Ќазаќстан Республикасыныѕ жоєары оќу орындары студенттерініѕ жаратылыстану, техникалыќ, јлеуметтік-гуманитарлыќ жјне экономикалыќ єылымдар бойынша єылыми зерттеу жўмыстарыныѕ жыл сайынєы байќауын ўйымдастыру мен ґткізу жґніндегі


Республикалық СҒЗЖ конкурсының жеңімпаздарын



бет3/5
Дата04.01.2024
өлшемі59.5 Kb.
#488503
1   2   3   4   5
ереже каз

Республикалық СҒЗЖ конкурсының жеңімпаздарын
марапаттау тәртібі
24. 1,2,3 орын иеленген республикалық клонкурс жеңімпаздары үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығы негізінде министрліктің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
25. Жоғары оқу орны басшылығы ЖОО-ның өз есебінен студенттерді – конкурстың бірінші, екінші, үшінші кезеңдері лауреаттарын марапаттау шаралары қолға алынуы мүмкін.
Ақшалай сыйақы көлемі берілу жылына, қаржылай мүмкіндікке қарай беріледі. Бірақ шәкіртақы көлемінен кем болмайды. Ақшалай сыйақы ұжымдық жұмыстың бірлескен авторларына тең көлемде бөлінеді.
26. Республикалық конкурстық комиссия СҒЗЖ әр бөлімі бойынша мынадай ретте жүлдегелерді марапаттауға ұсыну құқығына ие:
1 орын үшін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы (1 жұмыстан артық емес);
2 орын үшін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы (2 жұмыстан артық емес);
3 орын үшін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы (3 жұмыстан артық емес).
27. СҒЗЖ конкурсы дипломдары берілген студент-лауреаттардың жетістігін магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясы ескереді.
28. Кем дегенде марапатқа ие болған үш ғылыми жұмысқа жетекшілік жасаған ғылыми жетекші ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталады.


Студенттердің ғылыми жобаларының халықаралық сайысы
29. Республикалық СҒЗЖ конкурсының қорытындысына сәйкес республикалық комиссия үміткерлер арасында іріктеу өткізеді. Конкурстың бірінші жүлдесін жеңіп алғандар, студенттердің ғылыми жобасының халықаралық конкурсына қатыстырылады.
30. ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссияның ұсынысы бойынша республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып, студенттердің ғылыми жобасының халықаралық конкурсына дайындау және бастап бару үшін Қазақстан құрама командасының ғылыми жетекшісін және жетекшісін тағайындайды.
Ғылыми жетекші команда дайындығының деңгейі мен сапасына жауап береді. Команда жетекшісі команда мүшелерінің өмірі мен денсаулығына жауапты болады.
31. Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен құрама жетекшілері мен мүшелерін жол жүру құжаттарын толтыру мен іс-сапар (шығындарымен) жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Қосымша 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет