Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



Дата03.07.2016
өлшемі273.77 Kb.
#174346


Жоба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының қаулысы

Алматы қ. 2014 жылғы _____ _____________ № _____




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

кейбір нормативтік құқықтық актілеріне

төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру,

банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі

мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруды, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы ___ __________

№_____ қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, 2000 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 9, 264 құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.

Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде оны ашқаннан кейін банк клиентке жазбаша немесе электрондық нысанда растауды береді, онда, банктік шоттың нөмірі шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.

Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Банктік шот шартында:

1) шарттың мәні;

2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;

3) қосылу шартын қоспағанда, клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі;

4) банктегі ақшаға иелік ету тәртібі;

5) банктің қызметтерді көрсету талаптары және оларға ақы төлеу тәртібі;

6) клиенттің банктік шотты жабу туралы өтініші негізінде банктік шотты жабу мерзімі қамтылады.»;

11-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының резидент - дара кәсіпкерлері, жеке нотариустары, жеке сот орындаушылары және адвокаттары үшін:

қол қою үлгісі бар құжат;

жеке басын куәландыратын құжат;

жеке нотариустар үшін - нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;

адвокаттар үшін - адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;

жеке сот орындаушылары үшін - атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасының резиденті емес дара кәсіпкерлері үшін:

қол қою үлгісі бар құжат;

жеке басын куәландыратын құжат;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін:

тарату комиссиясының қол қою үлгілері және таратылатын клиенттің мөр таңбасы бар құжат;

бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;

банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот шешімінің не акционерлердің жалпы жиналысының көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк және өзге де операцияларды жүргізуге не сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру бойынша қызметті) жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады, олар бұдан былай банктiң клиенттерi болып табылады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынады:

1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):

шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

2) жеке тұлға:

шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған адамдар-клиенттер үшін - туу туралы куәлік;

салымшының жеке басын растайтын құжат.»;

19-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19-5. Нотариустың депозитінен ақша беру осы Ережеде және банктік шот шартында көзделген тәртіппен:

1) жеке тұлғаға - қолма-қол ақшамен не депоненттің банктік шотына ақша аудару арқылы;

2) заңды тұлғаға - нотариустың депозитінен депоненттің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Ашылатын шоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъектілігіне қарай, егер бұл Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделсе немесе банк белгiлеген болса, банктің қосымша құжаттар берудi талап етуіне рұқсат беріледі.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Банктiк шоттар бойынша үзінді көшiрмелердi беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банктің клиентке оның шоттары бойынша үзінді көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуіне рұқсат беріледі.»;

31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.

Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi.

Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері үшін осы өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.

Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары үшін осы өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.

Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам болмаса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды, бұл туралы осы құжатқа тиiстi жазба жазылады.

Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiс.

Бұл талап заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiктерiне байланысты мөрi жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды.

Арнайы мақсаттарға («кадрлар бөлiмi», «пакет үшiн» және басқа) арналған мөр таңбасының үлгiсiн қабылдауға болмайды.

32. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолының түпнұсқалылығын банктің уәкілетті тұлғасы қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың жеке қатысуымен растайды.

Клиент қол қою құқығын басқа тұлғаға (тұлғаларға) уақытша берген жағдайда Ереженің осы тарауында белгіленген тәртіппен тиісті қол қою үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді.

Осы нормалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі клиенттерінің банк шоттарын ашуына қолданылмайды, олар банк шоттарын ашу үшін нотариалды куәландырылған қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатты ұсынады.

Заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктері), Қазақстан Республикасының резиденті емес дара кәсіпкерлері банк шоттарын ашу үшін банкке нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатты ұсынады не қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолының түпнұсқалылығын банктің уәкілетті тұлғасы растайды.»;

33-тармақ алынып тасталсын;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге жол беріледі. Мөрді дайындау кезеңінде банк және клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртібін белгiлейдi, ол шартта көрсетiледі.»;

мынадай мазмұндағы 42–1-тармақпен толықтырылсын:

«42-1. Банк клиенттің өтініші негізінде банктік шотты жабуды банктік шот шартында немесе банктік салым шартында белгіленген мерзімде, бірақ осы Ереженің 43-тармағында және банктік шот шартында немесе банктік салым шартында белгіленген жағдайларды қоспағанда, клиенттің өтінішін алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;

1 және 2-қосымшалар осы қаулының 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 5, 318-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығында:

2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлғаға банктiң қызметіне бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде қолма-қол ақша жарнасы арқылы ақы төлеуге рұқсат беріледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Клиенттiң банктiк шотын ашпай жасалатын төлемдер мен ақша аударымдары теңгемен де, шетел валютасымен де жүзеге асырылады.»;

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:



«11. Банктiк шотты ашпай төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған кезде төлем хабарламаларында мынадай мiндеттi деректемелер қамтылады:

1) төлем хабарламасының атауы;

2) төлем хабарламасының нөмірі, оның жасалу күні, айы, жылы;

3) ақша жөнелтуші жеке тұлғаның және (немесе) бенефициардың аты-жөні, әкесінің аты (егер ол бар болса) немесе ақша жөнелтуші заңды тұлғаның немесе бенефициардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық атауы;

4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке сәйкестендіру кодтары. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ пошталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;

5) ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса алғанда, жөнелтушiнің банкінің және бенефициардың банкінің толық атауы, олардың банктiк сәйкестендіру кодтары;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадғы № 388 қаулысында белгіленген ақша жөнелтушiнiң «АЖК» коды, бенефициардың «БеК» коды, төлем мақсаты және оның кодтық белгiленуі;

7) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы;

8) ақша аударымы олардың жеке сәйкестендіру коды көрсетіле отырып жүргізілген жағдайда, ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың ЖСН немесе БСН;

9) ақша жөнелтушi заңды тұлға болған жағдайда - оның уәкiлеттi адамдарының аты-жөнi, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы, сондай-ақ мөр таңбасы. Ақша жөнелтушi жеке тұлға болған жағдайда - оның қолы.

12. Қажет болған жағдайда ақша жөнелтуші төлем хабарламасында валюталау күнін көрсетеді. Коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған хабарлама-шоттарда валюталау күнi көрсетілмейді.»;

13-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келеді. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Жөнелтуші бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Ақша жөнелтушіге төлем хабарламаларында өзiнiң мекенжайына және бенефициардың мекенжайына (телефон нөмiрi, факс нөмiрi, электрондық пошта мекенжайы және басқа да мәлiметтер) қатысты қосымша мәлiметтер көрсетуге рұқсат беріледі.»;

17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Банктiк шотты ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша клиенттердiң төлем хабарламаларын орындағаны үшiн банктерге клиенттерден комиссиялық сыйақы алуға рұқсат беріледі.

Комиссиялық сыйақының мөлшерiн, төлеу тәртібін және мерзiмiн банк дербес белгiлейдi.

18. Егер алушы банк пен ақша жөнелтушінің арасындағы ақша аударымы шартында (бюджетке төлемдер төлеу мақсатындағы ақша аударымы шарттарын қоспағанда) өзгеше көзделмесе, төлем хабарламасын орындаған кезде алушы банк төлем сомасының есебінен комиссиялық сыйақы алмайды.»;

19-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19-2. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шотты ашпай электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен  жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтушіге чек беріледі, чекте мынадай міндетті деректемелер қамтылады:

1) құжаттың нөмірі, жазылған күні, айы, жылы;

2) ақша жіберуші банктің және бенефициардың атауы;

3) төлем сомасы;

4) банктің комиссиялық сыйақы сомасы;

5) төлем валютасы;

6) төлем мақсаты;

7) төлем мақсатының коды.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Ақша аударымы туралы шартты жасаған кезде алушы банк және ақша жөнелтуші ақша аудару тәртібін, оның iшiнде комиссиялық сыйақы алу тәртібін, сондай-ақ ақша аударымы бойынша өз құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн келiседі.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Банктiк шоты жоқ бенефициардың пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициардың банкi бенефициарға оның пайдасына ақша түскенi туралы белгiленген нысанда жасалған банктiң хабарламасын жiберу арқылы немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен хабарлайды.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Бенефициар төлем хабарламасы бойынша ақша аударымы сомасын алу үшiн келмеген жағдайда (оның банктiк шоты болмаған жағдайда), бенефициардың банкі осы соманы екiншi деңгейдегi банктерге арналған бухгалтерлiк есеп жоспарында көзделген банктің тиісті шоттарында банк белгiлеген мерзiмде есепке алады.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Ақша аударымын жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, ақша жөнелтушiнің банкі және бенефициардың банкi ақшаны ақша жөнелтушiге қайтару үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Бенефициардың банкі ақшаны қайтарған кезде, ақша жөнелтушінің банкі қайтарылған ақша түскен күнінен бастап үш операциялық күн ішінде ақша жөнелтушіге осындай қайтару туралы банк белгілеген тәсілдермен хабарлайды.

Егер ақша қайтару ақша аудару туралы қате нұсқауды орындау себебімен жүргізілген жағдайда, төлемді қайтару туралы ақша жөнелтушiге хабар бермеуге рұқсат беріледі. Ақша қайтарылғаннан кейiн үш операциялық күн iшiнде ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкіне тиiстi деректемелерi бар төлем құжатын жiбереді.».

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 2) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiнде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi (бұдан әрі – банктер) мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының банктерінің (бұдан әрі ­- банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу ерекшеліктерін, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың төлемдері мен ақша аударымдарының көлеміне белгіленген лимитті есептеу тәртібін белгілейді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) қарсы агент - жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес әрiптес болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым;

2) Корреспондент - басқа банк және/немесе банктiк емес ұйым үшiн өзінде шот ашқан банк және/немесе банктік емес ұйым (лоро-шот)

3) корреспонденттік қатынастар - банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасындағы корреспонденттік есепшот шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында олардың арасында корреспонденттік шоттарды ашу кезінде пайда болатын шарттық қатынастар;

4) Респондент - басқа банкте және/немесе банктiк емес ұйымда шот ашқан банк және/немесе банктiк емес ұйым (ностро-шот);

5) резидент емес банк - Қазақстан Республикасынан тыс жерге орналасқан және өзi тұрған жердегi мемлекеттiң заңдарына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыратын банк;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізуді жүзеге асырады.»;

2 -тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Корреспонденттiк шоттарды ашу тәртібі»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Респондент корреспонденттiк есепшот ашу үшiн Корреспондентке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

1) корреспонденттiк есепшот ашу жөніндегі өтiнiштi;

2) банктер үшiн - банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн;

3) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, банктiк емес ұйымдар үшiн - аударым операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.

Егер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында тiкелей белгiленген болса, Респондент Корреспондентке қосымша құжаттар ұсынады.

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Корреспонденттiк шоттарды жүргiзуге қойылатын жалпы талаптар»;

12-тармақ алынып тасталсын:

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Корреспонденттiк шоттарды жабу тәртібі»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттiк шоттар ашуға және жүргiзуге байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензия қайтарып алынған немесе Респондент корреспонденттік шотты жапқан жағдайда, өздерiнiң арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес Корреспондент Респондент көрсеткен шотқа ақша аударуды жүзеге асырады.»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын.

«5. Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер лимитін есептеу тәртібі»;

6-тарау алынып тасталсын.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 2) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiнде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Ережеде «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында көзделген негізгі ұғымдар пайдаланылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру кезінде клиент те, оған қызмет көрсететін банк те төлем ордерін ұсынушы болып табылады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру кезінде қолданылатын төлем ордерін ресiмдеу тәртібіне қойылатын жалпы талаптар»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Банк қолданылатын төлем ордерінің өзге нысанында мынадай деректемелер қамтылады:

1) «Төлем ордері» атауы;

2) төлем ордерінің номері, жазылған күні, айы, жылы.

Күні санмен, айы – жазумен, жылы - санмен көрсетіледі. Компьютер техникасын пайдалана отырып ресімделетін төлем ордердерінде айды санмен белгілеп көрсетуге рұқсат беріледі;

3) клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін банктің атауы (атауының жанына оның фирмалық белгісін қоюға рұқсат етіледі), оның банктік сәйкестендіру коды;

4) клиенттің атауы, оның жеке сәйкестендіру коды;

5) төлем бастамашысының уәкілетті адамдардың аты-жөні, әкесінің аты (болған кезде) және қоятын қолы және оның мөрі мен мөртабандарының бедері (егер бар болса). Тегін толық көрсетуге, ал аты мен әкесінің (егер ол бар болса) атын – инициалмен көрсетуге рұқсат беріледі.

6) клиенттің және оған қызмет көрсететін банктің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;



7) төлем мақсаты, оның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадғы № 388 қаулысында белгіленген код белгісі;

8) цифрмен және жазумен белгіленген төлем сомасы;

9) ақша жөнелтушінің коды (АЖК) және бенефициардың коды (БеК).

8. Бастамашысы заңды тұлға-клиент болып табылатын қағаз тасымалдағышта жасалған төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің уәкілетті адамдарының қойған қолы және мөрдің бедері болады.

Бастамашысы жеке тұлға-клиент немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға-клиент болып табылатын қағаз тасымалдағыштағы төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің қойған қолы және мөрдің бедері болады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Банктің төлем ордеріне клиент туралы қосымша мәліметтерді, сондай-ақ осы төлем ордерін өңдеу үшін банкке қажетті мәліметтерді қосуына рұқсат беріледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасындағы шартта мұндай мүмкіндік белгіленген болса, төлем ордерінде валюталау күнін көрсетуге рұқсат беріледі.»;

3 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Рұқсат берiлген төлем ордері»;

«4. Төлем ордерін кері қайтарып алу, оның орындалуын тоқтата тұру»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген, «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына сәйкес ресімделген төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді банкке жіберу арқылы клиенттің төлем ордерін қайтарып алуына немесе тоқтата тұруына рұқсат беріледі.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Банк төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді уақтылы алған кезде, банк қайтарылып алынатын немесе орындалуы тоқтатыла тұратын төлем ордері бойынша төлем жасауды жүзеге асырмайды. Банк осындай төлем ордері негізінде төлемді жүзеге асырған жағдайда, банк клиентке ақшаны қайтарып береді.»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Төлем ордерінің акцепті және оны акцептеуден бас тарту»;

23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Егер банк төлем ордерін орындамаса, ал клиенттің банктік шотында төлем жасау үшін жеткілікті ақша сомасы болса және банк акцепттен бас тарту туралы нұсқауды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде хабар бермесе, банк клиентке, егер 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлімі) өзгеше белгіленбесе, олардың арасындағы шартта көзделген мөлшерде төлем сомасынан айыппұл төлейді.

24. Клиенттiң банктiк шотынан ақшаны төлем ордерін пайдалана отырып акцептсіз тәртіпте алу клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы клиенттiң банктiк шотынан акцептеусіз ақшаны алуға келісімі бар шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.»;

6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Төлем ордерінің орындалуы»;

7-тарау алынып тасталсын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 14 қарашадағы № 430 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде1706 тіркелген, 2002 жылғы № 12 560-құж. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ережесінде:

1-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасаудың тәртібі мен талаптарын белгілейді.»

3-тармақтың үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктік шотты тікелей дебеттеу шартын ақша жөнелтушінің өтініші нысанында жасауға рұқсат беріледі, оған сәйкес ақша жөнелтуші банкке банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға келісім береді.

Банктік шотты тікелей дебеттеу шартының талаптарын ақша жөнелтуші мен оның банкі арасында жасалған және банктің ақша жөнелтушіге талап қоюына негіз болатын шартта (банктік шот шарты, банктік қарыз шарты және басқалары) көрсетуге рұқсат беріледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ақша жөнелтушінің банкінің банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасағаны үшін жеке тариф белгілеуіне рұқсат беріледі.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын.

«2. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру тәртібі»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ақша жөнелтушінің банкі банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау үшін жасаған төлем құжаттары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде1352 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысында белгіленген тәртіпте ресімделеді және ұсынылады.

Төлем тапсырмасының «Ақша жөнелтуші» бағанында ақша жөнелтушінің банкінің деректемелері көрсетіледі. Қағаз тасымалдағыштағы төлем тапсырмасы уәкілетті тұлғалардың қолымен және ақша жөнелтушінің банкінің мөр бедерімен расталады.

Төлем құжаттарының «төлем мақсаты» бағанында төлем құжатын жасауға негіз болған бенефициардың растау құжаттары, сондай-ақ банктік шотты тікелей дебеттеу шартының деректемелері көрсетіледі.»;

18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Ақша жөнелтушінің банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау үшін ақшасы болмаса не жеткіліксіз болса, ақша жөнелтушінің банкіне, банктік шотты тікелей дебеттеу шартында өзгеше көзделмесе, растау құжаттарын бенефициардың банкіне (егер бенефициар басқа банктің клиенті болса) кейін оны бенефициарға беру үшін немесе бенефициарға (егер бенефициар ақша жөнелтушінің банкінің клиенті болса) қайтаруға рұқсат беріледі.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша болмаса не жеткіліксіз болса, ақша жөнелтушінің банкінің ақша жөнелтушіге қарыз беруіне рұқсат беріледі. Қарыз беру талаптары мен өтеу тәртібі шартта белгіленеді.»;

3-тарау алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

2014 жылғы ____ _________

№ _____ қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасының

банктерінде клиенттердің

банктік есепшоттарын ашу,

жүргізу және жабу ережесіне

1-қосымша
Қол қою үлгілері және мөр бедері бар

құжат
Банк клиенті Кодтар Банк белгілері



___________________________________________________________________________________________

(толық атауы)

___________________________________________________________________________________________

Банк клиентінің орналасқан жері

___________________________________________________________________________________________

тел.

___________________________________________________________________________________________

Банк (банк филиалы, бөлімшесі)



___________________________________________________________________________________________

(толық атауы)



___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

Банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) орналасқан жері



___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

тел.

___________________________________________________________________________________________

Банктік шоттың түрі ___________________________________________________________________________________________

Клиенттің жеке сәйкестендіру коды ___________________________________________________________________________________________

Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті деп саналсын



___________________________________________________________________________________________

Лауазымы фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) Қол кою үлгісі Мөр бедерінің үлгісі

___________________________________________________________________________________________

Бірінші

қол___________________________________________________________________________________________

Екінші

қол________________________________________________________________________________________

Сыртқы беті

Үлгілерді куәландыруға уәкілетті адамдардың аты-жөні

Үлгілерді куәландырған күн

Үлгілерді куәландыратын адамдардың қолдары және мөрлері



















(қолдар)

(мөр)


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

2014 жылғы _____ __________

№ _____ қаулысына

3-қосымша
Қазақстан Республикасының

банктерінде клиенттердің

банктік есепшоттарын ашу,

жүргізу және жабу ережесіне

2-қосымша
Қол қою үлгілері бар

құжат


Банк клиенті Кодтар Банк белгілері

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

Банк клиентінің үй мекенжайы, телефоны

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

Жұмыс орны, телефоны

___________________________________________________________________________________________

(толық атауы)

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

Банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) орналасқан жері

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

тел.


___________________________________________________________________________________________

Банктік шоттың түрі ___________________________________________________________________________________________

Клиенттің жеке сәйкестендіру коды

___________________________________________________________________________________________

Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті деп саналсын

___________________________________________________________________________________________

Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) Қол қою үлгісі

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

Сыртқы беті

Үлгілерді куәландыруға уәкілетті адамдардың аты-жөні

Үлгілерді куәландырған күн

Үлгілерді куәландыратын адамдардың қолдары және мөрлері



























(қолдар)


(мөр)




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет