiрме арқылы тiркейдi және тiркелуiне қарай жүк құжатын (жолдама ведомосты) кассирге бередi.


      Журналда қабылданған кезде келу карточкасында тиiстi ескертпесiз байқалған түзетулер, келу карточкасы мен жүк құжаттарындағы (жолдама ведомостағы) жазулардың айырмашылығы көрсетiлуге тиiс. Кассаға өткiзiлуге тиiстi басқа қоржындардың саны мен нөмiрлерiн контролер келу карточкаларындағы жазылған деректер мен iс жүзiнде босап қалған қоржындар бойынша анықтайды.
 

      52. Осыдан кейiн контролер кассаға өткiзiлетiн қоржындардың санының инкассаторларға берiлген қоржындар (қаптар), келу карточкалары туралы анықтаманың мәлiметтерiне сәйкес келуiн тексередi (Ережеге 15 қосымша), содан кейiн келу карточкалары инкассаторларға қайтарылады.


 

      53. Кассир қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтар салынған қоржындарды инкассаторлардан қабылдап алған кезде:


      1) келiп түскен қоржындардың қандай да бiр зақымдалған немесе (жамауы, сыртқы тiгiстерiнiң ақауы, матасы бүлiнгенi, пломбасының зақымдалуы, шуда жiптiң немесе шуда жiптегi түйiннiң үзiлуi және т.б. секiлдi) ақаулы бiр жерi бар екендiгiн;
      2) пломба салынған қоржындардың (қаптардың) пломбаларындағы пломбирлердiң бедерiнiң анықтығын және олардың банк куәландырған үлгiлерге сәйкестiгiн;
      3) инкассаторлар өткiзетiн қоржындардың нөмiрлерiнiң қоржындардың жүк құжаттарында (жолдама ведомостарында) көрсетiлген нөмiрлерiне сәйкес келуiн;
      4) қабылданатын ақша түсiмiнiң жалпы сомасының ақшамен қабылданған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды есепке алу журналындағы жазбаларға және жүк құжаты (жолдама ведомостары) бойынша саналған жалпы жарияланған сомаға сәйкес болуын тексередi.
 

      54. Кассир, контролер және инкассаторлар бригадасының әрбiр мүшесi қоржындарды (қаптарды) қабылдап алғаннан кейiн, құндылықтарымен қабылданған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды есепке алу журналының екi данасына да қол қояды. Осыған орай контролер журналдың екiншi данасын инкассаторлар бригадасының бастығына бередi.


 

      55. Кассир мен контролер инкассаторлардан қабылдап алған қоржындардың санын есептеп шығарады, оларды құндылықтарымен қабылданған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды есепке алу журналында көрсетiлген санмен салыстырып тексередi және сейфке салып қояды. Қоржындарды қабылдауға негiз болған құжаттар қолма-қол ақшамен және басқа құндылықтармен бiрге сақталады. Сейф екi кiлтпен жабылады, бiрi кассирде, екiншiсi контролерде болады, олар сейфтi мөрлерiмен мөрлеп жабады. Содан кейiн сейф Ереженiң 49-тармағында көрсетiлген тәртiппен күзетке өткiзiледi.


      Бүкiл маршрут бойынша қабылданған, қолма-қол ақша салынған қоржындардың (қаптардың) және бос қоржындардың жалпы саны жөнiнде кешкi касса қабылдаған қолма-қол ақша салынған қоржындардың (қаптардың) және бос қоржындар туралы анықтама жасалады (Ережеге 16 қосымша), ол қолма-қол ақша салынған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды есепке алу журналдардың бiрiншi даналарымен бiрге (Ережеге 14 қосымша) жеке папкада сақталады.
 

      56. Маршруттан әкелiнген қолма-қол ақша салынған қоржындар (қаптар) кешкi касса жабылғаннан кейiн, қоржындарды (қаптарды) Ереженiң 20-тарауында көзделген тәртiп бойынша әкелiп берген инкассаторлардың жауапкершiлiгiнде арнайы бөлiнген сейфтерде сақталады.


 

      57. Инкассаторлар қолма-қол ақша немесе басқа да құндылықтар салынған ақауы бар қоржындарды (қаптарды) (пломбаның зақымдалуы, пломбаның шуда жiптен ажыратылуы, қоржынның (қаптың) зақымдалуы және т.б.) көрсеткенде, цифрмен және сөзбен инкассоланған түсiмнiң сомасы туралы жүк құжатындағы (жолдама ведомостағы) жазбалар сәйкес келмесе, сондай-ақ жүк құжатында (жолдама ведомоста) көрсетiлген сома мен келу карточкасында көрсетiлген соманың арасында айырмашылық болып жатса, контролер мен осындай қоржындарды (қаптарды) ұсынған инкассаторлардың көзiнше кассир оларды ашып, iшiндегi ақшаны және құндылықтарды бiр-бiрлеп санайды.


      Ақауы бар қоржындағы (қаптағы) ақшаны және құндылықтарды қабылдаған және қайта санаған кезде саны кем болып шыққандығы немесе артық шыққандығы белгiлi болса, қайта санаудың қорытындысы туралы екi данада акт жасалады. Актiнiң бiрiншi данасы жолдама құжатпен бiрге банктiң кассалық құжаттарында қалады, екінші данасы құндылықтарды инкассаторға тапсырған клиентке жiберiледi. Актiге ақшаны және құндылықтарды қабылдаған және қайта санаған кезде қатысқан барлық адамдар қол қояды. Актiде қоржынның (қаптың) қабылданған және ашылған күнi, оның нөмiрi, оны қай клиентке, кiмнiң бекiткендiгi, осы қоржындағы құндылықтар қай бөлмеде және кiмнiң көзiнше қайта саналғандығы, қандай зақымның табылғандығы, ақша мен құндылықтардың қандай орауда болғандығы, жолдама құжаттан алынған мәлiмет бойынша бұған салынған құндылықтардың сомасы және қоржында (қапта) түрiне, құнына қарай iс жүзiнде қандай сома болғандығы көрсетiледi.
      Инкассаторларда құндылықтар салынған қоржындар (қаптар), бос қоржындар (қаптар), келу карточкасы кем болып шықса немесе қандай да бiр зақымданған жерi немесе тағы бiр ақауы бар қоржындағы (қаптағы) ақшаның және құндылықтардың кем болып шыққандығы немесе артық шыққандығы анықталып жатса, сондай-ақ инкассаторлар маршруттан белгiленген мерзiмде келмей қалса, кассир немесе контролер бұл жөнiнде тез арада банк басшылығына хабарлайды.
      Ескерту: 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
 

      58. Банктiң бұйрығы бойынша басшы құндылықтар салынған қоржынды қабылдау мiндетiн бiр касса қызметкерiне жүктей алады. Бұл жағдайда кассир өз мiндеттерiне қоса Ереженiң 52, 53, 55-тармақтарында баяндалған талаптарды орындайды.


      Инкассаторлардан қабылданған қоржындарды (қаптарды), олардың жүк құжаттарын (валюта және басқа құндылықтар салынған қоржындардың жолдама ведомостарын) кассир сейфке (қоймаға) салады.
 

      59. Кешкi кассаның кассирi санап алған және бумалаған қолма-қол ақша қоржындарға (қаптарға) салынады және оған кешкi кассаның кассирi мен контролердiң пломбирiмен пломба салынады.


      Инкассаторлардан қабылданған, құндылықтар салынған қоржындар (қаптар) сейфке салынып, кешкi касса қызметкерлерiнiң мөрiмен мөрленедi.
      Сейфке инкассаторлардан қабылданған қоржындарды (қаптарды) есепке алу журналы, сондай-ақ қайта саналмаған инкассатор қоржындарының (қаптарының) саны мен кешкi кассаның кассирлерi қайта санаған және бумалаған, құндылықтар салынған қоржындардың (қаптардың) саны көрсетiлген акт салынады.
      Банк басшысының қалауы бойынша кешкi кассадағы құндылықтарды-кешкi кассаға сейф (сейфтер) қойылатын болып, оның бiр кiлтi кешкi касса қызметкерлерiнде, екiншiсi құндылықтардың сақталуына жауап беретiн адамдарда болған жағдайда-кешкi касса қызметкерлерiн шақыртпай-ақ банктiң операциялық кассасына берудi ұйымдастыруға болады.
      Сейф күзетке өткiзiледi. Күзет шартында кешкi кассаның қызметкерлерi күзетке кешке өткiзген сейфтi күзеттен таңертең құндылықтардың сақталуына жауап беретiн, Ереженiң 49-тармағында баяндалған тәртiппен қолма-қол ақшаны қабылдап алуды жүзеге асыратын адамдар қабылдап алады деп ескертiлген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет