Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет116/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

302-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру –

мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) бірнеше рет;

3) қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


303-бап. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу

1. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекеттi аталған қағидаларды сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды жымқыруға не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет