жоба
Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына және
психотроптық заттарға 2014 жылға арналған
қажеттілік нормалары туралы
«Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі халықаралық квоталарды бекiту үшiн қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарына және психотроптық заттарға 2014 жылға арналған қажеттiлiк нормаларын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiнiң штаб-пәтерiне (Вена, Австрия Республикасы) жiберсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі халықаралық квоталарды бекіткеннен кейін есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға 2014 жылға арналған мемлекеттiк квотаны бекiту үшiн, соның шегінде лицензиялары бар заңды тұлғалар олардың айналымын жүзеге асыратын қажеттілiк есебiн белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
проект
О нормах потребности Республики Казахстан
в наркотических средствах и психотропных веществах на 2014 год
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 1998 года «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан направить в штаб-квартиру Международного комитета по контролю над наркотиками Организации Объединенных Наций (Вена, Австрийская Республика) для утверждения международных квот прилагаемые нормы потребности Республики Казахстан в наркотических средствах и психотропных веществах на 2014 год.
2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан после утверждения международных квот в установленном порядке внести в Правительство Республики Казахстан для утверждения государственной квоты на наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры на 2014 год расчеты потребности, в пределах которой осуществляется их оборот юридическими лицами, имеющими лицензии.
3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.
Премьер-Министр
Республики Казахстан С. Ахметов
«Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына және психотроптық заттарға 2014 жылға арналған қажеттілік нормалары туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
|
2
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Жоба «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзірленді
|
3
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар
|
Қабылданып жатқан шаралар есірткі құралдары мен психотроптық заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау нысандарының бірі болып табылады, бұл бекітілген нормативтер шегінде заңды мақсаттарда пайдаланылатын есірткі құралдарын және психотроптық заттарды бөлуде мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді
|
4
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Осы жобаны қабылдау қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді
|
5
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі
|
Осы жоба Қазақстан Республикасының өндіруші кәсіпорындары мен заңды тұлғаларының алдағы жылға есірткі құралдарына және психотроптық заттарға қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге бағытталған
|
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына және психотроптық заттарға қажеттілік нормаларын бекіту туралы жобалар жыл сайын бекітіледі. Осы нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мемлекеттік квоталарын үлестік бөлу жүргізіледі
|
7
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Осы жоба Қазақстан Республика-сының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленді
|
8
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Жүргізілген жоқ
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
Көрсетілген заттар мен құралдарға қажеттілік Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Қорғаныс, Білім және ғылым, Әділет, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған деректердің негізінде құрастырылды.
|
10.
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Жобаның Интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат
|
Жоба www.mvd.gov.kz Интернет-ресурсында орналастырылған
|
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
«______»_______________
ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА
к проекту постановления Правительства Республики Казахстан
«О нормах потребности Республики Казахстан в наркотических средствах и психотропных веществах на 2014 год»
№
п/п
|
Перечень сведений, которые должны быть отражены в пояснительной записке
|
Информация государственного
органа-разработчика
|
1.
|
Государственный
орган-разработчик
проекта
|
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан
|
2.
|
Обоснование
необходимости
принятия проекта
|
Проект разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 1998 года «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими»
|
3.
|
Предполагаемые
социально-экономические и/или правовые последствия в случае принятия проекта
|
Принимаемые меры являются одной из форм государственного контроля в сфере оборота наркотических средств и психотропных веществ, что позволяет осуществлять государственное планирование в распределении наркотических средств и психотропных веществ, используемых для законных целей в пределах утвержденных нормативов
|
4.
|
Предполагаемые
финансовые затраты, связанные с реализацией проекта
|
Принятие данного проекта не требует дополнительных финансовых затрат
|
5.
|
Конкретные цели, сроки ожидаемых
результатов и
предполагаемая
эффективность
принятия проекта
|
Данный проект направлен на полноценное обеспечение наркотическими средствами и психотропными веществами потребностей предприятий-производителей и юридических лиц Республики Казахстан в предстоящем году
|
6.
|
Сведения об актах Президента и/или Правительства, принятых ранее по вопросам, рассматриваемым в проекте, и результатах их реализации.
|
Проекты об утверждении норм потребности Республики Казахстан в наркотических средствах и психотропных веществах утверждаются ежегодно. На основе этих нормативных правовых актов проводятся долевые распределения государственных квот наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в Республике Казахстан
|
7.
|
Необходимость
последующего
приведения законодательства в
соответствие с
проектом
|
Данный проект разработан в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан
|
8.
|
Результаты дополнительной экспертизы (правовой, экономической, экологической, финансовой и других), в случае ее проведения по поручению Премьер-Министра в других организациях
|
Не проводилась
|
9.
|
Иные сведения
|
Потребность в указанных веществах составлена на основе данных, представленных министерствами здравоохранения, сельского хозяйства, обороны, образования и науки, юстиции, внутренних дел, Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан
|
10.
|
Передача материалов (выписок) на мобильные устройства членов Правительства через информационную систему «Мобильный офис Правительства Республики Казахстан»
|
Разрешается
|
11.
|
Информация о размещении проекта на Интернет- ресурсе
|
Размещен на Интернет-ресурсе www.mvd.gov.kz
|
Министр внутренних дел
Республики Казахстан К. Касымов
«_______»______________
Достарыңызбен бөлісу: |