Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата07.07.2016
өлшемі263.5 Kb.
#183436


№ исх: 16-01-402 от: 18.06.2015

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат;
№ 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1,
4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24,
180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат;
№ 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16,
76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат;
№ 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат;
2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат;
№ 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15,
97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар, № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8,
44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І,
19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңы; 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Су объектісінің жағалау жиегінен 500 метр шекте орналасқан жер учаскелерін беру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін қоспағанда, су қорғау аймақтарының, белдеулерінің шекараларын айқындағаннан және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілегеннен кейін жүзеге асырылады.

Жағалау жиегін айқындау тәртібі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларында айқындалады.».

2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17,
141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат;
№ 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24,
129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2,
7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне іргелес аумақ;»;


мынадай мазмұндағы 55-1), 55-2) және 55-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«55-1) су сапасының стандарттары – жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін сақталуға тиіс судың шекті гидрохимиялық, микробиологиялық, табиғи сипаттамасының сандық көрсеткіші;

55-2) су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы – өнімнің бір бірлігіне тұтынылатын немесе бөлінетін сарқынды судың белгіленген мөлшері;

55-3) су тұтынудың немесе су бұрудың ірілендірілген нормасы –экономиканың түрлі салаларында өнімнің бір бірлігіне тұтынылатын немесе бөлінетін сарқынды судың саны;»;

2) 56-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жерүсті су объектiсiнiң бассейні үшін уәкілетті орган бекіткен су объектілерінің сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.»;

3) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру және (немесе) оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

2. Бастапқы су пайдаланушымен немесе басқа да жеке немесе заңды тұлғалармен шарт негізінде су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады.

3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, оны пайдаланудың негізгі талаптары көрсетіледі.

Қайталама су пайдалануға арналған шартта қайталама су пайдаланушыға бастапқы су пайдаланушыға су ресурстарын пайдаланғаны және (немесе) сарқынды суларды ағызғаны үшін төлемді жүзеге асыру бойынша талаптар қамтылуға тиіс.»;

4) 72-баптың 7) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайталама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімдерде толық көлемде орындауға;


13) уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының оң шешімінсіз ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге;»;

5) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«82-бап. Су пайдалану лимиттерi

1. Өзен бассейндері бойынша және облыстардың су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар негiзiнде онжылдық кезеңге белгiленедi және оларды уәкiлеттi орган бекiтедi.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін лимиттер негізінде уәкілетті органның өңірлік органдары облыстар, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бойынша ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық
жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары мен бағыттарын ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді.

Суға жыл сайынғы қажеттіктерді қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерін негіздеуі жөніндегі есептеулерге негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін суды жеткізу көлемі белгіленген лимиттер ескеріле отырып, шарттарда айқындалады.

3. Уәкілетті органның өңірлік органы суыаз жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу не тоқта тұру жөнінде шаралар қабылдайды. Ауызсумен жабдықтаудан және табиғат қорғау су өткізулерінен кейін суы аз жылдарды кепілдік берілген қамтамасыз етуге есептелген өнеркәсіптік кәсіпорындар, суы орташа аз жылдарды кепілдік берілген қамтамасыз етуге есептелген суармалы егіншілік және сулылығы орташа жылы кепілдік берілген қамтамасыз етуге есептелген жайылма суару басымдықты болып табылады.

Жедел реттеу шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады.»;

6) 86-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Су алу және пайдалану көлемдерiн азайту жөнiндегi талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың және су бұрудың нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткiзiледi.»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган кемінде бес жылда бір рет экономиканың салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы объектілерін жобалау және реконструкциялау, сондай-ақ өндіргіш күштер мен экономика салаларын дамыту және орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын әзірлеу кезінде ескеріледі.

Су пайдаланушылар кемінде бес жылда бір рет уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары шеңберінде өнім бірлігін өндіру үшін қажетті су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлейді.

Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну және су бұру көлемдерін негіздеу бойынша есептеулер кезінде ескеріледі.»;

7) 90-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi негiздеме болған жағдайда уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша осы суларды ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға оң қорытынды береді.»;

8) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су пайдалануды мiндеттi түрде тiркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жерүстi және жерасты су объектiлерiнен су алуға құқылы.

Өз мұқтаждары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар су пайдалануды тіркеуді ерікті түрде жүзеге асырады.

Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.»;

9) 116-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылық пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупi бар аудандарда –азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен де қосымша келiсiлiп, бекiтiлген жобалау құжаттамасы негiзiнде белгiлейдi.

Жобалау құжаттамасы уәкілетті орган бекіткен жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалау жөніндегі техникалық нұсқаулардың негізінде әзірленеді.».

3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23,
114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16,
129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9,
51-құжат, № 12, 57-құжат, № 14, 72, 75-құжаттар, 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат;
№ 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«39) қондырғы операторы – жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасының аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды немесе жеке тұлға;

40) қондырғы паспорты – парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері, пайдаланылатын технологияның қызмет түрлері, сипаттамалары туралы мәліметтерді және қондырғы паспортының нысанында белгіленген өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;»;

мынадай мазмұндағы 15-1), 61-1), 65-1), 65-2) және 65-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«15-1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына байланысты коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;

61-1) өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы – өнімдерді және олардың қалдықтарын жинауды, әкетуді, кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын, өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын ұйым;

65-1) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын көміртегі бірліктерін айналыстан алып қою (есептен шығару);

65-2) парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгейі – Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында айқындалған алдындағы жылдардағы парниктік газдар шығарындылары көлемінің орташа шамасы;

65-3) парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспары – қондырғы операторы тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерін ұлғайтужөніндегі жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзіміне әзірлейтін, орындалу үшін міндетті құжат;»;

2) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайталама ресурстар ретінде пайдаланудың басымдығы;»;

3) 16-баптың 9) тармақшасы мындай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтарылсын:

«парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және белгіленген мөлшерде резервтер қалыптастыру және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының тәртібін;»;

4) 17-бапта:

28-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және белгіленген мөлшерде резервтер қалыптастыру және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының тәртібін әзірлейді;»;

мынадай мазмұндағы 28-10) тармақшамен толықтырылсын:

«28-10) парниктік газдарды реттеу мен сіңіру саласында валидация және верификация тәртібін әзірлейді;»;

29) тармақшаның отыз бірінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер тізбесін;

өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін;

коммуналдық қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;

мониторинг жоспарының нысанын;

мониторинг жоспары және қондырғы паспорты бойынша валидациялық қорытынды нысандарын;

парниктік газдарды түгендеу туралы есеп бойынша верификациялық қорытынды нысанын;

парниктік газдар шығарындыларының ұлттық жоспарының квоталар көлемі резервінен квоталар бөлу әдістемесін бекітеді;»;

30) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;

36-4) тармақша алып тасталсын;

5) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,

республикалық маңызы бар қаланың, астананың               

жергілікті өкілді органдарының коммуналдық

шаруашылық саласындағы құзыретi

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында:

1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;

2) коммуналдық қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

6) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,

республикалық маңызы бар қаланың, астананың

жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық

шаруашылық саласындағы құзыретi

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында:

1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген, коммуналдық қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергiлiктi өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;

2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

7) 94-1-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қондырғы операторларына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;     

3) қондырғы операторларын әкімшілендіруді қамтиды.»;

8) 94-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар 

1. Қондырғы операторының шығарындылары мынадай реттелетін қызмет: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия, өңдеу (цемент, әк, гипс және кірпіш өндірісі) салаларында жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасының баламасынан асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай пайдалануына тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағы талаптарының сақталуын тексеру Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қондырғыларға ғана қатысты жүзеге асырылады.

3. Парниктік газдар шығарындыларына квота Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында көрсетілген көлемге сәйкес Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде оны қондырғы операторы шотының есебіне жатқызу тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде айналысқа енгізіледі.

4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды есепке жатқызғаннан кейін қондырғы операторы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылуының бірінші жылының бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға валидацияланған мониторинг жоспары мен қондырғы паспортын ұсынады.

Осы тармақта белгіленген мерзімде мониторинг жоспары мен қондырғы паспорты ұсынылмаған жағдайда, қондырғы операторының шоты талап етілетін құжаттар ұсынылғанға дейін бұғатталуға тиіс.

5. Қондырғы операторы есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті жылы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепті ұсынуға немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры жүйесіндегі есептіліктің электрондық нысанын толтыруға міндетті.

6. Қондырғы операторына тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында белгіленген парниктік газдар шығарындыларына квоталарды арттыруға тыйым салынады.
7. Қондырғы операторы осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес берілген квоталарды қоспағанда, квоталар бірліктерін сатуға немесе сатып алуға құқылы.

8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру және өзгерту қағидаларына сәйкес өтелуге жатады.»;

9) 94-3-бап алып тасталсын;

10) 94-4, 94-5, 94-6, 94-7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту

1. Қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қондырғының қуаттылығы артқан, отынның басқа түріне көшкен немесе белгіленген базалық деңгейдің әрекет ету кезеңінен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзін (көздерін) енгізген жағдайларда, парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін алу үшін өтініш жасайды.

2. Қондырғы операторы, оның атауы не ұйымдық-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде өтініш беруші жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.

Парниктік газдар шығарындылары бойынша міндеттемелер жаңа қондырғы операторына өтеді.

3. Заңды тұлға таратылған жағдайда парниктік газдар шығарындыларына пайдаланылмаған квота көлемі Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.

4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру және оларды өзгерту қағидаларында айқындалады.

94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің

ұлттық жоспары

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары парниктік газдар шығарындылары бойынша нысаналы көрсеткіштердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары

парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағиаларына және белгіленген мөлшер резерві мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленеді және тиісті кезеңге бекітіледі.

2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында реттелетін қызмет салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына жалпы квота көлемі және қондырғы операторларының тізбесі олар үшін бөлінген парниктік газдар шығарындыларына квота көлемдерімен белгіленеді.

3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында:

1) ішкі көміртегі нарығының теңгерімін қолдауға;

2) жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуге;

3) осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квота бірліктерін беруге;

4) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасының баламасынан асатын әкімшілендіру субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуге;

5) аукцион шарттарында квоталар сатуға арналған квоталар резервін қамтылады.

4. Қондырғы операторларын Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізу және одан шығару, сондай-ақ квоталар резервінен квоталарды бөлу мен сату тәртібі парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу қағидаларына, белгіленген мөлшер резерві мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Квота көлемінің резервін басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Резервтен парниктік газдар квоталарын сатудан түскен қаражат мемлекеттік бюджет кірісіне түседі.

94-6-бап. Қондырғы операторларын әкімшілендіру субъектілері

1. Қондырғы операторларын әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі – әкімшілендіру субъектілері) мынадай реттелетін қызмет: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия, өңдеу (цемент, әктас, гипс және кірпіш өндірісі) салаларында парниктік газдар шығарындыларының көлемі жылына көміртегі қостотығының оннан жиырма мың тоннасына дейін баламасын құрайтын қондырғыны пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады.

2. Осы Кодекстің 94-2, 94-4 және 94-11-баптары нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілері жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.

3. Әкімшілендіру субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейінгі мерзімде Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры жүйесіндегі парниктік газдарды түгендеу туралы есептің электрондық нысанын толтырады немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынады. Парниктік газдарды түгендеу туралы есептер верификациялануға жатпайды.

4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қондырғыларды пайдалану Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына жататын әкімшілендіру субъектілері парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру және өзгерту қағидаларына сәйкес квоталануға тиіс.

6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының мөлшеріне бақылауды олардың парниктерді түгендеу туралы жыл сайынғы есептерін қарау арқылы жүзеге асырады.

94-7-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың

нарықтық тетігі

1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетігі өзіне:

1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерінің саудасын;

2) парниктік газдарды сіңіру бірліктерінің, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерінің, шығарындыларды азайту бірліктерінің, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;

3) парниктік газдар шығарындыларына шектеулері және (немесе) азайтулары бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласына қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.

3. Квота бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін іске асыру парниктік газдар шығарындыларына квоталар және көміртегі бірліктері саудасының қағидаларына сәйкес айқындалатын тауар биржасында жүргізіледі.»;

14) 94-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын  талаптар

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысатын көміртегі бірліктері парниктік газдар шығарындыларына квоталар және көміртегі бірліктері саудасының қағидаларына сәйкес ішкі нарықта айналыста болады.

2. Сертификатталған азайту бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшерді мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.

4. Квоталар бірліктері тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылуы шегінде бір есептік жылдан екіншісіне ауыстырылуы мүмкін.

Пайдаланылмаған квоталар бірлігінің көлемі келесі Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына ауыстырылмайды және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының резервіне қайтарылуға жатады.»;

12) 94-10-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту

және (немесе) сіңіру жөніндегі ішкі жобалар»;

2-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңіру жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:»;

9) тармақшадағы «құрылыста іске асырылуы мүмкін.» деген сөздер «құрылыста;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы


10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) энергия үнемдеуде және энергияның тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.»;

13) 94-11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-11-бап. Парниктік газдар шығарындыларының мониторинг рәсімі

1. Қондырғы операторы тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғының парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспарын әзірлейді.

2. Парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспары валидациялауға жатады.

3. Қондырғы операторы бекітілген әдістеме болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларын есептеудің өз әдістемесін әзірлеуге құқылы, ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.»;

14) 152-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.»;

15) 154-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:


«2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштерде берiледi.

Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама оны өзгерткен жағдайда қайтадан ұсынылады.»;

16) 158-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«158-4-бап. Верификация және валидация

1. Верификация және валидация жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін тәуелсіз ұйымдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) заңды тұлға болуға;

2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберінде аккредиттеу туралы құжатпен /немесе/ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҚ) елдерінде верификация және валидация жүргізуге аккредиттеу туралы құжатпен расталатын халықаралық танылған біліктілігінің болуы /немесе/ тәуелсіз ұйыммен жасалған еңбек шарттарымен және қызметкерлердің екі жылдан кем емес тәжірибесін растайтын алдыңғы шарттармен расталған валидация және верификация саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде екі қызметкердің болуы тиіс.

Қызметкерлердің біліктілігі валидация және верификация саласындағы бағдарламалар мен тренингтер бойынша оқудан өту туралы сертификаттармен расталады. Қызметкерлердің біліктілігінің одан әрі өзгеруі тәуелсіз ұйымның біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқудан өту туралы талаптарды сақтауы жөніндегі ақпараттың негізінде жүзеге асырылады. Сол бір маман екі немесе бірнеше тәуелсіз ұйымның қызметкері ретінде өтініш бермейді.

2. Парниктік газдарды реттеу және сіңіру саласындағы валидация және верификация тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

3. Тәуелсіз ұйым түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы деректердің анық еместігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның заңнамаға негізделген ескертулері болған жағдайда түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы деректерге өзгертулер енгізу қажеттілігі үшін жауапты болады.

4. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті, мониторинг жоспарын және қондырғы паспортын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қондырғы операторы жасайды.

Верификация және валидация қондырғы операторының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі сол бір жобаның верификациясын және валидациясын сол бір тәуелсіз ұйым жүргізе алмайды.

6. Верификация және валидация, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

17) 280-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Жойылуы қиын органикалық ластауыштар экологиялық қауіпсіз тәсілмен жойылуға міндетті.

Бөлінетін газдарды және құрамында 0,1 нг/м3 (текше метрге нанограмм) астам диоксин және фуран бар бөлінетін газдарды кешенді тазаламайынша, жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қалдықтарын және құрамында хлор бар басқа да қалдықтарды жоюға арналған технологияларды пайдалануға тыйым салынады.

4. Азық-түлікті немесе мал азықтарын өндіруге және қайта өңдеуге байланысты жерлерде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды пайдалануға тыйым салынады.»;

18) 283-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын осындай субъектілер қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды тапсырған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты болады.»;

19) мынадай мазмұндағы 283-1 және 283-2-баптармен толықтырылсын:

«283-1-бап. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері

1. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім тізбесіне сәйкес тауарларды өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды және олардың орамаларын жинауды, залалсыздандыруды және (немесе) пайдалануды мынадай:

1) меншік, шаруашылық жүргізу және (немесе) жедел басқару, жалдау, өтеусіз пайдалану құқығындағы стационарлық және (немесе) жылжымалы қабылдау дайындау пункттерін және (немесе) тұтыну қалдықтарын жинауға және жоюға арналған арнайы контейнерлерді, оларды түрлер бойынша бөлу үшін өндірістік желілерді (цехтар, зауыттар) және жиналған тауар қалдықтары мен орама қалдықтарын өз бетінше немесе өзге тұлғаларды қатыстырып залалсыздандыруды және пайдалануды қамтитын тауар қалдықтарын және тұтыну қалдықтарынан орама қалдықтарын жинаудың өзіндік жүйесін (бұдан әрі – қалдықтарды жинаудың өзіндік жүйесі) қолдану;

2) өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен тауар қалдықтарын және орама қалдықтарын жинауды, залалсыздандыруды және (немесе) пайдалануды ұйымдастыру туралы шарт жасасу және тауар қалдықтарын және орама қалдықтарын жинауды, залалсыздандыруды және (немесе) пайдалануды ұйымдастырғаны үшін оператордың ағымдағы (есептік) банктік шотына төлемақы енгізу арқылы қамтамасыз етуге міндетті. Төлемақы сомасының мөлшері мен оны есептеу тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес есептеледі.

2. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері бойынша талаптар:

1) өндірілген майлар, полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалар бөлігінде оларды жасау үшін тиісінше өндірілген майлар, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының отыз пайыздан кемін қолданған жағдайда өндірушілерге;

2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өндірілген және (немесе) әкелінген, өткізілген тауарлар бөлігінде өндірушілер мен жеткізушілерге;

3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өткізілген, өндірілген және (немесе) әкелінген, полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалар, қаптауға арналған және (немесе) тауарлар оралған аралас материалдардан жасалған орамалар бөлігінде өндірушілер мен жеткізушілерге қолданылмайды.

3. Өнімдерді өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өнімдерді және олардың қалдықтарын жинау, әкету, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату үшін коммерциялық емес заңды тұлға нысанында өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторын құруға құқылы.

283-2-бап. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемесі операторы

қызметінің бағыттары

Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторы өнімдерді өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының ағымдағы (есептік) банктік шотына төлемақы түрінде түскен қаражатты мыналарға:

1) тауар қалдықтары мен орама қалдықтарын (тауар қалдықтары мен өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) өндірістік қызмет нәтижесінде осы қалдықтар түзілген заңды тұлғалардан немесе дара кәсіпкерлерден заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге берілген орама қалдықтарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайда оларды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша жеке және заңды тұлғалардың шығыстарын өтеуге;

2) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) пайдалану бойынша объектілері жоқ тауар қалдықтары мен орама қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде залалсыздандыру және (немесе) пайдалану үшін сақтауды және беруді ұйымдастыруға;

3) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуге, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруға;

4) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименталдық, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға;

5) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды орындауға, қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізуге, коммуналдық қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптайтын және (немесе) пайдаланатын зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, коммуналдық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

6) өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыруға төлемақы түрінде пайдалануға құқылы.»;

20) 284-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Өндірістің және тұтынудың иесіз қалдықтары, соның ішінде осы баптың ережелеріне сәйкес мемлекеттік не жеке меншікке айналдырылғаннан кейінгі және заңды тұлғалар қайта өңдейтін не кәдеге жарататын иесіз қалдықтар өндіріс және тұтыну қалдықтары ретінде танылмайды.»;

21) 288-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке және заңды тұлғалар өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың түзілуін алдын алудан бастап кейін оларды барынша азайту, кейін кәдеге жарату мен жою үшін қайта өңдеу кезектілігін сақтауға міндетті.»;

22) 289-баптың 5, 6, 7, 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар құралған кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

6. Міндетті бөлімдерге енгізілген, деректердің толықтығы мен дұрыстығын көтеретін қосымша ақпараттың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберілуге жатады.

7. Қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы тобын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға, сондай-ақ қалдықтардың осы тобының (топ бөліктерінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде табыс етіледі.

8. Жүк алушы алынған қалдықтар тобын өңдеу кезінде, оны басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы топқа (топ бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберуге міндетті.»;

23) 292-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын бөлек жинауды, уақытша сақтауды, ұдайы тасып әкетуді, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумақтарын тазартуды көздейтін коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді.»;

24) 295-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаты үшін Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар тобы қауіпті болып саналады.»;

25) 300-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1) Қатты тұрмыстық қалдықтарды алдын ала өңдемей көмуге тыйым салынады.»;

26) 314-1-бап алып тасталсын.

4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; 2014 жылғы


8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 14 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 170-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 10, 11, 12-тармақтармен толықтырылсын:

«10. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерге заңсыз түрде өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-қимыл белгілері болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Газ желісі ұйымдарының арасында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Осы баптың оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, қайтадан жасалған әрекет әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып және аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 684-баптың 1-тармағындағы «170 (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздер «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 804-баптың 1-тармағының 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);».

5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12,


88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13,
115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24,
125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10,
52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-ІІ, 94-құжат; № 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы
28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

«8-2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

«29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;».

6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18,


145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24,
129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72,
75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы
3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-41) және 15-42) тармақшалармен толықтырылсын:

«15-41) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

15-42) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізу үшін техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыру, пайдалану шығындарын есептеу, шаруашылық тауарлармен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету нормаларын, гидрогеологиялық-мелиоративтік қызмет жұмыскерлерінің уақыты мен жұмысбастылығы нормаларын әзірлеу және бекіту;».

7. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14,
58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78,
82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28,
29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13,
115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2,
11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат;
№ 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84,
86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 9-құжат; 2014 жылғы
12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 17-бапта:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат тауарына ерікті сертификаттаудан өткен құжатының;»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының аумағындағы қалдықтардан алынған қайталама шикізатты қолданып дайындалған, осы баптың 4-тармағына сәйкес растайтын құжаты бар тауарға басымдықты көздеуге міндетті.».

8. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы»
2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж.,

№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9,


51-құжат; № 14, 75; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ,
96-құжат; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1), 5-1), 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің, оның ішінде түрлері бойынша 2017, 2020, 2025 және 2030 жылдарға арналған объектілердің жалпы энергия тұтынудағы және жиынтық белгіленген қуаттағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің көрсеткіштері;»;

«5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы шарт – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын не жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ниет білдірген энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын, энергия беруші ұйымның осы Заңның 10-бабының ережелеріне сәйкес құрылған (реконструкцияланған) не құру (реконструкциялау) процесіндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр және (немесе) жылу желілеріне қосу туралы жазбаша келісім;»;

«9-1) резервтік қор – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшалай қаражаты арнайы банктік шотта сақталады және кассалық алшақтықтарды және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар алдындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланау объектілері өндірген олар берген электр энергиясы үшін шартты тұтынушылар тарапынан төлемеу немесе төлеуді кідірту салдарынан туындайтын берешекті жабуға ғана пайдаланылады;»;

2), 12), 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

жаңадан пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;»;

«12) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға немесе заңды тұлға;

13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған әртүрлі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын құрастырылған жаңартылатын энергия көздері қондырғыларын қоса алғанда, жалпы белгіленген қуаты 20 кВт-қа (жеке тұлғалар үшін) және 100 кВт-қа (заңды тұлғалар үшін) дейін беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығында тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;»;

2) 2-баптың 3-1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жаңадан пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.»;

3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жаңартылатын энергия көздерінің секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарын бекітуді және іске асыруды;»;

4) 6-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін енгізудің нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жобаларын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарына енгізу қағидаларын бекітеді;

5-2) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;»;

«9-2) резервтік қорды қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

10-4) тармақша алып тасталсын;

5) 7-бапта:

3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарына сәйкес жер учаскелерін резервке қалдырады және береді;»;

мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

«3-2) жеке тұтынушыларға атаулы көмек көрсетеді;»;

6) 7-1-бапта:

6-тармақтың 4) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) генерацияның күшті кезеңінде энергия жинақтау режимінде және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр қондырғыларында генерацияның төмендеуі немесе болмауы кезеңінде қуат беру режимінде жұмыс істеуге тиіс күн электр станцияларын энергия жинақтау құрылғыларымен жарақтандыруға;

6) Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес тәулік ішіндегі электр энергиясын өндіруді реттеуді жүзеге асыруға міндетті. Бұл норма су қоймаларымен жабдықталған су электр станцияларына жатады.»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген, желіге жіберген электр энергиясын автоматтандырылған коммерциялық есепке алу мақсатында өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.»;

7) 8-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын бекітілген тарифтердің деңгейін жыл сайын түзетуге құқылы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін кемінде екі жылдан соң қолданысқа енгізіледі.

Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін енгізуді ынталандыру үшін, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлардағы қолайлылығы аз жергілікті жерлерді электрмен қамтамасыз ету үшін тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің белгіленген қуаты бойынша сараланады.

Осы тармақтың күші қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан қолданыстағы сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.»;

8) 9-бапта:

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу үшін қажетті шамадан аз болған немесе асып кеткен жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеуді жүргізеді және келесі тоқсанға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледі.

Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне барабар бөледі.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Шартты тұтынушының қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсайтын шығындары электр энергиясына шекті тарифтің (бағаның) шамасын айқындау кезінде ескеріледі.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның энергиямен жабдықтайтын ұйымнан кез келген есепті кезең ішінде осы энергия өндіруші ұйымның таратушы немесе магистральдық электр желісіне қосу нүктесі (барлық нүктелері) электр энергиясын желіден тұтыну көлемі мен оған беру көлемін бөлек есептеу жүйелерімен жабдықталған жағдайларда қуаттарды жөндеу, олардың авариялық істен шығуы жағдайларында жеке мұқтаждары көлемінде электр энергиясын сатып алуға құқығы бар.

Мұндай электр энергиясын жеке мұқтаждар үшін сатып алу Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуінің қолданыстағы қағидаларына сәйкес және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қолданыстағы тарифтері бойынша жүзеге асырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Нетто-тұтынушы өзіне қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифі бойынша электр желісінен есепті кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне нақ сол кезең ішінде электр желісіне нетто-тұтынушы берген көлемді шегере отырып, ақы төлейді.

Электр желісіне есепті кезең ішінде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемі желіден нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлемінен асып кеткен жағдайда, нетто-тұтынушыға қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы берген электр энергиясын сатуға арналған ұйымның қолданыстағы тарифі бойынша нетто-тұтынушыға ақы төлейді.

Электр энергиясының артығын сатуға арналған өтінімді нетто-тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға күнтізбелік есепті жыл басталғанға дейін береді. Өз кезегінде энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыдан электр энергиясының артығын сатып алуға жұмсалатын шығындарды өзінің келесі күнтізбелік есепті жылға арналған тарифінде ескереді.

Электр энергиясын нетто-тұтынушыдан энергиямен жабдықтаушы ұйымның сатып алуы-сатуы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Атаулы көмек алған жеке тұтынушы осы қондырғыда шығарылған электр және (немесе) жылу энергиясын басқа тұтынушыларға сатуды жүзеге асыруға құқылы емес.»;

9) 10-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа немесе қолданыстағы объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйым уәкілетті орган электр желілік қағидаларға сәйкес әзірлеген электр станцияларынан қуат беру схемасын бекіткен күннен бастап үш айдан кешіктірмей энергия беруші ұйыммен өзге де талаптардан басқа, энергия беруші ұйымның өз бетінше немесе үшінші адамдарды тарта отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін шартта айқындалған қосу нүктесінің желілеріне қосуды жүзеге асыру, объектіні қосу нүктесінде іс жүзінде қосу (қосу кестесіне сәйкес қосу туралы шарттың тараптары дайындаған объектілерді табиғи қосу) жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін уақтылы қоспаған және (немесе) энергия беруші компанияның әрекеттері нәтижесінде қосуда іркілістер мен үзілістер болған жағдайда өтемақы мен тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлеуді қамтамасыз ету

міндеттемесін қамтитын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы шарт жасауға міндетті.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі тікелей қосылатын кіші электр станцияларын кеңейтуді және реконструкциялауды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу үшін қажетті энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы электр және жылу желілерін кеңейтуді және реконструкциялауды энергия беруші ұйым тиісті шығындарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымның тарифтеріне қоса отырып, жүзеге асырады.».

9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«88) табиғи газ – майлы газды, құрғақ газды, майлы газдан сұйық көмірсутектерді сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын ілеспе газды және сұйық немесе газ тектес көмірсутектермен бірге алынған көмірсутек емес газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектер, көмір қабаттарының метаны, қатпарлы газ және тығыз жыныстардың газы;»;

мынадай мазмұндағы 54-2) тармақшамен толықтырылсын:

«54-2) көмір қабаттарының метаны – газ тектес жай-күйдегі, көмір бассейндерін газдан тазарту процесінде алынатын газды өндіру және/немесе қайта өңдеу өнімі болып табылатын және құрамбөліктерінің сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін, метанның құрамы басым көмірсутектерінің көп құрамбөлікті қоспасы.».

10. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің

Жаршысы, 2012 ж. № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«42) шикі газ – тазартылмай өндірілген табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмір қабаттарының метаны, сондай-ақ шығу тегі өзгеше көмірсутегі газы.»;

2) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына арналған сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан шарт бойынша сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.»;

3) 27-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) сұйытылған мұнай газы газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізілген жағдайда, газ желісі ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Газ желісі ұйымдарының газ толтыру пункттері және (немесе) автогаз құю станциялары иелеріне көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, сұйытылған мұнай газын осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардан сатып алған тұлғаның оны көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруына тыйым салынады.»;

мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

«9. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өткізуді тек қана:

1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;

2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына арналған сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан шарт бойынша сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асырады.

Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газының көлемін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

10. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында көтерме саудада өткізуге тыйым салынады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының
       Президенті                                      

Результаты согласования
18.6.2015: Дуненбаев Д. П. (Дуненбаев Д. П.) - - cогласовано без замечаний
18.6.2015: Жартыбаева Б. А. (Жартыбаева Б. А.) - - cогласовано без замечаний



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет