Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


Өткерме бір орамды ток трансформаторы ТПОЛ-10



бет3/5
Дата14.06.2016
өлшемі8.66 Mb.
#135772
1   2   3   4   5

2.3.2 Өткерме бір орамды ток трансформаторы ТПОЛ-10

ТПОЛ-10 түрлі ТА өткермелі бір орамды құйылған оқшаулаумен нақты көрсетілген кернеуі 10кВ екенін көрсетеді.

2.8 суреттегі ТА ТПОЛ-10 бір немесе қатар орналасқан екі таспалық кіндік темірден 1 тұрады, олардың әрқайсысына көп орамды спираль түрінде екінші реттік орама 2 оралған.

2.8 сурет - ТПОЛ-10 түрлі ТА


Бірінші реттік ораманың шықпалары ретінде корпустан шығып тұрған, әрқайсысы төрт гайкалы болттан және тығырықшамен (шайба) қамтамасыз етілген шыбықтың 3 мыжылған аяқ жағы қолданылады.

Шықпаларға тақау корпус бетінде Л1 және Л2 таңбалар бар, олар бірінші реттік ораманың басы мен аяғын көрсетеді. Екінші реттік ораманың шықпалары тіректік фланецке таяу корпустың бүйір жақ бетінде орналасқан. Олар екінші реттік ораманың басы мен аяғын көрсететін И1 мен И2 таңбаларымен қамтамасыз етілген.

ТПОЛ-10 түрлі ток трансформаторының техникалық мәліметтері. Нақты көрсетілген бірінші реттік ток: 600, 800, 1000 және 1500А. Нақты көрсетілген екінші реттік ток 5А.
2.3.3 Өткермелі шиналық ток трансформаторы ТПШЛ-10

ТПШЛ-10 түрлі ТА 2.9 сурет, өткерме шиналық ТА құйылған оқшаулаумен, 10кВ нақты көрсетілген кернеумен екенін білдіреді. Олардың негізгі тағайындалуы ол оларды генераторлық шиналар мен қуатты трансформаторлық қосалқы стансалар шиналарында орнату болып табылады.

ТПШЛ ТА сопақ формадағы қатар орналасқан екі таспалық кіндік темірден тұрады 1, олардың әрқайсысына көп орамды спираль түрінде екінші реттік орама 2 оралған. Барлық шиналық ТА сияқты, ТПШЛ-10 трансформаторының өзіндік бірінші реттік орамасы жоқ. Оның бірінші реттік орамасы рөлін ТА ішкі қуысы арқылы өткізілетін таратушы құрылғылардың шиналары атқарады.

2.9 сурет – ТПШЛ-10 түрлі ток трансформаторы


Бірінші реттік орама рөлін атқаратын шинаға қатысты. ТА дұрыс нысаналауын қамтамасыз ету мақсатында корпус бетінде бірінші реттік ораманың басы мен аяғын көрсететін Л1 және Л2 таңбалары салынады. Екінші реттік орама 3 шықпалары тіректік фланец маңында корпустың бүйір жақ бетінде жайғасқан. Олар екінші реттік ораманың басы мен аяғын көрсететін И1 мен И2 таңбаларымен қамтамасыз етілген.

Тіректік фланецтің бет жағында екінші реттік ораманың шықпаларымен қатар ТА техникалық мәліметтері бар қалқанша 4 орналастырылған.

ТПШЛ-10 ТА техникалық мәліметтері: нақты көрсетілген бірінші реттік ток: 2000, 3000, 4000 және 5000А. Нақты көрсетілген екінші реттік ток: 5А.
2.3.4 Өткерме ток трансформаторлары ТПЛ-10

ТПЛ түрлі ТА 2.10 сурет, тіректі көп орамды (топсалы бірінші реттік орамамен) ТА құйылған оқшаулаумен. Нақты көрсетілген кернеуі 10кВ.



2.10 сурет - Өткерме ТА ТПЛ-10


ТПЛ-10 ТА бір немесе қатар орналасқан екі тікбұрышты кіндік темірден 1 тұрады, олардың жоғарғы шыбықтарында дөңгелек оқшауланған сымнан оратылған екінші реттік орама орауышы жайғасқан. Екінші реттік ораманың орауыштары 2 жалпы бірінші реттік орамамен 3 қамтылады, ол да жалаңаш алқапты мыстан немесе оқшауланған мыс сымнан орамдалған (нақты көрсетілген бірінші реттік ток шамасына байланысты) орауыштың дөңгелек түріне ие. Орамада орам аралық оқшаулау бірінші реттік ораманың орамдары аралығына салынатын электрлік картон алқаптарынан орындалады.

Бірінші реттік ораманың шықпалары корпустың беттерінен шығып тұратын жайпақ қапсырмалар түрінде орындалған. Қапсырмалар бекітетін гайкалы болттармен және шайбалармен қамтамасыз етілген. Қапсырмалар маңында корпустың бүйір жақ бетінде бірінші реттік ораманың басы мен аяғын білдіретін Л· және Л таңбалары бар. Екінші реттік ораманың шықпалары 5 корпустың бүйір жақ бетінде кіндік темір үстінде жайғасқан және екінші реттік ораманың басы мен аяғын білдіретін И1 және И2 таңбасы салынған.

ТПЛ түрлі ТА техникалық мәліметтері. Нақты көрсетілген бірінші реттік ток 5-тен 400А дейін. Нақты көрсетілген екінші реттік ток: 5А.

ТПЛ-10 түрлі ТА ішкі және сыртқы қондырғылардың жинақтық таратушы құрылғыларында кең қолдану тапты.


2.3.5 Орналастырылған ток трансформаторлары

Орналастырылған ТА басқа ТА-нан өзінің бірінші реттік орамасының жоқ болуымен және трансформатордың конструктивтік көркемдеуін құрайтын қандай да болмасын қосымша бөліктерінің толық жоқтығымен ерекшеленеді, 2.11 сурет.

Орналасқан ток трансформаторы оқтамалы ТА тұрады, ол негізгі оқшаулауы күшті трансформатор немесе майлық айырғыштың шықпаларының оқшаулауы ретінде қолданылады. Сондықтан орналастырылған ТА тым арзан және қондыру үшін ерекше орын талап етпейді. Трансформатордың бірінші реттік орамасы қызметін күштік трансформатор немесе айырғыш оқшаулауышының ток өткізетін оқтамасы атқарады.

2.11 сурет – Орналастырылған ТА


Осы кезеңде екінші реттік орамамен оратылған трансформатордың шығыршық кіндік темірі (қақпаққа жабыстырылған) айырғыш қақпаға астында қақпаққа жабыстырылған ерекше металл қорапта жайғасады. Трансформатордың екінші реттік орамасы трнсформациялау коэффициентін белгілі бір шекте өзгерте алатын тарамдалуға ие.

Әдетте екінші реттік орама төрт тарамдалуға ие, негізгі шықпалар күштік трансформатор немесе айырғыштың нақты көрсетілген тогына сәйкес келетін трансформациялау коэффициентін береді. Бір тарамдалудан басқаға ауысу кезінде өлшеу дәлдігі өзгереді.

Орналастырылған ток трансформаторларының негізгі кемшілігі болып өлшеу дәлдігінің төмендігі жатады.

Орналастырылған ТА ТВ және ТВТ (Т- ток трансформаторы, В-орналастырылған, Т-күштік трансформаторға орналастырылған) күштік трансформатор және 35кВ және одан жоғары кернеудегі майы көп көлемді айырғыштар конструкцияларының бөлігін құрайды.


2.4 Сыртқа қондырылатын ток трансформаторы конструкциялары
2.4.1 Жалпы мағлұматтар

Сыртқа қондырылатын ТА ашық тарату құрылғыларындағы жұмыс үшін қолданылады. Тарату құрылғыларын қоршаған ортаның сипаттамалары өзара едәуір айырмашылығы бар. Бұл әртүрлі климат жағдайларымен, атмосфераны өнеркәсіп түтіндерімен ластануымен түсіндіріледі.

Сыртқа қондырылатын ТА 35-тен 1150кВ дейінгі нақты көрсетілген кернеуге және 4000А дейінгі нақты көрсетілген токқа арналып дайындалады.

Сыртқа қондырылатын ТА қағаз-майлы оқшаулау басымды пайдалану алды.

Қазіргі кезде сыртқа қондырылатын тіректі ТА қағаз-майлы оқшаулаудың келесі түр өзгешеліктерімен шығарылады:

- 35-500кВ нақты көрсетілген кернеудегі таза қағаз-майлы оқшаулаумен;

- 220, 330 және 400 кВ нақты көрсетілген кернеудегі конденсаторлы типті қағаз-майлы оқшаулаумен;

- 330-750 кВ нақты көрсетілген кернеудегі рымтүрлі формалы конденсаторлы түрлі қағаз-майлы оқшауламамен.

Сыртқа қондырылатын ТА бірінші реттік орамасы көп жағдайда қатар және тізбектеп қосыла алатын екі секциядан тұрады. Бұл трансформациялау коэффициентін екіге жеткізеді. Сыртқа қондырылатын ТА екінші реттік орама саны екіден беске дейіне болады. Оның бірі өлшеу үшін, ал қалғаны-релелік қорғау (Р) үшін арналған.

Сыртқа қондырылатын ТА түрін белгілеу екі бөліктен тұрады: әріптін және сандық. Әріптік бөлік бірнеше әріптерден тұрады, олар келесі мағынаны білдіреді: Т-ток трансформаторы; Ф-фарфорлы оқшаулаумен; Н-сыртқы қондырғынікі; К-каскадты немесе конденсаторлы қағаз-майлы оқшаулаумен; М-жетілдірілген; Д-дифференциалды қорғау үшін; Р-рымтүрлі формалы оқшаулаумен релелік қорғау үшін.

ТА түрін белгілеу мысалы:

ТФЗМ – фарфорлы оқшаулағышта орналасқан буынды типті бірінші реттік орамалы сыртқа қондырылатын ток трансформаторы, жетілдірілген, 35кВ нақты көрсетілген кернеуге.


2.4.2 ТФЗМ-35 түрлі ток трансформаторы

ТФЗМ-35 типті ток трансформаторы 2.12 сурет, 35кВ нақты көрсетілген кернеудегі тіректі көп орамды май толтырылған ток трансформаторын білдіреді.

Осы түрлі ТА трансформаторлық май мен 11 толтырылған фарфор қанапқа 9 салынған магниттік өткізгішті бірінші реттік орама айырғыш арқылы тізбектеп (ауыстырып қосқыштың 1 орыны) немесе қатар (ауыстырып қосқыштың 2 орыны) қосыла алатын екі секциядан тұрады, бұл трансформациялау коэффициентін екі есе өзгертуге мүмкіндік береді.

2.12 сурет – ТФЗМ-35 түрлі ток трансформаторының конструкциясы


Көп тарамды сымнан тұратын бірінші реттік орама екінші реттік орамалы магниттік өткізгіш арқылы өтеді [4].

Фарфор қынапта 9 май деңгейі тербелісін қабылдайтын май кеңейткіш 1 орнатылған. Май кеңейткіштің ішкі қуысымен байланысатын сыртқы ауа ылғалын жұту үшін силикагелді ылғал сіңіргіш арналған 5. Май кеңейткіштегі май деңгейін бақылау үшін май көрсеткіш 7 қарастырылған. Орамалар және фарфор қынап болат (цоколда) 13 бекітіледі. Цоколдың бүйір қырларында екінші реттік ораманың шықпалары қорабы 12 және ТА техникалық мәліметтері бар қалқанша орналасқан. Май кеңейткіштің қабырғаларында бірінші реттік ораманың шықпалары 3 және 6 бекітілген. 6-шы шықпа екінші реттік ораманың басы болып табылады және Л· деп белгіленген, ал 3-ші шықпа бірінші реттік ораманың басы және Л деп белгіленген. Л1 шықпасы май кеңейткіштен фарфор (втулка) көмегімен оқшауланған, ал Л2 шықпасы олармен электрлік жалғанған.

Осы типті ТА 0,5 класты орамалы бір магниттік өткізгіш және екі немесе үш релелік қорғау үшін орамалармен магниттік өткізгіші бар.
2.4.3 Каскадты ток трансформаторы

35кВ жоғары кернеу кезінде ток трансформаторының конструкциясы өте алып және ауыр болып шығады. Сондықтан оның көлемі мен салмағын азайту үшін рымтүрлі орамалы каскадты ТА қолданылады.

2.13 суретте 330 кВ кернеудегі ТФРМ-330 түрлі екі каскадты ТА сүлбесі ұсынылған, оның екі сатысы бар: жоғарғы Ж және төменгі Т.

2.13 сурет – ТФРМ-330 түрлі каскадты ТА

Жоғарғы сатының бірінші реттік және екінші реттік орамалы магниттік өткізгіші 1 бар және І1 тогын 20А тогына трансформациялайды. Жоғарғы сатының екінші реттік орамасы 20/1 трансформациялау коэффициенті бар төменгі сатының төрт ТА бірінші реттік орамаларына қосылған.

ТА әр сатысы конструктивті түрде жеке орындалған және аппараты бөліктермен тасымалдауға мүмкіндік береді

Каскадты ток трансформаторларының 0,2; 0,5 дәлдік класындағы төрт немесе бес екінші реттік орамасы бар және релелік қорғау үшін. Каскадты ТА келесі кемшіліктер тән: 1) Каскадты сұлба ТА қателігін жоғарылатады және оның шектік еселігін кемітеді, бұлайша жоғарғы сатыға төрт ТА түрінде жүктеменің едәуір кедергісі қосылған және төменгі сатының бірінші реттік орамасының реактивті кедергісі; 2) Төменгі саты ТА кез-келгенінің жүктемесін өзгерту жоғарғы сатының жұмыс тәртібіне әсер етеді; 3) ауыспалы тәртіпте екінші реттік токтың формасының қатты бұрмалануы және жылдам қанығуы байқалады.
2.5 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1 Ашық, жабық және жинақтық таратушы құрылғыларда пайдаланылатын ТА конструкциясын оқу.

2 Есеп беруде келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:

- Ашық, жабық және жинақтық тарату құрылғыларында ТА қандай түрлері пайдаланылады?

- ТА қателіктерін өтеудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіздер.

Олардың бірінің суретін салыңыздар.

- Орналастырылған ТА кемшіліктерін көрсетіңіздер.

- Өткерме ТА тағайындалғанын көрсетіңіз.

- ТА қателігінің жүктемемен байланысын келтіріңіздер және талдаңыздар.

- ТФЗМ түрлі ТА трансформациялау коэффициентін қалай өзгертуге болады?

- Неге осы кезде дәлдік класы өзгеріссіз қалады?

- ТА жұмыс тәртібінің ерекшеліктері немен қорытындыланады?


2.6 Бақылау сұрақтары

1 Өлшегіш ток трансформаторының тағайындауы қандай?

2 ТА трансформациялау коэффициенті деген не?

3 ТА қандай бөліктері жерлестіруге жатады, қандай мақсатта және ол қалай іске асырылады?

4 ТА конструкциясын қалай жіктеуге болады және қандай белгілері бойынша?

5 Бұрыштық қателік деп нені түсінеміз және ТА векторлық диаграммасынан оны қалай анықтайды?

6 Токтық қателік деп нені түсінеміз және ТА векторлық диаграммасынан оны қалай анықтайды?

7 Ток трансформаторының толық қателігі деп нені түсінеді?

8 Бірінші реттік ток мәні ТА қателігіне қалай әсер етеді?

9 Орамдық түзету деген не және ол қалай іске асырылады?

10 ТА қателіктерін азайту тәсілдерін атаңыздар және оларды талдаңыздар.

11 ТА нақты көрсетілген жүктемесі деп нені түсінеді?

12 ТПОЛ-10 түрлі ТА не ұсынады?

13 ТПШЛ-10 және ТПЛ-10 түрлі ТА конструктивті ерекшеліктері және не үшін тағайындалған?

14 Орналастырылған ТА кемшіліктері мен артықшылықтарын атап шығыңыздар?

15 Сыртқа қондыру үшін арналған ТА ерекшеліктері неде?

16 Берілген конструкциялы ТА қателіктеріне не әсер етеді?

17 ТА нақты көрсетілген екінші реттік токтарының мағынасы неде және қандай пікірмен олар орнатылған.

18 Шыншыр түрлі орамалардың ерекшеліктері неде және олар қандай ТА қолданған?

3 Кернеу трансформаторлары
Жұмыс мақсаты: электрқондырғылардың ашық, жабық және жинақтық таратушы құрылғыларда қолданылатын кернеу трансформаторларының конструкциясын және жұмыс тәртібін, әрекет ету қағидаларын оқу.
3.1 Кернеу трансформаторларының әрекет ету қағидасы және тағайындалуы

Өлшегіш кернеу трансформаторы деп кернеуді өлшеу үшін қолайлы мәнге дейін түрлендіру үшін арналған және Ku есеге арттырылған трансформатордың екінші реттік кернеуі бойынша да талап етілген дәлдікпен сәйкес келетіндей етіп орындалған трансформаторды атайды.

Кернеу трансформаторын (КТ) қолдану жоғарғы кернеудегі өлшеу үшін шектерін кеңейте отырып стандартты өлшегіш аспаптарды және стандартты орындалған реле орамаларын пайдалануға жағдай жасайды. Бұдан басқа, кернеу трансформаторы өлшегіш аспаптар мен релені жоғарғы кернеуден оқшаулайды, осының арқасында оларға қызмет көрсетудің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Кернеу трансформаторы жоғарғы кернеу қондырғыларында кең қолданылады. Олардың жұмысынан электрлік өлшеулер мен электр қайратын есепке алу дәлдігі, сондай-ақ апатқа қарсы автоматика және релелік қорғаныс әрекетінің сенімділігі байланысты.

Кернеу трансформаторы орындалу қағидасы бойынша күштік азайтқыш трансформатордан еш айырмашылығы жоқ. Ол табақтық электртехникалық болат табағы пластиналарынан құралған магниттік өткізгіштен, бірінші реттік орамадан және бір немесе екі екінші реттік орамадан тұрады. 3.1 суретінде бір немесе екінші реттік орамасы бар кернеу трансформаторының сұлбасы көрсетілген.

Бірінші реттік орамаға жоғарғы кернеу U1 беріледі, ал екінші реттік ораманың кернеуі U2 өлшегіш аспаптарға беріледі. Бірінші реттік және екінші реттік орамалардың басы А және а әріптерімен белгіленген, ал аяқ жақтары – Х және х әріптерімен. Мұндай белгілеулер әдетте орамалар шықпаларымен қатар КТ корпусына салынады.

Бірінші реттік нақты көрсетілген кернеудің екінші реттік нақты көрсетілген кернеуге қатынасы КТ трансформациялау коэффициенті деп аталады.

. (3.1)

3.1 сурет - Кернеу трансформаторының сұлбасы


Кернеу трансформаторының қателіксіз жұмысы кезінде оның бірінші реттік және екінші реттік кернеу фаза бойынша дәл келеді, 3.1 сурет.
3.2 Кернеу трансформаторының негізгі түрлері және жіктелуі
3.2.1 Кернеу трансформаторының жіктелуі

Кернеу трансформаторы өзгешеленеді: фазалар саны бойынша – бір фазалы және үш фазалы; орама саны бойынша – екі орамалы және үш орамалы; класс дәлдігі бойынша; салқындату әдісі бойынша – маймен салқындатылатын трансформаторлар (майлық), ауамен табиғи салқындату (құрғақ) және тұтас құйылған оқшаулаумен; қондыру тегі бойынша – ішкі қондыру үшін, сыртқы қондыру үшін және жинақтық тарату құрылғылары (ЖТҚ) үшін.

Бір фазалы кернеу трансформаторының оқшаулауы толық жұмыс кернеуіне сәйкес келетін бірінші реттік ораманың бір, әйтпесе екі шықпасы болуы мүмкін.

Кернеуі 110кВ дейінгі бір фазалы кернеу трансформаторы әдеттегі сұлба бойынша дайындалады, ал кернеуі 110кВ және одан жоғары болғанда каскадты сұлба бойынша [1].

Үш фазалы екі орамалы кернеу трансформаторының әдеттегі үш шыбықты магниттік өткізгіші, бірінші реттік және екінші реттік орамалары үш шыбықтарда жайғасқан, ал үш орамды кернеу трансформаторлары екі түр өзгертушілікпен орындалған. Үш фазалы үш орамалы бірінші түр өзгертушіліктің (ескі болжал) кернеу трансформаторының бес шыбықты кіндік темірі бар, бірінші реттік және екі екінші реттік орамалар ортаңғы шыбықтарда жайғасқан, ал шекті шыбықтары бостандықта қалады. Үш фазалы үш орамалы екінші түр өзгертушіліктің (жаңа болжал) кернеу трансформаторы үш бір фазалы кернеу трансформаторлары тобын ұсынады, олар сауытты түрлі кіндік темірлерде орындалған және сәйкесінше сұлбамен қосылған.

6 және 10кВ кернеуіндегі бір фазалы кернеу трансформаторында тұтас құйылған оқшаулау басым қолданылады. Тұтас құйылған оқшаулауы бар трансформаторлар толық немесе бір белгісі оқшаулағыш дене-эпоксидтік шайырмен құйылған. Ішкі қондырғы үшін арналған мұндай трансформаторлар майлық трансформаторлардан пайдалы өзгешеленген: көлемі мен салмағы аз және пайдалануда күтімді дерлік талап етпейді.

Майлық кернеу трансформаторларындағы май ең бастысы орамаларды жерлестірілген бөліктерден оқшаулау үшін және орамаларды ылғалданудан сақтандыру үшін қызмет етеді. Кернеу трансформаторларындағы салыстырмалы аз шығыны нәтижесінде майлық салқындату олар үшін күштік трансформаторларға қарағанда екінші дәрежелі мәнге ие.
3.2.2 Құрғақ кернеу трансформаторлары

Құрғақ кернеу трансформаторлары, былайша айтқанда негізгі оқшаулағыш орта болып ауа немесе қатты диэлектрик болып табылатын трансформаторлар, келесі түрлерде дайындалады:

бір фазалы – НОС-0,5 және НОСК-6-66;

үш фазалы – НТС-0,5.

Кернеу трансформаторлары түрлерінің белгіленуі келесі түрде айырылады:

НОС - кернеу трансформаторы, бір фазалы, құрғақ;

НОСК-КТ, бір фазалы, құрғақ, өтемделген;

НТС-КТ, үш фазалы, құрғақ.


3.2.3 Майлық кернеу трансформаторлары

Табиғи майлық салқындатуы бар майлық кернеу трансформаторлары келесі түрлерде шығарылады:

бір фазалы – НОМ-6, НОМ-10, НОМ-15, НОМ-35-66, ЗНОМ – 15-63, ЗНОМ-20, ЗНОМ-24, ЗНОМ-35;

үш фазалы – НТМК-6, НТМК-10, НТМИ-6, НТМИ-10, НТМИ-18, НТМИ-20, НАМИ-6, НАМИ-10.

Белгіленулер келесі түрде айырылады:

НОМ – кернеу трансформаторы, бір фазалы, майлық;

ЗНОМ – кернеу трансформаторы, бір фазалы, бірінші реттік орама шықпалары жерлестірілген майлық;

НТМК - кернеу трансформаторы, үш фазалы, өтемделген орамасы бар майлық;

НТМИ - кернеу трансформаторы, үш фазалы, майлық,өлшегіш, ол оқшауланған бейтарабы жүйенің оқшаулау күйін бақылау үшін арналған;

НАМИ - кернеу трансформаторы, резонансқа қарсы, майлық, өлшегіш, ол жүйе оқшауламасын бақылау үшін арналған.


3.2.4 Тұтас құйылған оқшаулауы бар кернеу трансформаторлары

Тұтас құйылған оқшаулауы бар КТ кернеуі 35 кВ дейінгі дәстүрлі ішкі қондырғының май толтырылған кернеу трансформаторларының орнына кең тарауымен түсіндірілетін бір қатар басымдылықтарға ие. Тұтас құйылған оқшауламасы бар кернеу трансформаторы келесі түрлерде дайындалады:

НОЛ - кернеу трансформаторы, бір фазалы, құйылған оқшауламамен;

ЗНОЛ - кернеу трансформаторы, бір фазалы, құйылған оқшаулаумен, бірінші реттік орама шықпалары жерлестірілген үш орамалы.

Құйылған оқшауланған КТ майлық кернеу трансформаторларымен салыстырғанда көлемі аз, мысалы, НОМ-10 түрлі кернеу трансформаторының көлемі 308х282х472 мм, және тарату құрылғысында 0,041м3 көлемін алады, ал НОМ-08-10 кернеу трансформаторы сәйкесінше 335х208х313 мм, ал көлемі 0,022 м3.

Тұтас құйылған оқшауламасы бар кернеу трансформаторын көлденең қатынасы бойынша кез-келген қалыпта орнатуға болады, ал бұл май толтырылған кернеу трансформаторлары үшін мүмкін емес.

Құйылған кернеу трансформаторларында өрт қауіпсіздігі және тексерумен және майды айырбастауға байланысты тексеру қажеттігі есептен шығарылады.
3.2.5 Каскадты кернеу трансформаторлары

Жоғарғы кернеу орамасы каскадты қосылған каскадты кернеу трансформаторлары маймен табиғи салқындатылатын бір фазалы болып шығарылады. Олар бірнеше түрге бөлінеді; олар келесідегідей белгіленеді: НКФ-110, НКФ-220, НКФ-330 және НКФ-500, мұнда ККФ - кернеу трансформаторы, каскадты, фарфор оқшауламасы бар.


3.3 Кернеу трансформаторларының қателіктері және оларды азайту әдістері

Кернеу трансформаторларының қателіктері магниттік өткізгіш өлшемінен, болаттың магниттік қасиеттерінен, орама конструкциясынан, өткізгіштер қимасынан, сонымен бірге бірінші реттік кернеу мен жалғанған жүктемеге байланысты.

Кернеу трансформаторының екі қателігі бар: кернеу бойынша және бұрыштық қателік .
, (3.2)
мұнда – нақты көрсетілген трансформациялау коэффициенті;

- әрекеттік бірінші реттік кернеу, В;

- әрекеттік екінші реттік кернеу, ол өлшеудің берілген жағдайы кезіндегі қосылған кернеуге сәйкес келеді;

қателігі оң таңбалы, егер және теріс таңбалы, егер .

Бұрыштық қателік – бұл бірінші реттік кернеу векторы мен 1800 бұрылған екінші реттік кернеу арасындағы бұрыштық градустар мен минуттармен өрнектелетін бұрыш.

Бір фазалы КТ қателіктері векторлық диаграмма мен орнын басу сұлбасынан талдау арқылы анықталуы мүмкін, 3.2 сурет.

Векторлық диаграмманы тұрғызған кезде бірінші реттік орама көрсеткіштері екінші реттікке келтірілген,


; ;
; .
Магниттік ағынның векторы векторынан 900 озып тұр, ал жүктеме тогы векторы векторынан бұрышына қалып тұр. Магниттелетін ток ағыны шығын бұрышына озып тұр. және жақтары бар АВС үшбұрышы зая жүріс тогымен түсіндірілетін бірінші реттік орамадағы кернеу түсуін анықтайды. және жақтары бар СДЕ үшбұрышы жүктеме тогымен түсіндірілетін бірінші реттік және екінші реттік орамалардағы кернеу түсуін анықтайды. ОЕ кесіндісі жүктемеленген кернеу трансформаторының бірінші реттік кернеу векторы болып табылады.

3.2 сурет–Кернеу трансформаторының векторлық диаграммасы мен орнын басу сұлбасы


Векторлық диаграмманың көмегімен кернеу трансформаторы қателігін анықтаймыз, оның орамдар саны қатынасы нақты көрсетілген трансформациялау коэффициентіне тең. Осы шарт кезінде және (3.2) өрнегіне сәйкес кернеу бойынша қателік мынаған тең:

.

Кернеу бойынша қателік теріс таңбалы, себебі

Бұрыштық қателікті анықтау кезінде бұрышын оның синусына тең қабылдаймыз, солай болғандықтан бұрышы аз, яғни .

Сонымен қатар бұрыштық қателік те теріс таңбалы, осылай болғандықтан векторы векторынан қалып тұр. Кернеу трансформаторы орнатылған класс дәлдігіне сәйкес келуі керек, ол нормаланған бірінші реттік кернеу мен екінші реттік жүктеме қуаты мәндері кезіндегі қателіктерді шекті рұқсат етілген мәндерімен сипатталады.

Класс дәлдігін сипаттайтын сан, кернеу қателігінің шекті рұқсат етілген мәніне сәйкес келеді.

Әр түрлі класс дәлдіктері үшін орнатылған шекті рұқсат етілген қателіктер 2.1 кестесінде келтірілген.

0,2 класс дәлдігі қуатты генераторлар мен жүйе аралық электр берілу желілерінде орнатылатын есептік санауыштар кернеу трансформаторларынан қорек алған кезде керек. Басқа қосылымдардың есептік санауыштарын қоректендіретін кернеу трансформаторлары және 1 және 1,5 класты өлшегіш аспаптардың 0,5 клас дәлдігі болуы керек. Ең көп таралған 2,5 класты көрсеткіш өлшегіш аспаптар үшін кернеу трансформаторының 1 класс дәлдігі қамтамасыз етілуі керек, және тек қана ерекшелік ретінде 3 класс ұйғарылады.

Релелік қорғаныс үшін кернеу трансформаторының 3 класс дәлдігі талап етіледі [2].


2.1 кесте – Шектік рұқсат етілген қателіктер

Класс дәлдігі

Қателік

Кернеу, + пайыздардан

Бұрыштық, + мин.

0,2

0,5


1,0

3,0


0,2

0,5


1,0

3,0


10

20

30



Нормаланбайды

Әрбір класс дәлдігі үшін кернеу трансформаторының нақты көрсетілген қуаты орнатылады , осы кезде оның қателіктері нақты көрсетілген бірінші реттік кернеу кезінде жоғарыда көрсетілген мәндерден аспайды.

Нақты көрсетілген қуаттардан басқа әрбір кернеу трансформаторының барынша көп қуаты бар, оны ол кластар дәлдігінен тыс жұмыс істей отырып ораманың рұқсат етілмеген қызып кетуінсіз ұзақ уақыт бере алады.

Кернеу трансформаторының дәлдігін арттыру үшін кернеу бойынша және бұрыштық түзету енгізіледі. Кернеу бойынша немесе орамдық түзетулер деп трансформациялау коэффициентін екінші реттік кернеуді арттыру жағына қарай әдейі өзгертуді атайды, осылайша орамдар саны қатынасын нақты көрсетілген трансформациялау коэффициентінен бірқатар кем таңдайды.

Орамдық түзету екінші реттік ораманың орамдар санын арттыру немесе бірінші реттік ораманың орамдар санын кеміту жолымен іске асырыла алады. Бірақ тәжірибеде әдетте екінші тәсіл кең қолдану тапты, себебі осы кезде түзету көбірек дәл таңдалынуы мүмкін. Бұрыштық қателікке орамдар түзетуі әсер етпейді [3,4].

Бұрыштық қателіктерді түзету тек қана үш фазалы кернеу трансформаторларында іске асырылуы мүмкін. Бұрыштық түзетудің таңбасы фазалар кезектесуіне байланысты. Осы мақсат үшін бұрыштық түзету қолданылған үш фазалы кернеу трансформаторларында фазалар кезектесуінің дұрыс реті көрсетілген арнайы қалқаншасы бар.

Бұрыштық түзетуді іске асыру үшін әр шыбықтық бірінші реттік орамасы негізгі бөліктен AX, BY, CZ және өтемдейтін A1X1, B1Y1, C1Z1 бөліктен тұрады. Бұл сұлба НТМК түрлі кернеу трансформаторларында қолданылады және 3.3 суретте келтірілген.

Егер бұрыштық қателік оң болса, онда НТМК түрлі кернеу трансформаторының бірінші реттік орамасы 3.3а суреттегі сұлба бойынша қосылуы керек, ал егер бұрыштық қателік теріс болса, онда бірінші реттік орама 3.3б суреттегі сұлба бойынша қосылады [1,3].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет